Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Қону алаңы бағыттағышының ішіне қарай визуалды



бет11/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Қону алаңы бағыттағышының ішіне қарай визуалды
бағыттау жүйесі
      718. Тікұшақтардың қонуға кіруіне қызмет көрсету үшін, қону алаңшасының бағыттағышына қарай визуалды бағыттау жүйесін қарастыру қажет, әсіресе түнде, келесі жағдайлардың бірі немесе екеуі де туындағанда:
      1) кедергілерден ұшып өту кезінде шуылды төмендетудің пайдалану тәсілдері немесе қозғалысты басқару ережелері ұшудың нақты бағытының ұсталуын талап еткенде;
      2) тікұшақ айлағының айналасын қоршаған орта визуалды жер үсті бағдарларының жеткіліксіз санын қамтамасыз еткенде;
      3) жақындау оттарының жүйесін нақты анықтау мүлдем қиын болғанда.
      719. Қону алаңшасының бағыттағышына қарай визуалды бағыттау жүйесі, тікұшақтың бағытталуы берілген жол сызығының бойымен FATO аймағына қараған бағытта жүзеге асырылатындай болып орналастырылады.
      720. Жүйе ұшу учаскесінің соңында FATO аймағының екінші және үшінші кері бұрылысының арасында қонуға кірудің жиі таңдалатын бағытының бойымен орналасуы тиіс.
      721. Оттар сыңғыш болады және мүмкіндігінше төмен орнатылады.
      722. Егер жүйе оттары жекелеген жарық көздері болып көрінуі қажет болса, олар, жүйенің барынша қамтылған кезінде пилотқа көрінетін екі оттың арасындағы тартылған бұрыш доғаның кем дегенде 3'-ына тең болатындай етіп орналастырылады.
      723. Жүйе оттарының және қарқындылығы бірдей немесе одан астам басқа оттар арасындағы тартылған бұрыштар да кем дегенде доғаның 3'-ына тең болуы тиіс.
      722 және 723 тт. талаптары, егерде желідегі оттар көрінім алыстығының әр километріне 1 м аралықпен орнатылса, көрінім сызығына сәйкес сызықта орналасқан оттарға қатысты қанағаттандырылуы мүмкін. 
1. Сигналдың форматы
      724. Қону алаңшасының бағыттағышына қарай визуалды бағыттау жүйесі сигналының форматы «оңға ығыстың», «траекториядасың» ж»не «солға ығыстың» сигналдарын қамтамасыз ететін кемінде үш дискретті сигналдық секторларды қамтиды.
      725. Жүйенің «траекториядасың» секторы кеңеюінің бұрышы 88-қосымшаның суретінде көрсетілген мәндерге тең.
      726. Сигналдың форматы, жүйе глиссадасының визуалды индикаторымен және глиссаданың басқа да кез келген тиісті индикаторымен немесе басқа визуалды құралдармен араластырылуының мүмкіндігіне жол бермейді.
      727. Глиссаданың кез келген тиісті визуалды индикаторында пайдаланылатын кодталуы (HAPI, PAPI немесе APAPI) бұл жүйеде қолданылмайды.
      728. Сигналдың форматы, жүйенің кез келген пайдалану жағдайында ұқсасы жоқ және айқын көрінетіндей болады.
      729. Жүйе, пилот үшін елеулі жұмыстық жүктеме тудырмайды.
2. Жарық тарату
      730. Қону алаңшасының бағыттағышына қарай визуалды бағыттау жүйесі әрекетінің жұмыстық аймағы, өзіне қатысты глиссаданы визуалды индикациялау жүйесі әрекетінің аймағына тең немесе одан үлкен болады.
      731. Басым жағдайларға қатысты оттар қарқындылығын реттеу үшін, және қонуға кіру немесе қону сатысындағы пилоттың көзін қарықтыруына жол бермеу үшін жарық күшінің тиісті басқарылуы қамтамасыз етіледі.
3. Қонуға кіру траекториясы және оны көлденең
жазықтықта реттеу
      732. ҰҚЖ бағыттағышына қарай визуалды бағыттау жүйесі қонуға кірудің есептік траекториясы доғасының ± 5' дәлдігімен көлденең жазықтықта реттеле алады.
      733. Жүйенің көлденең жазықтықтағы орнатылу бұрышы, қонуға кіру кезінде «траекториядасың» сигналының шегін көріп келе жатқан тікұшақ пилоты қонуға кіру аймағындағы барлық объектілерден қауіпсіз қашықтықта болатындай етіп қарастырылады.
      734. 759 тармақта, 90-қосымшаның кестесінде және 89-қосымшаның суретінде келтірілген кедергілерді қорғау беттерінің сипаттамалары осы жүйеге қатысты тең дәрежеде қолданылады.
4. Қону алаңы бағыттағышының ішіне қарай визуалды
бағыттау жүйесінің сипаттамалары
      735. Сигнал форматының бұрмаланауына әкелген әлдебір құрамдауыштың істен шығуы туындаған жағдайда жүйе автоматты түрде жұмысын тоқтатады.
      736. Оттардың құрылуы, оптикалық өткізгіш және шағылыстырғыш беттерде жауын-шашынның, мұздың, кірдің немесе басқадай заттардың жинақталуы жарық сигналына барынша аз әсер ететіндей және жалған сигналдардың туындауына жол бермейтіндей етіп құрастырылуы тиіс. 
Қонуға визуалды кіру глиссадасының нұсқағышы
      737. Қонуға визуалды кіру глиссадасының нұсқағышы, осы тікұшақ айлағы қонуға кіруді қамтамасыз етудің басқадай визуалды немесе визуалды емес құралдарымен жабдықталғанына тәуелсіз, егерде тікұшақ айлағында, әсіресе түнде келесі жағдайлар орын алса, бұл тікұшақ айлағына қонуға кіруді қамтамасыз ету үшін қарастырылуы тиіс:
      1) кедергілерден ұшып өту ережелері, авиациялық шуылды азайту тәсілдері немесе қонуға кіруге арналған ӘҚҚК сұлбалары ұшудың, оның траекториясының нақты бұрышпен орындалуын талап етеді;
      2) тікұшақ айлағы жанындағы бетте визуалды бағдарлар аз болғанда;
      3) осы тікұшақтың сипаттамалары қонуға кірудің белгіленген режимде орындалуын талап етеді.
      738. Тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету үшін глиссаданы визуалды индикациялаудың стандарттық жүйелері ретінде келесі жүйелер саналады:
      1) 14-қосымшаның І томының 5.3.5.23–5.3.5.40 тт. қоса мазмұндалған техникалық талаптарды қанағаттандыратын, жүйелердің «глиссадамен келе жатырсың» секторының бұрыштық өлшемі 45'-ке ұлғайтылған жағдайлардан басқа, РАРІ және АРАРІ жүйелері; немесе
      2) ХААҰ/ИКАО-ның 14-қосымшасының І томының 5.3.5.6–5.3.5.21 т. қоса мазмұндалған техникалық талаптарды қанағаттандыратын тікұшақтың қонуға кіру траекториясын индикациялау жүйесі (НАРI).
      739. Қонуға визуалды кіру глиссадасының нұсқағышы, тікұшақтың FATO аймағының шектеріндегі берілген орналасу орнына қарай бағытталатындай болып орналастырылады.
      740. Қонуға визуалды кіру глиссадасының нұсқағышы номиналдық дәлдеп қону нүктесіне жақын орналасуы тиіс және қонуға кірудің жиі пайдаланылатын бағытының азимуты бойынша қойылуы керек.
      741. От, (оттар) сыңғақ негізге мүмкіндігінше неғұрлым төменірек орнатылады.
1. HAPI сигналының форматы
      742. HAPI сигналының форматы «глиссададан жоғарысың», «глиссададасың», «глиссададан сәл төменсің» және «глиссададан төменсің» сигналдарын қамтамасыз ететін төрт дискреттік сигналдық секторларды қамтиды.
      743. HAPI сигналының форматы 93-қосымшада көрсетілген форматқа сәйкес келеді.
      Сигналдық секторлар арасындағы және жарықты шашырату азимуттық бұрышының шектеріндегі жалған сигналдарды барынша азайту үшін блокты жобалау кезінде ерекше сақ болған жөн.
      744. HAPI жалтылдағыш сигналының қайталану жиілігі кем денеде 2 Гц-ті құрайды.
      745. HAPI импульстік сигналдарының «қосылған/ажыратылған» қатыстығы 1:1 болуы тиіс, ал модуляция тереңдігі – ең болмағанда 80% болуы керек.
      746. HAPI «глиссададасың» секторының бұрыштық өлшемі 45'-ке тең.
      747. HAPI «глиссададан сәл төменсің» секторының бұрыштық өлшемі 15'-ке тең.
2. Жарықтың таратылуы
      748. HAPI қызыл және жасыл оттары қарқындылығының таратылуы 93-қосымшада көрсетілгендей болуы тиіс.
      Азимут бойынша көбірек шашырату бұрылмалы платформада орнатылатын HAPI жүйесін орнату жолымен қамтамасыз етіле алады.
      749. HAPI жүйесінде тік жазықтықта бір түстің екіншісіне ауысуы, кем дегенде 300 м қашықтықтағы бақылаушыда тігінен ауысу бұрышы ары кеткенде 3'-ке тең деген әсер тудыратындай болуы тиіс.
      750. Қарқындылықтың барынша жоғары деңгейін қою кезінде қызыл немесе жасыл сүзгінің өткізу коэффициенті кем дегенде 15 % құрайды.
      751. Толық қарқындылық кезінде HAPI жүйесінің қызыл оты, 0,320-дан аспайтын Ү координатына ие, ал жасыл оты ХААҰ/ИКАО-ның 14-Қосымшасының І томының 1-толықтыруындағы 2.1.3-т. көрсетілген шектерде болады.
      752. Оттардың қарқындылығын түзету үшін басым жағдайларға байланысты және қонуға кіру немесе қону сатысындағы пилоттың көзін қарықтырмау мақсатында жарық күшінің тиісті басқарылуы қамтамасыз етіледі.
3. Глиссада еңкіштіктері және биіктеме бұрыштарын орнату
      753. HAPI жүйесі тік жазықтықта реттеле алады және көлденең үстінен 1 және 120 арасындағы берілген бұрышпен доғаның ± 5' мәніне дейінгі дәлдікпен орнатыла алады.
      754.HAPI жүйесі биіктемесінің бұрышын орнату, қонуға кіруі кезінде «глиссададан төменсің» сигналының жоғарғы шегін көріп келе жатқан тікұшақ пилоты қонуға кіру аймағындағы барлық объектілерден қауіпсіз қашықтықта болатындай етіп орындалады.
4. Оттың сипаттамалары
      755. Жүйе құрылған кезде:
      1) оттың ± 0,5ғ (±30') мәнінен асатын тігінен ығысуы орын алған жағдайда жүйе автоматты түрде өшірілетіндей болып;
      2) жалтылдағыш механизм істен шыққан жағдайда істен шыққан жалтылдағыш секторда (ларда) жарық сәулеленбейтіндей болып жасалады.
      756. HAPI жүйесінің оттары, оптикалық сәулелеуші немесе шағылыстырушы беттерге түскен конденсация заттары, мұздану, ластану және т.б. жарық сигналына өте аз әсер ететіндей және жалған немесе қате сигналдардың қалыптасуына әкелмейтіндей болып құрылады.
      757. Қалқымалы вертопалубада орнатуға арналатын HAPI жүйесі, тікұшақ айлағының көлденең және бойлық осьтері бойынша ± 30-ке тең ығысу бұрышының шектерінде ± 1/40 дәлдікпен сәуленің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
5. Кедергілерді қорғау беті
      Келесі техникалық талаптар PAPI, APAPI және HAPI жүйелеріне қатысты қолданылады.
      758. Кедергілерді қорғау беті, глиссаданы визуалды индикациялау жүйесін пайдалану болжанатын жерлерде орнатылады. 89-қосымша.
      759. Кедергілерді қорғау бетінің сипаттамалары, яғни оның басталуы, кеңеюі, ұзындығы және еңкіштік бұрышы 90-қосымшаның кестесінде көрсетілген мәндерге сәйкес келеді.
      760. Тиісті уәкілетті органның пікірі бойынша жаңа объект немесе оның үстіне салынатын құрылыс қолданыстағы жылжымайтын объектімен көлегейленетін жағдайлардан басқа, жаңа объектілерді салуға немесе қолданыстағы объектілердің үстіне құрылыстарды кедергілерден қорғау бетінен жоғары шығып тұратындай етіп салуға рұқсат етілмейді.
      Объектіні көлегейлеу қағидасын ойға қонымды қолдануға болатын жағдайлардың сипаттамасы Әуежайлық қызметтер жөніндегі нұсқаудың 6-бөлігінде келтіріледі (Doc 9137).
      761. Тиісті уәкілетті органның пікірі бойынша объект қолданыстағы жылжымайтын объектімен көлегейленетін немесе жүргізгеннен кейін объект тікұшақтар ұшуларының қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізбейтіні белгіленген жағдайлардан басқа, кедергілерден қорғау бетінен жоғары шығып тұрған қолданыстағы объектілер аулақ әкетілуі тиіс.
      762. Авиациялық зерттеудің қорытындылары кедергілерден қорғау бетінен жоғары шығып тұрған қолданыстағы объект тікұшақтар ұшуларының қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізуі мүмкін екендігін көрсеткен жағдайларда төменде тізбектеліп аталған шаралардың бірі немесе бірнешеуі қабылданады, атап айтқанда:
      1) жүйе глиссадасының еңкіштік бұрышы тиісінше ұлғайтылады;
      2) жүйе сәулесінің азимуттық алшақтау бұрышы, объект сәуле жарығы шегінің сыртында орналасатындай болып азайтылады;
      3) жүйе өсі және тиісті кедергілерді қорғау беті ары кеткенде 5ғ-ке ығыстырылады;
      4) FATO аймағы тиісті дәрежеде ығыстырылады;
      5) 13.4 бөлімінде мазмұндалған қону алаңшасының бағыттағышына көзкөрінімді бағыттау жүйесі орнатылады.
      Осы мәселе бойынша нұсқаулық материал Тікұшақ айлақтары жөніндегі нұсқауда (Doc 9261) мазмұндалған.
Ұшып-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысы
аймағының оттары
      763. FATO аймағы түнде пайдалануға арналатын, жер бетінің деңгейінде орналасқан тікұшақ айлағында орнатылған жағдайларда, FATO аймағы және TLOF аймағы шамамен қиюласатын немесе FATO аймағының ұзақтығы күмән тудырмайтын жерлерде қамтамасыз етілмейтін жағдайлардан басқа, FATO аймағының оттары қамтамасыз етілуі тиіс.
      764. FATO аймағының оттары FATO аймағы шектерінің бойымен орналасады. Оттар біркелкі және келесі аралықтармен орналастырылады:
      1) аймақтың пішіні квадрат немесе тік төртбұрыш тәрізді болған жағдайда, әр бұрышының шегінде бір отты қоса, әр жағында ең болмағанда төрт оттары орналасқан кезде, аралықтары ары кеткенде 50 м-ді құрайды;
      2) аймақ кез келген басқа пішінге, соның ішінде шеңбер пішініне ие болған жағдайда, оттар саны кем дегенде он болған кезінде аралықтары ары кеткенде 5 м-ді құрайды.
      765. FATO аймағының оттары барлық жаққа бағытталған тұрақты сәулеленетін ақ түсті оттардан тұрады.
      766. FATO аймағы оттарының таратылуы, 93-қосымшада көрсетілгендей болуы тиіс.
      767. Оттардың биіктігі 25 см-ден аспауы тиіс, және егерде бет үстінен жоғары тұрған от тікұшақтардың қауіпсіз ұшуларына қауіп төндірсе, бұндай оттар бет деңгейіне жақындатылып төменірек орналастырылуы тиіс. FATO аймағы жерден көтерілуге немесе қонуға арналмаған жағдайда, оттардың биіктігі жердің немесе жер бетіндегі қардың деңгейінен 25 см-ден артық аспауы тиіс.
Дәлдеп қону нүктесінің оттары
      768. Дәлдеп қону нүктесінің оттары, түнде пайдалануға арналатын тікұшақ айлағында дәлдеп қону нүктесінің таңбалауы қарастырылған жағдайларда қамтамасыз етілуі тиіс.
      769. Дәлдеп қону нүктесінің оттары дәлдеп қону нүктесінің таңбалауымен қиюласады.
      770. Дәлдеп қону нүктесі оттарының жүйесі, 81-қосымшаның суретінде көрсетілгендей, ең болмағанда алты барлық жаққа бағытталған ақ түсті оттардан тұрады. Тереңдетілген типті оттар, бет үстінен көтеріңкі орналасқан оттың тікұшақтар ұшуына қауіп төндіруі мүмкін жағдайларында пайдаланылады.
      771. Дәлдеп қону нүктесі оттарының таратылуы 87-қосымшаның суретіндегі 5-безендірмесінде көрсетілгендей болуы тиіс.
Қону және жерден көтерілу аймағы оттарының жүйесі
      772. TLOF аймағы оттарының жүйесі, түнде пайдалануға арналатын тікұшақ айлағында қамтамасыз етіледі.
      773. Бет деңгейінде орналасқан тікұшақ айлағындағы TLOF аймағы оттарының жүйесі келесідей бір немесе бірнеше құралдардан тұрады, атап айтқанда:
      1) периметр оттарынан, немесе
      2) прожекторлардан, немесе
      3) егер а) және б) құралдарын қолдану мәнсіз немесе, егер TLOF аймағының оттары бар болса, сегменттелген нүктелік жарық көздерінің (ASPSL), немесе TLOF аймағының таңбаларын белгілеуге арналатын люминесценттік блоктардың (LP) жинақтарынан тұрады.
      774. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлағының немесе вертопалубаның TLOF аймағы оттарының жүйесі:
      1) периметр оттарынан;
      2) қону аймағының таңбалауын белгілеу үшін ASPSL және/немесе LP, және/немесе TLOF аймағын жарықтандыруға арналатын прожекторлардан тұрады.
      Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтарында және TLOF аймағындағы вертопалубаларда қонуға кірудің соңғы бөлігінде және қону кезінде тікұшақты берілген нүктеге шығару үшін жер үсті құрылымдық бағдарлары болуы қажет.Бұндай бағдарларды қамтамасыз ету үшін, периметр оттарына қосымша әртүрлі жарық-техникалық құралдар (ASPSL, LP, прожекторлар немесе осы оттардың үйлестіре қолданылуы және т.б.) қолданылуы мүмкін. Периметр оттарын және ASPSL құралдарын қону аймағын және вертодромдық тану таңбалауын белгілеу үшін қымталған жарық диодтарының жолақтары (LED) түрінде бірлестіріп пайдаланғанда ең жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
      775. Қону аймағы таңбалауын белгілеуге арналатын ASPSL және/немесе LP және/немесе TLOF аймағының прожекторларын тікұшақ айлағында, түнде пайдалануға арналатын беттің деңгейінде, жерүсті құрылымдық бағдарларын күшейту қажет болған жағдайларда қамтамасыз ету керек.
      776. TLOF аймағы периметрінің оттары TLOF аймағы ретінде пайдалануға жарияланған аймақтың шетінде орналасады, немесе аймақтың шетінен 1,5 м-ге тең қашықтық шегінде орналасады. TLOF аймағының пішіні шеңбер тәрізді болған жерлерде оттар:
      1) пилоттарды, ығысу мәніне қатысты ақпаратпен қамтамасыз ететін сұлба бойынша түзу сызықтарда орналасады;
      2) егерде 1) тармағы қолдануға келмесе, онда олар TLOF аймағының периметрі бойынша тиісті аралықпен, ал 450-ті секторда, аталған оттар жартылай аралықпен орналастырылады.
      777. TLOF аймағы периметрінің оттары, бет үстінен көтеріңкі тікұшақ айлақтары және вертопалубалар үшін ары кеткенде 3 м-ден аспайтын және бет үстінде орналасқан тікұшақ айлақтары үшін ары кеткенде 5 м-ден аспайтын аралықтармен біркелкі орналастырылады және әр бұрышындағы отты қоса алғанда, әр жағында кем дегенде төрт от орнатылады. Оттар 776 2) т. сәйкес орналасатын шеңберпішінді TLOF аймағы үшін кем дегенде 14 от орнатылады.
      Бұл мәселе бойынша нұсқаулық материал Тікұшақ айлақтары жөніндегі нұсқауда (Doc 9261) мазмұндалған.
      778. TLOF аймағы периметрінің оттары, бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтарында немесе жылжымайтын конструкциялардағы вертопалубаларда, TLOF аймағы биіктемесінің деңгейінен төмен тұрған пилоттың көзіне көрінбейтіндей болып орналастырылуы тиіс.
      779. Қалқымалы конструкцияларда орналастырылған вертопалубалардағы TLOF аймағы периметрінің оттары, олардың орналасу сұлбасы вертопалубаның көлденең орналасуы кезінде, TLOF аймағы биіктемесінің деңгейінен төмен тұрған пилоттың көзіне көрінбейтіндей болып орналастырылуы тиіс.
      780. Бет деңгейінде орналасқан тікұшақ айлақтарындағы ASPSL немесе LP, егер олар TLOF аймағын белгілеу үшін қарастырылса, TLOF аймағының шегін белгілейтін таңбалаудың бойымен орналастырылады. Егерде TLOF аймағы шеңбер пішінді болса, олар көрсетілген аймақтың шектерін белгілейтін түзусызықтардың бойымен орналасады.
      781. Бет деңгейінде орналасқан тікұшақ айлақтарында, TLOF аймағындағы LP-ның барынша аз саны тоғызға тең болады. Сұлбадағы LP-ның жалпы ұзындығы аталған сұлба ұзындығының 50 %-ынан аспайды. Әр бұрышындағы блокты қоса, TLOF аймағының әр жағында барынша аз саны үш блоктан жұп саны қарастырылады.
      782. Бет деңгейінде орналасқан тікұшақ айлақтарында немесе вертопалубада LP-ны орнатқанда, жер үсті құрылымдық бағдарларды күшейту мақсатында, аталған блоктарды периметр оттарының жанына орнатуға болмайды. Оларды тікұшақ айлағының бетіне салынатын немесе оны белгілейтін таңбалаумен қиюласатын қону аймағы таңбалауының бойымен орналастыру керек.
      783. TLOF аймағының прожекторлары, ұшу үстіндегі пилоттарға немесе осы аймақта жұмыс істеп жүрген персоналға жалтылдап көз қарықтырмайтындай болып орналастырылады. Прожекторлардың орналасу сұлбасы және бағыты барынша аз көлеңке тудыратындай етіп таңдалады.
      Қону аймағының таңбалауын және/немесе тікұшақ айлағының тану таңбалауын белгілеуге арналатын ASPSL немесе LP-ны пайдалану, олардың қарқындылығы төмен прожекторларға қарағанда едуір тиімді жер үсті құрылымдық бағдарларды қамтамасыз ететінін көрсетті. Прожекторларды пайдаланған кезде, дұрыс бағытталмау қауіпіне байланысты, оларды 13-тараудың техникалық талаптарына сәйкестігін мерзімді түрде тексеріп отыру керек.
      784. TLOF аймағы периметрінің оттары, тұрақты сәулеленетін, барлық жаққа бағытталған жасыл түсті оттардан тұрады.
      785. Бет деңгейінде орналасқан тікұшақ айлағындағы ASPSL немесе LP, TLOF аймағының периметрін белгілеу үшін жасыл түсті оттарды сәулелейді.
      786. Түстерінің хроматиялық және жарықтылық коэффициенттері ХААҰ/ИКАО 14-қосымшасы 1 томы толықтыруының 3.4 тармаққа сәйкес болуы тиіс.
      787. LP-ның барынша аз ені 6 см. Блок арматурасы өзі белгілейтін таңбалаудың түсімен бірдей.
      788. Периметр оттарының биіктігі 25 см-ден аспауы тиіс, ал бет үстінен көтеріліп тұрған оттар тікұшақтар ұшуларының жүргізілуіне қауіп төндірсе, олар тереңдетіліп орнатылуы тиіс.
      789. TLOF аймағы прожекторларының биіктігі, егерде олар тікұшақ айлағының қауіпсіздік аймағында немесе вертопалубаның кедергілерден бос секторында орналасса, 25 см-ден аспауы тиіс.
      790. LP бет үстінен 2,5 см-ден астам шықпауы тиіс.
      791. Периметр оттарының таратылуы 93-қосымшада көрсетілгендей болуы тиіс.
      792. LP оттарының таратылуы 93-қосымшада көрсетілгендей болуы тиіс.
      793. TLOF аймағы прожекторларының спектральдік сипаттамаларының таратылуы, беттің және кедергілердің таңбалаулары дұрыс танылатындай болып таңдалады.
      794. TLOF аймағының бетінде өлшенген оның прожекторлармен горизонтальді жарықтандырылуының орташа деңгейі, жарықтандырылу біркелкілігінің коэффициенті (ең азына қатысты орташа мәні ) ары кеткенде 8:1 кезінде, ең болмағанда 10 люксті құрауы тиіс.
      795. Қону аймағының таңбалауын белгілеуге пайдаланылатын оттар, сары түсті жарық сәулелейтін, барлық жаққа бағытталған ASPSL жолақтарынан тұратын сегменттелген шеңбер түрінде болуы керек. Сегменттер ASPSL жолақтарынан тұруы тиіс, ал ASPSL жолақтарының жалпы ұзындығы шеңбер қыры ұзындығының кем дегенде 50%-ын құрауы тиіс.
      796. Егер тікұшақтық тану таңбалауының оттары пайдаланылса, олар барлық жаққа бағытталған жасыл түсті оттар болуы тиіс.
Шығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағының
прожекторлық жарықтандыруы
      797. Прожекторлық жарықтандыру, түнде пайдалануға арналатын шығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағында қамтамасыз етіледі. 92-қосымшаның суреті.
      798. Шығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағының прожекторлары, ұшу үстіндегі пилоттарға немесе осы аймақта жұмыс істеп жүрген персоналға жалтылдап көз қарықтырмайтындай болып орналастырылады. Прожекторлардың орналасу сұлбасы және бағыты барынша аз көлеңке тудыратындай етіп таңдалады.
      799. Жүкшығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағы прожекторларының спектральдік сипаттамаларының таратылуы, беттің және кедергілердің таңбалаулары дұрыс танылатындай болып таңдалады.
      800. Шығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағының бетінде өлшенген оның көлденең жарықтандырылуының орташа деңгейі ең болмағанда 10 люксті құрауы тиіс.
БЖЖ оттары
      ХААҰ/ИКАО-ның 14-қосымшасы 1 томының 5.3.16 және 5.3.17 тт. мазмұндалған БЖЖ осьтік оттарына және бұру-жылжу оттарына қатысты техникалық талаптар тікұшақтардың жер үсті бұру-жылжуына арналатын БЖЖ-ға қатысты бірдей дәрежеде қолданылады.
Кедергілерді белгілеудің көзкөрінімдік құралдары
      ХААҰ/ИКАО-ның 14-қосымшасы 1 томының 6-тарауына енгізілген, кедергілерді таңбалауға және жарықпен қоршауға байланысты техникалық талаптар, тікұшақ айлақтарына және шығырды пайдалана отырып, жүктерді өңдеу аймақтарына қатысты бірдей дәрежеде қолданыла алады.
Кедергілердің прожекторлық жарықтандыруы
      801. Түнде пайдалануға арналатын тікұшақ айлағындағы кедергілер, егерде онда бөгеуші оттарды қою мүмкіндігі болмаса, прожекторлармен жарықтандырылады. 92-қосымшаның суреті.
      802. Кедергілерді жарықтандыру прожекторлары, кедергіні толығымен жарықтандыратындай және тікұшақтар пилоттарының көздерін мүмкіндігінше қарықтырмайтындай етіп орналастырылады.
      803. Кедергілердің прожекторлық жарықтандыруы, кем дегенде 10 кд/м2 жарықтылықты қамтамасыз ете алатындай болуы тиіс.
Кедергілерді жарықпен қоршау
      804. Тікұшақтарға қауіп туғызатын кедергілер әуеден оңай аңғарылуы қажет. Осы кедергілердің күндіз танылуын жақсарту үшін ені 0,5 м-ден аз емес, бірақ 6 м-ден астам емес кезектесіп келетін ақ пен қара, қара мен сары немесе қызыл және ақ жолақтарды салу қажет. Түстер жалпы түстен барынша айрықшаланатындай етіп таңдап алынуы тиіс. Түстер BS 381 C (1996) стандартына немесе BS 4800 түстеріне сәйкес болуы тиіс.
      805. Қарама-қарсы түстермен белгіленетін кедергілер, тікұшақ алаңына немесе ШКС шегіне жақын жатқан кез келген торлы құрылымдар мен крандардың жебелерін қоса қамтиды. Тікұшақ алаңшасына жақын жатқан және/немесе оның деңгейінен жоғары орналасқан тірек бөліктері және теңіз қондырғыларының тіректері осы тәсілмен таңбалануы қажет.
      806. Қондыру аймағынан жоғары жатқан барлық объектілер барлық жаққа бағытталған бөгегіш қызыл оттармен белгіленуі қажет, оның қарқындылығы кемінде 10 кандел болуы, тікұшақ экипажына ШКС-тың шекарасына жақын орналасқан объектілердің биіктігі мен жақындығы туралы визуалды мәлімет беруі шарт. Әдетте, бұл талап қондырғыда орналасқан барлық крандарға қатысты болып табылады. Қондыру алаңынан биікті 15 м-ге жоғары орналасқан объектілер жоғарыдан төмен қондыру алаңына дейін 10 м сайын екі аралық барлық бағыттағы қарқындылығы бірдей бөгегіш қызыл оттармен жабдықталуы тиіс (бұған басқа объектілермен көлегейленетін орындар кірмейді). Кейбір объектілер үшін, жасыту мен мұнараның қайырмалы сызықтарына жан-жаққа бағытталған аралық бөгегіш қызыл оттарға балама ретінде жалпы прожекторлық жарықтандыруды орнатқан дұрыс, мұндағы шарт прожекторлық жарықтандыру тікұшақ экипажының көзін қарықтырмай бүкіл құрылымды жарықтандыруы қажет. Прожекторлы жарықтандырудың орналасу реті уәкілетті органмен келісілуі қажет.
      807. Қарқындылығы 50 – 200 кандел барлық бағыттық бөгегіш қызыл оттар құрылыстың ең жоғары нүктесіне орнатылуы тиіс. Ондай оттар орнатылуы мүмкін емес жағдайда (мысалы, жасытудың қайырмалы сызығының жоғарғы бөлігінде) осы құрылымдардың жоғарғы жағына мүмкіндігінше жақын орнатылуы қажет.
      808. Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғыларында тіректердің жоғарғы нүктелерін белгілеу үшін қарқындылығы 50-200 кандел барлық бағыттық бөгегіш қызыл оттар орнатылуы ұсынылады. Бұған қосымша, тікұшақ алаңшасына жанасып жатқан әрбір тірекке қарқындылығы 10 кандел арақышықтығы 10 м сайын жоғарыдан төмен қондыру аймағына дейін жан-жаққа бағытталған аралық оттар орнатылуы қажет. Тіректерді барлық бағыттан жарықтандыру үшін қажетті көлемде оттар орнатылуы қажет. Балама жарықтандыру ретінде тіректер прожекторлық жарықтандырумен жарықтандырылуы мүмкін, мұндағы шарт – олар тікұшақ экипажының көзін қарықтырмауы тиіс.
      809. Қондыру аймағынан 1 км шегінде жатқан және одан елеулі түрде биікте орналасқан кез келген қосалқы құрылымдар барлық бағыттық бөгегіш қызыл түсті оттармен жабдықталуы тиіс.
      810. Кедергіні көрсететін барлық бағыттық бөгегіш қызыл оттар қондыру аймағынан жоғары барлық бағытта көрінетіндей болып орналасуы қажет.
      811. Қондырғыны/кемені апатты жағдайда электрмен қоректендіру – кедергіні жарықтандыру жүйесін қамтуы қажет. Жарық сигналын беру қондырғысы жұмысындағы кез келген істен шығулар мен ауытқулар туралы тікұшақ пайдаланушысына дереу хабарлануы тиіс. Жарық сигналдарын беру қондырғысы тұрақты қоректендіру көзіне (UPS) қосылуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет