11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органдағы, оның ведомствосындағы, аумақтық бөлiмшелердегi және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі соларға сәйкес шектi атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
19. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат):
1) 19-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополия салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;
6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;»;
2) 28-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалғандығы туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде жетi жұмыс күні iшiнде жариялауға мiндеттi.»;
3) 36-бапта:
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушыны соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тағайындайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурстық басқарушы борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзуді қозғау туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде өзі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жариялайды.»;
4) 41-1-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетіледі.»;
5) 41-7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға;»;
6) 41-8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сот сырттай байқау рәсімін кредиторлар комитетінің өтініші бойынша тоқтатуы мүмкін.»;
7) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүлкінің көлемі үлкен борышкерді тарату, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігінің, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны өткізудің айрықша шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не Республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша уәкілетті орган конкурстық іс жүргізу мерзімін кредиторлар комитетінің келісімі бойынша көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен тыс он екі айға дейінгі мерзімге ұзартады.»;
8) 69-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық басқарушыны тағайындайды.»;
9) 70-баптың 1), 1-2) және 1-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ол тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органның бекітуіне ұсынады;»;
«1-2) уәкілетті органның оны тағайындаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады;
1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына соттың заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін ұсынады;»;
10) 94-бапта:
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот іс қозғалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоқ борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.»;
«4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген қағидалар бойынша кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына жібереді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәлімдеуші жоқ борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.».
20. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi.».
21. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат):
1) 3-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.»;
2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау
1. Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жерi немесе жұмыс орны өзiне мәлім мұрагерлерге бұл туралы хабарлауға мiндеттi.
Өсиеттік бас тарту (легат) қамтылған өсиет болған кезде нотариус тұратын жері немесе жұмыс орны өзіне мәлім бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) өсиет бойынша мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.
2. Егер мұрагерлердiң немесе бас тартылған мұраны алушылардың (легатарийлердің) тұратын жерi немесе жұмыс орны белгiсiз болса, нотариус бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.»;
3) 72-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Өсиеттiк бас тарту болған кезде нотариус бас тартылған мұраны алушыларды шақырады және оларға өсиеттік бас тартудың мазмұнын және олардың мұрагерден (мұрагерлерден) өздеріне тиесілі мұраны алу құқығын түсіндіреді.».
22. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж, № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
3) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;»;
«10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі - мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;»;
2) 3-баптың 3-тармағының 1-4) және 1-5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi - мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді;
1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi - көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердi алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемі жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт;»;
3) 14-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, егер осы актiлер жалпыға мiндеттi маңызға ие болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
4) 17-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерде нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттік тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;»;
5) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада - олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не, егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағы» жинақтарында жарияланған жағдайда, жақшада аталған жинақтардағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.»;
21-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада - олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағы» жинақтарында жарияланған жағдайда, жақшада аталған жинақтардағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.»;
7) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.»;
8) 33-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.»;
9) 34-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
4. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.»;
10) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. Мұндай тiркелу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу оларға мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Егер әдiлет органдарының шешiмiне белгiленген тәртiппен шағым жасалмаса, тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшi болмайды және оларды шығарған орган олардың күшін жоюға тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiнiң осы тармақта белгiленген критерийлерге сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары айқындайды.».
23. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |