«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
171
алапат ашаршылықтың, тұтас халықтың рухын сындырған
нәубет заманының бастамасы
ғана болатын. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ф.Голощекиннің арада 1,5 жыл өтіп, 1930 жылдың
14 сәуірінде Сталинге жіберген мына телеграммасынан үзінді келтірейік: «Гурьев округінің
Адай, Жылықос, Доссор, Новогат, Қызылқоға, Еспол, Жаманқала секілді көшпелі аудандары,
т.б. бөліктер де аштықтан зардап шегуде. Ескеріңіз: бұл аудандардың қазақтары көшпелі
мал шаруашылықты, бұрын оларды жартылай көшпелі Ақтөбе,
Орал аудандары астықпен
қамтамасыз еткен. Биыл осы аталған аудандарда ішкі астық айналымының қысқаруына
байланысты Гурьев ауданы астықсыз қалып, жаппай мал сою басталды, нәтижесінде мал
басы күрт азайды.
Кедей-орташалар құмаршық, ақшанқой сияқты шөптермен қоректенуде,
оның бір пұтының бағасы 17 сомға дейін барады, бірақ бұл шөптердің қоры таусылды. Өз
ресурстарымыздан 15 вагон астық бөлдік, бұл өте аз. Біздің есептеуімізше ең кемінде 100 000
пұт астық керек. Орталықтандырылған қорлардан көмек жіберулеріңізді өтініп сұраймыз.
Қызыл Крест тарапынан көмек қажет». Осыдан кейін-ақ, 1928 жылғы ірі байларды тәркілеу
науқаны мен 1930-жылдардағы аштықтың арасында ешқандай байланыс жоқ деп қалай айтуға
болады.
Кеңес Одағының барлық дерлік республикаларын қамтыған бұл зұлмат қазақ халқына
ерекше зардабын тигізіп, өз елінде өгей балаға айналдырды. Ашаршылық зардабын ұмытпау,
оны ащы сабағынан тәлім алу әрбір қазақтың міндеті болып табылады. Жас ұрпақ кеңестік
дәуірдегі әртүрлі әлеуметтік эксперименттер мен адам құқықтарын таптау саясатын түсіне білу
арқылы ғана оның болашақта қайталанбауына кепілдік бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: