48
ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі.
Ол туралы
алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар
деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы
аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түр-
кістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономи-
калық
орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ
хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі
төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің
қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден
Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі
білім орталығы болғандығы белгілі.
Оның мәдени өмірінде
дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығар-
малары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи
бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки,
Жүсіп Баласағұнилар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек
батыр қала. Моңғол-татар,
жоңғар шапқыншылығын, қазіргі
Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер
мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы
Сыр
бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһар-
лардан біздің ғасырға жеткені де – осы қала.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті
Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер
алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады. Бұл кесене –
сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және
сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар.
Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп ата-
латын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет
Ясауи атымен әлемге әйгілі болды. Қасиетті Түркістанды «Екін-
ші Мекке» деп атаған.
Қалада 1992 жылы құрылған
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті бар. Онда 22 мыңнан аса
студенттер білім алады. Алматы, Тараз, Шымкент, Кентау және
49
Анкара қалаларында филиалдары бар. Университетте 26 елден
500-ден астам студент білім алады. Оның ішінде: Түркия, Кипр,
Қырғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Дағыстан,
Саха Рес-
публикасы, Моңғолия, Қытай және т.б. елдерден. Университетте
14 факультет, 63 кафедрада 74 мамандық бойынша білім бері-
леді. 92 ғылым докторы, 220 кандидат, 600-ден астам ұстаз білім
береді. 1997 жылдан жылдан бастап Түркістан қаласы мен Ан-
кара қаласын байланыстыратын спутниктік жүйе жұмыс істейді.
Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Түркістан
қаласының
келешегі зор.
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)
Достарыңызбен бөлісу: