Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы


Құралдардың бұзылуы мен зақымдануының жинақтауыш-картасы



бет6/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#21583
1   2   3   4   5   6   7

Құралдардың бұзылуы мен зақымдануының жинақтауыш-картасы

Құрал үлгісі______, зауыттық нөмірі________


Әзірленген күні_______, пайдалануға берілген күні______
_______________объектіде, ұйымда орнатылған

күні

Істеген жұмысы

Бұзылу

Зақымдану

Бұзылулар мен зақымданулар саны, оның ішінде себептер бойынша



Пайдаланудың басынан бері

бір бұзылуға

бір зақымдануға

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11





































































(Бұйымның істен шығулары мен зақымдануларының жинақтауыш-картасының екінші беті)

      Жинақтауыш-карта жылына бір рет 1 қаңтардағы жағдай бойынша толтырылады.


      Істен шығулар мен зақымданулардың себептері 1-11 цифрларымен көрсетіледі, олар мыналарды білдіреді:
      1 - электр вакуумдық аспаптардың істен шығуы;
      2 - жартылай өткізгіш аспаптардың істен шығуы;
      3 - резисторлардың істен шығуы;
      4 - конденсаторлардың істен шығуы;
      5 - орамды элементтердің істен шығуы (трансформаторлардың, электр қозғалтқыштар орамдарының);
      6 - құрастыру жгуттары мен жиынтық қосқыш кәбілдер оқшауламасының бұзылуы, ЖЖ кәбілдік ағытпалардың бұзылуы;
      7 - коммутациялық элементтердің (реленің, түйіспелердің, магнит қосқыштардың) істен шығуы;
      8 - механикалық элементтердің (редукторлардың, тістегіштердің, мойынтіректердің) істен шығуы;
      9 - антенналы-фидерлік құрылғылардың бұзылуы;
      10 - бұзылу - бабынан шығу немесе ретсіздену;
      11 - себебі анықталмаған бұзылу.
      «Себептер бойынша бұзылу мен зақымдану саны» деген бағанды толтырғанда бір түрдегі бұзылу мен зақымдану қосылады және бір санмен көрсетіледі.

Азаматтық авиацияда    


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
10-қосымша         

Келісілген                                       Бекітемін


ӘҚҰ қызметінің бастығы                      Азаматтық авиация
______________________                       ұйымының бастығы
20__жылғы «__»________                     20__жылғы «__»_____

ҰРТҚ және авиациялық әуе байланысы объектілерін резервке ауыстырып қосудың (ауыстырудың) нормативтік уақыты

ҰРТҚ және байланыс объектілерінің авиациялық әуе байланысы арнасының атауы

Нормативтік уақыт (сек.)

Бастапқы қосылу


Резервтік құралға ауысу

Электр энергиясының резервтік көзіне ауысу







Электр энергиясының резервтік көзіне қайта қосу

Объектінің жұмыс істе қабілетін қалпына келтіру

ҚКРМ-МК-68

45

45

15

60

Жердегі байланыс арналарын резервке ауыстырып қосудың (ауыстырудың) нормативтік уақыты

Жердегі байланыс бағытының, арнаның атауы (корреспондент)*

Резервтік арна (айналып өту жолы)

Резервке қайта қосудың нормативті уақыты (айналып өту жолы)







*Арналардың, байланыс бағыттарының атауы олардың ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңыздылығына қарай тәртіппен кестеге жазылады. Кестедегі арнаның реттік нөмірі оның резервпен қамтамасыз ету мен жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру кезектілігін анықтайды.

РТЖБП қызметінің басшысы_______________

Азаматтық авиацияда     
ұшуды және авиациялық     
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына   
11-қосымша          

Пайдалану құжаттарының тізбесі 1. РТЖБП қызметінің пайдалану құжаттары

       1. Азаматтық авиацияда ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс қағидалары.


      2. Радиосәулені таратушы құрылғылардың радиодеректерін есепке алу журналы.
      3. Жердегі радиосәуле шығарғыш құралдардың жарамдылық куәліктері.
      4. РЭБ пайдалану құқығына рұқсаттар.
      5. РТЖБП қызметінің перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары.
      6. РТЖБП қызметі жұмысының жылдық есебі.
      7. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға қабылдау актілері.
      8. Энергиямен жабдықтау ұйымы мен РТЖБП қызметі арасында объектінің электр қондырғыларының тиістілігі мен пайдалануға жауапкершілігінің аражігін ажырату актілері.
      9. Жердегі тексеру және күйге келтіру хаттамалары.
      10. ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету кестесі.
      11. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшу кезінде тексеру актілері.
      12. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық жай-күйі актілері.
      13. Істен шығуларды тексеру актілері.
      14. РТЖБП қызметінің ауысым персоналының журналы (ауысым персоналының жұмыс орнында).
      15. Байланыс пен басқару кәбілдерінің тізімі.
      16. Кәбіл кәрзінің схемалары.
      17. Кәбіл желісінің паспорты.
      18. Тұрақты ток кәбілінің электрлік өлшемдері хаттамалары.
      19. Қорғаныш жерлендіруді өлшеу хаттамалары.
      20. Электр кәбільдері мен электр өткізгіштерінің оқшаулама кедергісін өлшеу хаттамалары.
      21. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің санитарлық паспорттары.
      22. Электр қауіпсіздігі бойынша тобы бар инженерлік-техникалық персоналдың қауіпсіздік техникасы бойынша білімін тексеру журналы.
      23. Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану ережелері және электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін білуін тексеру журналы.
      24. Өлшеу және бақылау құралдарын есепке алу журналы.
      25. ҚР АӘПЖН сәйкестік кестелері.
      26. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қолда барын және ауысуын тіркеу журналы.

2. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің пайдалану құжаттары

       27. Объектінің электрмен жабдықтау схемасы.


      28. АФҚ жалғау жоспары мен схемасы (радиобайланыс объектілері үшін).
      29. ҰРТҚ және байланыс объектілерін резервке ауыстырып қосу (ауыстыру) нормативтік уақытының жиынтық кестесі (РТЖБП қызметінің ауысым персоналының жұмыс орнында).
      30. Резервтеу жөніндегі нұсқаулық.
      31. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар.
      32. Адамдарды және мүлікті көшіру жоспары.
      33. Лауазымдық нұсқаулықтар (кезекші персоналы бар объектілер үшін).
      34. Объектінің ауысым персоналының (техниктің) жедел журналы (кезекші персоналы бар объектілер үшін).
      35. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жылдық кестесі.
      36. Объектінің ауысым кезекшілері (кезекші маманы) жұмысының жоспар-кестесі (кезекші персоналы бар объектілер үшін).
      37. ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу журналы.
      38. Бақылау режимдері карталары мен күйге келтіру кестелері.
      39. Объектінің кросстық журналы (кестесі).
      40. ҰРТҚ және байланыс құралдарына арналған пайдалану құжаттамасы.
      41. Құралдардың істен шығуы мен бұзылудың жинақтауыш картасы.
      42. Персоналы бар объектілерге, учаскелерге, топтарға арналған техникалық оқу жоспары.
      43. Ауысымдық ақпарат таратушыларды есепке алу журналы (құжаттау құрылғысында).
      44. Абонеттік карточка (АТС-да).
      45. Объектінің қызмет көрсететін инженерлік-техникалық персоналының тоқсандық жұмыс жоспары.
      46. Жұмыс орнында еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөнінде тағылымдамадан өтуді тіркеу журналы.
      47. Объектінің жабдығы мен мүлкінің тізімдемесі.
      48. Өртке қарсы мүкәммалмен жарақтандыру табелінен үзінді көшірме.
      49. Қауіпті құбылыс туралы ескертпе алған кездегі инженерлік-техникалық персоналдың іс-әрекеттері туралы нұсқаулық.

Азаматтық авиацияда     


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына   
12-қосымша         

Бекітемін


Азаматтық авиация ұйымының
(бөлімшесінің) басшысы
20__жылғы «__»_______

ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету кестесі

Объектінің (құралдың) атауы

Жартылай жинақтың (құралдың) зауыттық (шартты) нөмірі

Техникалық қызмет көрсету түрі, жоспарлы жөндеу

ТҚ, жоспарлы жөндеуден өту уақыты (айы)

Ескерту












Ескерту: 1. ЖКБ үшін «Объектінің (құралдың) атауы» бағанында - кәбіл үлгісі, «Жартылай жинақтың (құралдың) зауыттық шартты нөмірі» бағанында - жол учаскесі мен кәбіл нөмірі, «Ескерту» бағанында - кабельдің құжаттары бар папка нөмірі көрсетіледі.
2. «Техникалық қызмет көрсету түрі, жоспарлы жөндеу» бағанында техникалық қызмет көрсету түрі қысқартылып көрсетіледі; жоспарлы жөндеу - ЖЖ; атқарылған жұмыс көлемі бойынша ТҚ жоспарланған кезде қорытындысында ТҚ кездегі жоспарланып отырған жұмыс көлемі көрсетіледі.

      Келісілді


Қозғалыс қызметінің басшысы        РТЖБП қызметінің бастығы
___________________________        ________________________
          (қолы)                             (қолы)
20__жылғы «__»_____________        20__жылғы «__»__________

Азаматтық авиациясында   


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
13-қосымша          

Бекітемін


РТЖБП қызметінің бастығы
20__жылғы «__»_______

Объектінің инженерлік-техникалық персоналының жұмыс жоспары
__________________________________________
________20____жылға 

Жұмыстың атауы

Орындалу мерзімі

Орындаушы

Еңбек көлемі (адам-сағат)

Орындалуы туралы белгі

Жоспарланған

Нақты





































Объектінің басшысы __________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
      «__»________жыл

      Ескерту. Жұмыстар жоспарға бөлімдер бойынша енгізіледі:


      1. Техникалық қызмет көрсету.
      2. Жөндеу.
      3. Қосымша және басқа жұмыстар.
      4. Ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар.
      5. Техникалық оқу.

Азаматтық авиацияда    


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына   
14-қосымша        

ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық
қызмет көрсету және жөндеу журналы

____________________________________


      (объектінің атауы)
____________________________________
      (ұйымның атауы)

      Басталды «__»_______жыл


      Аяқталды «__»_______жыл

Күні

Құралдың атауы, зауыттық нөмірі

ТҚ немесе жөндеу түрлері

Орындалған жұмыс пен жұмсалған материалдардың тізбесі. Техникалық жай-күйі мен жұмысқа дайындығы туралы қорытынды.

ТҚ жүргізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты











Журнал РТЖБП қызметінің әр объектісінде жүргізіледі.

Азаматтық авиацияда     


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына   
15-қосымша         

Бақылау режимінің картасы мен күйге келтіру кестесі

      1. Бақылау режимінің картасы мен күйге келтіру кестесі әрбір құралға оны пайдалануға берген кезде және техникалық тексеруден кейінгі ұшу алдында және зауыттық пайдалану құжаттамасының деректері негізінде құралдарды реттеу кезінде жасалады.


      Бақылау режимінің картасында желі кернеуінің, түзеткіштер кернеуінің, радиотаратушы немесе магнетрон сатылары тоқтарының, антенна эквиваленті қуаттылығының, радиошамдар тоқтарының шамалары мен әр жабдыққа өзгеше тағы басқа режимдер мен параметрлер көрсетіледі.
      Картада көрсетілген бақылау параметрлерін тексеру үшін ауыстырып-қосқыштар немесе арнайы өткізгіштер арқылы әртүрлі бақылау нүктелеріне қосылатын панельдегі өлшеу құралдары, сонымен қатар қосымша (тасымалданатын) өлшеу құралдары қолданылады. Бақылау режимінің картасына бақыланатын режим анықталатын қосымша өлшеу құралдарының түрі мен нөмірі жазылады.
      Құралдың бақыланатын параметрлері бақылау режимінің карталарында көрсетілген шамалармен бірдей болады.
      2. Күйге келтіру кестесінде жұмыс және резервтегі жиіліктер қойылады, құралды орташа пайдалануға жеткізетін күйге келтіру мен реттеуді басқаратын құрылғылардың жағдайы көрсетіледі. Бақылау режимінің картасы мен күйге келтіру кестесін объектілердің инженерлері (техниктері) жасайды.
      ҰРТҚ және байланыстың жердегі үсті құралдарын бақылау режимінің картасы мен күйге келтіру кестелерінің нысандары әрбір объектіде жабдықтың түріне қарай әзірленеді.

Азаматтық авиацияда     


Ұшуды және авиациялық     
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына   
16-қосымша        

Жердегі тексеру күйге келтіру хаттамасы
_________________________________
(құралдың атауы)

зауыттық №_______шығарылған күні______________


____________________________________кәсіпорнында орнатылған
(азаматтық авиациясы ұйымының атауы)

Тексерілетін параметр

Номиналды мәні, рұқсат берілуі, өлшем бірл.

Өлшеу кезінде алынды

Қолданылатын өлшеу аппаратурасы

Ескерту











Қорытынды:____________________________________________________
         (құралдың белгіленген техникалық талаптарға сай келуі
______________________________________________________________
  және ұшу тексерісіне дайындығы туралы қорытынды беріледі)

Өлшемдерді жүргізген (жүргізгендер):


_____________________    __________________________________
      (лауазымы)           (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Азаматтық авиацияда     


ұшуды және авиациялық     
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына   
17-қосымша          

Бекітемін


Ұйым (бөлімше) басшысы
20__ж «__»______

ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық жай-күйі актісі

__________________________________________________________________


                (пайдалану бөлімшесінің атауы)
__________________________ жасалды
   (жылы, айы, күні)

Бұйрықпен тағайындалған комиссия төрағасы__________________________


және мүшелері______________________________________________________
_____________________________техникалық жай-күйіне қарау жүргізді
      (құралдардың атауы)

Жұмыс қорытындысында комиссия _____________________________________


                                      (құралдардың атауы)
техникалық жай-күйі төменде келтірілген деректерге сәйкес келетінін анықтады:
Зауыттық №____________, шығарылған күні___________________

ҰРТҚ байланыс және ҰРТҚ құралдарының пайдалану басталғаннан бастап


сағатпен өлшегендегі атқарымы ____________________________
Қызмет мерзімі____________________________________________
Жөндеу жүргізілді (жөндеу түрі)___________________________
__________________________________________________________
               (қашан және жөндеу саны)

Жоспарлы жөндеуден кейінгі ҰРТҚ және байланыс құралдарының сағатпен өлшегендегі атқарымы ________________


Негізгі тораптар мен агрегаттардың техникалық жай-күйі
__________________________________________________________
ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық жай-күйі туралы комиссияның қорытындысы:
Қызмет ету (ресурс) мерзімін ұзартуға жатады_______жыл (сағат),
Жөндеуге (жөндеу түрі)_______________________,
Есептен шығаруға жатады______________________
Комиссия төрағасы ___________________________
Комиссия мүшелері____________________________
20__ж. «__»______

      Келісілді:__________________________


                     (қолы, т.а.ә.)

Азаматтық авиацияда    


ұшуды және авиациялық   
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
18-қосымша         

Азаматтық авиацияның жердегі радиотехникалық жабдығы бұйымдарының шекті жай-күйін анықтау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық авиацияның жердегі радиотехникалық жабдығы бұйымдарының шекті жай-күйін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Халықаралық нормалар мен ұсынылған практиканы есепке ала отырып, азаматтық авиацияның жердегі радиотехникалық жабдығы мен байланысын пайдалануды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттардың негізінде әзірленген.


      2. Осы Әдістеме қызмет ету мерзімін ресурсын ұзартуды техника-экономикалық негіздеу, жөндеу жүргізудің немесе есептен шығарудың орындылығын білу мақсатында радиотехникалық бұйымдардың техникалық жай-күйін тексеру және бағалау бойынша бірыңғай қағидаттарды белгілейді.
      3. ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарының техникалық жай-күйін тексеру және бағалау жөніндегі жұмыстар төмендегі жағдайларда жүргізіледі:
      1) ресурстың бітуі (қызмет мерзімі);
      2) пайдалану процесінде шекті жай-күйінің белгілерін анықтау.
      4. Бұйымның шекті жай-күйінің белгілері төмендегілер болып табылады:
      1) тоқтаусыз қызмет етуінің төмендеуі;
      2) пайдалану жағдайында берілген параметрлердің нормативтік-техникалық құжаттамада (НТК) белгіленген рұқсат етілген шектерден жойылмайтын шығып кетуі;
      3) бұйымға немесе оның құрамдас бөлшектеріне орташа немесе күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі;
      4) ең төменгі қол жеткізілген мәнмен салыстырғанда бұйымды пайдаланудың нақты шығындарының ұлғаюы;
      5) моральдық ескіру.
      5. Егер өнеркәсіп жақсы техникалық және (немесе) тактикалық сипаттамалары бар жаңа бұйымдар шығарса және бұл ретте:
      1) ескі бұйымның техникалық және (немесе) тактикалық сипаттамалары өсіп отырған талаптарға және пайдаланудың нақты шарттарына сай келмесе;
      2) ескі бұйымды жаңа бұйымға ауыстыру ескі бұйымның қалған қызмет ету мерзімінде экономикалық нәтиже берсе;
      3) осы бұйым үшін жинақтаушы элементтердің шығарылуы тоқтатылса, бұйым моральды түрде ескірген деп есептеледі.

2-тарау. Тексеруді ұйымдастыру

      6. Бұйымның техникалық жай-күйін бағалауды АА ұйымының (бөлімшесінің) комиссиясы осы Әдістемеге сәйкес жүргізеді.


      7. Комиссияның жұмысы Азаматтық авиациядағы ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларымен регламенттелген.
      8. Объектінің қызмет көрсетуші персоналы:
      1) жабдықты жердегі тексеру және бабына келтіру хаттамасын;
      2) соңғы ұшу кезінде тексеру актісінен үзінді немесе актінің көшірмесі;
      3) істен шығулар мен бұзылулардың жинақтауышы картасының көшірмесін;
      4) тоқтаусыз қызмет етуінің көрсеткіштерін бағалауды;
      5) бұйымның ақаусыздық бойынша шекті жай-күйінің басталу сәтін анықтау жөніндегі есептеулерді дайындайды;
      6) жөндеу жүргізудің экономикалық орындылығын есептеуді дайындайды.
      9. Осы Әдістеменің 8-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары бойынша материалдар тексеру бойынша қойылған міндеттерді шешуге қажетті көлемде дайындалады.
      10. АА ұйымының (бөлімшесінің) комиссиясы бұйымның техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді және қорытындысы бар акті жасайды. Актіге осы Әдістеменің 8-тармағына сәйкес жасалған материалдар қоса беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет