Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар


Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өздеріне тән құқықтық қасиеттері бар



бет11/11
Дата03.01.2022
өлшемі21.16 Kb.
#450920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өздеріне тән құқықтық қасиеттері бар.

  1. Констициялық құқықтар мен бостандықтар жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін, жағдайының ұйытқысы болып саналады және де құқық салаларында баянды етілген құқықтардың негізін құрайды. Мысалы, отбасы құқығындағы көрсетілген құқықтар конституциядағы отбасына арналған құқытардан келіп шығады, т.с.с.

  2. Конституциялық құқытар мен бостандықтар әрбір жеке адамға және азаматқа беріледі. Ал басқа, негізгі емес құқытар мен бостандықтар адамның өміріндегі түрлі жағдайына мәртебесіне байланысты – жұмысшы, қызметші, мүлік иесі, сатушы, сатып алушы, талапкер, жауапкер, т.с.с.

  3. Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттерге тән қасиет –олардың жалпылығы. Олар барлық адамдарға, азаматтарға, түгеліне беріледі.

  4. Қазақстан Республикасы азамттарының негізгі құқытары мен бостандықтары басқа құқықтар және міндеттерден өзінің шығу негізімен айрықшаланады. Оның бірден-бір негізі – Қазақстан Республикасының азаматтығына жату. Демек, негізгі құқықтар мен міндеттер тұлға мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланыстарын, оның азаматтық мәртебесін білдіреді.

  5. Қазақстан Республикасының азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары олардың еркімен қабылданбайды және жоғалмайды. Олар оған азаматтығына байланысты тән, сондықтан азаматтықтан шыққанда ғана сонымен бірге жойылады.

Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері бірнеше топқа бөлінеді:

а) өзіндік құқықтар. Бұл әр адамға туғаннан бастап тән, одан ешкім айыра алмайтын, табиғи құқытар. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, бұл адамның табиғи құқығы, оны қамтамасыз ету үшін сан алуан әрекеттер жасауға міндетті. Адамның қадір қасиетіне қол сұғуға болмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге немесе жазалауға тыйым салынады. Егер азамат куәгер болса заң бойынша ол тергеу (алдын ала анықтама алу), сот процесінде куәлік беруден бас тарта алады. Егер адам жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтірілген мән-жайға куәгерлік күйде болса, онда шындықты ашу үшін тергеу және сот органдарына көмектесу оның адами және азаматтық міндеті. Мемелекет органдары, лауазым иелері өздеріне өтініш айтқан адамдарға құрметпен қарап, заңға сәйкес көмектесулері керек. Өзіндік құқтарға тұрғын үйге қол сұғылмаушылық та жатады. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Азаматтардың өзіндік құқықтарына басқа да жеке басының иелігіне құқықтар жатады;

ә) саяси құқықтар – тек ғана Қазақстан азаматтығы бар адамдарға беріледі. Оларға жататындар: тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, өтініштер жолдауға құқылы; жоғары және жергілікті мемлекет органдарын сайлауға және оларға сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқылы; мемлекеттік қызметке кіруге құқылы; бейбіт әрі қарусыз жиналыстар өткізуге құқылы, т.с.с;

б) әлеуметтік-экономикалық құқықтар: еңбек бостандығына құқық, ереуіл жасау құқығы; тынығу құқығы; кісіпкерлік еркіндігі; отбасын құру құқығы; әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы; денсаулықты сақтау құқығы; білім алу құқығы, т.с.с.



в) азаматтардың негізгі міндеттері: Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау; басқа адамдардың құқықтарын; бостандықтарын; абыройы мен ар-намысын құрметтеу; Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, заңда белгіленген салықтарды, адамдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу; Қазақстан Республикасын қорғау, әскери қызмет атқару, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, т.с.с.

г) отбасы құқығы – Ол қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім кімнің болсын сырттан заңсыз араласуын қорғайды. Әрине, некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттеме қабылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет