Суға түсу маусымына дайындық суда сақ болыңЫЗ! Жақында суға шомылу мезгілі басталады.Өзен-көл,су қоймаларының жағалаулары демалушыларға толады. Көптеген адамдар денсаулығына пайда әкеле отырып,бос уақыттарын су жағалауларында өткізеді



Дата11.06.2016
өлшемі13.08 Kb.
#127436
Суға түсу маусымына дайындық


СУДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Жақында суға шомылу мезгілі басталады.Өзен-көл,су қоймаларының жағалаулары демалушыларға толады. Көптеген адамдар денсаулығына пайда әкеле отырып,бос уақыттарын су жағалауларында өткізеді. Барлық су жағасында демалуды ұнататындарға судың тек қана қуаныш емес, қайғы әкелетінін де ескерткіміз келеді.
Биыл жыл басынан бері облыс көлемінде 4 адам суда қаза болды, 16 адам құтқарылды.Судағы қайғылы оқиғалардың көбі жаз мезгілінде суға түсу, балық аулау, өткелдерден өту, қайықпен қыдыру кездерінде қарапайым ғана суда қауіпсіздік талаптарын орындамаудан болып жатады.

Осы орайда суға түсу маусымына дайындық шаралары: су айдындарына иегерлік ететін мекеме, әкімшіліктер өз тарапынан су айдындарында кезекшілік ұйымдастыру, жағалаулар құтқару құралдарымен қамтамасыз етілуі, қауіпті өзен ,су айдындарына белгілер қоюлары шарт.

Жаз уақытында суға түсетін орындарының жағалауы жайдақ болып келуі,су айдындарының асты тазалануы ол суда балдыр, шырмауықты өсімдіктер, кесек тас, темір қалдықтары, пиала сынықтарынан тазартылуы қажет. Және адамдардың қауіпсіздігі үшін әр суға түсушіге 5 м.кв. ал тұйық суларда ол 2-3 есе көбейтілуі қажет. Өзендерде адамдар суға түсетін жердің ағысы 0.5 метрден аспауы абзал. 12 жасқа дейінгі балалар жағажайға тек ересектермен бірге және олардың қадағалауымен жіберіледі.
Суға түсуге тиым салынған жерлерге суға түспеңіздер.

Суда сақ болыңыздар!


Төтенше жағдайлар департаментінің

Зайсан ауданы бойынша суда құтқару қызметі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет