Қазақ тіліндегі орамды сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі194.2 Kb.
#486282
1   2   3
1 sagyndykuly

отырдым) да, екіншісі үш жай сөйлемдік құрылымнан болған: Оқушылар жиналып, 
оқытушы келіп, мектеп гүлденіп қалды. Ғалымның есептеуінде, алғашқы сыңарлар 
тиянақсыз тұлғаға аяқталса да, мағынасы тиянақты. Осы тұжырым оның аралас деп 
аталуына негіз болған сияқты. Бірақ бұл қазіргі ғылыми топшылауға жауап бермейді. 
Ал көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің тексеріліске түсіп, таныла бастауы 
1950 жылдардың үлесіне тиді. Бұл сөйлем түрі онан кейінгі аздаған жылдар жекелеген 
ғалымдардың еңбектері мен мектеп оқулықтарында түсіндіріліп-ақ отырды. Бірақ қазір бұл 
сөйлем түріне, неге екені белгісіз, грамматикалық оқулықтар, түрлі оқу құралдары түсінік 
бермейді. 1967 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» мен 2002 жылғы «Қазақ 
грамматикасы» да бұл сөйлем түрін талдауға түсірмеген. Тіпті, мұндай сөйлемдік құрылым 
жайлы мәлімет 1990-2010 жылдары жарық көрген еңбектерде де берілмеді. Мұның өзі оның 
аралас құрмалас сөйлемге тән ұқсастығынан өрбіген және оны айырудағы қиыншылықтан 
туған бір жақты пікір ме дейміз. 
Сонымен, орамды сөйлемдер дегеніміз – мағыналық жақындық пен интонациялық 
тұтастықтағы құрам сыңарларының біртұтас күрделі ойға бағынған түрі. Мұндай сөйлем 
құрамында кемі үш жай сөйлемдік үлгіден бастап, дара құрмаластық, тіпті көп құрамды 
құрмаластық үлгілер келе береді. Қазіргі қазақ тілінде бұл қатарды көп сыңарлы салалас 
құрмалас сөйлемкөп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемкөп басыңқылы сабақтас 
құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем құрайды. 


Қ.Жұбанов бұл мәселеге тіпті басқа тың ойлармен келді. «Құрмалас сөйлемге қазіргі 
кітаптардың тісі батпаған» деген ғалым жоғарыда аталған сөйлем түрлерінің құрылыс 
материалдарын байланыстыруға әкелетін белгіні тапты. Ғалым пікірінше, «жалғасқан 
сөйлемдердің жинағы – күрделінің салаласы болады» [5,146]. Шын мәнінде, орамды сөйлем 
материалы болып келетін құрылымдар, мейлі ол жай сөйлем болсын, мейлі дара немесе көп 
құрамды құрмалас сөйлем типінен болсын, өзара байланысуда салаластық заңдылыққа 
бағынады. Тегі, бұл паратаксистік құбылыстың ең алғашқы көрініске ие екендігінен 
туындап жатса керек. 
Қазіргі талданымдағы орамды сөйлемдік құрылымдар ішкі байланысудағы 
заңдылықтарды толық қамтиды. Мәселен, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас пен көп 
сыңарлы салалас құрмалас сөйлемдер бір ғана байланысудың нәтижесінен шешіліп 
отырады. Құрамындағы сыңарлар бағына байланысса сабақтас құрмалас болады да, тең 
дәрежелік байланыс оны салалас құрмалас сөйлемге әкеледі. Ал көп басыңқылы мен аралас 
құрмалас сөйлем еншісіндегі құрылымдар байланысуы әсте салаластық заңдылықпен 
айқындалатынын байқаймыз. Қ.Жұбанов меңзеуіндегі күрделінің салаласуы осы болса 
керек. 
Осылай бола тұра, көп басыңқылы мен аралас құрмалас сөйлемдердегі құрылыстық 
материал тек қана салаласа байланысуға негізделген деген ой нақты тұжырым ретінде 
қабылданбауы керек. Олай болған жағдайда аталған сөйлемдерге тән шарттар орындалмай 
қалған болар еді. Яғни, олардың сөйлемдік түр ретінде қызмет етуіне сабақтастық 
байланыстың тікелей әсері бар екенін мойындағанымыз жөн. Себебі сабақтас байланыс 
дегеніміз «...қатар тұрған сөйлемдердің түрліше амал-тәсілдер арқылы бір-біріне бағына 
жұмсалған түрі» [6,328]. Ал ол кезегінде шешуші қызмет атқарады да, сөйлемнің негізгі 
түрін анықтауға көмектеседі. Бұл мәселе қазақ тіл білімінде теориялық тұрғыдан бекіп, 
практикалық тұрғыдан тиянақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет