«Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар,
публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі)
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра
талдау
10.3.3.1
қажетті
клишелер
мен
лексикалық
құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз
ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әртүрлі
стильдегі
мәтіндердің
тақырыбын,
мақсатты
аудиторияға
сәйкес
қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады
Клишелер
мен
лексикалық
құрылымдарды
қолданып, дискуссивті эссе жазады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз.
Жылдың басты ғылыми жаңалықтары
Ғалымдар адам өмірін ұзарту үшін барын салып зерттеу жүргізіп жатыр. Бұл еңбектері
нәтижесіз емес. Олар адам ДНК-сын ауыстырудың жолын тапты. Сол арқылы осы уақытқа
дейін емі табылмаған көптеген ауруларды емдеуге болады.
Гендік инженерия арқылы адам мүшелері өсірілді. Ғалымдар донорлық мүшелердің
жетіспеушілігі енді азаяды деп сендіруде. Себебі америкалық ғалымдар гендік инженерия
арқылы адам мүшелерін өсірудің жолын тапты. Калифорния университетінің профессорлары
CRISPR технологиясы арқылы шошқаның ішінде адам мүшелерін өсіріп, тәжірибе жасап
көрген. Ол үшін шошқаның эмбрионынан ұйқы безіне жауапты ДНК-ны алып, орнына
адамның индукцияланған діңгекті жасушаларын салады. Осы арқылы шошқаның ішінде
адамның ұйқы безі өсіп шығады деп болжап отыр. Бұндай эмбриондар “химер” деп аталады.
Әзірге ғалымдар “химерлерді” тек 28 күнге ғана шошқаның ішінде қалдырып көрді.
“Химерді” зерттеген ғалымдар осы жолмен донорлық мүшелерді өсіруге болады деп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |