Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет22/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 


35 
МЕНІҢ ОТБАСЫМ 
Менің атым – Мохаммад Реза. Мен Ауғанстаннанмын. Жасым 
жиырмада. Менің отбасым үлкен. Онда он адам бар. Олар: әкем, 
анам, ағам, әпкем, інім, қарындасым және өзім.
Менің әкемнің аты – Асқар. Анамның аты – Мариям. Олар 
орта жаста. Әкем елу екіде. Анам қырық сегізде. Менің қарт атам 
бар. Ол сексен жаста. Оның аты – Мохаммад Әли. Ағамның аты 
– Сұлтан. Ол отыз екіде. Оның әйелі және бес баласы бар. Олар-
дың балалары әлі кішкентай. Менің жеңгем Газни қаласынан. 
Ол өте әдемі. Менің ағам мен жеңгем құрдас. Қарындасымның 
аты –Малика. Ол он тоғыз жаста. Малика – ақылды, мейірімді 
қыз. Ал інім мектепте оныншы сыныпта оқиды. Оның аты – 
Әли. Ол жақсы оқушы. Қарындасым Маниже сегізінші сыныпта 
оқиды. Біз тату-тәтті тұрамыз.
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. 
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы ша-
қырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территория-
сына жеті мемлекет сыяды. Жер көлемі жағынан дүние жүзі 
бойынша 9-орында, ал ТМД елдері бойынша 2-орында. Қазақ-
стан 5 мемлекетпен көршілес орналасқан, олар: Ресей, Қытай, 
Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан. Қазақстанда 14 облыс, 
85 ірі қала бар.
Қазақстан Республикасы – өте бай мемлекет. Қазақстанда 
алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, 
яғни, бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 150 элемент-
тің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-
нан астам пайдалы қазба бар.
Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 
Әрбір ұлттың өз салт-дәстүрлерін сақтауға толық құқықтары 
бар. Қазақстан халқының татулығына дүние жүзі таңғалып 
отыр.


36 
Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 
Ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 
16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. 1992 жылғы 2 наурызда 
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабыл- 
данды. 
1991 жылы Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президентін 
сайлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет