Азақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні Бастауыш сынып


________________________  Әділ - қазылар және мектеп директорына сөз беріледі.  2 - жүргізуші: 1 топ кішкене гүлдей жайнаған қыздарымыздың ана



бет8/8
Дата15.02.2024
өлшемі91.76 Kb.
#491742
1   2   3   4   5   6   7   8
азақша Тәрбие сағат

8.________________________ 
Әділ - қазылар және мектеп директорына сөз беріледі. 
2 - жүргізуші: 1 топ кішкене гүлдей жайнаған қыздарымыздың аналарына арнаған «Анашым» әнін тыңдауға шақырамын. 
(ән соңынан кейін тақпақ жолын хормен айтып сыйлықтарын аналарына табыстау рәсімі. 
Құшағыңа кіргенде, 
Жылынамын бір дем де. 
Не жетеді көзіңе, 
Мейірімді күннен де. 
Үн қатасың бал тілмен, 
Еркелеймін әр күн мен. 
Құттықтаймын анашым, 
Сегізінші наурызбен!!! 
1 - жүргізуші: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт. 
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт. 
Ата: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі, — депті қарт. Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы ертеңгілігімізді аяқтаймыз. 
- Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау - саламатта болыңыздар! 
2 - жүргізуші: 
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар, 
Барымен шат-шадыман болыңыздар. 
Қоштасайық, келесі кездескенше, 
Әрдайым сау - саламат болыңыздар! 

Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да 8 наурызәйелдер күні мерекелеріңіз құтты болсын!


Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі Тәрбие сағат мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. 2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. 3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд. Тәрбие сағат барысы: «Қара жорға» биімен басталады Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. 1. Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым, Мәпелеп,еркелеттің,аяладың Лебізіңе алғысты айта келе Ән жырымды қабыл ал аналарым! 2. Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпыраған. Балғын шақты біз бақытгы балалар! 3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар! Ән: «Аналар алтын» Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз. Жүргізуші: олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық. Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік Сайыс шарттары. 1. Таныстыру 2. Мақалды жалғастыр 3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік. 4. «Шешеге қарап-қыз өсер». -қолөнер сайысы Жүргізуші: Ак көңілмен, ниетпен, Әділ баға берсін деп, Шаршамай, еш жалыкпай, Айтқаныңызға көндік деп, Әділқазы алқасын, Сайлап алсақ жөн болар. – Әділқазылар: 1. 2. 3. 4. Оқушы: Құрметтейікадамдар,аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істелік эр қадамды. 5.Оқушы: Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған, Анаға бас иеміз! Туған елдің тілі деп, Туған жердің үні деп, Анаға бас иеміз! 6.Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған, Алуан-алуан ауыр сынды аттаған, Адалдықты ар-намысты сақтаған Мен ананың сонысына мақтанам. Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық. Өнер қуып аналар өтер деймін Бір басына өнерлері жетер деймін. Бәсекеге түскен аналар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік. 1. 2. 3. 1-ші жүргізуші: Тамызып мақал тілінің Білімді болсаң жарарсың. Ұшқыр ой, талап, біліммен Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында. Мақалдарды жалғастырыңдар. 1. Ауылдан асқан байлық, ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/ 2. Талапсыз жас, Қанатсыз_________. /құс/ 3. ________ қылығымен көркем. /қыз/ 1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/ 2. _______ көңілі балада. /ананың/ 3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/ 1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/ 2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/ 3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ / 1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./ 2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. / 3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. / 1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы / 2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./ 3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./ 1. Өле жегенше, /бөле же./ 2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./ 3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты. Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын! Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен. Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен. Өрлесін елдің берген бақыт бағы. Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп «Алатау» әнін қабыл алыңыздар Жүргізуші: келесі сайыс түрі Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу (аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.) Аналарға арналған: 1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп эртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба? 2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз? 3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз? Қыздарға арналған 1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінэлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің? 2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің? 3.Ата-аналар жиналысыболатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің? 7 окушы: Анам менің аялап, әлдилеген Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы Қалайша ұмытамын бал татыған Анашым алдыңызда қарыздармын Өтеуден оны ешқашан қарыздармын Ананың баласына махаббаты Мәңгілік алаулаған шам-шырағы Жүргізуші: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. Ешқайсысы жоқ сияқты Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен кыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек 8. Оқушы: Ана дейміз бэріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген — алтын қазық, алтын бақ. 8. Оқушы: Ана деген — асыл жандар болаттай, Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар, қадірлей біл Ананы, Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай 8. Оқушы: Сан мың шэкірт өзіңнен тэлім алды. Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды. Әр күн сайын атыңды қайталаймын. Еске алғандай таң сайын эн ұранды. 8. Оқушы: Рая апай басшылардың бірі ғой, Басшылардың ішіндегі гүлі ғой Мектебімнің жақсы атанып жүргені Осы апайдың арқасында біліп қой Мерекелеріңіз құтты болсын! Жүргізуші: Әділ қазы алқасы, Әділден берсін багасын. Жеңіске жеткен қыздардың Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік. Номинациялар: 1.Биязы ана 2. Мейірімді ана 3. Парасатты ана Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. 12. оқушы: Ана деген адамға Атамекен. Әр адам анаменен адам екен. Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым. Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз 13 оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде, Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде. Аман-сау болайықшы көріскенше Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2348-nauryz_8_ana_mereke.html#read
© www.ZHARAR.com Тәрбие сағат тақырыбы: Ана – аса қымбатты жан Тәрбие сағат мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері. Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, классымыздың ер балаларының дайындаған «Ана - аса қымбат жан!» кешімізге қош келіпсіздер! Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!! Мұғалім: Уа, ағайын, ағайын. Көктем келді жайнаған. Бау - бақшада бүгін той. Қош келдіңіз ағайын. Раушан гүлдер жайнаңдар. Гүлдей жайнап тұрыңдар. Құттықтаймыз сіздерді. Мерекеңмен бүгінгі. 1 - оқушы: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын шашайық. Хор: «Құттықтаймын, мама, мерекеңмен!» Мұғалім: Ақ анашым, аппағым. Өзің жайлы тақпағым. Арналады сіздерге. Бар баланың тақпағы. (Балалардың тақпағы айтылады) 2 - оқушы: Алтын анам жасымнан аялаған Мен үшін игілікті аямаған Сабақтан шаршап үйге келгенімде Бал сөзі - жаным деген, сая маған. 3 - оқушы: Құтты болсын, ардақты ана Асыл анам мерекең, Құтты болсын теңдік алған. Қуанышты берекең. Мұғалім: - Барша аналарға арнаған Алмаздың орындауында өзбек биін тамашалаңыздар. 4 - оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана. Келтірген дүниеге нелер дана Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ Өмірдің алтын кілті сонда ғана. 5 - оқушы: Бал бөбегін баптаған. Мамам үшін мақтанам! Аялайтын біздерді, Көп жасасын жақсы адам. Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік. Ойын: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу. 6 - оқушы: Менің әжем, гүл әжем Алтын әжем, күн әжем. Апам үшін, мен үшін Нағыз ана тілі - әжем. 7 - оқушы: Ақ қабақты анашым Күн көкірек мамашым Ақ сүтіңнен суардың Бөбегіңнің санасын. Мұғалім: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, Жылытар жүрегіңді көз көп дейін Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге Қол соғып қарсы алайық «Жорға биін» Би: «Қара жорға» 8 - оқушы: Ана біздің күніміз. Аялаған анамыз. Ана біздің күніміз. Саялаған панамыз Ананың біз гүліміз. Шынар болып өсеміз Ұланды ана қуантып Шырағы боп жанамыз. Ұзақ өмір сүріңіз. Мұғалім: - Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата - аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр. Ойын жарыс түрінде өтеді. Орталарыңыздан үш - үш анадан ортаға шығып сайысқа түседі. Ойын: «Қағазбен орау» Шарты: ортаға 3 ана мен 3 оқушы шақырылады, анасы баласын қағаз біткенге шейін тез орау керек. Мұғалім: Мерекені қарсы алып, Мәз болғанда барша жұрт, Гүл ұсынып қыздарға, Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап Ауырмашы анашым Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін. Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа Осымен кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2232-nauryz_8_ana_mereke.html#read
© www.ZHARAR.com Тәрбие сағат тақырыбы: Аяулы менің анашым Түрі: ауызша журнал Тәрбие сағат мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Тәрбие сағат көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б. Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі Жүргізушілерді таныстыру. 1-жүргізуші: Бисехан Гүлзат 2-жүргізуші: Рзаш Самғат Тәрбие сағат жоспары: Журналдың бетшелеріне шолу 1-бет: Кіріспе 2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар) 3-бет: «Болашақ шақ-бақытты шақ» (әңгімелесу) 4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер) 5-бет: Сөзжұмбақ 6-бет. Суреттер ІІ. Негізгі бөлім 1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен! 2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз. 1-бет: Кіріспе сөз Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Хормен: Анашым әнін орындау 1-жүргізуші: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті жан аналар! 2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істелік әр қадамды. 2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар) Нұрбақыт: «Анаға сыйлаймыз» Көктемде көңілді Құстар кеп жатқанда, Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға. Гүл ектік аулаға Көктемде көңілді. Бақта да, бауда да Ақ гүлдер өрілді. Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден Анаға сыйлаймыз. А. Бақтыгереева Ибраһим: «Апама» Әлпештеген, аялаған, Ақ сүт берген, апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын. М. Хакімжанова Айзанат: «Анамызға мың алғыс» Аялаған , баптаған, Асыраған, сақтаған. Сақтандырып күнде еппен, Айтып бәрін үйреткен Анамызға мың алғыс! Ерлік еткен біз үшін, Еңбек еткен біз үшін. Еркелеткен біздерді, Еркіндеткен біздерді. Аналарға мың алғыс! «Адал бол, - деп балдырған», Әділдікке баулыған, Жүрегін де баулыған, Тілегінде мархабат Анамызға мың алғыс! 1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың, Әпкелер мен бауырлар, балалардың. Мерекеңіз ұлассын қуанышқа, Бұл күндер көксеген даналардың. Ән: Ақ мамам 3-бет: «Болашақ шақ - бақытты шақ» (әңгімелесу) Әңгіме: «Анамның қолдары» Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді. Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді: «Анамның қолдары. ...Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...» Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па? Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді. Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді. Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен: - Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді. Би: «Қаражорға» 2-жүргізуші: Білмесең надан боласың, Жау қолында қаласың, Үйреніп бәрін біле алсаң, Ақылың жетіп толасың! 4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер) Әсет: Ананың сүті - бал, Баланың тілі - бал. Орынша: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Олжас: Анасын көріп, қызын ал, Аяғын көріп, асын іш. Ақбаян: Анасының тілін алмаған азапқа қалады. Қуандық: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя». Динара: Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». Заманбек: О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ». Ақкенже: В. А. Сухомлинский: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың». 1-жүргізуші: Алақаны ақ самал, Мәпелеген, жан ана. Көкте күнім батса да, Өзің күнсің балаңа. 5-бет: Сөзжұмбақ - Бүгінгі мереке иелері аналарымызға арнап сөзжұмбақ құрастырылып келген болатын, сол сөзжұмбақты шешу. 2-жүргізуші: Пайдаланса уақытты, Біздің қыздар бақытты. Арманға жетер балалар, Аман болсын аналар! 6-бет. Суреттер - Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тамашалау. ІІІ. Қорытындылау 1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. 2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды. Ана –біздің күніміз! Ананың біз - гүліміз! Бізді, ана, қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. 

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2227-nauryz_8_ana.html#read
© www.ZHARAR.com Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана өмір шуағы» Тәрбие сағат мақсаты: 1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. 2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Тәрбие сағат көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер. Тәрбие сағат барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу. Ананың сүті – бал, Баланың тілі – бал. Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы. Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі. Ана сүтін ақтамағанды, Ешкім мақтамайды. Ана – өмір себуші. Қыз ақылы анадан. Ана жүзі – күлімдеген күн көзі. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын! 1 – бөлім. Көрініс "Ата мен бала" Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты. Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды. Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты. «Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен. Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды. Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады. Автор: Хан ұлдарын қасына жинады. Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім? Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен. Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде. Патшаға абыз қария келеді. Қария: Дат, тақсыр! Хан: Датың болса, айт! Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке. Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды. Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар! Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз? Хан: Өнеріңді көрсет. Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі. Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады. 1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым. 2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім. 3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым. 4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын. 5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің. 6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым. Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді. Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты. Сабина: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім? Бәрі:- Ана. Сабина: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім? Бәрі: – Ол – мейірімді ана. Сабина: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін. Ән "Құттықтаймын мама туған күніңмен" Әдеби монтаж. Нұрдәулет: «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап, «Ана» дейді жас сәби де жарқылдап. «Ана» деген – бәйтерегі өмірдің, «Ана» деген алтын қазық, алтын бақ! Сабина: Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту – таралғының керегі жоқ. Заманбек: Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүние жүзінің озық ойшыл жандары 8 - наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі. Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі. Бақытжан: Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен, Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен. Төрлесін елдің берген бақыт бағы, Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен! Талшын: Ана десем алғыс алам халқымнан, Ана десем теңіз болам шалқыған. Ана десем ашылады қабағым, Ана десем әділдікті ұғамын. Жанболат: Анам менің панам ғой, Содан қорған табам ғой Асықпа, ана, ертең – ақ Отың болып жанам ғой. Бауыржан: Әлпештеген баласын, Ана бақыт – ана күн. Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын! Әділбек: Құрметтейік, о адамдар аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі, ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істейтін әр қадамды. Нұрдос: Аналар – ау менің шалқар көлдерім, Көлдерім мен асқар – асқар белдерім. Мына өмірде қуанышты жүргенім, Сенің арқаң бұл өмірге келгенім. Бекхан: Бастадым сөзімді «Ана» деп мен, Себебі анам ғой мені адам еткен. Өмірдің бар асылын бойына жиған, Дүниенің ардақтысы анам екен. Әсел: Сенен өскен балалар, Сенен өскен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті асыл аналар. Айбек: Достықты біз ойлаймыз, Бірге күліп ойнаймыз. Қыздарды да құттықтап, Мерекесін тойлаймыз. Аружан: Адам бар ма ана сүтін татпаған, Алуан – алуан ауыр сынды аттаған. Адалдықты ар намысты сақтаған, Мен анамның сонысымен мақтанам. Алтынай: Әже деген көп шығар, Әжелердей жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі. Оңалай: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз. Арыстан: Ерлік, еңбек атқарған, Еңбегімен мақтанған. Ел сенімін ақтаған, Айналайын ақ мамам. Аида: Қанаттанса балапан, Қалайынша ұшпайды. Әрбір қыз, әр бала, Анасын ұқсайды. Қасым: Ана – бақыт, ана күн, Ана – өмір тірегі. Ана – өмір себуші, Ана – сарқылмайтын бұлақ. Абзал Айдос Жандос Көрініс: «Ананың жұмбағы». Автор Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті: Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер? Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім. Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім. Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім. Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы. Ана: Жарайсың, кенжетайым! Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын. Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар! Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды. ІІ бөлім. Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын, Көкжиектен таң сайын асықты Күн. Келді тағы көктемнің мерекесі Дидарыңа шуағын шашып бүгін Мерекелік ән – шашу. Ән: «Аяулы анашым» Би: «Танго» Би: Шығыс биі Қорытындылау: Ата – аналарға, мектеп директорына сөз беру. Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2231-nauryz_8_mereke_ana_sagat.html#read
© www.ZHARAR.com Тәрбие сағат тақырыбы: Ана — өмірдің гүлі Тәрбие сағат мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. 2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. 3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд. Тәрбие сағат барысы: «Қара жорға» биімен басталады Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. 1. Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым, Мәпелеп,еркелеттің,аяладың Лебізіңе алғысты айта келе Ән жырымды қабыл ал аналарым! 2. Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпыраған. Балғын шақты біз бақытгы балалар! 3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар! Ән: «Аналар алтын» Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз. Жүргізуші: олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық. Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік Сайыс шарттары. 1. Таныстыру 2. Мақалды жалғастыр 3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік. 4. «Шешеге қарап-қыз өсер». -қолөнер сайысы Жүргізуші: Ак көңілмен, ниетпен, Әділ баға берсін деп, Шаршамай, еш жалыкпай, Айтқаныңызға көндік деп, Әділқазы алқасын, Сайлап алсақ жөн болар. – Әділқазылар: 1. 2. 3. 4. Оқушы: Құрметтейік,о адамдар,аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істелік эр қадамды. 5.Оқушы: Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған, Анаға бас иеміз! Туған елдің тілі деп, Туған жердің үні деп, Анаға бас иеміз! 6.Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған, Алуан-алуан ауыр сынды аттаған, Адалдықты ар-намысты сақтаған Мен ананың сонысына мақтанам. Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық. Өнер қуып аналар өтер деймін Бір басына өнерлері жетер деймін. Бәсекеге түскен аналар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік. 1. 2. 3. 1-ші жүргізуші: Тамызып мақал тілінің Білімді болсаң жарарсың. Ұшқыр ой, талап, біліммен Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында. Мақалдарды жалғастырыңдар. 1. Ауылдан асқан байлық, ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/ 2. Талапсыз жас, Қанатсыз_________. /құс/ 3. ________ қылығымен көркем. /қыз/ 1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/ 2. _______ көңілі балада. /ананың/ 3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/ 1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/ 2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/ 3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ / 1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./ 2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. / 3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. / 1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы / 2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./ 3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./ 1. Өле жегенше, /бөле же./ 2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./ 3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты. Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын! Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен. Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен. Өрлесін елдің берген бақыт бағы. Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп «Алатау» әнін қабыл алыңыздар Жүргізуші: келесі сайыс түрі Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу (аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.) Аналарға арналған: 1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп эртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба? 2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз? 3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз? Қыздарға арналған 1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінэлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің? 2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің? 3.Ата-аналар жиналысыболатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің? 7 окушы: Анам менің аялап, әлдилеген Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы Қалайша ұмытамын бал татыған Анашым алдыңызда қарыздармын Өтеуден оны ешқашан қарыздармын Ананың баласына махаббаты Мәңгілік алаулаған шам-шырағы Жүргізуші: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. Ешқайсысы жоқ сияқты Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен кыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек 8. Оқушы: Ана дейміз бэріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген — алтын қазық, алтын бақ. 8. Оқушы: Ана деген — асыл жандар болаттай, Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар, қадірлей біл Ананы, Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай 8. Оқушы: Сан мың шэкірт өзіңнен тэлім алды. Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды. Әр күн сайын атыңды қайталаймын. Еске алғандай таң сайын эн ұранды. 8. Оқушы: Рая апай басшылардың бірі ғой, Басшылардың ішіндегі гүлі ғой Мектебімнің жақсы атанып жүргені Осы апайдың арқасында біліп қой Мерекелеріңіз құтты болсын! Жүргізуші: Әділ қазы алқасы, Әділден берсін багасын. Жеңіске жеткен қыздардың Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік. Номинациялар: 1.Биязы ана 2. Мейірімді ана 3. Парасатты ана Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. 12. оқушы: Ана деген адамға Атамекен. Әр адам анаменен адам екен. Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым. Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз 13 оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде, Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде. Аман-сау болайықшы көріскенше Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2230-nauryz_8_ana.html#read
© www.ZHARAR.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет