Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет26/32
Дата19.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#147920
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

23

Балалар сыныптағы заттарды, содан кейін адамдарды атайды.

Мысалы: Мынау не? мынау тақта. Мынау кім? мынау оқушы. т.с.с.

Заттың атын білдіретін сөздер жөнінде 1-сыныпта түсінік алған оқушылар зат есімнің анықтамасын тез үғады. Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат - балалрға заттардың эр салалы болатындығын, мағыналық тобын, яғни ара қатынасын білдіру, кім? кімдер? сүрағының тек адамдарға қойылатынын, жануарлар мен заттарға не? нелер? сұрағының қойылатынын дүрыс ұғындыру.

Жаңа сабақты бірден оқулықтағы 301-жаттығуды орындатудан бастауға болады. "Зат есім деп аталатын сөзжүмбақты шешу тапсырылған (қажетті сөздердің суреттері бёрілген).

Мүнда да суреттегі заттардың аты аталып, оларға сүрақ қойылады, табылған сөздер санына қарай алфавит ретімен орналастырады, бүл жаттығу оқушылардың ойлауын дамыту мақсатында да, балардың алфавитті меңгеруіне де пайдалы.

Оқулықтағы 300-жаттығудың мағынасы түсіндіріліп, жазбаша орындалады.


  1. Ақыл — тозбайтын тон, Білім таусылмайтын кен.

  2. Шешен сөз бастар, Батыр қол бастар.

Оқушыларға кім? не? сүрақтарына жауап беретін сөзді тапқызу. Мақалдардың мэн мағынасын терең түсіндіру.

302-308 - жаттығуларда да дэл осылай, зат есімнің сүрақтарына


жауап беретін сөздерді тапқызу. \

Ал, 309-жаттығуда жұмбақ шешу көзделген.

1. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна.

(Көл).


2. Қант еемс
Қатты
Мүз емес -
Тэтті.

(Шекер).


Бүл жаттығуда зат есімдерді тапқызып, астын сызду көзделген. Жүмбақ шешу арқылы оқушылардың логикалық, ойлау қабілетін дамытамыз.

Заманымыздың талантты педагогі В.А.Сухомолинский: "ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчестосыз, фантазиясыз толық, мэніндегі ақыл - ой тэрбиесі деген болмайды", - деп атап көрсеткендей ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге



24

дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуларына көмектеседі.

Сабақ үстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін үштай түсуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу керек. Мысалы, "қай әріпті жоғалттым?" ойынын заттың атын білдіретінсөздірде оқытқанда пайдалануға болады.

Ойынға сөз ішінде бір эріпті қалдырып кеткен (яғни, бір эріптерін жоғалтқан) бірнеше үлестірмелі қима қағаздар жасалынады. Олар сыныптағы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Ойынға қатысушы эрпбір оқушы өзіндегі эріптерден керектісін алып, эр сөздегі жоқ эріптердің орнына қоюға тиіс. Қай оқушы жылдам қойса, сол үтқан болып саналады да, мүғалімінің мадақтауымен тиісінше бағасын алады.

2-сыныпта зат есімнің жалқы есім^ мен жалпы есім түрлері, олардың қолданылуы мен жазылуы емлесі үйретіледі. Бүл тақырыпты оқытуда оқушыларға кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздерді жалқы есім деп аталатынын, солардан басқа зхаттардың атауы жалпы есім екенін үғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.

Зат есімнің жалқы, жалпы ксім түрлерін меңгерту онша қиынға түспейді.

Жалпылама мағынаны білдіретін заттардың ішінен затты жеке — дара көрсеткіміз келсе, оған бір арнаулы ат қойып, оны сол өзіне қойған атымен атаймыз. Мысалы, мына сендер ғой, бэрің де балаларсыңдар, қыздарсыңдар, үлдарсыңдар. Бүл айтылға баллар, оқушылар, қыздар, ұлдар дегендер сендерге жалпы атаулар. Ал енді эрқайсыңды жеке даралап Айдана, Төрахмет, Ақбота, Молдабек деп өзіңе қойылған аты-жөнімен атасақ, бүл атаулар жалқы есімдер- болады, - деп, шэкірттердің түсінігіне бірден қона кететін өздеріне таныс нэрседен бастаған жөн.

Жалқы емісдердің облыс, аудан, қала, көше, жер, су, тау аттарын білдіретін географиялық атауларды рет - ретімен мүғалім плакатқа мынадай түрде жазып қояды:

1. Облыс аттары: Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы,
Жамбыл облысы.


  1. Қала, ауыл атттары: Леңгір, ТТТүбар, Темірлан, Кентау, Түркістан
    т.б.

  2. Аудан аттары: Төле би ауданы, Ордабасы ауданы т.б.

  3. Көше аттары: Т.Әубэкіров көшесі, Төлеби көшесі т.б.

  4. Өзен, көл аттары: Арыс өзені, Ақсу өзені, Балқаш көлі т.б.

  5. Тау аттары: Алатау, Қаратау, Қазығүрт, Алтай, Орал т.б.

7. Жүлдыз аттары: Үркер, Шолпан, Темірқазық, Жетіқарашы т.б.
Тақтаға алғашқыда тек атаулар жазылып, қос нүктеден соң ештеңе

жазбай, сабақтың бүл кезеңі бүлай түсіндіріледі. 1. Жалқы есімдер облыс аттарын білдіреді.



25

Қандай облысты білесіңдер? Қане, айтып жіберіңдерші, - деп сыныпқа сұрақ• қойып, оқушылардың да жүмыс істеуі талап етіледі. Оқушылар көптеген облыс атауларын атайды, солардың ішінен бірер сөзді мүғалім іріктеп жазып қояды.

2. Жалқы есімдер аудан аттарын білдіреді.

Қандай аудан аттарын білесіңдер? - біз түрған аудан қалай аталады? — деп оқушылардың жауабына екінші қатар түсына сөздер жазылады.

Осылайша сүрақтың қүрлысы өзгерілмей, географиялық атауларға қойылуы арқылы оқушылардың өздеріне жүмыс істету процесі үстінде жалқы есімдердің көптеген мағынасы аңғарылады.

312-321 - жаттуғылар тақырыпқа байланысты берілген үғымды кеңейте, бекіте түсу, солға сүрақ қоя беруге үйрету, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында жүргізіледі.

312 — жаттығуды мәнерлеп оқытып жалқы есімді тапқызу. Мектебінен қашпайды Қарсы алғанда анасы, Бес саусығы шошайды, "Бес" алған-ау шамасы.

Жалқы есімді оқытқанда олардың эрқашан бас эріппен жазылатынына 313-321 — жаттығуларды орындау барысында көз жеткізуге болады.

Оқушылардың ойлау процесін дамытудың бірден-бір жолы оларды өздігінен жүмыс істей білуге үйрету.

Оқушылардың өздігінен жүмыс істей білуге үйрету жүмыстары дидактикалық принциптерге негізделіп жүргізіледі.

Жаңа тақырыпты қортындылау барысында үлестірмелі қима қағащдарға жазылған тест сүрақтарын беруге болады. Қима қағащдар оқушыларға үлестіріліп берілген соң, оларға ойлануға бес минут уақыт беріледі. Содан соң дайын оқушыларға дүрыс жауаптарын шеңбермен белгілеп көрсетеді. Жауапты ауызша да айтуға болады.

1. Медеу деген сөз зат есімнің қай түріне жататынын тауып


белгілеңдер.

а) Жалқы есім э) Жалпы есім

2. Қала деген сөз зат есімнің қай түріне жататыны тауып,
белгілеңдер.

а) Жалқы есім э) Жалпы есім

3. Төменнен жалқы есімді тауып, белгілеңдер.

а) шөп
э)айран

б) марал

26

3. Төменнен жалпы есімді тауып, белгілеңдер.

а) Арыс
э) Айдана

б) Бала


Өздігінен жұмыс істеу баланың ойлау ■қабілетін дамытады.

1-сыныпта оқушыларға жеке заттың атын білдіретін сөздер мен көп заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік алған болатын. Енді соны грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бүл үшін, бірдей заттың жеке жэне бірнешеуі бейленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім олардың мағынасын түсындіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Оқулықтағы 322-323 — жаттығулар соны байқатуға арналған. Аталған жаттығулар орындалғаннан кейін зат есімдердің жекеше, көпше түлғада жұмсалатыны түсіндіріледі.

322 — жаттығуда балапанның сурет берілген.

323 - жаттығуда қоянның суреті берілген. Мақсат - сөздерді


салыстырып оқу. Олардың бір — бірімен қандай айырмасы бар екенін
айту.

Одан кейінгі сүрақтар зат есімдердің жекеше түрін бірінші бағанаға, көпше түрін екінші бағанаға жазу керек.

324 - жаттығуды жаздырып, талдау.

3. е. Жекеше түрі З.е. Көпше түрі

Инелік Көбелектер

Үшқыш Қарлығаштар

Тал Қайыңдар

Шырша Оқушылар

Ақын Суретшілер

325- жаттығуда көп нүктенің орнына көптік жалғауцларын қойдырып жаздыру.

Зат есімнің көпше түрін түсіндіруге, оған қойылатын сұрақтардың да көптік жалғаулары арқылы айтылатыны көрсетіледі. Бірақ кім? не? сұрағына көптік жалғаулардың жіңішке түрлері - лер, -дер, -тер ғана жалғанатынын көрсетіп қою жеткіліксіз. Көптьік жалғаудың барлық, түрлерін танытқан жөн. Ол үшін көптік жалғауларға раналған кестені пайдаланған дүрыс. Көптік жалғаулар

-лар,-лер,-дар,-дер, -тар,-тер

бала-лар, қыз-дар кітап-тар

кеме-лер, көл-дер күрек-тер

Жуан түбірлі сөзге көптік жалғаудың, жуан (-лар, -дар, -тар) түрлер, жіңішке түбірлі сөзге көптік жалғаудың жіңішке (-лер, -дер, -тер) түрлері жалғанатын емлесі үйретіледі.

27

Ал сөз аяғында дыбыстарға қарап көптік жалғаулардың басқа дыбыстарынын -л, -д, -т болыт түрлететін емле ережелерін эзір түсіндіріп жату ертерек, себебі әлі тіліміздің дыбыс заңдылықтарын меңгеріп болмаған бастауыш сынып блаларына мұндай білімді ұсыну ауырлық етеді. Жеке зат, көп зат деген үғымдарды таныстыру балалрдың 1-сыныпта үйренген дағдылық жүмысы 2-сыныпта одан эрі жаңғыртылып дамытылады.

328-жаттығуда зат есім болатын 4-5 сөз тауып, толықтырылып жазу берілген.

Жекеше Көпше

Батыр батырлар

Оқушы оқушылар

Кітап кітаптар

Дэптер дэптерлер

Бала балалар

Бүл жаттығуды орындау барысында зат есімдер жекеше, көпше тұлғада жүмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін түбірге көптік жалғауы жалғанатынын ереже ретінде бірелгенін меңгерту көзделеді.

329-330-жаттығулар ережеде айтылғандарға қанық болу үшін пысықтап, білімді орнықтыр түсу үшін берілген.

331-жаттьіғудай мэтіндірден зат есімнің жекеше, көпше түрлерін айырып оларға сүрақтарды дүрыс қоя алатын болуы керек.

Қазақ тіліне алған білімдерін практикалық жағынан жан-жақты талдау, ажырата білуде жэне толықтыра түсуде үлестірмелі қима қағаздардың алатын орны ерекше.

Үлестірмелі қима қағаздар жеке оқушының өз бетімен шығармашылық жүмыс істеуіне басшылық ететін эдістің біріне саналады.

Ол оқушы біліміндіге олқылықты толтыратын, абсракты мэселелерді нақтылай түсетін, сауаттылықты арттыратын, ой өрісін кеңейтіп, тіл байлығын молайтатын көмекші құрал болып есептелінеді.

2-сыныпта оқушыларға зат есімді оқытқанда мынадай үлестірмелі қима қағащдар пайдалануға болады.

1. а) Өлеңді көшіріп жазыңдар.

Ой балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты Жылғалардан су ақты. Ауыл көшті қыстаудан Әне апам қой сойған. э) Зат есімнің жекеше, көпше түрін тап.

2. а) Көп нүктенің орнына сүраққа сэйкес жауап жазыңдар.
Кім? Кімдер? He? Нелер?

28

Немере гүл

Сэби жүлдыз

Ғалым тау

э) сұрақтары мен мағыналарындағы айрырмашылықты тап.

3. а) Мақалды көшіріп жазыңдар. Мағынасын түсіндір. Ата - асқар тау, Ана - бауырындағы бүлақ, Бала - жағасындағы қү_рақ. • Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.

э) Кім? не? деген сүрақтардың астын сызыңдар деген сияқты т.б. үлестірмелі немесе кеспе қағаздарын мүғалім өз сыныбының қабілетіне қарай түрлендіруге болады.

2-сыныпта зат есім тақырыбын меңгертудің тағы бір жолы — ойын. Мысалы, сабақтағы ой-толғанысы кезеңінде балаларға Венн диограммасы, яғни шеңбер ойынын ойнатқан дүрыс.

Ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды топтай білуге, сондай-ақ олардың неге керектігін ажыратуға, заттардың атын қатесіз жазуға дағдыландырады. Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін шеңбер жэне оған қажетті заттардың аты жазылған жеке сөздер үлестірмелі жасалады. Оқушылар аталған жануарлардың пайдасы мен зиянын айтып өтеді. Зат есімді оқытуға арналған сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің көпше түрі. Көптік жалғаулары. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға көптік жалғаулар туралы түсінік беру.



  1. Сөздерді топтай білуге үйрету.

  2. Балалардың бағыт бағдар бере отырып өз беттеріңше жұмыс
    істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қортынды шығаруға
    машықтандыру. Сабақтың көрнекілеп: кітап, суреттер, үлестірмелер т.б.

Сабақтың эдісі: Сұрақ-жауап. Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

I. Психологиялық дайындық.

II. Үйымдастыру кезеңі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақ.
    1 .Кіріспе

Оқушыларға бір кітапты көрсетіп:

Мынау не? деп сұрау

Ол кітап Тағы бірнеше кітіпты алып көрсетіп:

Мыналар нелер?




29

Бүлар кітіптар.

Ктіп деген сөзбен кітіптар деген сөздің айтылуында

айырмашылық бар ма?

Бар. Ктіптар деген сөзге —тар деген қосымша жалғанған.

Өте дүрыс. Заттың көптігін білдіру үшін түбірге -лар, -лер,

-дар, -дер, -тар, -тер деген жалғаулар деп аталады. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз көптік жалғаулары. Сабағымыздың мақсаты: көптік жалғауларын зат есімге дұрыс жалғай білуге үйрету.

V. Оқулықпен жүмыс.
329-жаттығуды орындау.

Өлеңді мэнерлеп оқу, көпше түрдегі зат есімді тауып, өлеңді көшіріп жазу.

Айдын көлді сағынып,

Қаздар қанат қақты бір.

Ақ бантигін тағынып,

Алма ағаштар атты гүл.

1. Нелер? сүрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

VI. Сергіту сэті.

Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын

Самғап биік үшады. (Осыған сэйкес қимылдар жасайды) (Е.Өтетілеуов «Балақай» Алматы, «Жалын» 1986 ж 137 бет).

VII. 330-жаттығуды орындау, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, зат
есімдерді тауып, олар зат есімдердің қай түрі екенін айту. Зат есімдердің
жекеше, көпше екенін ажырат.

Осыдан соң жаңа сабақты қортындалау барысында оқушыларға тектік сүрақтар жазылған үлестірмелер таратылып беріледі.

1. Төменнен зат есімнің жекеше түрі болатынсөзді тауып, белгілеңдер.


  1. Ағаштар

  2. Сандар

3. Аға

2. Төменнен зат есімнің көпше түрі болатын сөздерді тауып, белгілеңдер.



  1. Қаздар

  2. Жусан

  3. Балалар

3. Қүстардеген зат есімінің қай .түріне жататынын тауып, белгілеңдер.

  1. Зат есімнің жекеше түрі

  2. Зат есімнің көпше түрі

30

Үйге 311-жаттығуды орындап келуді тапсыру. VIII. Бағалау.

Екінші жэне үшінші сыныптарда өтетін сөз таптарыының кестесі.


Зат есім

\

Етістік



Сын есім

Сан есім



Жалқы есім жэне жалпы есім




Дара жэне күрделі етістік













г

Негізгі жэне туынды зат есім




Негізгі жэне туында етістік

Негізгі жэне туынды сын

есімдер

Есептік жэне



реттік сан

есімдер



Зат есімнің тэуелденуі

Болымды жэне

болымсыз

етістік


Зат есімнің септелүі

He істеді? не қылды? қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

1-сыныпта оқушылар заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алғашқы мағлұмат алған болатын. Бірақ ондай сөздер тобының етістік деп аталатын үлкен сөз табын (тобын) қүрайтынын, заттын эр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін, тағы басқа грамматикалық сипаттарын элі білмейді. Алдымен сөз табы ретінде таныту көзделеді.

Оқулықтағы 334-336 - жаттығулар осыған арналған. Аталған жаттығуларды орындау нэтижесінде оқушылар заттардың қимылын, іс-эрекетиін білдіретінсөздердін етістік, деп аталатынын, оларға не істеді? қайтіп? не қылды? Сұрақтары қойылатынын білуі тиіс.

Мысалы, 334-жаттығуды орындау, суреттке қарап, эр адамның не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауын айту.

Марат ағаш жарды.

31


Айдана ойнады.

Ағам домбыра тарты.

Ақбота гүлге су құйды.

Әжем ұршық иірді.

338-жаттығуда жануарлардың төлдеуін білдіретін етістіктер қай сөзбен байланысып түрғаны тапқызылады.

Бие қүлындайды.

Қой қоздайды.

Ешкі лақтайды.

Түйе боталайды.

Сиыр бұзаулайды.

Ит күшіктейді.

Мысық балалайды.

Сөздерге сүрақ қойылып мағынасы түсіндіріледі.

Ал 339-жаттығуда берілген етістіктердің мағынасын түсіндіру тапсырылған. Әуелі эр етістіктің мағынасы жеке-жеке сұрақ-жауап эдіс арқылы түсіндіріледі. Содан соң оқушылар сол сөздерді қатыстырып сөйлем қүрап жазады.

341-349 - жаттығулар етістік туралы берілген үғымды бекіте түсуге, етістіктің өзге сөздермен байланысын дұрыс таба білуге, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлем қорын дамытуға бағытталған. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем қүрайтыны да жаттығулар орындау барысында байқатылуы тиіс.

«Дара жэне күрделі етістіктер» етістік туралы жалпы мағлүмат берілгенен кейін оқытылады. Яғни басты міндет - етістіктің күрделі түрін таныту. Дара етістікті оқушылар бүрыннан біледі, ал күрделі етістікпен оқу сабақтарында, сөйлеу кезеңдерінде үнемі кездескенмен, олардың күрделі етістік деп аталатынын білмейтін.

Оқулықтағы 350-351 жаттығулар дара жэне күрделі етістіктерді бір жаттығу ішінде қатар беріп, салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін байқатуды көздейді.

Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желімбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

Бүл жаттығудағы «желінбейді, желімбейді» сөздерін, «төлдеп жатыр, шөлдеп жатыр» тіркестерімен немесе «жауды-жауып түр, ү-шыты-ұышп барады, оқыды-оқып отыр» жү_птарын өзара салыстырып, олардың бэрі ед ұимылыд білдіретінін қойылатын сүрақта бірдей екенін айтқызып, өзгешеліктері тек сөз санында екенін байқатады.

Кейінгі жаттығулар дара жэне күрделі етестіктің мағынасы дара етістікпен салыстырғанда мүлде басқаша екенін аңғартады; оқыды - оқи

I

32

бастады, оқып отыр, оқып болды, тікті - тігіп жатыр, тіге бастады, тіге алады т.б. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады. Ал 354 -жаттығу дара етістікті үлгі бойынша күрделі етістікке, айналдырып жазумен бірге, «күреді, үйді, күйді, сүзді, үшты» етістіктерің орфоэпиялық ерекшеліктерін байқатуды, сол арқылы сауатты жазуға үйретуді мақсат етеді.

357-жаттығу де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқушылардың сөз мағынасы туралы алған білідеріне сүйеніп, берілген етестіктердің мағынасын түсіндіру, оларға қарама-қарсы етісікті табу талап етіледі.

Мысалы, жапты - ашты.

байлады — шешті т.б.

358-368-жаттығуларда негізгі тақырыпқа байланысты тапсырмалармен бірге оқушылардың сөз мағынасы, мэтін, сөйлем тақырыптарынан алған білімдерін пысықтап бекітуге арналған тапсырмалар да берілді. Олар оқулықтағы әр жаттығудың түсында анық көрсетілген. Мүғалімнің міндеті — бір жаттығуданығ тапсырманың мэнін дүрыс түсініп, соны оқушыға меңгертудіңтиімді жолын тандау.

Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

2-сыныпта «Сын есімді» оқытудың басты мақсаттары төмендегідей.

1. Сын есіМді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту.

2. Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға


үйрету.

  1. Белгілі бір нақты заттың эр алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап
    айтуға баулу.

  2. Сын есімді ауызекі жэне жазбаша сөйлеу тілдеріндемағынасына
    қарай дэл тандап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған
    ортадағы құбылыстар мен заттардың эр алуан қасиеттерін, белгілерін
    бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.

Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? сүрақтары қойылатынын да біледі. 2-сыныпта оқушылардың сол үғымдары кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс

369-370 жаттығулардағы қарамен жазылған сөздердің қандай сүраққа жауап беретінін, мағыналарын ай-гқызу арқылы оқушылардың заттын сынын білдіретін сөздер жайлы білетіндері еске түсіріледі. Одан әрі ұғалім сұрақ - жауап, көрнекілік эдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.

Мысалы, мұғалім алманың суретің көрсетіп, оның не екеін айтқызады дэмі, түсі, пішіні қандай екенін сүрайды, немесе қалың жұқа кітаптарды салыстырады т.б. Нэтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дэмін тағы басқа сапа, белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп

33

аталатынын біледі, оларға қандай? қай? деген сұрақтар қойылатынын иы.

£>ү_дан кейін сын есімдерді зат есімдермен қатыстырып айтуға үйрету жүмыстары жүргізіледі. Ондай мақсат - сын есімдердің кез келген зат есімдермен тіркесе бермейтінін аңғарту. Оқулықтағы жаттығулардың бірқатар осы ұғымды бекітуге арналған. Мэселен 372-жаттығуда зат есімдердің алдында керекті сын есімдерді қойып жазу берілген. ...бэтеңке, ...тон, ...сай, ...айран, ...шие, ...көше.

Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең, тэтті.

Ал 373-жаттығуда бүған керісінше, .берілген сын есімдерді зат есімдермен қатар қойып айту.

Жуас, таза, биік, сүйық, жүйрік, ұзын.

Үлгі: жуас ат, таза көрпе, биік тау,...

374-жаттығуда қандай? қай? сүрақтарының орынан тиісті сын есімдер жаздырылып, оның қай сөзбен байланысып тұрғаны айтқызылады.

Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай?) кітап оқыдым. Бізге (қандай?) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай?) үйлер көбейді.

Керекті сөздер: қызыл, қызық, көп, биік.

375-жаттығулардың мақсаты балалардың, байқау қабілетін арттыру, бір заттың эр алуан белгісін аңғара білуге үйрету. Мэселен, тақтай десек, оқушы жалпақ тақтай деумен шектеліп қоймай, оның қалың не жүқа, ұзын неқысқа екеніне көңіл аударуы тиіс. Сөйтіп бір заттың бірнешебелгісін білдіру үшін жоғарыдағы жаттығуды мынадай үлгіде орындатуды ұсынамыз;

Жалпа*

Қалың - ^Zp* Тақтай



Тегіс

¥зын


376- жаттығуда берілген сын есімдерге қарсы мағыналы зат есім тауып жаз, олардың мағыналарын салықтыру талап етіледі, эр сын есім оған қатысты зат есіммен байланыстырылып айтқызылады.

үлкен


жаңа

жіңішке •

қысқа

ірі


күшті

Үлгі: үлкен үй, жаңа көйлек,...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет