«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


Ә мәтіні Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру



бет21/35
Дата14.03.2023
өлшемі353.21 Kb.
#470758
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
10SYNYPBJB 1178 AZA 1178 TILI 1178 GB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB

Ә мәтіні
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
1. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды, дегенмен білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді...
6. Сананың ашықтығы
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «отбасы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды... Ол үшін санамыз ашық болуы шарт. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді:
Біріншіден, ол дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді...
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. ...басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды.


А мәтіні
Тоқсаныншы жылдардан бері «байлар» мен «кедейлер» деп қоғамды екіге бөлетін жаман әдеттен әлі де арыла алмай жүргендейміз. «Ой, олар бай ғой…», «Байлар білгенін істейді екен ғой…», «Байдың баласы …» осылай бағалауды айналамыздан жиі естиміз. Әсіресе, оқыс оқиғаларда тілге тез оралады. Екі көлік соғысып қалса да «байдың баласы болған соң құтылып кетті» деп оп-оңай баға беріп тастаймыз. Таптық заманнан қалыптасқан жаман әдетпен бүгінгі қазақ өз қазағын қалтасына қарай қоғамның жағымсыз кейіпкерлеріне айналғандай. Бәлкім, сіз бай деп жақтырмай отырған азамат, сол байлыққа адал еңбегі, маңдай терімен жеткен болар. Сіз аспанға қарап «өкімет өлтірмейді», «өкімет жұмыс тауып беруі керек» деп жатқанда ол арба айдап, базарда етік тігіп, сауда жасап, тиынға тиын құрап, қаржы жинап, келе-келе дүкен, сауда орталығын ашқан болар. Сіз осы жағын ойланып көрдіңіз бе?
«Қалталы» деген азаматтардың бірқатары қайырымдылық шараларынан сырт қалмайтыны тағы бар ғой. «Бергеніңді ұмыт…», «Жасаған жақсылығыңды міндет қылма» дегенді ұстанатындары аз емес. Олай болса, қалтасындағы бақырына байлықты «шақыра» білгені үшін ол кінәлі ме? Тиыннан тиын құрағаны ақылдылығы емес пе? Ал сізде сондай ақыл бар ма? Түсінгенге тірліктің көзін таба білу де бір өнер.
Жалпы бүгінгі «бай» дегеніміз кім? Бай адам қандай болу керек? Осы жағын да ойлау артық болмас. Өзін кедеймін дейтіндердің ойынша бүгінгі байлардың «уайымы жоқ». Ал Сіздегі сол уайымды кім жіберді? Дәл осы ретте бізге Сұлтанмахмұд Торайғыровша айтсақ, «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» дей алу жетіспей жатқандай. Бұлай деу үшін біз өзімізді өзіміз тани білуіміз керек. «Өзін-өзі тәрбиелей алған ең ақылды адам» деуші еді ғой ғұламалар. Олай болса ақылды болуға тырысайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет