Азаматтық қорғау туралы


-БӨЛІМ. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ АВИАЦИЯСЫ, АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ



бет6/12
Дата01.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#170593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3-БӨЛІМ. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ АВИАЦИЯСЫ, АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ

 

24-бап. Уәкілетті органның авиациясы

Уәкілетті органның авиациясы:

1) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дүлей зілзалалар кезінде көмек көрсету бойынша ұшуды;

2) халыққа медициналық көмек көрсету және санитариялық іс-шараларды жүргізу бойынша ұшуды;

3) уәкілетті органның, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жеке құрамы мен жүгін төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көлік-жолаушылар ұшуын;

4) зардап шеккен адамдарды, халықты және мүлікті төтенше жағдай аймақтарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттерден эвакуациялау бойынша ұшуды;

5) гуманитарлық жүкті төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша ұшуды;

6) республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға, халықаралық жобаларға қатысуды;

7) авиациялық техника мен оның құрамдастарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша қызметтер көрсетуді;

8) азаматтық қорғау саласындағы қызметке байланысты жолаушылардың, багаждың, жүктердің және почтаның әуе тасымалын;

9) аэротүсірілім, картографиялық-геодезиялық және авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу бойынша ұшуды;

10) орман шаруашылығына қызмет көрсету бойынша ұшуды;

11) азаматтық қорғау саласындағы құрылыс-монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша ұшуды;

12) вахталық бригадаларды, жабдықты тасымалдау бойынша теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан, мұнай-газ секторының жасанды аралдарынан ұшуды;

13) әуежайлық қызметті жүзеге асыруды;

14) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою үшін далалы, сулы, орманды және таулы жерлерді патрульдеу бойынша ұшуды;

15) өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша ұшуды;

16) байқау және құлақтандыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша ұшуды (бекеттерді қою және оларға қызмет көрсету);

17) далалық экспедиция жұмыстарына қызмет көрсету бойынша ұшуды;

18) электр энергиясын беру желілерін және магистральдық құбырларды зерттеп-қарау бойынша аэровизуальді ұшуды;

19) ұшу құрамының кәсіби деңгейін ұстап тұруға және жаңа техниканы меңгеруге арналған жаттығу үшін ұшуды орындайды.



 

 

6-тарау. АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ



 

25-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын құру

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары кәсіби және ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары болып бөлінеді.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы-құтқару, жедел-құтқару, суда-құтқару, авиациялық-құтқару қызметтерін, әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құрады.

3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға құқылы.

4. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешенінде орналастырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарақтандырылады.

5. Ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын жеке, заңды тұлғалар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар құрады және олар арнайы техникамен, жабдықпен, жарақпен, керек-жарақпен және құралдармен жарақтандырылады.



 

26-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметi

1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметі ерекше сипатта болады, осы қызметтер басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін жұмыскерлердің мүлтіксіз орындауын көздейді. Бұл талаптар ерікті авариялық-құтқару құралымдарын төтенше жағдайды жоюға қатысу үшін тартқан кезден бастап оларға да қолданылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының ұдайы әзірлігі кәсiби даярлау бойынша оқу-жаттығулар, сабақтар мен арнайы жаттығу жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi және уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау, қайта аттестаттау мен тексерулер барысында тексеріледі.

3. Уәкілетті органның авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жедел көлігі мiндеттi түрде арнайы дыбыс және жарық сигналдары аспаптарымен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы таңбалармен жабдықталады.

 

27-бап. Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау

1. Авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және құтқарушылар аттестатталуға және қайта аттестатталуға жатады.

2. Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау:

1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау әзірлігінің дәрежесін;

2) тиісті техниканың, мүліктің және жарақтардың бар-жоғын және олардың жай-күйін;

3) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және құтқарушылар бастапқы, қайталап, кезеңдік және кезектен тыс аттестатталуға жатады:

1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылатын авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, сондай-ақ құтқарушы боламын деп шешкен азаматтар жатады;

2) қайталап аттестаттау алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін, авариялық-құтқару қызметтерінің, құралымдарының және құтқарушылардың қызметін қайтадан бастау үшін өткізіледі;

3) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды кезеңдік аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі;

4) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.

4. Аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.

«Халықаралық сыныптағы құтқарушы» деген сыныптық біліктілікті уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы құтқарушыларға олар жұмыс істейтін авариялық-құтқару құралымының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан береді.

5. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.



 

28-бап. Авриялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу құқығына берілген куәлік негізінде міндетті тіркелуге жатады.

2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.



 

29-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiру

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiру:

1) төтенше жағдайларды жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;

2) авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында жүзеге асырылады.



 

30-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын қайта бейіндеу және тарату

1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен мiндеттi түрде құру көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiндеу немесе тарату үшін олар қызмет көрсететiн ұйымдар қызметінің тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құралымдар алдын алуға және жоюға арналған төтенше жағдайлардың туындау қатерінің жойылуы негіз болып табылады.

2. Ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тарату туралы шешiмдерді қабылдаған кезде ұйым басшылығы бұл туралы уәкілетті органға хабар береді.



 

31-бап. Құтқарушылар

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарында құтқарушылар міндетін атқаруға он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған азаматтар жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесiне олар медициналық куәландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтердi орындағаннан кейiн авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған аттестаттау нәтижелерi бойынша ие болады.

3. Аттестаттау комиссиясы Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы шешiм қабылдаған кезде оларға уәкілетті орган белгілеген үлгілер бойынша құтқарушы куәлiгі, кiтапшасы, бетіне тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), қан тобы мен құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон беріледi.

4. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында құтқарушылар осы Заңды, Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметі мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және соның құрамында көрсетілген жұмыстарды жүргізетін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының басшыларына ғана бағынады.

5. Құтқарушылардың өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіру мақсатында оларға қандай да бір нысанда ықпал етуге ешкім де құқылы емес.

 

32-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын жасақтау

1. Авариялық-құтқару қызметтерінің басшы құрамы авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы қызметінің ерекшелігіне сай келетін жоғары білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдар арасынан жасақталады.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған, сондай-ақ өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құтқарушы болып жұмысқа қабылдана алмайды.

3. Авариялық-құтқару қызметтерінің немесе құралымдарының жеке құрамын жасақтау құтқарушы мәртебесі бар адамдар арасынан жүзеге асырылады.

4. Құтқарушы мәртебесі бар, осы баптың 2-тармағына көрсетілген негіздер бойынша жұмысқа қабылданбаған адамдар көрсетілген негіздер тоқтатылған кезде кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде үш ай бойы тағылымдамадан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі.



 

33-бап. Құтқарушылардың құқықтары

1. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға тартылған құтқарушылардың көрсетілген жұмыстарды жүргiзетiн жерге бару кезiнде көлiктiң барлық түрiне билеттердi кезексiз алуға құқығы бар.

2. Құтқарушылар тиесілілік нормалары бойынша арнайы киім-кешекпен және жарақпен қамтамасыз етіледі.

3. Құтқарушылардың авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу барысында:

1) олардың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi толық және анық ақпаратқа;

2) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдіктері орналасқан үй-жайларды, жер учаскелерін қоспағанда, адамдарды құтқаруға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған шараларды қабылдау үшін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі аумаққа, тұрғынжайға және өзге де үй-жайға, жер учаскелеріне кедергісіз кіруге;

3) төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгiленген қауiпсiздiк шараларын сақтауды талап етуге;

4) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға;

5) азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;

6) қажет болған жағдайларда адамдарды құтқару үшін жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ қоршау конструкцияларды ашуға;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен, адамдарды құтқару үшiн төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың көлігін, байланыс құралдарын, мүлкi мен өзге де материалдық құралдарын пайдалануға құқығы бар.

4. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде адам өмірін құтқаруға байланысты болған жағдайларда әрекет еткен құтқарушылар келтiрiлген нұқсанды өтеуден босатылады.

5. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде, авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен шығыстары төлене отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгiлеген нормалар бойынша тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуге және тұруға құқығы бар.

6. Еңбек шартымен өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару барысында зардап шеккен кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларының тегiн медициналық көмекке құқығы бар.

Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге тартылған және оларды жүргізу уақытында зардап шеккен ерiктi авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының құтқарушылары, құтқарушылар болып табылмайтын азаматтар да тегiн медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

7. Объектілік авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары болып табылмайтын азаматтарды, сондай-ақ азаматтарды авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартқан кезде олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады.



 

34-бап. Құтқарушылардың мiндеттерi



Құтқарушылар:

1) зардап шеккен адамдарды iздеуге, оларды құтқару жөнiнде шаралар қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа да көмек түрлерiн көрсетуге;

2) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге қатысуға әзір болуға, өзiнiң дене шынықтыру, арнайы, медициналық, психологиялық даярлығын жетiлдiруге;

3) авариялық-құтқару құралымдарының құрамындағы iс-қимыл дағдыларын жетiлдiруге;

4) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу технологиясын мүлтіксiз сақтауға;

5) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге құрамында құтқарушылар қатысатын, авариялық-құтқару құралымдары басшыларының көрсетілген жұмыстарды жүргiзу барысында беретiн бұйрықтарын мүлтiксiз орындауға;

6) төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында азаматтарға қауiпсiз жүрiп-тұру қағидаларын және олар туындаған жағдайда әрекет ету тәртiбiн түсiндiруге мiндеттi.

 

35-бап. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимi

1. Күнделiктi қызметте кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс (қызмет) режимi iшкi еңбек тәртiптемесі қағидаларымен, кезекшiлiк графиктерімен, сабақтар немесе арнайы даярлық бойынша өзге іс-шаралар кестелерiмен айқындалады.

2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс күні мен жұмыс жылы ішіндегі жұмыс режимі санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлікте болу режимiнде үйде кезекшiлiк ету уақыты кезекшiлiктiң әрбір сағатына сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi.

4. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс режимi мен жұмыс ауысымының ұзақтығын төтенше жағдайды жою басшысы төтенше жағдайдың сипатын, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу ерекшелiктерiн, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді ескере отырып белгiлейдi.

5. Орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының құтқарушыларына ұзақтығы күнтiзбелік отыз күн ақылы демалыс берiледi. Әрбір үш жыл өтілі үшін ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.

 

 

4-БӨЛІМ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

 

7-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

 

36-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтау мақсатында жүзеге асырады.

2. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау:

1) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауға;

2) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауға;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауға бөлінеді.

3. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

4. Тексеру түрлері мен оны жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

5. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

37-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылған ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың және азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтық қорғаныс жөніндегі талаптар мен іс-шараларды атқаруды қамтамасыз етуіне бағытталған.

2. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;

3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет