«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Мәтін қай стильге жатады. Автор қандай стилистикалық тапсырма орындағысы келеді



бет34/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

14. Мәтін қай стильге жатады. Автор қандай стилистикалық тапсырма орындағысы келеді.
Телевизия – бүгінгінің тәрбиешісі. Қазір тірі жаннан гөрі, техникадан тәлім-тәрбие алатын болдық. Содан болар, бойымызды қатыгездік, немқұрайлылық жаулап барады. Жан біткеннің бойында жылылық сезімін оятып, ізгілікке игі істерге баулитын «Жан жылуы» сынды бағдарламалар бүгінгі қоғамға қажет-ақ. Ұлтты тек атыс-шабысы мол фильмнен немесе жарқ-жұрқ еткен шоумен емес, қайырымдылық бағдарламаларымен де тәрбиелеген жөн. Үміттерді арқалаған «Жан жылуы» талай жанның жүрегіне жетер көпірге айналса, ол ұлттың арнаның, бағдарлама ұжымының үлкен жеңісі һәм жемісі.
Берілген мәтін публицистикалық стильге жатады. Бұл жерде автор яғни адресант адресатқа ерекше эмоционалды-экспрессивті әсер қалдырып тұр. Және автор шындық фактілер арқылы өз ұсынысын да білдіріп тұр. Қазіргі заманда бала тәрбиесіне ата-ана емес телевизия басты назар аударып жатыр. Алайда оның бәрі пайдалы емес. Автордың айтқысы келгені бүгінде телевизияда керек емес пайдасыз бағдарламалар көбейіп кетті. Оларды алып тастап, қоғамға қажетті, үлгі бере алатын, ұрпақты мейірімділікке шақыратын “Жан жылуы” атты бағдарлама жасауды ұсынып отыр. Расымен бүгінде телевизия саласында осындай бағдарламалар тапшы. Егер “Жан жылуы” секілді бағдарламалар шығатын болса, ол болашақ ұрпақты қайырымды, жомарт болуға үндеп, түрлі пайдалы құнды мәліметтер берер еді.
15. Мәтін қай стильге тән?
Шеберлік ұғымның аясы кең. Шеберлік тілдік, стильдік тұрғыдан ғана көрінбейді, ол жазушының күллі көркем ойлау жүйесінен, қаламгердің өзінің идеялық мақсатын іске асыру барысында қолданған сан-сала көркемдік амал-тәсілдерден де аңғарылмақ.
Ғылыми стильге тән. (Бердібай Шалабай «Қазақ тілінің стилистикасы» кітабының 207-бетінде берілген мәтін)

  1. Берілген мәтіндегі сөз қолданысындағы қателіктерді табыңыз, өңдеу жұмыстарын жүргізіңіз. «Үстіміздегі жыл», «ағымдағы жыл» ,«айтпақшы, ағымдағы жылы мен осындай бір іс жасағалы жатырмын» «қателікке бой алдырды», «көп ізденуге бой алдырды» «14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы», «Айғанымның қызы домбырада жақсы ойнайды».

«Үстіміздегі жыл», «ағымдағы жыл» ,«айтпақшы, ағымдағы жылы мен осындай бір іс жасағалы жатырмын».
Дұрысы: қазақ тілінде алда болар жылға "келер" деп қолданылады. Ал "келесі" кез келген жылдан (айдан, күннен, аптадан) кейінгі болатын уақытты айтқанда қолданылады. Яғни, "содан кейінгі" деген мағынада ғана. "Алдағы" деген де вариант бар. Яғни, осы "үстіміздегі" жылдан/айдан/аптадан кейін іле-шала келетінді білдіреді. Келер жылы, келер айда, алдағы аптада, алдағы жылы, келер аптада. «Ағымдағы жыл» деген орыстың «текущий год» деген сөзінен аударылған. «Осы жыл» деген дұрыс. «Айтпақшы, осы жылы мен осындай бір іс жасағалы жатырмын».
«Қателікке бой алдырды», «көп ізденуге бой алдырды». Дұрысы: «қателесті», «көп ізденді».
«14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы». Ауа райы белгілі бір күнге арналмайды. Дұрысы: «14 желтоқсан күнгі ауа райы». ??
«Айғанымның қызы домбырада жақсы ойнайды». Орыс тіліндегі «хорошо играет на домбре» дегенінен жолма-жол аударылған болу керек. Дұрысы: «Айғанымның қызы домбыраны жақсы тартады».
І7. Ақылы бөлімге тапсыратын талапкерлер үшін: ақылы бөлімге медициналық мамандықтарға 60 балдан жоғары балл жинаған талапкерлер ғана қабылданады (ҚР Білім және Ғылым министрлігінің №353 бұйрығы 7 маусым 2005 ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет