Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Мәтінді анықтап, талдау жасаңыз.
[10]
Тоғызыншы сыныпта оқитын Әлихан бұл құрылғыны жасау үшін бір ай уақыт жұмсаған. Ол өз жаңалығын мектеп қабырғасындағы STEM лабораторияда жасап шыққан.
Ол ойлап тапқан таяқ көзі көрмейтін жандар үшін таптырмайтын құрал болмақ.
STEM-лабораториясы Қазақстандағы мектептер мен арнайы білім беретін мекемелердің жанында жаңа робототехнология негізінде балаларға білім беруде. Әлихан жасап шығарған таяқ – STEM-лабораториясының мақтауға тұрарлық көрсеткіші.
Өнертапқыш Әлихан жасаған робот таяқ датчиктер мен динамика арқылы жұмыс істейді. Таяқты қолданушы, жолында кездескен 1 метрдегі бөгетті дыбыс арқылы біледі. Сонымен бірге, электронды құрылғы адамның айналасындағы бөгетті 90 градуста көрсетеді. «Таяқтағы датчик, жолдағы бөгетті көргенде дереу дыбыс береді. Таяқтың ұшына динамика арқылы сигнал беретін ультрадыбысты сенсор орнатылған. Біз арнайы 4000 герц жиілікке қойдық, ол кез келген жерде де, тіпті қала ортасындағы шулы аймақтарда да анық естілетін болады. Таяқ ұзақ мерзімді батарея арқылы қуатталады. Қолданушы оны үй жағдайында қуаттап алады. Толық қуатталған кезде, қуат көзі бір аптаға жетеді», — дейді оқушы.
Қазақстандық үлгіде алғаш рет жасалып отырған сиқырлы таяқ, келешекте барша қажеттілік танытып отырған жандардың қолында болуы тиіс, себебі шетелдің қымбат құрылғыларына қарағанда Әлихан жасаған таяқ қолжетімді. Әлихан өзі ойлап тапқан ақылды таяқты патенттеп, арнайы түрде сатылымға шығармақшы. Егер көпшіліктен қолдау тауып, жоба алға жылжитын болса, таяқты құрастыратын және қызмет көрсететін орындарды ашу да ойда бар.
Мәтінді түсініп оқу
|
|
|
Жанры
|
|
|
Көзделген аудиториясы
(кімдерге арналғандығы)
|
|
|
Мақсаты
|
|
|
Мазмұны
|
|
|
Стилі
|
|
|
Тілі
(морфологиялық, синтаксистік ерекшелігі;
мәтіндегі сөздер, тіркестер және сөйлемдердің қолданылу мақсаты)
|
|
|
Жазылым
Үш бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөзжасамдық және синтаксиситік нормаларды сақтаңыз.
[10]
5-бөлім. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма
Сізге уақыт машинасына мініп, роботтар заманына сапар шегу мүмкіндігі туды делік. Роботтардың сізді қатты таңғалдырған іс-әркеттері туралы көркемдегіш құралдарды қолдана отырып әңгіме жазыңыз.
6-бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке мемлекет кінәлі ме, әлде адамның өзі ме? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
7-бөлім. Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер
Сіз жас сәулетші ретінде кәсіби тәжірибе алмасу мен заманауи сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылатын Халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысып, баяндама жасадыңыз. Көпшілік алдында тиімді сөйлеуге дайындық жолдарын көрсетіп, нұсқаулық жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |