Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه)
Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (ﭗ), т (ت), ж (ج), ш (ﭺ), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (ﮒ), ң (ﮎ), л (ل), м (م), н (ن)
Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й (ﻱ) [8]
Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.
А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады.
Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келген. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. XX ғ. бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу процесі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен оның латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткіжайтқа негізделді.