«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

 
2-мәтін 
Бүгінде заман өзгеріп технология атаулы қарыштап дамыған сайын, адамзатқа 
төнетін түрлі сипаттағы қауіп те күшейе бермек. Сондықтан халықты түрлі қатерден, оқыс 
жағдайлардан сақтандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және сол 
арқылы елге төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы 
көмек көрсету тәсілдерін үйретудің маңызды екені белгілі. Қазіргі бұл тәсіл сәтті 
қолданыла бастады. Мысалы ауа-райының өзгерістерін, болуы мүмкін түрлі жағдайларды 


 
26 
ескертіп, сақтандыратын СМС-хабарламалар жүйесі кең қолданыла бастады.
Жалпы, елімізде халықтың есінде қалған талай табиғи апаттар болды. Көптеген 
адамның өмірін жалмаған оқиғалар тіркелді. Соның салдарынан қаншама адам ажал 
құшты. Ал келтірілген шығын көлемі тіптен қисапсыз. Қазақстанда болған ірі табиғи 
апаттардың басым көпшілігі жер сілкінісі, су басу, қар көшкіні сынды табиғи 
құбылыстармен байланысты. Жақында көктем кезінде су тасқынына байланысты болған 
Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында тіркелген табиғи апат тұтас бір ауылды 
қиратып кетті. Орын алған қайғылы оқиғадан кейін төтенше жағдайлардың алдын алу 
мәселесіне аса қатты мән беріліп келеді. 
Заман талап етіп отырғандай, бүкіл Қазақстан азаматтарын Азаматтық қорғау саласы 
бойынша оқытып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі 
түрде жүргізу керек. Бүгінде апаттың алдын алу үшін елді құлақтандыру мақсатында 
еліміздің арнайы мамандары түрлі шараларды атқарып, әр түрлі жолдарын қарастыруда.
(186 сөз)  
https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar
  
 
 
 
Оқылым 
Тапсырма 
3-тарау. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері 
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап бер. [10] 
А мәтіні
У.Бек «Тәуекел қоғамы» кітабында адамзатқа төніп тұрған қатерді ашық көрсетеді. 
У.Бек жазғандай, ХІХ ғасырда модернизация феодалдық қоғам құрылымын қалай 
қиратып, индустриалдық қоғамды туғызса, сол модернизация бүгін де индустриалдық 
қоғамды бұзып, өзге заманды алып келеді. Ғылыми-техникалық революцияның теріс жағы 
болып табылатын экологиялық проблемалар шаруашылықты жүргізудің ақылға 
сыйымсыз, жағымсыз типінің салдары нәтижесінде шиеленісе түсті. Қазір ауаның, судың 
ластануы одан әрі күшейіп барады, топырақ пен ормандарға қауіп төнді, радиоактивтік 
ластану жедел жүріп жатыр. Техникалық прогрестің абсолюттенуі адам мен табиғаттың 
өзара байланысын жоғалтуға әкеп соқты. Интеграцияға, жаһандануға жеткізген ғылыми-
техникалық прогресс әлеуметтік проблемалар: әлеуметтік теңсіздік, қылмыстың өсуі, 
девиантты мінез-құлықтың таралуы және т.б. қатар келді. ХХ ғасырдың екінші жартысына 
қарай капитализмнің индустриалды дамыған елдеріндегі модернизацияға байланысты 
әлеуметтік тәртіптің терең дағдарысына дәлел болатын отбасы институтының теріс 
үрдістері пайда болды. Капиталистік өндіріс пен нарықпен, жалдамалы еңбекпен, 
отбасының функцияларын тартып алумен, әке мен баланың, ана мен қызының бір-біріне 
жатқа айналуымен сипатталатын әлеуметтік тәртіп отбасының құндылықтық тіректеріне 
нұқсан келтірді. Сонымен бірге, бала тууды жоспарлау, жаңа ұрпақтың акселерациясы
азаматтық некенің кең тарауы, туған баласынан бас тарту, тірі жетімдердің көбеюі және 
т.б. яғни, отбасының ауқымды дағдарысынан туындаған тұтас бір әлеуметтік дағдарыстың 
тууы тұлға мен қоғамның қайшылықты мүдделері арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ете 
алмаған әлеуметтік тәртіптің деградациясының сырын ашып берді. Бұл үрдіс бүкіләлемдік 
сипат алды. (201 сөз)
https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/10315
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет