Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы


§ 1. ҰРТҚ және байланыс құрылым мен құралдары



бет2/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#21583
1   2   3   4   5   6   7
§ 1. ҰРТҚ және байланыс құрылым мен құралдары

      6. ҰРТҚ және байланыс құрылымы - ӘК ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында РТЖБП қызметі мен АА-ның басқа да қызмет ұйымдарымен пайдаланатын ҰРТҚ және байланыстың радиотаратушы жер үсті құралдарының кешені.


      РТЖБП қызметі ҰРТҚ және байланыс объектілерінен (құралдарынан) тұрады, олар ұйымдастырушы және техникалық инфрақұрылыммен бірлесіп, жұмыстардың көлемі мен түрлеріне байланысты мынадай кешендерді құрады:
      1) радиолокация;
      2) радионавигация;
      3) радиолокация мен радионавигация;
      4) электр байланысы;
      5) ӘҚБ автоматтандыру құралдары.
      7. Осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген кешендерді біріктіру ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету кешендерін (ҰРТҚК) құрады. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің қолданылу аймағын кеңейту үшін ҰРТҚК қашықтықтағы позициялары жасалады.
      8. ҰРТҚ және байланыс құралдары техникалық-пайдалану құжаттамасына (бұдан әрі - ТПҚ) сәйкес қатаң қолданылады. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық сипаттамалары ТПҚ-да келтірілген параметрлердің мәндеріне сәйкес болады және пайдалану процесінде берілген шектерді ұстанады.
      9. ҰРТҚ және байланыс құралдарын объектіде орналастыру пайдалану және жобалау құжаттамасының талаптарына жауап береді.
      10. ҰРТҚ және байланыс құралдары объектілерінің инженерлік-техникалық персоналының саны ҰРТҚ және байланыс нақты құралдарын, белгіленген нысандарды, техникалық қызмет көрсетудің әдістерін ескере отырып белгіленеді және оны АА ұйымы анықтайды.
      11. Электрмен жабдықтаудың негізгі көздері ретінде электр энергиясын орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесінен алатын көздер пайдаланылады. Резервтік көздер ретінде резервтік электр желісі, дизель-генераторлары, аккумуляторлар және басқа да электрмен жабдықтау көздері пайдаланылады.
      12. ҰРТҚ және байланыс объектілерін электрмен жабдықтау жобалау құжаттамасымен құрылыс нормалары мен қағидаларына (ҚНжҚ) сәйкес қамтамасыз етіледі.
      13. Ұшуды қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес электр энергиясын тұтынушылардың ҰРТҚ және байланыс құралдарының кепілді электрлік қоректендіру қалқанына қосылуына жол етілмейді.
      14. Метеорологиялық жабдық пен ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жабдығы жұмысының қалыпты жағдайларын (жылу беру, желдеткіш, кондиционерлеу, авариялық жарықтандыру) және жарық - техникалық жабдықты қашықтан басқаруды қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды бұл жүктемелерді токтан тиісті қорғауы бар жекелеген автоматты ажыратқыштарға бөлу шартымен қосуға жол беріледі.
      15. Бастапқы кірісу, қону және рөлдеу диспетчерінің жұмыс орындарында резервтік дизель-генераторларының қуаттылығы жеткілікті болған кезде шыныны жылыту элементтері қосылады.

§ 2. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмысын бақылау

      16. ҰРТҚ және байланыс құралдары қозғалыс қызметінің ұшу басшысымен (диспетчермен) келісім бойынша және РТЖБП қызметінің ауысымдық персонал журналына осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген және құжаттау құрылғысына міндетті түрде жаза отырып ауыстырып қосылады, қосылады және ажыратылады. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы журналында ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс сапасы, олардың жұмысында ескертулердің бар болуы немесе жоқтығы туралы жазу жазылады.


      17. ҰРТҚ және байланыс объектісінің жұмысқа қабілетсіз күйінің ұзақтығы жұмысты тоқтатқан сәттен бастап жұмыс істеу қабілеттігі қалпына келтірілгенге дейін есептеледі және РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы журналына жазылады.
      18. ҰРТҚ және байланыс құралының істен шығуының әрбір жағдайын, себептеріне қарамастан, АА ұйымының басшысы тағайындаған комиссия тексереді. Тексеру нәтижелері осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген істен шығуды тексеру актісімен ресімделеді.
      19. Инженерлік-техникалық персоналдың тұрақты емес қатысуымен жұмыс істейтін ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінің жұмыс істеу қабілеттілігін бақылауды РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы қашықтан бақылау мен басқару жүйесінің сигналдары, диспетчерлік және ұшу құрамының шақырулары бойынша жүзеге асырады.
      20. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінде қосымша мыналар болады:
      1) жұмыс істеу қабілеттілігін қашықтықтан басқару мен бақылау жүйесі;
      2) резервтік электрлік қоректендіру көзін автоматты іске қосу  және қашықтықтан ажырату құрылғылары;
      3) күзет және өрт сигнализациясы.
      21. Кезекші инженерлік-техникалық персоналы бар ҰРТҚ және байланыс объектілерінде ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігін бақылауды объектінің құрылымы, электр байланысы арнасына байланысты автоматтандырылған құралдардың сигналдары, қондырылған бақылау-өлшеу аспаптарының, бақылау индикаторларының көрсеткіштері бойынша, бақылау суретін әуе жағдайы индикаторларында бейнеленген ақпаратпен, тілшілерге, абонеттерге сұрау жүргізу, олардың сөздерін тыңдау нәтижелері бойынша авиациялық электр байланысы арналарының жұмыс сапасын бағалаумен салыстыра отырып, кезекші персонал жүзеге асырады.
      22. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлер қызметі мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерін міндетті құжаттандыру, сондай-ақ радиолокациялық ақпаратты құжаттандыру РТЖБП қызметінің техникалық құралдарының көмегі мен жүргізіледі. Құжаттандыруды жүргізу тәртібі осы Қағиданың 3-қосымшасында белгіленген.
      23. Азаматтық авиация ұйымының басшы құрамы ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жай-күйін және оларды техникалық пайдалануды төмендегіден сирек емес кезеңділікпен:
      1) РТЖБП қызметінің басшысы - жарты жылда 1 рет;
      2) қызмет бастығының орынбасары (РТЖБП қызметінің бас инженері, кешендердің жетекші инженері) - тоқсанына 1 рет бақылайды.
      24. Бақылау нәтижелері:
      1) кезекші персоналы бар объектілер үшін объектінің ауысымдық персоналының жедел журналында;
      2) автоматтандырылған объектілер үшін техникалық қызмет көрсету мен жөндеу журналында белгіленеді.

§ 3. РТЖБП қызметінің кезекші ауысымдарының жұмысын ұйымдастыру

      25. ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімді қызметін қамтамасыз ету үшін АА ұйымы (бөлімшесі) басшысының шешімі бойынша РТЖБП қызметінің ауысым бойынша инженерлік-техникалық персоналдың кезекшілігі ұйымдастырылады.


      26. ӘК ұшуын радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі жалпы міндетті орындайтын ҰРТҚ және байланыс объектілерінің кезекші персоналы пайдаланымдық топты білдіреді және жедел қатынаста РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналына тікелей бағынады.
      27. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығусыз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет объектілерінің жұмысына жедел басшылықты жүзеге асырады, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы жөнінде ұшу және диспетчерлік персоналдың ескертулерін талдайды және олардың істен шығулары мен жарамсыздығы себептерін жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдайды, РТЖБП қызметі объектілерінің және ауысымдық кезекшінің жұмысын бақылайды, автоматтандырылған объектілерді басқаруды және олардың жұмыс істеу қабілеттігіне жедел бақылауды жүзеге асырады.
      28. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің кезекші инженерлік-техникалық персоналының авариялық жағдайдағы іс-әрекеті АА ұйымының басшысы белгілейді.
      29. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігі бұзылған кезде объектілердің кезекші инженерлік-техникалық персоналы мыналарды:
      1) резервтік жабдықты, резервтік электрлік қоректендіру көздерін, байланыс арналарын резервке қою жөніндегі жергілікті нұсқаулықта көрсетілген нормативтік уақыт ішінде жұмысқа қосуды қамтамасыз етеді;
      2) РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналына қалыптасқан жағдай мен қабылданған шаралар туралы баяндайды;
      3) жедел журналға объектінің (байланыс арнасының) жұмысындағы үзілістің басталу және аяқталу уақытын белгілейді;
      4) объектінің (байланыс арнасының) жұмыс істеу қабілеттілігі бұзылуының себептерін анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды;
      5) қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналына объектінің жұмыс істеу қабілеттігінің қалпына келтірілгені туралы баяндайды.
      30. Байланыс объектілерінің (станцияларының) жедел (кезекші) персоналына арналған резервте сақтау жөніндегі нұсқаулықта:
      1) резервтік арналарға (айналып өту арналары) өту туралы тілшілерді (абоненттерді) ескерту әдісі;
      2) ӘК ұшудың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл хабарларды тарату үшін айналып өту арнасы ретінде авиациялық әуе байланысының арналарын пайдалану жағдайлары;
      3) диспетчерлік өзара іс-қимыл арналарын қоса алғанда, авиациялық жер үсті және әуедегі байланыс арналары бойынша авариялық жағдайларда жедел хабарларды тарату және қабылдау тәртібі көрсетілуі тиіс.
      31. Жер үстіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдары істен шыққан кезде РТЖБП қызметтері, әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметтері, ҰЭЖТҚ және азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналының өзара іс-қимыл тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      32. ҰРТҚ және байланыстың негізгі құралдары зақымданған жағдайда РТЖБП қызметінің ауысым персоналы ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтік құралға ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды, ол туралы ӘҚҰ қызметінің ұшулар басшысына (диспетчерге) баяндайды.
      33. Радиотехникалық қамтамасыз ету объектілерінің (байланыс арналарының) негізгі электрлік қоректендіру көздері зақымданған кезде РТЖБП қызметінің ауысым персоналы резервтік электрлік қоректендіру көздеріне ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды, ол туралы ұшулар басшысына хабарлайды және электрмен жабдықтау ұйымының персоналын хабардар етеді.
      34. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтықтан басқару мен электрлік қоректендіру байланыс желілерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыс кезінде мамандардың тұрақты кезекшілігі белгіленеді, олар үшін РТЖБП қызметінің ауысым персоналымен байланыс тәсілдері белгіленеді және құралдары бөлінеді.
      35. Қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы ұшулар басшысына (диспетчерге) баяндайды және оның рұқсатымен ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқаруға және электр энергиясымен қоректендірудің негізгі көздеріне ауыстыру туралы нұсқау береді.
      36. ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысындағы ӘК ұшуларының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының бұзылуына әкелетін барлық өзгерістер туралы РТЖБП қызметінің ауысым персоналы РТЖБП қызметі басшылығына және ұшулар басшысына (қозғалыс қызметі диспетчеріне) дереу баяндайды.
      37. РТЖБП қызметінің ауысым персоналы ағымдағы жұмыс жоспарларына сәйкес РТЖБП қызметі ҰРТҚ және байланыс жер үсті құралдарын жөндеу мен техникалық қызметтер көрсету жұмыстарын орындайды.
      38. РТЖБП қызметінің ауысым персоналының жұмыс орны ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқару мен бақылау құралдарымен, ӘҚҰ қызметі ауысым кезекшілерінің жұмыс орындары және кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметімен (бұдан әрі - КҰДҚ), азаматтық авиация әуежайының қызметімен телефон  және/немесе дауыс зорайтқыш байланысы бар, азаматтық авиация ұйымының басқа да сабақтас қызметтерімен жабдықталады. Қызметтік сөйлесулерді құжаттандыру құрылғысы арқылы автоматты түрде жазылады. РТЖБП қызметінің ауысым персоналының қарамағында тәулік бойы радиоландырылған кезекші автокөлік болады.
      39. РТЖБП қызметінің ауысым персоналы АА басшы ұйымдары (бөлімшелері) бекіткен лауазымдық нұсқаулықты, ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервте сақтау жөніндегі нұсқаулықты, осы Қағиданы және басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
      40. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы көрсетілген журналды жүргізеді осы Қағиданың 4-қосымшасына көрсетілген.
      41. РТЖБП қызметінің кезекші персоналы ауысымды қабылдау кезінде:
      1) ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет көрсететін негізгі  және резервтік жиынтықтарының бар болуын, жұмысқа жарамдылығын және жұмысқа қабілеттілігін;
      2) электр қуатымен қоректенетін резервтік көздердің дайындығын;
      3) мүліктердің, пайдалану құжаттамасының, өлшейтін аспаптардың, керек қосалқы бөлшектерінің шұғыл жиынтықтарының құрал-саймандарының тізілімі бойынша болуын;
      4) жеке қорғаныс құралдарының және олардың дұрыстығын, өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлік қобдишаның болуын;
      5) өрт сөндіру құралдарының дұрыстығын және бар болуын, объектінің өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын тексереді.
      Кезекшілікті қабылдау және тапсыру объектінің ауысым персоналының (техниктің) шұғыл журналында ресімделеді.
      42. Кезекші кезекшілікті қабылдау мен тапсырудың нәтижелері мен объектінің жұмысқа (жабдықтың) дайындығы туралы объект бойынша РТЖБП қызметінің ауысым персоналына баяндайды.
      43. РТЖБП қызметінің ауысым персоналы автоматтандырылған объектілердің бақылау құралдарынан, объект бойынша кезекшілердің баяндамаларынан алынған ақпарат негізінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес кезекшілікті қабылдау мен ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысқа дайындығы туралы ӘҚҰ қызметінің ұшу басшысына баяндайды.
      44. РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы нұсқама беру кезінде  және ӘҚҰ қызметінің кезекшілік ауысымдық талқылауына қатысады.

§ 4. Пайдалану және авариялық жағдайлар үдерісінде РТЖБП қызметінің азаматтық авиацияның басқа қызметтері мен ұйымдарымен өзара іс-қимылы

      45. Өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін РТЖБП қызметіне


техникалық ғимараттар, құрылыстар, өндірістік және қойма үй-жайлары
беріледі.
      46. РТЖБП қызметі бастапқы талаптарды әзірлеуге, жобалауға қажетті техникалық тапсырмаларды келісуге, іздеу жұмыстарына, жобалау құжаттамасын қарау мен келісуге, құрылыс-монтаж жұмыстарын техникалық қадағалауға, сондай-ақ қабылдау және пайдалану сынақтарына қатысады.
      47. Әуеайлақтың ҰРТҚ және байланыс объектілеріне радиомаяк жүйесі, кіреберіс жолдар объектілерінің ауыспалы аймағын таңбалауды және күтіп ұстауды әуеайлақтың қызметі қамтамасыз етеді.
      48. ҰРТҚ және байланыс объектілерін орталықтандырылған электрлік қоректену көздерінен және әуежайдың жергілікті электр станциясынан электрмен жабдықтауды энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қамтамасыз етеді.
      49. ҰРТҚ және байланыс объектілері, ӘҚҚК пункттеріндегі электр қондырғыларын пайдалануда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен РТЖБП қызметі арасындағы тиесіліліктің аражігін ажырату шекарасы объектілердің қосымша қондырғысына қосылған электрмен қуат алушы кабельдердің ұшына орнатылады және осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес шектеу актісімен ресімделеді.
      50. Әуежай аумағындағы күзетілетін кабельді аймақтарда жер қазу жұмыстарын орындау РТЖБП қызметімен келісу арқылы жүргізіледі, РТЖБП қызметінің өкілі жұмыс уақытына қатысады. Жер қазу жұмыстарын жүргізуші ұйым (қызмет) РТЖБП қызметінің ауысым персоналына жұмыстың басталуы мен аяқталуы, сондай-ақ өткізілетін орны туралы хабарлайды.

3-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету

§ 1. Сенімділік көрсеткіштері

      51. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу сапасы оның белгіленуіне сәйкес құралдарын белгілі бір функцияларды орындау қабілеттілігін сипаттайтын қасиеттерінің жиынтығымен айқындалады.


      52. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу сенімділігі мыналармен:
      1) схемалық-конструктивтік орындаумен, қолданылатын жинақтаушы элементтердің сапасымен;
      2) автоматтандыру дәрежесімен, резервтеумен, электрмен жабдықтау сенімділігімен, байланыс және басқару жолдарымен, техникалық пайдалануды ұйымдастырумен, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің сапасымен, инженерлік-техникалық персоналдың кәсіби даярлығымен және тәртібімен;
      3) пайдалану шарттарымен, электромагниттік жағдаймен, климаттық және метеорологиялық факторлармен, ионосфералық құбылыстармен, радиотолқынның өтпеуімен;
      4) тасымалдау және сақтау шарттарымен анықталады.
      53. ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шықпауы істен шығуға (зақымдануға) арналған орташа жұмысымен сипатталады.
      54. Істен шығуға (зақымдануға) арналған істелген (жиынтық) жұмысы осы Қағиданың 7-қосымшасында келтірілген формула бойынша анықталады.
      55. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жөндеуге жарамдылығы оның жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақытымен сипатталады.
      56. Жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақыты Қағиданың 7-қосымшасында келтірілген формула бойынша анықталады.
      57. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты істен шығудың (зақымданудың) себептерін іздестіруге және істен шығудың (зақымданудың) салдарын жоюға жұмсалған уақытты қамтиды. Құралдардың жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру кезіндегі ұйымдастырушылық кідірулер жеке ескеріледі.
      58. ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділік көрсеткіштері ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып белгіленеді, оларды әзірлеу, шығару кезінде негізге алынады және пайдалану үдерісінде қамтамасыз етіледі.
      59. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігі ресурсы пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін қалпына келтірілгеннен бастап атқарылған шығарылғанға дейінгі істеген жұмысы (ресурстар) мен күнтізбелік пайдаланумен қызмет ету мерзімімен сипатталады.
      60. Көрсеткіштер құралдың формулярында (паспортында) келтіріледі және пайдалану тәжірибесінің негізінде нақтылануы мүмкін.
      61. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қосылу, ажыратылу уақыты, жұмыс ұзақтығы РТЖБП қызметінің ауысым персоналының журналында осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес есепке алыну тиіс.
      62. Атқарылған жұмысты есепке алу құралдың электр қоректенуін басқару элементін «Қосылған» деген қалыпқа ауыстыру сәтінен бастап жүргізіледі.
      63. Атқарылған жұмысты есепке алу бұйым формулярында мыналар үшін:
      1) санауышпен жабдықталған құралдар үшін - санауыштың көрсеткіші бойынша;
      2) жүктелген немесе жеңілдетілген резерві бар (әзірлеуші кәсіпорынмен көзделген) құралдар үшін - барынша көп жұмыс істеген құрал (негізгі немесе резервтік) санаушының көрсеткіштері бойынша;
      3) өнім беруші көздеген, жүктелмеген резерві бар құралдар үшін - көрсеткіштері қосылып есептелетін санауыштар бойынша жүргізіледі.
      64. Санауыштармен жабдықталмаған ҰРТҚ және байланыс құралдары үшін олардың істелген жұмысы РТЖБП қызметі ауысым персоналының журналынан алынған деректер бойынша тәулік бойғы жұмысы кезінде күнтізбелік деректер бойынша жүргізіледі.
      65. ҰРТҚ және байланыс құралдарының пайдалану үдерісіндегі жарамдылығы, жөндеуге жарамдылығы және қолданылу ұзақтығы істен шығулар мен зақымданулар жөніндегі статистикалық деректерін талдау, сондай-ақ олардың туындау себептерін талдау нәтижелері бойынша бағаланады.
      66. ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарының істен шығулары мен зақымдануларын есепке алу мен талдау мынадай:
      1) топтап шығарылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін оларды пайдалану нәтижелері бойынша бағалау;
      2) істен шығулар мен зақымданулардың себептерін және іске асырылуы тиіс топтап шығарылатын және жаңадан әзірленетін ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен іс-шаралардың әзірленуін талдау;
      3) ТҚ мен жөндеудің көлемдерін және мерзімділігін оңтайландыру;
      4) пайдалану және жөндеу құжаттамасын жетілдіру, ҚАҚ құрамы мен шығыстық нормаларын оңтайландыру;
      5) пайдаланылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық
ресурстарын (қызмет ету мерзімдерін) негіздеу мақсатында жүргізіледі.
      67. Құралдардың барлық істен шығулары мен зақымданулары, олардың пайда болу себептері және жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру уақыты ҰРТҚ және байланыс құралдарына берілген формулярлар мен паспорттарда ескеріледі. Формулярды жүргізу қағидасы осы Қағиданың 8-қосымшасында келтірілген.
      68. Жабдық формулярсыз (паспортсыз) келіп түскен жағдайда формулярды РТЖБП қызметі жүргізеді.
      69. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жарамдылығының көрсеткіштерін талдау үшін осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес қызмет ету мерзімі ішінде құралдардың істен шығулары мен зақымдануларының жинақтауыш картасы толтырылады.

§ 2. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою

      70. Ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып, ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шықпауының қажетті деңгейіне резервке қою арқылы қол жеткізіледі.


      71. Аса жоғары жиіліктер мен жоғары жиіліктер (бұдан әрі - АЖЖ, ЖЖ) ауқымындағы радиолокация, радионавигация, әуе радиобайланысы құралдарының, радиолокациялық ақпаратты бейнелеудің немесе әуе қозғалысын басқаруды автоматтандырудың (бұдан әрі - ӘҚБ АЖ), сондай-ақ АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысының арналары радиотаратқыштарының резервіленеді.
      72. Әуеайлақ аймағының диспетчерлік пункттері («Старт», «Мұнара», «Жақындау», «Шеңбер») АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысының арналарында «Метео» арнасын қоспағанда, АЖЖ ауқымындағы әрбір арнада антенді-фидерлік жүйесі (бұдан әрі - АФЖ) бар қабылдау және тарату құрылғыларының немесе қабылдау-тарату құрылғысының (трансивердің) негізгі және резервтік жиынтықтары көзделеді, радиобайланыс құралдары жиынтықтарының біреуі үшін химиялық ток көздерінен ұзақтығы кемінде 2 сағат болатын авариялық электрмен қамтамасыз ету көзделген.
      73. 72-тармақта көрсетілгеннен басқа, авиациялық электр байланысының өзге де арналары үшін резервтік жабдық саны (радиостанциялар, радиотаратқыштар, радиоқабылдағыштар, АFTN автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған жабдықтар) осы Қағиданың 7-қосымшасында келтірілген формула бойынша анықталады.
      74. Азаматтық авиация ұйымының тәулік бойғы жұмысы кезінде құжаттандыру жүргізу мақсаттарына арналған көпарналы құрылғылар ақпаратты құжаттандырудың бір объектісіне бір құрылғы есебімен резервтеледі.
      75. Пайдаланымдағы ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты осы құралдарды жасаушы кәсіпорындардың (жеткізушілердің) пайдалану құжаттамасында көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, осы не басқа ҰРТҚ және байланыс құралын пайдалану құжаттамасында резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты туралы деректер болмаған жағдайда, РТЖБП қызметі мен ӘҚҰ қызметінің мамандары бірлескен хаттаманы ресімдей отырып, осы құралдарды резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақытына хронометраж жүргізеді.
      76. Резервке ауысу (бұрылу) ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою жөніндегі нұсқаулықта белгіленген аз уақыт ішінде жүзеге асырылады.
      77. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (электр байланысының айналма арналарына) ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты, сондай-ақ инженер-техникалық персоналдың іс-қимылы ҰРТҚ және байланыс объектілерін резервтеу жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетіледі. Нұсқаулықтарға объекті басшысы қол қояды, ол ӘҚҰ қызметінің басшысы келіседі, оны РТЖБП қызметінің басшысы бекітеді және ол объектіде болуға тиіс. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (электр байланысының айналма арналарына) ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақытының деректері АА ұйымының (филиалының) басшысы келіседі, бекітеді және қозғалыс қызметіне қол қойғыза отырып, осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес жұмыста пайдалану үшін беріледі.
      78. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақытының деректері РТЖБП қызметінің ауысым инженерінің жұмыс орнында болады.

4-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалану

§ 1. ҰРТҚ және байланыс объектілерін техникалық пайдалануды ұйымдастыру

      79. ҰРТҚ және байланыс объектілерін техникалық пайдалану ҰРТҚ және байланыс құралдарын оларға белгіленген қызмет ету мерзімі (ресурсы) кезеңінде олардың белгіленген сенімділік деңгейімен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешені болып табылады.


      80. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалану мыналарды қамтиды:
      1) ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарын пайдалануға енгізу кезеңіндегі іс-шаралар;
      2) ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету;
      3) ҰРТҚ және байланыс құралдарын жөндеу;
      4) қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту;
      5) ұшу кезіндегі және жердегі тексерулерді жүргізу;
      6) ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді метрологиялық қамтамасыз ету;
      7) ҰРТҚ және байланыс құралдарына өнеркәсіптік бюллетеньдер бойынша жетілдіру жүргізу;
      8) инженерлік-техникалық персонал даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату;
      9) пайдалану құжаттарын тізбеге сәйкес жүргізу осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес;
      10) материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      81. РТОП және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді  және жөндеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттармен белгіленген пайдалану шарттары мен талаптарына сәйкес келетін және өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылуға жол берілетін өлшеу құралдары қолданады.
      82. РТЖБП қызметінің басшылық құрамы басқарушы құжаттардың талаптарын инженерлік-техникалық персоналмен уақытында оқып білу мен орындауды ұйымдастырады, құжаттардың есебі мен сақталуын бақылайды.
      83. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің техникалық пайдалануы осы Қағиданың, пайдаланушы құжаттардың және ҰРТҚ мен байланыс құралдарының ҚР ӘПЖН талаптарына сай келуін:
      сала аясында — Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
      АА ұйымы саласында — АА ұйымы мен РТЖБП қызметінің басшылығы жүзеге асырады.
      84. РТЖБП қызметінің құрылымы осы Қағидада белгіленген міндеттерді ескере отырып әзірленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет