Ќазаќстан экологиоясы



бет12/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Үстірт қорығы
Қорық 1984 жылы Батыс Қазақстандағы Маңқыстау аймағы Ералиев ауданында құрылған еді. Қорықтың жалпы көлемі 223,3 мың гектар. Орталығы қорықтан 200 шақырым жердегі Жаңа Өзен қаласы қорықтың алып жатқан жері Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Суға тапшы келеді. Жер үсті сулары жоқ. Құрылуының негізгі мақсаты – шөл белдемдеріндегі ерекше табиғи ландшафтарды, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап қалу болды. Қорық аймағында Қазақстанның «Қыязыл кітабына» енген түз тағыларының 12 түрі кездеседі. әсіресе, халықаралық деңгейде қорғауға алынған қарақұйрық, үстірт қойы (муфлон), қабылан, қарақалдардың тіршілік етуі ерекше орын алады. Сол сияқты қорық аймағында құлақты кірпі, құм тышқандары, қосаяқтар, кесірткелер мен жыландардың да көптеген түрлері сақталған. Аталған хайуанаттардың көбі қазіргі кезде түрлі себептермен сиреп бара жатқаны өкінішті-ақ. Ғалымдардың зерттеулері бойынша Үстірт қорығы өзінің жер қыртысының (рельефінің) ерекшелігімен қатар көне дәуір ескерткіштеріне аса бай.
Қорықтың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұнда қатаң климатқа бейімделген қара сексеуілді ормандар, изен-жусанды жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, боялыш, эфемерлер өседі. Ал, тоқтау суларда, бұлақ төңірегінде қамыс, қоға жайқалып тұрады.
Қорықта жиі ұшырасатын құмды алқаптардың табиғаты ерекше келеді. Онда өсімдіктерден еркек шөп, жүзген, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, жығғыл, қара сексеуіл кездеседі.
Қазіргі кезде Үстірт қорығында үстірт қойының, қарақұйрық, үнді жайрасы, қарақал, қабыландардың табиғаттағы саны өсіп, әрі тұрақтанып келеді.


Батыс Алтай қорығы
Батыс Лениногор, Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысының және Зырян аудандарының аймақтарын қамтиды. 1992 жылы құрылған. Жер көлемі 30,73 гектар қорық Қазақстандық Алтайдың Линей, Холзун, Кокшин атты тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аймағында Ақ және Қара Уба өзендері мен Кедрово және Щербоково көлдері, т.б. кішігірімсу жүйелері бар.
Қорықтың климаты Азия және Оңтүстік Сібір аймақтарына тән құбылып отырады.
Қорық негізінен табиғат белдемдерінің тау етегінен бастап субальпі, альпі биіктігіндегі табиғаттың сан алуан тайгалы аралас орманды ландшафттарын қорғауға бағытталған. Қорық өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда орманның 25 типі, қылқанжапырақты ағаштардың көп түрі шоғырланған. әсіресе, бағалы самырсын, май қарағайдың орны ерекше.
Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері сан алуан. Олар: шалғынды дала, бұталар, самырсынды, шыршалы, тайга, субальпі, альпі және биік таулы тундрадан тұрады. әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы бар. Орман іші шипалы жеміс-жидек беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Әсіресе, субальпі белдемдерінде дәрілік өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр және Алтай сарғалдақтарын, бәйшешектердің тұнып тұрған популяцияларын кездестіруге болады.
Альпі белдемдерінің де өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда шөптесін көпжылдық өсімдіктер басым. Топтала өскен аласа қайың, алтай тиындағы, алтын тамыр, марал оты, т.б. өсімдіктер кездеседі.
Биік таулы тундра 2000-2200 метр биіктікте жатыр. Бұл белдемде жатаған бұталы өсімдіктер, осоктар, альпі мүгі, қырықбуыны, альпі сүттегіні, мойыл, т.б. өседі.
Батыс Алтай фаунасы да ерекше болғанымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңадан қолға алынуда. Осы аймақтың фаунасын зерттеуші Б.В.Щербаковтың мәліметі бойынша құстар өте көп тіршілік етеді. Кәдімгі бүркітті, қаршыға, лашын, ителгі, сақалта, ақ құр, саңырау құр, кекілік, шіл, бөдене, ақ дегелек, үкі, жапалақ, көкек сияқты құстарды жиі ұшыратуға болады.
Сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, қабырға (құдыр), бұлғын көптеп кездеседі.
Батыс Алтай қорығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта қорық экологиялық мониторингтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына айналатынына сенім мол. Себебі, табиғат ландшафттары әлі де болса өзінің алғашқы сипатын сақтаған экожүйелер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет