25
Антарктида үстінде анық байқалып отыр. Шешу жолдары:
қалдықсыз технологияны
қолдану, дамушы елдерде энергетика проблемасын шешу,
ормандар салу, қорықша және
қорықтар сияқты территориялардың салынуын ұйымдастыру.
Дүниежүзілік мұхит проблемалары. Соңғы жылдарда Дүниежүзілік
мұхиттың
пайдаланылуы күрт күшейді. Теңіз саудасының көлемі сан есе ұлғайып, флоттың тоннажы
едәуір көбейді. ГФР кемелерінің әсіресе танкілерінің көлемі
мен сыйымдылығын қауырт
өзгертті. олардың жүк көтерімділігі 200-300 мың тоннадан асып түсті. Жағалауға түсетін
реакциялық салмақ арта бастады. Интенсивті шаруашылық әсерінен мұхит ластанады.
Мұнай таситын кемелер апатқа ұшырағанда, Дүниежүзілік мұхиттағы экологиялық жағдайға
ерекше зиянын тигізеді.Сондақтан бұл мұхит проблемаларын тек адамзаттың іс әрекеті шеше
алады.
1.
Сіз Астана қаласында өткен «WSEC – 2017» инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік
конгресiне қатыстыңыз. Бұл халықаралық шара барысында ХХІ ғасырдың жаһандық
мәселелері, оның ішінде бейбітшілікті сақтау, экология, табиғи ресурстардың таусылуы т.б.
мәселелер талқыланды. Осы жиында көпшілік алдында «Ғаламдық
мәселелерді шешу
жолдары» деген тақырыпта сөз сөйлеңіз. Төменде берілген ғаламдық мәселелердің бірін
таңдап алып, оны шешу жолдарын ұсыныңыз.
Қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы
Экология
Демография
Энергетика және шикізат
Азық- түлік проблемасы
Дүниежүзілік мұхит
Ғарышты бейбіт мақсатта игеру
Достарыңызбен бөлісу: