«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Қаратпа сөздердің стилистикалық ерекшеліктерін табыңыз, қазіргі сөйлеу мәдениетіндегі қаратпа сөздермен салыстырып көрсетіңіз



бет33/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

11. Қаратпа сөздердің стилистикалық ерекшеліктерін табыңыз, қазіргі сөйлеу мәдениетіндегі қаратпа сөздермен салыстырып көрсетіңіз.
Құрметті ұлық синьорлар!
Кепілім менің өмірім! Сенімді Яго.
Маған қажет сіз едіңіз, тақсырым!
О Жауынгер асылым!
Оттелом менің!
О сүйікті Англия!
О рахымды Англия!
О рахымды лейтенанат, о, мырзалар!
Кешіріңіз, қымбатты мырзам.
Құп келіпсіз, синьор Гортензио.
Жұдырық, сен тамаша күштісің-ау!
Бұл берілген мәтіндегі қаратпа сөздер өте жиі ұшырасады. Жанама сөздер арқылы берілген тақсырым,асылым,жұдырық, о рахымды Англия . Мәтінде сеньорлар деп, астын сызып айтып тұрғандағы ойы өз сөзінің шынайы айтылып тұрғанының дәлелі. Бұл мәтінде берілген сөздердің стилистикалық ерекшелігіне келетін болсақ, әдеби сөз қолданыстарымен келген қаратпа сөздер. Аталмыш мәтін орта ғасырларда жазылса да, лейтенант сөзі кездеседі. Сөйлеу тіліндегі тағы бір ерекшелігі өлең жолының әр тармағы қаратпа сөздерге толы. Сол кезеңге байланысты сеньор,Англия,Отелло атаулары ерекше аталып , сөйлеушінің зор ықыласын білдіріп тұр.
12. Мәтін қай стильге тән? Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге жер-су, ру-тайпа, ел-жұрт, халық, ұлт аттары, кісі есімдері мен фамилиялары, жан-жануарлардың аттары, астрономиялық атаулар жатады.
Ғылыми стиль.


13. Қазіргі қазақ газетінен очерк жанрында жазылған шығарманың тіліне талдау жасап, баға беріңіз.
«О, кей!»
«Қайран» капитализм, қайдасың? Жетпіс жыл бойы «құлағыңды тазалап» текке тыраштаныппыз ғой?!» деп дауыс салып, қасқа жолға қалқиып шығып, тұп-тура тартып бара жатқан біздің Қазақстанда не көп десең, уа, көп нәрсе көп! Парламентімізде ілгерілі-кейінді қаралуы да мүмкін, қаралмай қалуы да мүмкін мәселелердің тоқсан тоғыз түйінді тізіміне үңіліп отырып айтар болсақ, мысалы, бізде мыналар көп: жұмыссыз, ауру, баспанасыз, ала дорба және т.б.
Мәтін публицистикалық стильде жазылған . Бұл мәтінде автордың сөз қолданысы ерекше. Әрбір ұғымды көркемдеп жеткізген. Очерктің анық публицистикалық белгілері және публицистикалық бағытымен қоса, ол көркем әдебиеттің ажырамас бір бөлігі болып табылады.Автордың белгілі бір жағдайға байланысты сөз тудыру қажеттілігі арқылы өмірге келген жеке авторлық сөздері мен тіркестері көрініс беріп отыр. Соның ішінде окказионал тіркесті жоғары деңгейде қолданған, мысалы, тоқсан тоғыз түйінді тіліміз, «құлағыңды тазалап» текке тыраштаныппыз ғой, қасқа жолға қалқиып шығып, т.б.. Очерк жанрының көркемдік жүйесінде, тақырыптық болмысында тарихи өмір шындығының атқаратын рөлі зор.Мына жерде де қоғамдағы , қазіргі таңдағы қазақ еліндегі басы ашық мәселелерді , соның өзінде қаралуы мүмкін, қаралмай қалуы да мүмкін деп баға бере отырып , осы сөздерге белгілі бір акцент түсіріп қоғамның жан айқайын билік басындағыларға жеткізгісі келіп отыр. Қазіргі демократиялық қоғамды кезіндегі капитализммен салыстыруының өзінде үлкен мән жатыр.Себебі, оқырман очеркті оқып отырып, одан адамдардың аты-жөнін, лауазымын емес, деректің "психологиясын", ішкі жан-дүниесін ашатын қызықты әңгімені іздейтіні тағы талассыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет