Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет55/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Мағыналық сіңісу – себепші негіз мағыналары арқылы уәжделген туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы. Мағыналық сіңісу нәтижесінде көптеген күрделі сөздер жеке атау ретінде таңбаланғанда, олардың лексикалық құрамы жеке-жеке толықтай түсінікті бола бермейді. Атаудың негізгі сөзжасамдық мағынасы айқын болғандықтан, бір себепші негіз мағынасының көнергендігі, оның мағынасына ешқандай түсініксіздіктің көлеңкесін түсіре алмайды. Ортақ негізгі сөзжасамдық мағына айқын болғандықтан, жеке сыңардың мағынасыздығына көңіл бөлінбейді. Айталық, жігіт-желең, қыз-қырқын, ығай-сығай, көрші-қолаң, ту-талақай, некен-саяқ, ым-жым, тым-тырақай, т.б. сияқты атаулардың бір сыңарының мағынасы тілдің қазіргі дамуында көнергендігі не көмескіленгендігі, бұл атаулардың түсініксіздігін туғызбайды. Сөзжасамдық мағына жалпы халық тілінде түсінікті болғандықтар, атау ретінде белсенді жұмсала береді. Қазіргі тіл тұрғысынан алғанда, қос сөз немесе біріккен сөз құрамындағы көмескіленген немесе мүлде мағынасы көнерген сыңарлардың мағынасы тілдің көне тарихи бастауында бір-біріне барабар (эквивалент) немесе жақын мәнде жұмсалған тұлғалар болып шығады.

Сонымен, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілінің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетуге болар еді:

1) құрамындағы екі не үш толық мағыналы (кейде көмекші мағынадағы) себепші негіз мағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі;

2) құрамындағы себепші негіздің тура не ауыспалы мағынасы арқылы уәжделеді;

3) туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында себепші негіздердің екеуінің де мағыналық үлесі болады;

4) бір себепші негіз арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады;

5) себепші негіздер бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек арасында синтагматикалық қатынас орнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет