Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Біріккен сөздер бір ұғымды таңбалайды, мағыналық құрылымы – күрделі, синтаксистік жүйесі – тұтас, морфологиялық құрамы – бүтін



бет58/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Біріккен сөздер бір ұғымды таңбалайды, мағыналық құрылымы – күрделі, синтаксистік жүйесі – тұтас, морфологиялық құрамы – бүтін. Екі кейде үш сөздің бірігуі арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы бірнеше тұлғалардың мағынасы арқылы айқындалып уәжделеді де, бір ұғымдық мағына береді. Біріккен сөздер сөзжасамдық қалыбының өзіндік негізгі ерекше белгілері осындай. Біріккен сөздердің мағынасы құрамындағы себепші негіздердің мағыналары арқылы уәжделеді де, жеке атау ретінде танылады. Мысалы: “Сарыағаш” сөзі “сары” және “ағыс” сөздерінің мағынасы арқылы, яғни судың түсінің сары болып ағуы негізгі номинативті белгіге айналуы нәтижесінде жаңа екіншілік атаулық мағына қалыптасады. Біріккен сөздердің құрамындағы себепші негіздердің бірігуінің өзіндік ерекше белгілері бар. Ең алдымен, біріккен сөз құрамындағы себепші негіздер бір-бірімен валенттілігі жағынан байланыста тұратыны ескерілуі керек. Яғни болмыстағы зат не құбылыстың ерекше номинативті белгісі туралы ұғымның таңбалануы ұғымдық уәжділікке; семантикалақ шектестікке, тектестікке; дыбыстық сәйкестілікке негізделеді. Олай болмаған күнде сөздердің бірігуі мүмкін де емес. Екіншіден, біріккен сөздердің құрамындағы себепші негіздердің біріншісі көбінесе екінші сыңарының сын-сапалық, сандық, қасиеттік белгілерін таңбалайды. Үшіншіден, біріккен сөздер құрамындағы себепші негіздер ерекшеленбей, бір интонациямен айтылады. Төртіншіден, біріккен сөздердің құрамындағы себепші негіздер жаңа сөз жасауда өзіндік сөзжасамдық парадигма құрай алады.

Қос сөздердің Аналитика-семантикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет