Ердос КЕМАЛШАЕВ,Қазақ Ұлттық университеті Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының магистранты,
Білімдіге жол ашық
Қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу орындары заман талабына сай маман даярлай ала ма? Бұл көптеген талапкерлерді, ата-аналарды, жұмыспен қамтушыларды толғандырып отырған мәселе. Елдегі білім беру жүйесі біртіндеп халықаралық стандартқа жақындап келеді, бірақ Еуропа, Америка, Канададағыдай сапалы білім беруге дайынбыз ба?
Рейтингі жоғары шетелде білім алу кез келген талапкердің арманы деп ойлаймын. Алайда атышулы Гарвард, Оксфорд университеттері Қазақстанда өркендетуге лайықты үлес қоса алатын мамандар даярлап бере ала ма? Бұл университеттер атақты ғалымдарды, бизнесмендерді, саяси тұлғаларды әзірлеуге атсалысты. Олардың бәрі терең білімінің арқасында елінің дамуына қомақты үлес қосты, теориялық білімін тәжірибеде қолдана алды. Өйткені рейтингі жоғары еуропалық және америкалық жоғары оқу орындары өз елдерінің жұмыспен қамтушыларының талабына сай маман даярлауға бейімделген. Осы орайда «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып келген қазақ жастарының елімізде өз мүмкіндігін толық пайдалана алмай келе жатқанын айта кетуіміз керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – білім беру жүйесінің жетекшісі. Университетте халықаралық стандарттарға сай бірнеше сатылы білім алу жүйесі бойынша заман талабына сай маман даярланады. Бүгін мен Философия және саясаттану магистратура бөлімінде білім алу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы айтқым келеді. Факультет әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ірі білім беру орталығы болып табылады. Мұнда төрт деңгейде – бакалавриат, магистратура, Phd –докторантура, МВА бағдарламалары бойынша мамандар даярланады.
Философия және саясаттану факультеті 8 мамандық бойынша магистратура оқу үдерісін жүзеге асырып отыр: философия, дінтану, психология, саясаттану, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, педагогика, психология және мәдениеттану.
Қазір магистратура бөлімінде оқу көптеген талапкерлерді қызықтырады. Бакалавр бағдарламасын тәмамдаған көптеген студент өзіне қажет, қабілеттеріне сай нағыз мамандықты таңдауға енді ғана дайын болғандай сезінеді. Тек үшінші-төртінші курсқа қадам басып, бұл мамандықтың болашақта не беретінін біліп әрі қарай магистратурада басқа мамандықты немесе осы мамандықты тереңірек игеру керек екендігіне көздері жетіп жатады. Университетте магистратура бөлімі бойынша екі бағытта маман даярланады: ғылыми-педагогикалық және бейімді бағыт бойынша.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу үдерісі екі академиялық жылға арналған. Академиялық жыл 15 аптадан тұратын екі семестрге
бөлінеді. Магистратураның оқу жұмыс жоспарлары құрылымы мен мазмұны жағынан оқу жоспарларының халықаралық стандарттарына жақындатылған.
Магистранттар екi жыл iшiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады, бiрiншi курс нәтижесінде курстық жұмысты қорғайды, екінші курс соңында магистерлiк диссертация қорғайды. Магистерлiк диссертациялардың жоғары деңгейде жазылуына аса биік талап қойылады.
37
Магистранттар жұмыс жоспарына сәйкес екінші курстың бірінші семестрінде педагогикалық, ал екінші семестрде ғылыми-зерттеу тәжiрибесінен өтеді. Педагогикалық тәжірибе негізінде магистранттар болашақта университетте дәріс оқуға тәжірибе жинақтайды, болашақта олар оқытушы бола алады. Ғылыми-зерттеу тәжірибе базасы ретінде өндірістік кәсіпорындар, әлеуметтік орындар, ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары және мемлекеттік мекемелер болып отырады.
Сонымен қатар 1-2-курс магистранттары магистрлік диссертацияға қатысты теориялық және тәжірибелік ақпарат жинақтау мақсатымен 2 апталық жазғы курстарда – Чехия, Нидерланды, Франция, Германия, Оңтүстік Корея, тағы басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында оқып келді. Бұл тәжiрибе жылда жүзеге асырылып отырады. Мысалы, осы бағдарлама бойынша Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 5 магистранты Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Ханьянь университетінде білімдерін тереңдетуге жолдама алып, жазғы курс соңында магистранттар халықаралық сертификат алып келді.
«Әлеуметтану» кафедрасының 20 жылдық тарихы бар. Ең алғаш рет кафедра 1988 жылы ҚазҰУ-де ашылып, кафедра меңгерушісі болып экономика ғылымдарының докторы, профессор Рогачев Анатолий Акимович тағайындалды. Қазіргі таңда кафедраның біліктілігі жоғары оқытушы-профессорлар құрамын әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Гүлмира Әбдірайымова басқарып отыр. Оқытушылардың негізгі құрамы базалық білімі бар әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс бөлімінің бітіруші түлектері.
«Әлеуметтану» кафедрасында 36 пайыз ғылым докторы және 22 пайыз ғылым кандидаты бар. «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының ашылуы кафедра үшін өте маңызды. Себебі әлеуметтік жұмыс – қазіргі таңда алға дамып келе жатқан маңызды гуманитарлық пән.
Философия және саясаттану бағыты бойынша магистратура бөлімінде білім беру үдерісі ғылыми-зерттеу жұмыстары, педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты, яғни магистранттар ол – болашақ саясаткерлер, дінтанушылар, мемлекеттік қызметшілер, оқытушылар және ғалымдар. Философия және саясаттану факультетінің магистратура бағдарламасының түлектері көптеген компанияларда, мемлекеттік мекемелерде, жоғары оқу орындарында жұмыс істеп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр.
//Айқын.-2013.-28 ақпан.-28б.
38
Қанат ЕСКЕНДІР
Мемлекеттік бағдарламаға ғылыми қолдау
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Аграрлық ғылым, білім және өндірісті «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асыру» атты республикалық ғылыми семинар болып өтті. Семинар жұмысына Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Мүсілім Өмірияев, «Қазагроинновация» АҚ-тың басқарма төрағасы Сергей Могильный және «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі, «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен шағын және орта бизнестің, шаруа қожалықтарының өкілдері мен ғалымдары қатысты.
Республикалық деңгейде өткізіліп отырған бұл шарада «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысты түйткілді мәселелер талқыланып, осыған байланысты жүзеге асырыла бастаған жұмыстар таразыланды. Сонымен бірге, фитосанитарлық жүйе мен ветеринарлық қауіпсіздік, су ресурстары құрылымын дамыту, агроөнеркәсіп саласын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік салаларды агрохимиямен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сынақтан өткізу, аграрлық ғылым мен кеңестік қызмет нәтижелерін нақтылап, қызмет көрсету мен тауарлардың жеткізілуін арттыру мәселелері пысықталды.
Семинарға қатысушылар «Агробизнес-2020» бағдарламасы төңірегіндегі өзекті мәселелерді сарапқа салып, олардың арасынан мақсатты бағдарламадағы кешенді жұмыс істеу жөніндегі ескертпелер назарға алынды. Оның ішінде республикалық, аймақтық мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік мал шаруашылығы саласындағы түрлі аурулардың алдын алу және жойып жіберу, аталмыш дерттерге ветеринарлық бақылау мен қадағалауды күшейту, бұл салаларды ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру секілді мәселелерге де ерекше көңіл аударылды. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Өмірияев журналистерге елімізде соңғы кезде ауыл шаруашылығы саласында орын алып отырған бірқатар даулы мәселелерге байланысты түсінік берді.
Жиын соңында «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шарасына ғылыми-техникалық және ақпараттық-кеңесшілік қолдау көрсету ниетінде ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, оған бағдарлама барысында атқарылатын іс-шаралар жоспарын жасау және Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыну туралы шешім шығарылып, семинардың қарары қабылданды.
//Егемен Қазақстан.-2013.-1 наурыз.-5б.
39
Айзат ҚАДЫРАЛИЕВА, Ұлттық өнер университетінің магистранты.
Ұлт өнерінің мақтанышы
Ерке Есіл өзенінің бойында қоныс тепкен көне Ақмола шаһарының төрінде ұлт өнерінің үлкен мектебі өз шаңырағын көтергеніне биыл 15 жыл толып отыр. Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, білім беру саласының құрметті қызметкері, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаева.
Айман Қожабекқызының өнер әлеміндегі алғашқы үлкен қадамы 1976 жылы Югославия астанасы Белград қаласында өткен Халықаралық конкурстағы жеңісімен басталған болатын. Кейін «Солистер академиясы» деген камералық оркестрін ұйымдастырып, өзі көркемдік жетекші ретінде шығармашылық қызметке кірісті. Қазақстанда, шетелдерде гастрольдерде жүріп, өзінің қаншама есеп беру концерттерін өткізіп, ел қошеметіне бөленіп жүрді. Әйтсе де, бәрібір тағы бір нәрсе жетіспей тұрғандай көрінуші еді.
Атақты музыканттардың қатысуымен Алматы қаласында үлкен фестиваль өткен-ді. Қорытынды концерт өтер күні залда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та болды. Концерттен кейін Елбасы Айман Қожабекқызынан оның болашақ жоспарлары туралы сұрағанда, ол өзінің музыкалық академия ашқысы келетінін жасырмады. Сонда Елбасымыз бұл арманның Алматыда емес, Ақмолада – болашақ Астана қаласында жүзеге асуы толық мүмкін екенін айтады. Бұл 1997 жылы болатын. Осыдан кейін көп ұзамай Ақмоладағы Тимирязев көшесіндегі музыка мектебі мен Жеңіс даңғылында орналасқан музыкалық училище ғимараттары негізінде бірегей оқу орны ұйымдастырылды. Мектеп пен колледждің оқу мүмкіндіктерін жылдам ретке келтіргенімен, жоғары оқу орнын ұйымдастыру көптеген қиындықтар туғызды. Өз мамандығын жетік білетін қызметкерлер қатарын толықтырумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын шешу ісі де оңайға түспегені айтпаса да түсінікті жағдай.
Атақты фирма «Хуго Майер» аспаптарымен Орган залы ашылуына байланысты мерекелік фестиваль ұйымдастырылды. Соған қатысқан Елбасы Айман Қожабекқызына: «Академия құрылды, енді оны кеңейте, көркейте түссек дұрыс болар еді», деген ой айтады. Ұлттық өнер университеті осылай қанат жайды. Бүгінгі күнде өнер ордасында «сәулет», «сурет», «мүсін», «дизайн түрлері бойынша», «интерьер», «имиджмейкер», «дыбысрежиссері», «өнертану», «Актер өнері» және тағы басқа мамандықтар бойынша студенттер дайындау іске асырылып келеді.
«Әлемдік өнер көшіне тек ұлттық өнеріміз, мәдениетіміз арқылы ілесе аламыз. Ұлттық сипатқа толы көркем туындыны дұрыс дәріптеу үшін оның мазмұндық ішкі қыр-сырларына үңіліп, құпиясын ашуды құбылысқа айналдыруымыз керек», – дейді профессор А.Мұсақожаева. Сондықтан, өнерлі жастарды тек оқу бағдарламасымен ғана шектемей, олардың ой-өрісін дамыту мақсатында өзге мемлекеттердегі университтермен тәжірибе алмастыру жобалары жүзеге асырылуда. Бүгінде, Университет шығармашылық сарайы «Шабытқа» қоныс аударған. Яғни, мектептің, колледждің, университеттің әрқайсысының өзінің жеке мекенжайы бар. Бүгінде, «Шабытта» екі балет залы, екі театр залы, аэробика залы және жекелеген студиялар жұмыс істейді. «Білім – таусылмас бұлақ, өнер – өмірлік мұрат» екендігін жүрегіне түйген Айман Қожабекқызы шығармашылық жұмысын күннен күнге шыңдай түсіп, өзіне жүктелген қандай қиын іс болса да, қалтқысыз атқаруда.
Бүгінгі күннің талабы бойынша облыстар мен шет аймақтардан келген шәкірттерге әлемдік әдістемелер ұсынылуда. Оқушылар мектептен кейін колледжде, сосын университетте оқу мүмкіндіктеріне ие. Бакалавриаттық
40
білімнен соң одан ары магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік бар. Колледж-университетте еңбек етіп жүрген ұстаздар қазақ өнеріне өз қолтаңбаларын қалдырған Айман Қожабекқызына қанаттас әрі әріптес бола білер ел мәдениетіне есімдері белгілі азаматтар. Атап айтар болсақ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Е.Рахмадиевтен бастап, композиторлар К.Дүйсекеев, С.Еркімбеков, С.Әбдінұров, музыкатанушылар А.Айманов, Ү.Жұмақова, Т.Егінбаева, әншілер Қ.Байбосынов, Қ.Омарбаев, С.Жұмағалиев, күйшілер О.Дүйсен, Т.Әліпбаев, Н.Шегебаева, қобызшылар Р.Мұсақожаева, Ә.Қазақбаев, Ғ.Шілдебаева, драматург-жазушылар Ә.Тарази, Р.Мұқанова, белгілі театр сыншысы Ә.Сығай, кинотанушы Б.Нөгербек, суретшілер Е.Асылханов, Б.Ижанов, Л.Мақат, М.Әйнеков және басқа да оқытушылар университеттің қиындығы мен қуанышын бірге көріп, аянбай тер төгіп келе жатқан еңбекқор жандар.
А.Мұсақожаева – іскер ұйымдастырушы, сонымен бірге, ұжымның қамын ойлайтын жанашыр басшы. Сөзі мен ісі бір арнада тоғысқан Айман Қожабекқызы мәдени-рухани тұрғыдағы даму шараларына да ден қоюда. Өнер ордасында өзіндік кәсіби деңгейін қалыптастырып, қазақ өнерінің шаң жұқпас жүйрігі атануға, білімін биіктен көрсетуге талпынып жүрген талантты жастар баршылық. Олардың сахналық ойынын көріп, әндерін тыңдап, шағын шығармашылық концерттерін тамашалағанда кәусәр бұлақ тұнығынан қанып ішкендей рахат сезімге бөленесіз. Сонымен қатар, түрлі мамандықтардың студенттері көптеген конкурстарға, фестивальдерге жиі қатысып, әр мазмұндағы концерттік қойылымдары сан мемлекеттердің үлкен сахналарында үздіксіз қойылып келеді.
Профессор А.Мұсақожаева Астана, Алматы, Мәскеу, Бішкек консерваторияларындағы педагогикалық қызметінен бөлек, Еуропа, Америка, Оңтүстік Корея өнер мектептерінде шеберлік сыныптарын жүргізіп жүр. Оның асыл арманы – өзінің көз алдында бүршік жарып, өркендеп келе жатқан қазақтың жасөспірім ұл-қыздарын әлемге таныту. Ол үшін өнерге әлі де көбірек көңіл бөлінсе деген тілек-талабын жасырмайды. Содан да оқу орнында 20-дан асатын түрлі мамандыққа небәрі 150 грант бөлінгеніне қынжылатыны бар. «Береке-бірлік болса, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ, өнерлі ұрпақтың келешегі де нұрлы болмақ», – дейді Айман Қожабекқызы келер күнге деген кемел сеніммен.
А.Мұсақожаева басшылық қызметті мінсіз атқарумен бірге скрипкада да шебер ойнайды. Әлемдік классика тұңғиығына терең бойлайтын музыкант көптеген елдер байқауларында ұлтымыздың атын шығарып жүр. Әлемдік сахналарда Моцарт, Бетховен, Бах, Брамстармен қатар, қазақтың Еркеғали Рахмадиев, Тілес Қажығалиев, Ғазиза Жұбанова, Нұрғиса Тілендиев секілді композиторларының шығармаларын, халқымыздың ғасырлардан ғасырларға келе жатқан күйлерін орындап, шар тарапқа танытып жүргені қандай қуаныш. Шетелдерге гастрольмен, концерттік бағдарламалармен бара қалғанда, ең бірінші, өзіміздің ұлт аспаптар оркестрін алға шығарып, оларға этнофольклорлық шығармаларды ойнату Айманның әдетіне айналған. Есімінің Кембридж университетіндегі халықаралық өмірбаян орталығы жариялайтын «20 ғасырдың 2000 көрнекті музыканты» атты дүниежүзілік құрметті тізімге енгізілуі де Айманның талантына, орындаушылық шеберлігіне берілген зор баға.
// Егемен Қазақстан.-2013.- 5 наурыз.- 3б
Ахылбек КУРИШБАЕВ, ректор Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина, доктор сельскохозяйственных наук, профессор, академик Российской академии сельскохозяйственных наук
Кадры для АПК: по международным стандартам
Лучший опыт вузов и научных центров из 16 стран мира использует в подготовке специалистов КазАТУ им. С. Сейфуллина.
Знания и профессиональные навыки становятся ключевыми ориентирами современной системы образования, подготовки и переподготовки кадров, отмечается в Послании Президента Нурсултана Назарбаева народу Казахстана. КазАТУ им. С. Сейфуллина реализует важнейшие положения этого программного документа, касающиеся высшей школы, последовательно совершенствуя качество обучения будущих специалистов для агропромышленного комплекса.
Речь идет в первую очередь о внедрении международных стандартов в подготовку кадров.
На сегодня наш университет реализует международное сотрудничество в сфере образования и науки с 47 организациями образования и научными центрами ближнего и дальнего зарубежья из 16 стран мира. Это такие вузы и научно-производственные организации, как Университет прикладных наук Вайенштефан, Институт паразитологии Гиссенского университета им. Ю. Либиха (Германия), Университет Бас (Англия), государственные университеты штатов Северной Дакоты, Оклахомы, Канзаса, Колорадо, Пенсильвании (США), Высшая сельскохозяйственная школа Анже (Франция), Миланский и Венецианский университеты (Италия), Университет Гази, Академия туризма (Турция), Союз фермеров ЛОГО «Сельское хозяйство и экологическое равновесие с Восточной Европой» и другие. А также национальные и государственные университеты Украины, Беларуси, 24 вуза России.
255 преподавателей и 47 магистрантов и докторантов повысили квалификацию в вузах ближнего и дальнего зарубежья. Наши преподаватели и сотрудники принимают активное участие в конкурсах таких международных образовательных и научных программ, как Немецкая служба академических обменов, Американский совет по образованию, Британский cовет, Посольства стран Европейского союза, США и Азии, а также Европейского союза «Темпус». По итогам этих конкурсов они плодотворно реализуют 11 международных научно-образовательных проектов совместно с партнерами из США, Англии, Германии, Швейцарии, Италии, Франции, Австрии, Бельгии, Польши, Литвы.
Успешно функционирует трехуровневая модель (бакалавриат – магистратура – докторантура) по кредитной технологии обучения. Благодаря весомой финансовой поддержке Министерства образования и науки в вузе активно развивается программа внешней и внутренней академической мобильности обучающихся и преподавателей. Начиная с 2012 года внедряется полиязычное образование.
Начиная с 1 сентября по 31 декабря 2012 года около 20 зарубежных ученых из ведущих университетов США, Германии, Италии, Бельгии, Малайзии, Чешской Республики, Болгарии, Польши, Эстонии, Венгрии, Турции и Беларуси читали лекции и проводили практические занятия для студентов, магистрантов и докторантов PhD. Наши студенты впервые слушали лекции иностранных профессоров на английском языке.
В конце пребывания в нашем университете каждый зарубежный профессор проводил мастер-классы, традиционные и виртуальные «круглые столы», участники которых с большим интересом обсуждали современные проблемы органического сельского и лесного хозяйства, агрономии, охраны почв, экономики, механизации и энергосберегающих технологий в АПК, землеустройства и кадастра, генетики, ветеринарии, теории и практики разработки совместных научно-образовательных проектов и их продвижение в европейском пространстве.
Проектирование непрерывного образования при подготовке специалистов для АПК акцентирует внимание на профильном обучении. Так вот, только за последние годы 128 студентов прошли производственную и учебную практику
42
в ведущих хозяйствах Германии, Франции, Турции, КНР.
Приказом Министерства образования и науки Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина включен в число 20 вузов, реализующих полиязычное образование. В рамках реализации разработанной в университете программы в сентябре 2012/2013 учебного года полиязычная подготовка кадров была внедрена по пяти специальностям бакалавриата и трем специальностям магистратуры, по которым обучаются 104 студента и 52 магистранта. Преподавание спецдисциплин на английском языке ведут около 30 преподавателей, а в следующем учебном году их число возрастет до 58 человек.
В 2013–2014 учебном году планируется расширить внедрение полиязычного образования еще по четырем специальностям бакалавриата и пяти специальностям магистратуры.
Для обеспечения методического сопровождения полиязычного обучения университетом закуплена учебно-методическая литература на английском языке на сумму 3 619 760 тенге, открыт зал иностранной литературы, зал электронных ресурсов располагает новыми компьютерами, постоянно пополняется фонд на электронных носителях.
КазАТУ эффективно реализует концепцию интернационализации сферы образования. Более 130 иностранных студентов из Афганистана, Таджикистана, КНР, Монголии, Туркменистана, России и Узбекистана успешно обучаются у нас. В текущем году университет занял 6-е место в республике по числу стипендиатов программы «Болашак». Так, в 2013–2014 годах 27 наших преподавателей и магистрантов будут проходить научные стажировки в университетах Швейцарии (Бизнес-школа Монтре), Великобритании (Рединг университет, Кембридж, Восточный университет Англии), Малайзии (Мультимедия университет), Турции (Гази Университет), России (Национальный исследовательский Томский политехнический университет, Институт физики высоких технологий).
Важнейшая составляющая деятельности нашего вуза – совершенствование учебной и материально-технической базы. На основе партнерских отношений с представительством всемирно известной американской компании John Deere и в рамках научно-образовательного консорциума, созданного между вузами и НИИ Республики Казахстан и Республики Беларусь, наш университет получил в дар трактор John Deere и шлейф белорусской сельскохозяйственной техники для использования в учебном процессе.
В целях позиционирования КазАТУ им. С. Сейфуллина на отечественном и мировом рынке образовательных услуг в качестве субъекта интеграции в международное научно-образовательное пространство в области аграрного сектора экономики нами проводится большая работа с посольствами и представительствами зарубежных стран, аккредитованными в Республике Казахстан. Только за последний год были проведены встречи преподавателей и студентов с послами США, Китая, Германии, Беларуси, Украины, Канады. Каждая такая встреча завершается конкретными договоренностями по развитию международного сотрудничества.
Профессорско-преподавательский состав и студенческая молодежь Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина, восприняв положения Послания Президента Нурсултана Назарбаева народу как ориентир в работе и учебе, активно включившись в реализацию Стратегии «Казахстан-2050: новый политический курс состоявшегося государства», с оптимизмом смотрят в будущее. Коллектив ставит перед собой амбициозные цели – расширить доступ к мировому образовательному пространству, повысить качество образования и стать передовым вузом в сфере подготовки профессиональных кадров для агропромышленного комплекса Казахстана.
//Казахстанская правда.-2013.-1 марта.-С.6
43
Владимир ОСИПОВ
Науку – на службу госслужбе
Вчера в Академии государственного управления при Президенте РК прошла первая республиканская научно-практическая конференқия «Стратегия «Казахстан-2050»: совершенствование подготовки кадров и развитие научных исследований в сфере государственной службы». Встреча в подобном формате, как отметил ректор АГУ Болатбек Абдрасилов, проходит в Казахстане впервые. Для участия в диалоге были приглашены представители более 50 вузов республики, осуществляющих подготовку спеқиалистов в области государственного управления. Те, кто не смог прибыть в столиқу, посмотрели онлайн-трансляқию конференқии. То есть охват заинтересованной аудитории был максимальным, а затрагиваемые вопросы никого не оставили равнодушными.
В частности, разговор коснулся качества учебных программ, вопросов организақии учебного проқесса, внедрения интерактивных инновақионных технологий, развития казахстанской научной школы государственного управления, научно-методологического обеспечения. Как отмечалось, мы находимся на новом историческом рубеже. Для решения задач, определенных в Стратегии «Казахстан-2050», требуются новые кадры для государственной службы и, как следствие, новые подходы в их подготовке. В частности, участники встречи коснулись вопроса качества обучения будущих управленқев. По словам председателя Агентства РК по делам государственной службы Алихана Байменова, в стране около 60 вузов готовят бакалавров в области госуправления и более десятка – магистров. Но возможно ли в принқипе найти научно-педагогический состав для такого количества учебных заведений?
– Поэтому сейчас с учетом тех шагов, которые предпринимаются Министерством образования и науки, полагаю, произойдет оптимизақия, – отметил А. Байменов.
Кроме того, председатель АГС говорил о необходимости проработки совместно с министерством новых стандартов образования по соответствующим спеқиальностям для того, чтобы они были ориентированы на квалификақионные требования, предъявляемые к государственным служащим. Отмечалось отставание науки в области госуправления от практики, обусловленное в том числе историческими причинами. В советском прошлом за основу был взят тезис о том, что государственное управление – дело не науки, а партии. В связи с этим Глава государства поставил задачу наращивать потенқиал казахстанской научной школы в области госуправления и госслужбы. На эти қели с 2012 года выделены бюджетные средства.
– Важно, чтобы госуправление было признано в качестве самостоятельной научной дисқиплины, как это принято в мире, – отметил А. Байменов. По его словам, государственные служащие должны знать законодательные основы деятельности госорганов и госслужбы в қелом. Во-вторых, обязаны владеть навыками подготовки качественных аналитических материалов, в-третьих – иметь навыки анализа проблем и обладать умением находить пути их решения. В Казахстане, как подчеркивалось, ощущается дефиқит таких кадров. Ну и, наконеқ, университеты в проқессе подготовки спеқиалистов должны активнее сотрудничать с корпоративным сектором, который всегда первым осваивает лучшие международные практики в области управления.
В ходе встречи также рассматривались вопросы выявления и отбора талантливой молодежи, обучающейся по программам бакалавриата, магистратуры и докторантуры, для вовлечения ее в проқесс государственного управления. В рамках конференқии работа проходила по трем секқиям, были проведены мастер-классы по оқенке личностных компетенқий. Большой интерес вызвала выставка учебной, учебно-методической литературы по государственному управлению ученых академии, а также деятельность электронной библиотеки.
//Казахстанская правда.-2013.-5 марта.-С.3
44
Достарыңызбен бөлісу: |