-Та, -те (-да, -де, -ла, -ле) тұлғасының сөзжасамдық мағынаға қосатын семалық қырын былайша саралауға болар еді:
іс-әрекеттің орындалуын, аяқталу сипаты: бұзаула, балапанда , аяқта, кісенде, ауызда т.б.;
іс-әрекеттің дүркіндік, еселік семасы: жұдырықта, арқала, білекте, тістеле, сабаула, көсеуле, тырмала, қасықта;
іс-әрекеттің қалпын білдіруші сема: тізерле, танаура, өкпеле, көзде, күңкілде, мыңқылда, іркілде, тыраңда т.б.;
іс-әрекеттің көп болып, не кемінде екеу болып орындалу семасы: үймеле, қаумала, арашала, жаманда, жақсыла т.б.;
іс-әрекеттің орындалу амалын білдіретін сема: ойла, тазала, адымда, тақтайла, жүнде, майла, күлімде, амалда т.б.;
Бұл көрсетілген мағыналар туынды сөздің мағынасы емес, тек СТТ-ның қосатын парадигмалық семалары. Мағыналардың әртүрлі сипаты мен көрінсі бір тұлғаның әртүрлі семантикалық сипатын танытады, сөйтіп бір парадигмалық шеп құрайды.
– тан, -тен, (-дан, -ден, -лан, -лен). Құрамы –та және –н тұлғаларынан құралатын бұл жұрнақ екі түрлі түбіртектен құралатындықтан, өзінше күрделі семантикалық сөзжасамдық құрылымға ие. Валенттілік ыңғайына қарай: синкреттілік негізді атаулардан кейін (ашулан, қатулан, ойлан, жандан, қолдан, үйлен т.б.); абстрактылы мәнді атаулардан кейін (арлан, борыштан, рахаттан, сезіктен т.б.); иелік мән туғыза алатын атаулардан кейін (малдан, үйлен, пайдалан, қарыздан т.б.); кісінің мінез-құлқына қатысты атаулардан кейін (қулан, қайраттан, мазасыздан, ашулан, қайсарлан, жалқаулан, еріншектен, шамдан, т.б.) жалғанады.
Себепші негізге мынадай семалық мән жүктейді:
іс-әрекеттің, қимылдың көбеюі, молдығы семасы: малдан, батырлан, намыстан, сараңдан, рухтан, борыштан т.б.;
іс-әрекет, қимыл, қозғалыстың амалын білдіру семасы: мейірлен, күлімден, рахаттан, елгзектен, сезіктен, баптан т.б.;
іс-әрекеттің, қимылдың қозғалысқа келу семасы: машықтан, қамсызда, қамдан, ойлан, тазалан, ашулан, пайдалан, әлден, гүлден т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |