Дағдылар тобы
|
Ойлау дағдылары
ның деңгейі
|
Сипаттама
|
Сұрақтар түрі
|
Тыңдалым мен айтылым
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
- дәйексөз, үзінді негізінде мәселені болжайды;
- астарлы ойды анықтайды;
- тұрмыстық, әлеуметтік мәтіндерді талдау арқылы негізгі ойды анықтайды;
- перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;
- әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды;
- көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды;
- коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқылым және әдеби тіл нормалары
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
- тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты салыстырады;
- тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін таниды;
- мақала, аннотация, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;
- ғылыми және публицистикалық стильде жазылған мәтіндерді талдап, сілтеме жасайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Жазылым және әдеби тіл нормалары
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
- тезистік жоспар құрайды;
- мақала, аннотация, тезис құрастырып, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады;
- аргументативті эссе жазады;
- бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасайды, редакциялайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|