7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Жоғары радиациялық қауіпті аймақ
Жоғары радиациялық қауіпті аймақ - бүкiл сынақ кезеңiнде 7-ден 35 бэрге дейiн халыққа әсер ету мөлшерiндегі радиациялық ластануға ұшыраған аумақ бөлiгi.
Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандарының елдi мекендерi, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалалары; таратылған Қазыбек би ауданының аумағы шегінде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Май ауданы жатады.»;
5) 8-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Уржар, таратылған Таскескен, Көкпектi, Ақсуат, Зырян, Зайсан және Тарбағатай аудандарының; Қарағанды облысының таратылған Қазыбек би ауданының аумағын қоспағанда, Қарқаралы ауданының; Павлодар облысының Лебяжi ауданының елдi мекендерi жатады.»;
6) 11-баптың екінші бөлігіндегі «Министрлер Кабинетi» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 17-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджетте республикалық орташа деңгеймен салыстырғанда бiр тұрғынға 1,5 еседен келетiндей есеппен медициналық мекемелердi күтіп-ұстауға арналған қаражатты ұлғайтуды қамтамасыз ететiн қаржыландыру жыл сайын көзделедi. Қазақстан Республикасының Үкіметі ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтардағы денсаулық сақтау мекемелерi үшiн медициналық техника мен дәрілік заттардың нысаналы бөлінуін жыл сайын қамтамасыз етеді.»;
8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Аурулардың Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға байланыстылық себептерiн анықтау тәртібі
Ядролық сынақтарға байланыстылық себептерi бар деп танылуы мүмкiн аурулар тiзбесін және осы байланыстылықты анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
13. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
8-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголизмнен, нашақорлық пен уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге алынған адамдар мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан шығарылған соң, соттың қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделіп шыққандардан басқасы, тұратын жері бойынша наркологиялық ұйымдарда есепке тұруға және оларда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгілейтін тәртiппен сүйемелдеп емдеуден өтуге тиiс.».
14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 20-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде:
бірінші абзац және 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:»;
«4) алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болу негіздері бойынша қайтарып алады.»;
2) 49-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац және в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:»;
«в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.».
15. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
22-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтарды беруге құқық беретін ішкі істер органдары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
16. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат):
48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.
Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.».
17. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
16) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) міндетті техникалық байқау - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;»;
«19) техникалық байқаудың стационарлық желісі - міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін көлік құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) техникалық байқау операторы - міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) техникалық байқау орталығы - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшін стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желісі бар кешен;
22) техникалық байқау операторларының тізілімі - техникалық байқау операторларының бірыңғай тізбесі, оны жүргізуді көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;»;
2) 7-1-баптың 3), 5 және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«5) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;»;
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін өткізу қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;»;
3) 18-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi»;
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізеді, оның мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялануын жүзеге асырады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық байқау операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген күннен бастап жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу мақсатында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртабан қойылған, техникалық байқау операторының жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;»;
5) тармақша алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы баптың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты айдың ішінде техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару негіз болып табылады.»;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару үшін:»;
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тізілімінен өз еркімен шығару туралы өтініші;»;
«3) техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу бұрыс ақпарат ұсыну;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару туралы хабарлама көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган тиісті шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жіберіледі.»;
4) 19-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұратын жеріне қарамастан, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген техникалық байқау операторлары міндетті техникалық байқауды жүргізеді.
Техникалық байқау операторлары жария шарт негізінде қызметтер көрсетеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «орталығының» деген сөз «операторының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Техникалық байқау операторы:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) аудандардың әкімшілік орталықтарында, ауылдық (селолық) округтерде және аудандық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады.»;
6-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:»;
3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық байқау операторы ұсынылған құжаттарды механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.»;
5) 19-1-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, жүгінеді.»;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алу үшін көлік құралының иесі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға өтінішпен және халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек ұсына отырып, жүгінеді.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
6. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және үстіңгі оң бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын береді.
7. Көлік құралының иесі халықаралық техникалық байқау сертификаты телнұсқасының берілгені үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек ұсынбай өтініш берген жағдайда, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты міндетті немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәлікте көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.»;
6) 19-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.»;
7) 19-3-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-3-бап. Техникалық байқау операторларының құқықтары мен міндеттері
1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беруден бас тартуға құқығы бар.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық байқау операторлары:»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық байқау операторларына:».
18. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
Достарыңызбен бөлісу: |