Перегриндік меншік преторлық меншікпен қатар дамыды және ерекше түрі ретінде қарастырылды. Себебі перегриндер ерекше мәртебеге ие болды, нақтырақ айтқанда олар рим азаматтарына қарағанда құқықтары шектелген болатын. Меншік сонымен қатар ортақ болуы да мүмкін, егер 2 немесе одан да көп тұлғаға тиесілі болатын болса. Ортақ меншік иелері ортақ пайдалану және иелену құқығына ие болды. Өнімдер де олардың үлестеріне қарай бөлінетін. Егер де затты пайдалану әдеттегі тәртіптен шығып кетсе, онда басқалардың келісімі қажет болатын.
2. 1. Меншік құқығының пайда болу тәсілдері бастапқы және туынды тәсіл деп 2-ге бөлінетін. Бастапқы тәсіл дегеніміз затқа меншік құқығының алғаш пайда болуы. Мұндай тәсілдерге басып алу (оккупация), иелену көнелілігі бойынша меншік құқығының пайда болуы, қойма, спецификация жататын.
Туынды тәсіл дегеніміз меншік құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі. Бұған: заттарды беру, өсиет бойынша бас тарту, бөтен біреудің меншігін пайдаланудан түскен кіріс, өнім және шарт негізінде меншік құқығының ауысуы жатады.
Оккупация дегеніміз ешкімге тиесілі емес затты өз меншігіне айналдыру. Басып алу иесіз заттарға қатысты қолданылады. Ешкімге тиесілі емес заттарға:
- иесіз заттар, жабайы аңдар, құстар, балықтар, табиғи емес заттар;
- бас тартқан заттар, сынған заттар, бүлінген заттар;
- бұрын рим азаматына тиесілі болмаған жаулап алу және соғыс кезінде алынған заттар жатады.
Жоғалтылған және жасырылған заттар екіге бөлінді: олжа және қойма деп.
2. Иелену көнелілігі бойынша затты иелену. Иелену көнелілігі - бұл затты адал ұзақ уақыт бойы пайдалану нәтижесінде меншік құқығының пайда болуы. Иелену көнелілігі ерте цивильдік құқықтың өзінде танымал болған. Ол рим азаматтарына қатысты қолданылды және меншік құқығы қозғалатын заттарға бір жылдан кейін, қозғалмайтын заттарға 2 жылдан кейін пайда болды. Юстинианның Кодификациясында бұл мерзімдер қозғалатын мүлік үшін 3 жыл, қозғалмайтын мүлік үшін 1 жыл болды. Иелену көнелілігі бойынша меншік құқығы пайда болу үшін мына алғышарттар орындалуы керек болды: