§ 2. Ұшулардың тұрақтылығын бағалау
77. Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығы рейстерді жөнелтудің тұрақтылығы бойынша бағаланады.
78. Егер әуе кемесінің орнынан қозғалуы (әуе кемесінің турағынан) буксирленуі немесе әуе кемесінің өз қуатымен рульденуі кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген уақыттан кешікпей жүргізілген жағдайда рейсті жөнелту тұрақты болып есептеледі.
79. Жөнелту кезінде рульдеуді қамтамасыз етуге уақыт бойынша белгіленген аралықтар әуе кемелерінің барлық үлгілері үшін - 15 минут.
80. Кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген рейсті жөнелту уақыты жолаушыларға және азаматтық авиация ұйымдарының диспетчерлік қызметтері үшін бірыңғай болып табылады.
81. Әуе кемелері жөнелтулерінің тұрақтылығы, тұрақты жөнелтілген рейстердің кестеде көзделген рейстердің жөнелтулерінің жалпы санына қатынасы ретінде, пайыздармен анықталады.
§ 3. Ұшулар тұрақтылығының есебін жүргізу қағидаттары
82. Әуе кемелерін жөнелту тұрақтылығы және рейстерді орындау тұрақтылығы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен кесте бойынша орындалатын рейстер бойынша есептеледі.
83. Кестеде көзделмеген әуе кемелері әуежайларға қонған кезде оларды осы әуежайлардан жөнелту тұрақтылығы ескерілмейді.
84. Әуе кемелерін жөнелтуді кідірту осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген Ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің сыныптағышына (кодтағышына) сәйкес, әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайға, авиакомпанияға және басқа ұйымдарға жатады.
85. Рейс:
1) коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан рейсті болдырмау;
2) коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан немесе минимумнен төмен метеожағдайларға байланысты әуе кемесінің аралық әуежайдан ұшып өтуі кезінде,
жоспарланғандар санынан алып тасталады.
86. Әуе кемесін ауыстырған кезде жөнелту тұрақтылығы кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі.
87. Егер әуе кемесінің жөнелтуі есептегі уақыттан кешігіп жүргізілсе, бірақ маршрут бойынша қону нүктесіне әуе кемесі кестеде бекітілген уақыт бойынша келген жағдайда рейстің орындалуы тұрақты болып есептеледі.
88. Әуе кемесін сыйымдылығы аз екі немесе бірнеше әуе кемелерімен ауыстырған кезде бірінші әуе кемесін жөнелту кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі, ал келесі әуе кемелерін жөнелту флайт жоспарлар бойынша ескеріледі.
89. Екі әуе кемесін сыйымдылығы үлкен бір кемемен ауыстырған кезде жөнелту тұрақтылығы бірінші әуе кемесін жөнелту кестесіне сәйкес ескеріледі, екіншісін жөнелту коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан жоспардан алып тасталады.
90. Әуе кемесінің ұшып шығуын келесі тәулікке ауыстырған кезде оны жөнелту тұрақтылығы әуе кемесін кесте (ұшулар жоспары) бойынша бастапқы жөнелту көзделген тәуліктегі кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі. Оны кідіртудің ұзақтығы бірінші көзделген жөнелту мерзімінде дейінгі кестеде (ұшулар жоспарында) көрсетілген уақыттан келесі тәулікте ескеріледі және іс жүзіндегі жөнелту уақыты бойынша нақтыланады.
91. Әуе кемесін жөнелтуді әрбір кідірту бойынша осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген, ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себебін анықтаған кезде негізгі құжат болып табылатын әуе кемесін жөнелту кідірісіне акті жасалады.
92. Олардың кінәсі бойынша рейсті жөнелту кідірісі болған жағдайда, әуежай, авиакомпания, және әуежайдағы басқа да қызметтер өкілдерімен кідірістер актілері визаландырылады.
93. Әуежайда авиакомпания өкілі болмаған жағдайда, авиакомпаниялардың кінәсі бойынша кідірістер актілеріне экипаж мүшесі виза қояды, актінің көшірмесі талап бойынша авиакомпанияға беріледі.
94. Ауарайы жағдайлары бойынша кідіріс актілеріне нақты себептерді көрсете отырып жасалады. Метеожағдайлар бойынша жаппай кідірістер кезінде барлық кідірістерге бір актіні жасауға рұқсат беріледі.
95. Әуе кемесінің кеш келуінен кідірістерге актілер жасалмайды, кідірістер журналда ескеріледі. Әуе кемесінің кеш келуінің себептері ұшып шығу туралы алынған хабарлар немесе экипаждың баяндамасы бойынша анықталады. Әуе кемесінің кестеде (ұшулар жоспарына) белгіленген уақыттан кеш келуі кеш келу деп есептеледі.
96. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідірту актілерін әуежайдың диспетчерлік қызметі, азаматтық авиация кәсіпорнының немесе ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі - ӨДҚ, немесе әуеайлақтық-диспетчерлік қызметі - ӘДҚ осындай оқиға болғаннан кейін жасайды.
Әуежай қызметінің (ауысымының) басшысы тартылған қызметтер мен ұйымдардың өкілдерімен бірге кідіріс себептерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.
97. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідірту актілері 2 данада жасалады, оларға қатысатын тараптардың өкілдері виза қоюлары тиіс. Кідіріс актісі қуыным ұсыну үшін құжаттық негіз болып табылады.
98. Кідірістер себептері және кінәлі тарап осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің сыныптағышына (кодтағышына) сәйкес айқындалады.
99. Егер жөнелтуді кідірту бірнеше себеп бойынша болса, онда актіде кідірістің әрбір себебі бойынша іс жүзіндегі уақыт көрсетіледі.
100. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідіртудің есебін жүргізу тәуліктік ұшулар жоспарына, ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтардың күнделікті есеп журналында немесе электрондық түрде жүргізіледі.
§ 4. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептер жасау
101. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептілікті жүргізу:
1) авиакомпанияларда ұшулардың қамтамасыз ету қызметіне немесе авиакомпанияның өз шешімі бойынша басқа қызметке;
2) әуежайларда әуежайдың өндірістік диспетчерлік қызметіне жүктеледі.
Есептілік талдау түрінде ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдыққа және жылына осы Қағидаға 5-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша жүргізіледі.
102. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша ресми есептілік құжаттар:
авиакомпанияның (Қазақстан Республикасында тіркелген) кестені орындау туралы есебі және оған түсіндірме жазба;
Қазақстан Республикасы әуежайының әуе кемесінің тиесілігіне тәуелсіз жөнелтулердің тұрақтылығы туралы есебі,
есептер нысандары болып табылады.
103. Есептердің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары және әуежайлары бойынша ұшулар тұрақтылығының жай-күйіне жылдық талдау жасайды.
§ 5. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша құжаттама
104. Азаматтық авиация ұйымдарында және кәсіпорындарында (авиакомпанияларда, әуежайларда, жердегі қызмет көрсету ұйымында) ұшулардың тұрақтылығы бойынша келесі құжаттар жүргізіледі:
1) тәуліктік ұшулар жоспары;
2) рейсті жөнелтуді кідірту актісі.
105. Тәуліктік ұшулар жоспарының нысандарын және жүргізу (толтыру) тәртібін азаматтық авиация ұйымдары ішкі регламенттерді және нормативтерді ескеріп, автоматталған деректерді өңдеу жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, өздігінен әзірлейді.
Азаматтық және эксперименттік
авиация үшін ұшуға дайындау
қағидаларына
1-қосымша
Радионавигациялық және ұшу карталарындағы
шартты белгілер
- мемлекеттік шекара
- ӘҚҚК ауданының (ӘҚҚКА) шекарасы
1. Радиолокациялық карталарда
- әуеайлақ (ҰҚЖ бағытын көрсете отырып) міндетті
хабарлама пункті (соның ішінде МБП)
- ЖЖРС бар
- ЖЖРС жоқ
- міндетті хабарлама пункті болып табылмайтын
бақылау бағдары (соның ішінде МБП)
- жердегі РСБН маягы
- радио жариялау станциясы (РЖС)
- автоматты радиопеленгатор (АРП)
- әуеайлақ ауданындағы магниттік жіктеулер
- МЖБ және қашықтық көрсетілген белгіленген жол жолағы
- әуе трассасының (біржақты қозғалысы
бар маршрут) учаскесі
- МЖБ және қашықтық көрсетілген
түзетілген маршрут
- БҰЖ-ға дейінгі қашықтық және МБП-ға
дейінгі қашықтық көрсетілген бақылау
бағдарының траверзі
- МБП-ға дейінгі қашықтық көрсетілген ӘҚБ
аудандарының шекарасындағы міндетті
хабарлама пункті
- әуеайлақтағы (ӘҚҚК пунктіндегі) жердегі
радиолокациялық станция (РЛС)
- шектеу пеленгі (азимуті)
- қону әуеайлағына дейінгі қашықтық және
төменгі қауіпсіз ұшу эшелоны көрсетілген
төмендеуді бастау шебі (ТБШ)
2. Ұшу карталарында
- ұшу картасындағы әуеайлақ (ҰҚЖ бағыты
көрсете отырып)
- ұшу картасындағы маршруттың бұрылу пункті
(соның ішінде МХП)
- ұшу картасында учаскедегі ШЖБ,
ОМБЖ, маршруттың қашықтығын және
ӘҚБА (МХП) шекарасымен қиылысу
нүктесін көрсете отырып,
белгіленген жол жолағы
- ұшу картасындағы азимуттық шеңбер
- маршруттың осы учаскесі үшін ең жоғары және
белгіленген есеп жолағының шегінде орналасқан
рельефтің абсолюттік биіктігінің белгіленуі
- байланыс желісі
- ЭБЖ (35 – тіреулер биіктігі)
3. Жай-күйі жолақтары
- мұнай құбыры
- газ құбыры
- бағдардан әуе кемесіне пеленг
жолағы (анықтау уақыты)
- РНН-нен әуе кемесіне радиопеленг
жолағы (уақыт 8.36)
- тең биіктіктер жолағы (уақыт 14.06)
4. Әуе кемесінің орындарын белгілеулер
- бейне анықталды (уақыт 12.15)
- есептеумен және жол салумен анықталды (соның
ішінде навигациялық есептеу құрылғыларының
көмегімен)
- навигациялық құралдар көмегімен
алынған жай-күй жолағын салумен
анықталды
- жерден хабарланған (соның ішінде
экипаждың сұратуы бойынша)
Азаматтық және эксперименттік
авиация үшін ұшуға дайындау
қағидаларына
2-қосымша
Әуе кемелерінің экипаждарын ұшар алдындағы дайындаудың технологиялық кестесі
Экипаж құрамы
|
Меди цина лық
пунк т
|
Брифинг
|
АМСА
|
Брифинг бөлмесі
|
АМСА
|
Брифинг
|
ӘК-не өткел
|
ӘК-нде
|
Старт алдындағы тексеру
|
Қозғалтқ ыштарды іске қосу
|
Экипаж 4 адам
|
Уақыт минуттермен
|
ӘК командирі
|
3
|
2
|
2
|
17
|
4
|
2
|
3
|
20
|
|
5
|
Екінші пилот
|
5
|
|
2
|
17
|
4
|
|
3
|
22
|
5
|
Штурман
|
1
|
|
2
|
17
|
4
|
|
3
|
22
|
5
|
Бортинженер
|
2
|
2
|
3-өткел
|
Әуе кемесінде 46
|
|
Экипаж
3 адам
|
Уақыт минуттермен
|
ӘК командирі
|
3
|
2
|
2
|
17
|
4
|
2
|
3
|
20
|
|
5
|
Екінші пилот
|
5
|
|
2
|
17
|
4
|
|
3
|
20
|
5
|
Бортинженер
|
2
|
2
|
3-өткел
|
Әуе кемесінде 46
|
5
|
Экипаж
2 адам
|
Уақыт минуттермен
|
Командир ВС
|
3
|
2
|
2
|
17
|
4
|
2
|
3
|
20
|
2
|
5
|
Второй пилот
|
5
|
|
2
|
17
|
4
|
|
3
|
20
|
5
|
Экипаж
1 адам
|
Уақыт минуттермен
|
Командир ВС
|
3
|
2
|
2
|
17
|
4
|
2
|
3
|
20
|
2
|
5
|
Ұшар алдындағы дайындауды аяқтағанға дейінгі уақыт қалдығы, минуттермен
|
60
|
53
|
36
|
27
|
5
|
0
|
Азаматтық және эксперименттік
авиация үшін ұшуға дайындау
қағидаларына
3-қосымша
Ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің
сыныптағышы (кодтағышы)
2 цифрлі кодтар Two-digital codes
|
Кідіріс себептерінің сипаты
Reason description for delay
|
Кідірістер себептерінің стандартты кодтары
STANDARD CODES OF REASONS FOR DELAY
|
Авиакомпанияның ішкі кодтары
AIRLINE INTERNAL CODES
|
00-05
|
Әрбір авиакомпания жеке талаптарына сәйкес арнайы кодтар әзірлеу үшін бұл кодтар осылай таза (бос) қалдырылған
These codes are left blank so that each airline may develop codes specifically to meet their own individual requirements
|
Себептердің басқа кодтары
OTHERS CODES FOR DELAY
|
06
|
"меншікті авиакомпания қызметінің нәтижесінде гейттердің, тұрақ орындарының болмауы"
"no gate\stand availability due to own airline activity"
|
09
|
"кесте бойынша жердегі уақыт" қызмет көрсету технологиясымен көзделген уақыттан аз"
"scheduled Ground Time" less than "Declared Minimum Ground Time"
|
Жолаушыларға қызмет көрсету және багаж өңдеу
PASSENGER AND BAGGAGE
|
11
|
тіркеуді аяқтаудың шекті мерзімінен кейін жүзеге асырылған
"кеш тіркеу"
"late check-in", acceptance after deadline
|
12
|
тіркеу аймағында жолаушылардың шоғырлануынан "кеш тіркеу"
"late check-in", congestion in check-in area
|
13
|
"тіркеудегі қателік", жолаушылар, багаж
"Check-in error", passenger and baggage
|
14
|
"қайта салу", авиабилеттерді сатудағы қателік
"oversales", booking errors
|
15
|
"жолаушыларды отырғызу" жолаушылар тізімінің сәйкес келмеуі, салыстыру/нақтылау және тіркелген жолаушының келмеуі
"boarding", discrepancies and paging, missing checked-in passenger
|
16
|
"коммерциялық жұртшылық – жолаушылардың дайындығы, VIP тұлғаларды күту, пресса, қалып қойған жеке заттарды жеткізу""commercial publicity/passenger convenience, VIP, press, ground meals and missing personal items"
|
17
|
"борттағы азық-түлікке тапсырыс беру", жеткізушіге берілген кеш немесе дұрыс емес тапсырыс
"catering order", late or incorrect order given to supplier
|
18
|
"багажды өңдеу", сұрыптау
"baggage processing", sorting
|
19
|
Жолаушыларды қосымша отырғызу, жүктерді қосымша тиеу
Boarding passenger, loading cargo
|
Жүк және пошта
CARGO AND MAIL
|
21
|
"құжаттама", толтырудағы қателік
"documentation", errors
|
22
|
"ӘК бортында жүкті кеш орналастыру"
"late positioning"
|
23
|
"жүкті кеш қабылдау"
"late acceptance"
|
24
|
"орама талаптарға жауап бермейді"
"inadequate packing"
|
25
|
"қайта сату", жүк сыйымдылығын сатудағы қателік
"oversales", booking errors
|
26
|
"жүкті қоймада кеш дайындау"
"late preparation in warehouse"
|
|
ТОШТА, тек қана
MAIL only
|
27
|
"құжаттама, орама"
"documentation, packing"
|
28
|
"кеш орналастыру"
"late positioning"
|
29
|
"кеш қабылдау"
"late acceptance"
|
Әуе кемесі және перронда қызмет көрсету
AIRCRAFR AND RAMP HANDLING
|
31
|
"ӘК-ке құжаттама кеш жеткізілді, дұрыс емес", салмақ және орталықтандыру, бас декларация, жолаушылар манифесті
"aircraft documentation late/inaccurate", weight and balance, general declaration, passenger manifest
|
32
|
габаритті емес/ауыр, арнайы жүкті "тиеу/түсіру", персоналдың, жүкшілердің жетіспеу
"loading/unloading", bulky, special load, lack of loading staff
|
32а
|
жолаушылар салонының жүгін "тиеу/түсіру"
"loading/unloading" cabin load
|
33
|
"тиеу құралдары", мысалы тиегіштің және контейнерлердің жетіспеуі немесе істен шығуы, персоналдың жетіспеуі
"loading equipment", lack of or breakdown, e.g. container pallet loader, lack of staff
|
34
|
"қызмет көрсету құралдары", жетіспеуі немесе істен шығуы, персоналдың жетіспеу, мысалы траптар
"servicing equipment", lack of or breakdown, lack of staff, e/g/steps
|
35
|
"әуе кемесін жинастыру"
"aircraft cleaning"
|
36
|
"отын құю/төгу", авиаотын жеткізу
"fuelling/defuelling", fuel supplier
|
37
|
"борттағы азық-түлік", кеш жеткізу немесе тиеу
"catering", late delivery or loading
|
38
|
"ЖТҚ" (жүктерді тиеу құралдары), жетіспеуі немесе пайдаланушылық жарамдығы
"ULD", lack of or serviceability
|
39
|
"техникалық құралдар", жетіспеуі немесе істен шығуы, персоналдың жетіспеу, мысалы буксирлеу кезінде
"technical equipment", lack of or breakdown, lack of staff, e.g. push-back
|
ӘК техникалық құралдары және жабдығы
TECHNICAL AND AIRCRAFT EQUIPMENT
|
41
|
"ӘК ақаулығы"
"aircraft defects"
|
42
|
"жоспарлы техникалық қызмет көрсету", ӘК кеш беру
"scheduled maintenance", late release
|
43
|
"вжоспардан тыс техникалық қызмет көрсету", арнайы "чектер" және/немесе нормалы жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден жоғары қосымша жұмыстар
"non-scheduled maintenance", special checks and/or additional works beyond normal maintenance schedule
|
44
|
"запас бөлшектер және техникалық қызмет көрсету құралдары", жетіспеу немесе сыну
"spares and maintenance equipment", lack of or breakdown
|
45
|
басқа әуежайға тасымалдау үшін "ӘК-ке жерде талап етілетін запас агрегаттар"
"AOG spares", to be carried to another station
|
46
|
"ӘК ауыстыру", техникалық себептер бойынша
"aircraft change", for technical reasons
|
47
|
"резервтік ӘК", жоспарланған резервтік ӘК жетіспеуі, техникалық себептер бойынша
"standby aircraft", lack of planned standby aircraft for technical reasons
|
48
|
"жолаушылар салонының конфигурациясын/нұсқасын жоспарлы түзету"
"scheduled cabin configuration/version adjustments"
|
Әуе кемесінің зақымдалуы
DAMAGE TO AIRCRAFT
|
51
|
"ұшуды орындау үдерісінде зақымдалу", құстармен немесе ҰҚЖ оттарымен қақтығысу, турбулентті ортаға түсу, терең қону немесе аса жүктемелермен қону, рульдеу кезінде қақтығысу
"damage during flight operations", bird or lighting strike, turbulence heavy or overweight landing, collision during taxing
|
52
|
"жерде қызмет көрсету кезінде қақтығысу", тиеу/түсіру уақытында (рульдеу кезіндегі жағдайларды қоспағанда) қақтығысу, зақымдалу, ластану, буксирлеу, қысылтаяң ауарайы жағдайлары
"damage during ground operations", collisions (other than during taxing), loading/off-loading damage, contaminations, towing, extreme weather conditions
|
Деректерді электрондық өңдеу/автоматталған құралдардың істен шығуы
EPD/AUTOMATED EQUIPMENT FAILURE
|
55
|
"жөнелтулерді бақылау"
"departure control system"
|
56
|
"жүктерді/құжаттаманы дайындау"
"cargo preparation/documentation"
|
57
|
"Флайт жоспарлар"
"flight plans"
|
Ұшуларды орындау және экипаждармен қамтамасыз ету
FLIGHT OPERATIONS AND CREWING
|
61
|
"флайт жоспарлар", кеш жасау (беру) немесе оны өзгерту, ұшу құжаттамасы
"flight plan", late completion or change of, flight documentation
|
62
|
"ұшуларды орындау шарттары", авиаотын, шекті жүктемені өзгерту/ауыстыру
"operational requirements", fuel, load alternation
|
63
|
ауысым немесе резерв (ұшқыш немесе толық) экипаждарын қоспағанда "экипаждың бортқа кеш келуі немесе жөнелту рәсімдерінен кеш өту"
"late crew boarding or departure procedures", other than connection and standby
(flight deck or entire crew)
|
64
|
"ұшқыш экипаждың толық құрамда болмауы", ауру, резервтікті күту, рейске лимиттелген уақыт, экипаждың ас ішуі, уақыты өткен виза, экипаждың денсаулығы туралы құжаттар
"flight deck crew shortage", sickness, awaiting standby, flight time limitations, crew meals, valid visa, health documents
|
65
|
ұшуларды орындау талаптарына кірмейтін "ұшқыш экипажының ерекше талаптары"
"flight deck crew special request", not within operational requirements
|
66
|
ауысым немесе резерв бортсеріктерін қоспағанда "бортсеріктердің бортқа кеш келуі немесе жөнелту рәсімдерінен кеш өтуі
"late cabin crew boarding or departure procedures", other than connection and standby
|
67
|
"бортсеріктердің толық құрамда болмауы", ауру, резервтікті күту, рейске лимиттелген уақыт, ас ішу, уақыты өткен виза, денсаулық туралы құжаттар
"cabin crew shortage", sickness, awaiting standby, flight time limitations, crew meals, valid visa, health documents
|
68
|
"бортсеріктердің қателігі немесе бортсеріктердің ерекше талаптары, ұшуларды орындау талаптарына кірмейтіндер
"cabin crew error or special request", not within operational requirements
|
69
|
"ӘКК қауіпсіздікке тексеру жүргізу туралы талабы", бірегей жағдайларда
"captain request for security check", extraordinary
|
Ауарайы жағдайлары
WEATHER
|
71
|
"жөнелту пунктінде"
"departure station"
|
72
|
"межелі пунктте"
"destination station"
|
73
|
"маршрут бойынша немесе қосалқы әуеайлақта"
"en-route or alternate"
|
74
|
"ӘК мұздануға қарсы өңдеу", техникалық өңдеу құралдарының жарамсыздығын алып тастағанда, мұзды және/немесе қарды алып тастау, қырау түзілуінің алдын алу
"de-icing of aircraft", removal of ice and/or snow, frost prevention excluding unserviceability of equipment
|
75
|
"әуежай объектілерінде қардан, мұздан, судан және құмнан тазарту"
"removal of snow, ice, water and sand from airport"
|
76
|
"жердегі қызмет көрсету қолайсыз ауарайы жағдайлары бойынша кідіртілді"
"ground handling impaired by adverse weather conditions"
|
ӘҚБ қызметтерінің тарабынан шектеулер
AIR TRAFFIC FLOW MANAGEMENT (ATFM) RESTRICTIONS
|
81
|
"маршрут бойынша әуе қозғалысын бақылау қызметтерінің ресми тыйым салуының/аса жүктелуінің негізінде ӘҚБ тарабынан", тыйым салуының / аса жүктелуінің стандартты проблемалары
"ATFM due to ATC in rout demand/capacity", standard demand/capacity problems
|
82
|
"маршруттағы персоналдан/жабдықтан ӘҚБ қызметі", ереуіл қозғалысының себебі бойынша көлемдерді қысқарту персоналдың немесе жетіспейтін жабдықтың жетіспеуі көрші аймақтарда көлемдерді төмендетудің бірегей талаптары
"ATFM do to ATC staff/ equipment in route", reduced capacity by industrial action or staff shortage or equipment failure, extraordinary demand due to capacity reduction in neighboring area
|
83
|
"межелі әуежайдағы себептер бойынша ӘҚБ тарабынан", әртүрлі кедергілер, ереуіл қозғалыстар, персоналдың жетіспеуі, саяси толқыныстар, шуыл бойынша шектеулер, түнгі коменданттық сағат, арнайы рейстер салдарынан әуежай немесе ҰҚЖ жабылған
"ATFM due to restriction at destination airport", airport and/or runway closed due to obstruction, industrial action, staff shortage, political unrest, noise abatement, night curfew, special flights
|
84
|
"межелі әуежайдағы ауарайы жағдайы бойынша ӘҚБ тарабынан"
"ATFM due to weather at destination airport"
|
Әуежай және мемлекеттік уәкілетті органдар
AIRPORT AND GOVERMENTAL AUTHORITIES
|
85
|
"міндетті қауіпсіздік шаралары"
"mandatory security"
|
86
|
"иммиграция (паспорттық бақылау), кеден, санитарлық карантиндік қызметтер"
"immigration, customs, health"
|
87
|
"әуежайдың шектеулі мүмкіндіктері", ӘК тұрақ орындары, перронда ӘК шоғырлануы, жарықтандыру, отырғызу пункттерінің жетіспеуі
"airport facilities", parking stands, ramp congestion, lighting, buildings, gate limitation.
|
88
|
"межелі порт бойынша шектеулер", әртүрлі кедергілер, ереуіл қозғалыстар, персоналдың жетіспеуі, саяси толқыныстар, шуыл бойынша шектеулер, түнгі коменданттық сағат, арнайы рейстер салдарынан әуежай немесе ҰҚЖ жабылған
"restrictions at airport of destination", airport and/or runway closed due to obstruction, industrial action, staff shortage, political unrest, noise abatement, night curfew, special flights
|
89
|
"ӘҚБ қызметтерінің тарабынан енгізілген шектеулермен/шектеулерсіз жөнелту әуежайындағы шектеулер" аэронавигация, іске қосу, буксирлеу, қызметтерін, әртүрлі кедергілер, ауарайы (шектеулерді енгізу ӘҚБ тарабынан реттелетін жағдайларда ғана, басқа жағдайларда 71 (WO) кодына сілтеме), ереуіл қозғалыстар, персоналдың жетіспеуі, саяси толқыныстар, шуыл бойынша шектеулер, түнгі коменданттық сағат, арнайы рейстер салдарынан әуежай немесе ҰҚЖ жабылуын қоса алғанда
"restrictions at airport departure with or without ATFM restrictions", including Air Traffic Services, start-up and pushback, airport and runway closed due to obstruction or weather (restriction due to weather in case of ATFM regulation only, else refer to code 71 WO)), industrial action, staff shortage, political unrest, noise abatement, night curfew, special flights"
|
Басқа себептердің кері салдарлары
REACTIONARY
|
91
|
"тиеуді түйістіру", басқа рейстен тиеуді күту
"load connection", awaiting load from another flight
|
92
|
жолаушыларды және багажды "тіркеудегі қателік себебі бойынша"
"through check-in error", passenger and baggage
|
93
|
"ӘК ауыстыру", басқа рейстен немесе рейстің басқа секторынан ӘК кеш келуі
"aircraft rotation", late arrival of aircraft from another flight or previous sector
|
94
|
"бортсеріктерді ауыстыру", басқа рейстен бортсеріктерді күту
"cabin crew rotation", awaiting cabin crew from another flight
|
95
|
"экипажды ауыстыру", экипажды (ұшқыш және жалпы экипажды) басқа рейстен күту
"crew rotation", awaiting crew from another flight (flight deck or entire crew)
|
96
|
"ұшуларды орындауды бақылау", маршрутты өзгерту, рейстерді болдырмау, біріктіру, техникалыққа жатпайтын себептер бойынша ӘК ауыстыру
"operations control", rerouting, diversion, consolidation/ aircraft change for reasons other than technical
|
әртүрлі себептер
MISCELLANEOUS
|
97
|
"меншікті авиакомпаниядағы ереуіл қозғалыстары"
"industrial action with own airline"
|
98
|
"меншікті авиакомпаниядан тыс ереуіл қозғалыстары", ӘҚБ қызметтерін қоспағанда
"industrial action outside own airline", excluding A.T.C.
|
99
|
Бұл код ол бос болған және кідіріс себебі жоғарыда көрсетілген кодтарға жатқыза алмайтын жағдайда ғана пайдаланылады
This code shall be used only when it is clear that a reason cannot be matched to a code above.
|
Азаматтық және эксперименттік
авиация үшін ұшуға дайындау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |