Қазандағы Азиялық типография


Қазақстанда кітап басудың дамуы



бет2/3
Дата28.03.2024
өлшемі20.23 Kb.
#496812
1   2   3
кітаптардың пайда болуы (1)

Қазақстанда кітап басудың дамуы.
Баспа 1920 жылы қараша айында қабылданған №7 қаулысымен бекітілген "ҚССР Мемлекеттік баспасы туралы ережеге" сәйкес қазақ халқын сауаттандыру мақсатында Қырғыз Орталық Атқару комитетінің жанынан Орынбор қаласында құрылған. Аталмыш қаулыны қабылдауға және қазақ баспасының түп-тамыры саналатын қазіргі "Қазақстан" баспасының құрылуына Сейітқали Меңдешұлы (төраға), Радус-Зенкович, Әбілқайыр Досұлы, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Алманов және Әлихан Бөкейханов сынды комитет мүшелері түрткі болып, өз ықпалдарын тигізген.
Баспа құрылымдық, мәртебелік жағынан бірқатар өзгерістерді басынан кешірген. 1921 жылы 17 тамызда ол халық ағарту комиссариатының құрамына оның Мемлекеттік баспа жөніндегі бас басқармасы ретінде берілсе, 1922 жылы 8 наурызда сол комиссариат жанындағы Баспасөз істері жөніндегі (бас баспа) бас басқармасына айналдырылып, қызметі шаруашылық есепке көшірілді. Республикалық Орталық Атқару Комитеті төралқасының 1922 жылдың ортасындағы шешімімен баспа партия мен өкімет, үкімет қаулыларын, декреттерін, басқа да заңдық актыларды қазақ тіліне аударып, басып шығаруға дайындауға, саяси және ғылыми-көпшілік, ауыл шарушылық әдебиетін, денсаулық, гигиена жөніндегі листовкалар шығаруға, әсіресе мектептер мен сауатсыздықты жою үйірмелеріне арналған кітаптар, үгіт-насихат кітапшаларының санын ұлғайтуға міндеттелді.
Алғашқы атауы "Қырғыз мемлекеттік баспасы" болған баспа Бүкілресейлік мемлекеттік баспаның бөлімшесі құқығында болып, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің мемлекеттік баспа ісі туралы ортақ ережелеріне бағынған. 1936 – 41 жылдары “Қазақтың мемлекеттік саяси әдебиет баспасы” деп аталды. 1941 жылы қаңтарда республикалық баспалар қосылып, “Қазақтың мемлекеттік біріккен баспасы” аталды. 1950 жылы қаңтардан “Қазақ мемлекеттік баспасы”, 1964 жылдан “Қазақстан” баспасы болды. Баспада қоғамдық-саяси әдебиет және ғылыми-техникалық әдебиет редакциялары жұмыс істеді. “Қазақстан” экономика, мәдени-әлеуметтік, философия, саясаттану, құқықтану, медицина салаларына арналған кітаптарды, қазақ күнтізбесін шығарды.
Баспа өнімдері негізінен орыс, қазақ тілдерінде жарық көрді. Ұйғыр тілінде бұқаралық-саяси, неміс тілінде әдеби кітаптар басылды. 1922-1927 жылдар аралығында баспа 75 атаумен көркем әдебиет шығармаларын жариялаған. Олардың 18-і халық ертегілері, 12-сі аударма шығармалар, 45-і қазақ жазушыларының туындылары. Алты жылдың ішінде баспа 319 кітапты 950945 данамен шығарған. 1922-1923 оқу жылында 14 оқулық кітап шығарылды. Кеңес елінің басқа да басшыларының кітаптары да осы баспадан шығып тұрды. 1929 жылға дейін В.И.Лениннің 25 еңбегі 117 мың данамен қазақ тілінде шыққаны туралы мәлімет бар. 1920-30 жылдары қазақ әдебиетінің туындыларын жарыққа шығаратын бірден-бір мекеме болған. Мұхтар Әуезовтың, Сәкен Сейфулиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтың, Ғабиден Мұстафиннің, Жақан Сыздықовтың, Қалмақан Әбдіқадыровтың, Сабыр Шариповтың, Иса Байзақовтың, Жұмат Шанинның, Асқар Тоқмағамбетовтің, Ғали Ормановтың және басқа жазушылардың алғашқы кітаптары осы баспадан шыққан.
Қазақ баспасының қара шаңырағы саналатын аталмыш баспадан көптеген қазіргі баспалар жетіліп шыққан болатын. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы құрылды. Сол жылдары Қазақстан саси әдебиет баспасы, комсомол баспалары да құрылған болатын.Көп өтпей төрт баспа қайта біріктіріліп, Қазақ мемлекеттік біріккен баспасы жұмыс істей бастады. 1947 жылы біріккен баспа құрамынан Қазақ оқу-педогогика баспасы бөлініп шығып, барлық мектеп оқулықтарын шығару соған тапсырылды. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы құрылып, көркем әдебиет түгелімен соған берліді. 1960 жылы ауыл шаруашылығы әдебиеті негізінде Ауыл шаруашылығы әдебиеті баспасы құрылады. 1964 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі арнайы қаулы қабылдап Қазақ мемлекеттік баспасына - "Қазақстан", Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасына - "Жазушы", Қазақ оқу-педагогика баспасына - "Қайнар", Ғылым Академиясының баспасына - "Ғылым" баспасы деген атаулар берілді.
"Қазақстан" баспасында екі бас редакция - қоғамдық-саяси әдебиет және ғылыми-техникалық әдебиет бас редакциялары құрылып, оларға қарасты салалар болған.
1976 жылы "Қазақстан" мен "Жазушы" баспаларының жастар әдебиеті редакциялары негізінде "Жалын" баспасы құрылған.
Көптеген өзгерістерге қарамастан "Қазақстан" баспасы республиканың ең ірі кітап баспасы болып, өз орнын сақтай білген. "Қазақстан" баспасы Халықтар Достығы орденімен марапатталған (1975).1976 жылы 243 түрлі кітапты 2 миллион 894,2 мың данамен шығарып, "Мектеп" баспасынан кейінгі екінші орынды иемденген болаты.
1980 – 90 жылдары баспаның жекелеген редакциялары негізінде салалық баспалар – “Жеті жарғы”, “Қаржы-Қаражат”, тағы басқа құрылды. 1998 жылы қараша айында жекешелендіріліп, құқықтық мұрагері ретінде “Қазақстан” баспа үйі мойынсерігі ұйымдастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет