Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет12/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Желмеңзегіштер
      812. Тікұшақ айлағында желмеңзегіш орнатылуы және ұшып келе жатқан немесе тікұшақ айлағының жұмыс алаңында тұрған әуе кемесінен көрінетіндей болып, және оған жақын орналасқан объектілер тудыратын ауаның толқулары әсер етпейтіндей етіп орналасуы тиіс. Желкөрсеткіш жарықтандырылған болу тиіс.
      Желмеңзегіштің сипаттамасы 95-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.
15. Тікұшақ айлақтарының радиотехникалық
құрал-жабдығы
Тікұшақ айлақтарын радиотехникалық жабдықпен жарақтандыру
      813. Ұшуларды қамтамасыз ету үшін теңіз қондырғыларына/кемелерге радиотехникалық жабдықтың белгілі бір құрамы орнатылуы тиіс.
      814. Ұшуларды қамтамасыз етуге арналған жабдық талап етілетін сапамен пайдаланудың нақты жағдайларында қондырғының/кеменің радиоэлектронды құралдарымен бір уақытта жұмыс істеу жағдайымен қызмет етуі тиіс. Жабдықтың әрбір типінің дайындаушы-кәсіпорынның пайдалану құжаттамасы болуы тиіс.
      815. Радиотехникалық жабдықтың құрамы, сипаттамасы мен оны орналастыру қондырғыда/кемеде тікұшақты пайдалану тактикасын ескере отырып, жобалау кезеңінде нақтылануы тиіс. Жабдықтың құрамы нақты қондырғы/кеме үшін аталған кестеге сәйкес таңдап алынған ұшу ережелерімен анықталады.
Жетектік радиостанция (ЖРС)
      816. ЖРС тікұшақтарды қондырғыға/кемеге қонуға әкелуге және қонуға кіруін қамтамасыз етуге арналады. ЖРС-тың 100% резерві болуы керек.
      817. Жетектік радиостанцияның оның сигналдарын типтік радиокомпаспен қабылдау кезінде радиостанцияның әрекет ету аймағының шегінде төмендегілерді қамтамасыз ететін сәулелену сипаттамасы болуы керек:
      1) қателігі ± 50 аспайтын жетектік радиостанцияның бағыттық бұрыштарының мәнін алу;
      2) айыру сигналдарын қанағаттанарлық тыңдау;
      3) ЖРС-тың Морзе кодымен берілетін айыру сигналы болуы керек.
      818. ЖРС-тың автоматтық бақылау жүйесі келесі жағдайда апаттық сигнал беруі қажет:
      1) антенналық контурда токтың 40% астам төмендеуі кезінде;
      2) модуляция тереңдігінің 50% астам азаюы кезінде;
      3) айыру сигналы берілуінің тоқтауы кезінде апаттық сигнал беруі қажет.
      819. ЖРС-тың негізгі техникалық сипаттамасы төмендегідей болуы тиіс:
      1) жиіліктер диапазоны 300 – 700 кГц;
      2) шығыс қуаттылығы 60Вт кем емес;
      3) модуляция тереңдігі 85% кем болмайтын А2А сәулелену класы;
      4) желіден (дизель-генератордан) қоректену - (220В ± 10) % (50 Гц ± 5) %
Әуе электрбайланысының ЕЖЖ құралдары
      820. Авиациялық әуе электр байланысының құралдары қондырғы мен тікұшақ экипажының арасында екіжақты, іздестірусіз радио байланысын қамтамасыз етуі тиіс.
      821. Әуе электр байланысы құралдарының 100% резерві болуы керек.
      822. Әуе электр байланысының құралдары «қанағаттанарлықтан» төмен емес бағамен сөздің мәндік айқындылығын қамтамасыз етуі керек.
      823. Әуе электр байланысы құралдарының негізгі сипаттамасы:
      1) жұмыстың түрі – А3;
      2) жиілік торының қадамы 25 кГц;
      3) қабылдағыштың өткізу жолағы 6 дБ – 16 кГц деңгейінде;
      4) жиілік диапазоны 100 – 150 мГц;
      5) таратқыштың қуаттылығы 5 – 20 Вт;
      6) 150 метр биіктікте әрекет ету алшақтығы 70 км-ден кем емес.
      824. Қондырғыда/кемеде ұшуларға қызмет көрсетуге (қамтамасыз етуге) байланысты өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін 3 – 4 бекітілген теңіз жиіліктерімен (арналарымен) 100-163 мГц диапазонындағы ЕЖЖ радиостанциялары болуы тиіс.
ҚТ электрбайланысы
      825. ҚТ электрбайланыс құралдары – авиациялық әуе байланысын жүргізуге, басқа қондырғылармен/кемелермен, жерүсті объектілерімен өзара әрекеттесуге арналады.
      826. 2–12 мГц диапазондық ҚТ радиостанцияларының келесі негізгі сипаттары болуы тиіс:
      1) жұмыс түрлері – А1, А3, А3Н, А3JАI;
      2) жиілік торының қадамы 1 кГц;
      3) жиілік тұрақсыздығы ± 20 Гц
      4) таратқыштың номиналдық ең жоғары қуаттылығы 50 – 400 Вт.
      827. ҚТ диапазоны радиостанцияларының аппаратура жинақтары резервпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ішкі байланыс құралдары
      828. Авиациялық мақсаттағы қондырғының/кеменің ішкі байланыс құралдары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) қызметтік-техникалық бөлмелерге және панажайларға дыбысы үдетіліп айтылатын командаларды біржақты беру мүмкіндігін;
      2) қондырғының/кеменің АТС-ы арқылы радиорубка, қызметтік-техникалық бөлмелер мен панажайларының арасындағы телефон байланысын;
      3) авиациялық қызметтік-техникалық бөлмелерде дыбысы үдетіліп айтылатын ішкі командалық хабарларды қабылдауды;
      4) ішкі таратылу арқылы жіберілетін радиохабар таратуларын қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс;
      829. Ішкі байланыс сұлбасы қондырғыны/кемені жобалау барысында келісіледі.
Дыбыс жазбалау құралдары
      830. Дыбыс жазбалау құралдары әуе электр байланысының барлық арналарында радиооператор мен тіұшақ экипажының арасындағы радиохабар алмасуды магниттік тасымалдағышқа жазуға арналады.
      831. Тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету бойынша сөйлесулерді жазу арнайы магнитофонға жазылады (сөздік ақпаратты құжаттамалаудың жекелеген құралы).
      832. Дыбыс жазу құралы кем дегенде төрт тәуелсіз каналдарды магниттік нұсқаға бір уақытта жазу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Ұшуларды ақпараттық қамтамасыз ету
      833. Қондырғыда/кемеде радиооператорға арналатын, тікұшақтардың экипаждарын олардың сұрауы бойынша ұшуларды қауіпсіз орындауы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс орны (радиооператордың пульті) жабдықталуы тиіс.
      834. Жұмыс орны радиорубкада немесе жеке бөлмеде – кемелік тікұшақтық командалық пункте (КТКП/СВКП) орналасуы мүмкін.
      835. Ақпараттық қамтамасыз ету үшін келесі жабдық орнатылуы тиіс:
      1) радиооператордың пульті;
      2) жетектік радиостанцияның жұмысын басқару мен бақылау панелі;
      3) жарық-сигналдық жабдықты басқару панелі;
      4) әуе радио байланысының ЕЖЖ радиостанциясын басқару панелі;
      5) ішкі байланысты басқару панелі;
      6) метеорологиялық ақпаратты (желдің жылдамдығы мен бағыты, температура, қысым, ылғалдылық және т.б.) көрсету құралдары (табло);
      7) қондырғының/кеменің қисаюының және дифферентінің, сондай-ақ тікұшақ алаңының тігінен орналасуының көрсеткіштері;
      8) горизонтальдік көрінімді және бұлттардың төменгі шегін қашықтан өлшеу құралдарының индикаторлары;
      9) барлық мүдделі тұлғаларға қажетті (метеорологиялық, өндірістік және т.б.) ақпаратты беруге арналатын телефон, интернет немесе факс құралдары;
      10) авиациялық сағаттар;
      11) теңіз дүрбісі;
      836. Барлық құралдар мен басқару пульті орнын ауыстырмастан радиооператордың жұмыс орнында қол жеткізу шегінде болуы тиіс.
      837. Басқару пульттері мен құралдардың, радиооператордың көзін қарықтырмайтындай жергілікті көмескі жарығы болуы керек.
16. Метеорологиялық қамтамасыз ету
Тікұшақ айлақтарын метеорологиялық жабдықтау
      838. Метеорологиялық жабдықтың құрамы мен сипаттамалары 95-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген. Жаңа тікұшақ айлақтарының жабдығы тікұшақты қондырғыда/кемеде қолдану тактиксына байланысты жобалау сатысында нақтыланып қарастырылуы болу тиіс.
      839. Ауаның температурасы мен барометрлік қысымы бұл үшін әдетте қолданылатын метеорологиялық арнайы аспап-құралдарымен өлшенуі болу тиіс.
      840. Желдің жылдамдығы мен бағыты жайындағы деректерді тікұшақ экипажы, жалпы аяға қатысты барынша қарама-қарсы түске боялған, жел бағытын меңзейтін конустың қалпына қатысты, көзбен шолып анықтауы мүмкін.
      841. Желдің жылдамдығы мен бағытын құрал-аспаптардың көмегімен өлшеу үшін ауа ағыны әсіресе байқалатын жерлерде орнатылатын құрал-аспап – анеморумбометр қолданылады. Екінші анерумбометр әдетте, тікұшақ алаңшасының үстіндегі қалықтау биіктігінің деңгейінде орнатылады, себебі турбуленттік немесе шағылысқан ауа ағындары пайда болған жағдайларда тікұшақ алаңшасынан жоғарырақ биіктіктегі желдің жылдамдығы туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
      842. Ауа райының құбылыстары (жаңбыр, қар және т.б.) мен теңіздің жағдайы арнайы дайындықтан өткен персоналдың құрал-аспаптық және көзбен шолып жүргізетін бақылауларының негізінде бағаланады.
      843. Барлық ірі қондырғыларда, толқындардың биіктігін құрал-аспаптық өлшеуге арналатын арнайы аспаптар қолданылуы тиіс.
      844. Деректерді алуға арналатын өлшегіш құралдар өндірушінің ұсыныстарына сәйкес мерзімділікпен кемінде жылына бір рет калибрлік тексеруден өткізілуі тиіс.
Метеожабдық құрамына қойылатын талаптар
      845. Метеожабдық құрамына қойылатын талаптар 95-қосымшаның 1-кестесінде келтіріледі.
Метеожабдыққа қойылатын техникалық талаптар
      846. Теңіз кемелері мен қондырғыларында орнатылған метеожабдық 95-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген өлшемдік аралықтарында болуы керек.
17. ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінің жабдығы
      847. Тікұшақтардың диспетчерлік пункттері іс жүзінде орнатылған радиотехникалық, жарық-техникалық және метеорологиялық құрал-жабдықтың қызметтік арналымын ескере отырып жарақтандырылуы тиіс.
      848. ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінің іс жүзіндегі құрамы тікұшақ айлағының нақты жағдайынан анықталады.
18. Электрмен жабдықтау және электржабдығы
тікұшақ айлақтарының апаттық-құтқару құралдары
Тікұшақ айлақтарын электрмен жабдықтау және олардың
электржабдығы
      849. Тікұшақ айлақтарының электрмен жабдықтауы кем дегенде екі тәуелсіз көздерден, әдетте тәуелсіз желілер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
      850. Электр энергиясын орталықтандырылған электрмен жабдықтау көзінен жүргізуге рұқсат етіледі, бұл ретте оның резервтелген дербес көзі, атап айтқанда:
      1) дизель-электрлік агрегаты;
      2) үздіксіз қоректенуіді қамтамасыз ететін статикалық немесе сермерлік агрегаты;
      3) аккумуляторлық батареялары;
      4) үздіксіз қоректендіру көздері болуы тиіс.
      851. Тұтынушыларды бір көзден екіншісіне ауыстырып қосу, төмен кернеу жағындағы резервтік қоректендіру көзінің автоматтық қосылуын қамтамасыз ететін құрылғыларды пайдалана отырып жүзеге асырылуы тиіс.
      852. Екінші санатты (ІІ) электр қуатын тұтынушылар екі өзара резервтеуші тәуелсіз қоректендіру көздерінен электр энергиясымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      853. Дизель-электрлік агрегаттар автоматтандырылуы тиіс.
      854. Әр агрегаттың қуаты осы объектіге қосылған барлық элетрқабылдағыштардың және электр энергиясын тұтынушылардың барынша жоғары жүктелуін қамтамасыз етуі тиіс.
      855. Резервтік қоректендіру көздері ретінде пайдаланылатын аккумуляторлық батареялар немесе үздіксіз қоректендіру көздері, сенімділік дәрежесі бойынша бірінші категориялы ерекше топқа жатқызылатын тұтынушылардың жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
Тікұшақ айлақтарының апаттық-құтқару жабдығы
      856. Апаттық-құтқару жабдығы әзірлігінің қарапайым деңгейде болмауы адамдардың өліміне әкелуі мүмкін.
      857. Тікұшақ әуеайлақта 96-қосымшадағы кестеде көрсетілген жабдықтар болу қажет.
Беттік деңгейде орналасқан тікұшақ айлақтарының және бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтарының апаттық-өртке қарсы қамтамасыз етілуі
      858. Тікұшақ айлағында өрттік қорғанысының талап етілетін деңгейі (ӨҚТД) бойынша санатты белгіленуі тиіс. Тікұшақ айлағының ӨҚТД бойынша деңгейі тікұшақтың габариттік ұзындығына байланысты (құйрық арқалығын және алып жүруші винттерін қоса) анықталады. (97-қосымшаның 1-кестесі).
      859. Бет деңгейінде, сондай-ақ беттен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтарының өрттік қорғанысының талап етілетін деңгейін (ӨҚТД) қамтамасыз ету үшін өртсөндіргіш заттардың қажетті мөлшерін бере алатын өртсөндіргіш техникалық құралдары қарастырылуы тиіс. Бұлар ретінде әуеайлақтық өртсөндіргіш машиналары немесе қашықтан басқарылатын тұрақты лафеттік өрттік оқпандар болуы мүмкін.
      860. Бет деңгейінде орналасқан тікұшақ айлақтары үшін негізгі және қосымша өртсөндіргіш заттардың мөлшері 97-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген мәннен кем болмауы тиіс.
      861. Бет деңгейінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары үшін негізгі және қосымша өртсөндіргіш заттардың мөлшері 97-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген мәннен кем болмауы тиіс.
      862. Көбік концентратының қасиеттері мен сипаттамалары Әуежай қызметтері жөніндегі нұсқаудың «Құтқару және өртпен күресу» І бөлімінің 8.1.5. т. (Doc 9137) сипаттамаларының «В» деңгейіне сәйкес болуы тиіс және көбік өндіруші тарапынан расталуы тиіс. Көпіршіктің концентраты (көпіршікті жасау) және жұмыс көпіршіктік аккредиттелген лабораторияларда жыл сайынғы лабораториялық талдау өту тиіс.
      863. Апаттық тікұшақтан эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін өртті сөндіру ұзақтығы бет деңгейіндегі тікұшақ айлағы үшін 2 минуттан және бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлағы үшін 10 минуттан аса болып қабылданады. Теңіздегі тікұшақ әуеайлақтарда өрт сөндіру уақыты 30 секундтан аса болмау тиіс.
      864. Тікұшақ айлағында, көбіктүзушінің және 97-қосымшаның 2 және 3-кестелерінде көрсетілген қосымша өртсөндіргіш заттардың кем дегенде екі еселі қоры болуы тиіс. Әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдерді пайдаланған кезде ӨА-ні сумен қайтара тиеуге арналатын кемінде екі пункттің болуы қарастырылуы керек.
      865. Әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдердің саны олардың нақты техникалық сипаттамаларынан негізгі және қосымша өртсөндіргіш заттардың 97-қосымшаның 2 және 3-кестелеріне сәйкес, бірақ та әуеайлақтарда өрт сөндіру үшін ұсынылатын кем дегенде 2 өртсөндіргіш автомобильдердің бірмезгілде шығарылуын қамтамасыз ету шартынан анықталады.
      866. Тікұшақ айлағын қашықтан басқарылатын тұрақты лафеттік өрттік оқпандарымен жарақтандырған кезде оңтайлы орналастырылған және тікелей ағын (ағынша) түріндегі немесе тозаң (тұман, шашырама) түріндегі негізгі өртсөндіргіш заттардың қажетті көлемінің берілуін қамтамасыз ете алатын және қашықтан басқарылатын кем дегенде 2 өрттік оқпандар қарастырылуы қажет. Өрттік оқпандарды басқару тікұшақ айлағы жанында орналасатын және персоналы үшін қол жеткізуге оңай, қашықтан басқару пункттерінен жүргізілуі тиіс.
      867. Дабыл сигналының хабарлануы сәтінен бастап тікұшақ айлағына өртсөндіргіш заттардың беріле бастаған сәтіне дейінгі уақыт өртсөндіргіш заттардың 97-қосымшаның 2 және 3-кестелерінде көрсетілген нормасының кем дегенде 50 %-ы бірмезгілде жеткізілетін жағдайда 2 минуттен аспауы тиіс. Өртсөндіргіш заттардың келесі 50 %-ы тікұшақ айлағына 3 минуттен кеш қалдырмай жеткізілуі тиіс.
      868. Тікұшақ айлағында, ӨҚТ-ның, әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдердің (тұрақты лафеттік өрттік оқпандардың жоқ кезінде) және басқа апаттық-құтқару құралдардың орналастырылуын және кезекшілігін қамтамасыз ету жағы қарастырылуы тиіс. Апаттық-құтқару станциялары ТКП, ЖКП, ӘҚҚК пунктері (ұшулар басқарушысы), БП мен ӨБП жағынан дабыл және хабарландыру сигналдарын қабылдауға арналатын құралдармен жарақтандырылуы тиіс.
      869. Тікұшақ айлағында, құтқарушыларды және апаттық-құтқару жабдығын оқиға орнына жеткізуді қамтамасыз ететін, өңірдің географиялық және климаттық жағдайын ескере отырып таңдалатын өткіштігі аса жоғары көлік құралы болуы тиіс.
      870. Ұшып-көтерілу немесе қону су кеңістігінің үстінде (теңізде, ірі көлде немесе су қоймасында) жүргізілетін тікұшақ айлақтарындағы вертопалубалар, сондай-ақ гидротікұшақ айлақтары, қалқымалы көлік құралдарымен (кемелер, катерлер, моторлы қайықтар) қамтамасыз етілуі тиіс, ал олар:
      1) ТКП-і және ЖКП-і бар әуе байланысы құралдарымен;
      2) судағы жұмыстар орнын жарықтандыруға арналатын жабдықпен;
      3) дыбыс және жарық сигналдарының құрылғыларымен;
      4) осы тікұшақ айлағында пайдалануға рұқсат етілген ең ірі тікұшақтың жолаушысыйымдылығына сәйкес көлемдегі топтық және/немесе жеке малтау құралдарымен жасақталуы тиіс.
      Басқа ұйымдармен және кәсіпорындармен әрекеттесу жоспарлары бойынша қалқымалы малтау құралдарымен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі.
      871. Тікұшақ айлағында, осы тікұшақ айлағында пайдалануға рұқсат етілген ең ірі тікұшақтың жолаушысыйымдылығының төрттен бір бөлігіне есептелген, зембілдермен және таңу материалдары бар апаттық медициналық салмалармен жарақтандырылған санитарлық автомобиль (автомобильдер) және тіркеме-фургон болуы тиіс. Тіркеме-фургонды тіркеп сүйрейтін көлік құралы қарастырылуы тиіс.
      872. Тікұшақ айлағында, апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, басқаруға және үйлестіруге арналатын және:
      1) жылжымалы командалық пунктімен;
      2) өрттік байланыс пунктімен (ӨБП);
      3) ӘҚБ диспетчерлік пункттерімен (ұшулар басқарушысымен);
      4) әуежайдың қызметтерімен және объектілерімен;
      5) азаматтық авиациядағы іздеу және құтқару аймақтық үйлестіру орталығымен;
      6) әрекеттесуші ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен;
      7) жергілікті әкімшілік және құқыққорғау органдарымен электрбайланысын қамтамасыз ететін құралдармен жарақтандырылған тұрақты командалық пункті (ТКП) болуы тиіс.
      873. Тікұшақ айлағында, өткіштігі аса жоғары көлік құралында орындалған, оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстарын басқаруға арналатын және дыбысүдеткіш қондырғымен немесе мегафонмен, дүрбімен жарақтандырылған жылжымалы командалық пункті (ЖКП) болуы тиіс. ЖКП ТКП мен, апаттық-құтқару станцияларымен, ӘҚҚК диспетчерлік пункттерімен (ұшулар басқарушысымен), өрттік оқпандарды қашықтан басқару пункттерімен немесе әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдерімен және өткіштігі аса жоғары көлік құралдарымен әуе электрбайланысы құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.
      874. Тікұшақ айлағында, бақылауға арналатын оптикалық құралдармен (дүрбімен) және ұшулар басқарушысын, өртсөндіргіш-құтқарушы топтардың басшысын және ӨБП диспетчерін авиациялық немесе төтенше жағдай туындаған кезде хабарландыруға арналатын құралдармен жарақтандырылған, ұшақтардың ұшып-көтерулері мен қонуларын бақылауға арналатын бақылау пункті (пункттері) болуы тиіс.
      875. Тікұшақ айлағында:
      1) ҚКП-імен, апаттық-құтқару жұмыстарының басшысымен, ТЖМ ӨҚҚБ ӨБ-інің өрттен қорғау күзетінің диспетчерімен, әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдерімен, ЖКП-імен және бақылау пунктімен (пункттерімен) электрбайланысы құралдарымен;
      2) әуеайлақта авиациялық оқиға немесе төтенше жағдай туындаған кезде дабыл жариялау және өрттен қорғау-құтқару топтары мен ТКП-ін хабарландыру құралдарымен жабдықталған өрттен қорғау байланысының пункті (ӨБП) болуы тиіс.
      876. IIIВ санатты қонуға дәлме-дәл кірмен жабдықталған ҰҚЖ бар тікұшақ айлақтарында ұшуларды жүргізген уақытта, егерде IIIВ категориясы жағдайында әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдерін (ӨА) тұрақты АҚС-тан шепке шығару уақыты белгіленген нормаларды қанағаттандырмаса, оларды орналастыруға арналатын орындары қарастырылуы тиіс. Тұрақтарды орналастыру орындары ең болмағанда, кедергілерге, РМЖ-нің қауіп шегіндегі аймақтарына қойылатын талаптарды ескере отырып таңдалуы тиіс.
Әуеайлақтар 1-бөліміне қосымшалар
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
1-қосымша
ҰҚЖ сыныптау
1-кесте



Көрсеткіш

ҰҚЖ класы



А

Б

В

Г

Д

Е

1

2

3

4

5

6

7

Стандарттық жағдайдағы ҰҚЖ-ның барынша аз ұзындығы, м

3200 және одан астам

2600-ден 3200-ге дейін, бірақ 3200-ді қоспағанда

800-ден 2600-ге дейін, бірақ 2600-ді қоспағанда

1300-ден1800-ге дейін, бірақ 1800-ді қоспағанда

1000-ден 1300-ге дейін, бірақ 1300-ді қоспағанда
 

1000-нан кем 500-ге дейін қоса алғанда

2-кесте 





1 элемент

Кодтық

нөмірі


(1)

Ұшақ типіне есептелген ұшу жолағының ұзындығы

(2)


1

2

3



4

800 м-ден кем

800-ден 1200 м-ге дейін, бірақ 1200 м-ді қоспағанда

1200 м-ден 1800 м-ге дейін, бірақ1800 м-ді қоспағанда

1800 м және одан астам





2 элемент

Кодтық әріп

(3)


Қанат құлашы

(4)


Негізгі шассидің сыртқы дөңгелектері арасындағы қашықтық*

(5)


А

В

С



D

Е

F



15 м-ге дейін, бірақ 15 м-ді қоспағанда 

15-тен 24 м-ге дейін, бірақ 24 м-ді қоспағанда

24-тен 36 м-ге дейін, бірақ 36 м-ді қоспағанда

36 -дан 52 м-ге дейін, бірақ 52 м-ді қоспағанда

52-ден 65 м-ге дейін, бірақ 65 м-ді қоспағанда

65 -тен 80 м-ге дейін, бірақ 80 м-ді қоспағанда



4,5 м-ге дейін, бірақ 4,5 м

4,5 -тен 6 м-ге дейін, бірақ 6 м-ді қоспағанда

6 -дан 9 м-ге дейін, бірақ 9 м-ді қоспағанда

9 -дан 14 м-ге дейін, бірақ 14 м-ді қоспағанда

9-дан 14 м-ге дейін,

бірақ 14 м-ді қоспағанда

14 -тен 16 м-ге дейін, бірақ 16 м-ді қоспағанда



      * Негізгі шассидің сыртқы жиектерінің арасындағы қашықтық


Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
2-қосымша
ОРНАЛАСТЫРЫЛАТЫН АРАҚАШЫҚТЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ
      1. Екпіндеудің, үзілген ұшып-көтерілудің орналастырылатын арақашықтықтары ҰҚЖ соңына жанаспайтын БЖЖ-дан ұшып-көтерілуді көздейтін ҰҚЖ-да оның соңынан әсіресе алыс жатқан БЖЖ-ның шетінен ҰҚЖ-ның аяғына (ОЕА), ҰҚЖ соңына немесе СТЖ-на дейін (дөңгелектенуіндегі кеңеюін ескерусіз) 1-суретте көрсетілгендей, егер ол көзделген болса (ОҮҰКА), ҰҚЖ немесе БА, егер ол көзделген болса (ОҰКА), ұшып-көтерілу бағытындағы қашықтықтан анықталуы тиіс.
      2. Егер ҰҚЖ-да соңғы тежеу жолағы және/немесе бос аймақ көзделмеген болса, ал табалдырық ҰҚЖ соңында орналасса, онда әдетте төрт орналастырылатын қашықтық 2,А-суретінде көрсетілгендей, ҰҚЖ ұзындығына тең болуы тиіс.
      3. Егер ҰҚЖ-да бос аймақ көзделсе, онда ОҰКА 2, Б-суретте көрсетілгендей, бос аймақты қоса қамтитын болады.
      4. Егер ҰҚЖ-да соңғы тежеу жолағы (СТЖ) қарастырылса, онда ОҮҰКА 2, В-суретте көрсетілгендей, СТЖ-ын қоса қамтитын болады.
      5. Егер ҰҚЖ-да ығысқан табалдырық бар болса, онда ОҚА 2,Г-суретінде көрсетілгендей, ҰҚЖ табалдырығының ығысу мәніне азайтылады. ҰҚЖ-ның ығыстырылған табалдырығы тек ҰҚЖ-ның осы табалдырығының бағытында орындалатын қонуға кірулерге арналатын ОҚА-ға ғана әсер етеді. Кері бағыттағы ұшуларға арналатын барлық орналастырылатын арақашықтықтар өзгерусіз сақталады.
      6. 2,Б,В және Г суреттерінде бос аймағы, СТЖ-ы бар немесе ҰҚЖ-ның ығыстырылған табалдырығына ие ҰҚЖ көрсетілген.
      7. Егер көрсетілген ерекшеліктердің бірнешеуі бар болса, тиісті орналастырылу арақашықтықтарын жоғарыда көрсетілген тәртіппен өзгерту қажет (2, Д-суретте).
      Барлық көрсетілген ерекшеліктердің мысалы 2, Е-суретінде келтірілген.

1-сурет. Орналастырылатын ұшып-көтерілу арақашықтықтарының есептеу сызығын қосушы БЖЖ-дан анықтау

2-сурет. Орналастырылатын арақашықтықтарды анықтау
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
3-қосымша

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет