Ќазаќстан экологиоясы


Тақырыбы: Іле-Балхаш бассейінінің экологиялық проблемалары



бет24/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Тақырыбы: Іле-Балхаш бассейінінің экологиялық проблемалары
Балхаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балхаш – Алакөл ойындысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км квадрат, ұзындығы 605 км, ені 9-74км аралығында. Ал, ең терең жері 26 метр. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан оның климаты шұғыл континентальды болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі,Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей, суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аякөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып оның табиғи су деңгейін сақтап отырған ал, қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Балқаш ауданы Іленің оң жағалауында жатыр. Іле өзенінің айдынды-көлді «қоректендіріп» тұратын негізгі арналардың бірі екендігін ескерсек жыл сайын Іледен сусындап отырған Ақдала алқабын жұртшылық көтерген проблемаға қатысты емес деп кім айта алады.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш көлінің экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай су қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай су қоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенінің қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, одан көлемі 300 мың метр куб су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле-Балқаш алабының ауылшаруашылығында барынша пайдаланумен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 пайызға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді, Көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле-Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды. Іле-Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шырайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батбақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле –Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасында тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле-Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, әнші құм атты табиғат туындысы, Алтын Емель Ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн-нан астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқаш мыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сары шаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1990 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы атты» халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Оның негізгілері:



  1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

  2. Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

  3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

  4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

  5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Евразияны да бұрын соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан, әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.


Экология және табиғаттты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында «Балқаш көлін қорғау мәселелерін құқықтық реттеу туралы» мәселе қаралды.
- Ауыр деген жай сөз – көлдің апат жағдайында екендігін ашық айтқан жөн. оған мысал жеткілікті. Ауылшаруашылығындағы пайдаланылатын бүкіл химикаттар осы көлге құятын өзендер арқылы Балқашты ластап жатыр. Жағалауды тұз, құм басып, бұл айналадағы қоршаған ортаны шаңға көмуде. Егер әлі де осылай қол қусырып отыра берсе Балқаш та Аралдың кебін киеді. Қазір жиі әңгіме болып жүрген Балқаш атом электрстанциясын салуға мүлдем болмайды. 2001 жылы Балқаш көліне экологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Ол оның экологиялық жайын жақсарту жөніндегі жұмыстардың бағытын айқындайды. Көлдің және өзен сағасының табиғи кешенінің бірқалыпты экологиялық жағдайын ұстан тұру үшін жылына 15 текше шақырымдай су қажет.

Біз табиғат ананың байлығын өткен бабаларымыздан қалай қабылдап алсақ, өзімізден кейінгі жер басып, су ішетін талғамы жоғары, талабы өршіл ұрпаққа да сол күйінде табыстауымыз керек. Яғни, Арал-Балқаш өмір сүруге тиіс.


Қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге зияны көп құбылыстарды тежеу, тоқату шараларын белгілеу – бүгінгі қайта құру кезінің басты міндеттері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет