«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
169
үшін аудандық комиссиялар кәмпескелеу жүргізілетін ауылдардың бәріне арнайы өкілдер
бөліп, оларды қажетті басшылық және үгіт материалдары мен қамтамасыз еткен. Округтегі 120
ауылға 98 уәкіл бөлінсе, оның 71-коммунист (72,4%), 5-комсомол (5,1%), 22 (22,5%) партияда
жоқтар болған. Оларға көмек ретінде құрылған 48 комиссия құрамында 677 адам, оның 530-ы
кедейлер (78,3%), 121-і батырақтар (17,8%), 26-сы орташалар (3,8%) және 10 әйел болды.
Кейбір аудандарда үкіметтің байларды кәмпескелеу туралы тапсырмасын орындау үшін
жергілікті шолақ белсенділер құлшына кіріссе, кейбір аудандарда әліптің артын бағып, онша
белсенділік таныта қоймапты.
Архив құжаттары көрсеткендей, округ жұртшылығының
басым көпшілігі аудан
орталықтарынан, Жайық өзені бойындағы ауылдардан қашықта құмды жерлерде (Мәмбет,
Бәйет, Қарой, Орпа, Бекетай, Мыңтөбе, Жалаңшағыл, Тума т.б) көшіп-қонып жүрген. Соған
байланысты науқан бойынша келген белсенділер өз жиналыстарына халықтың тек 16-17%
ғана жинай алған. Соған қарамастан кәмпескелеуге ұшырауға тиісті байлардың бәрін дерлік
қамтыған.
Науқан барысында шабындық жерлерді қайта бөлу мен ауыл шаруашылығы объектілеріне
салық салу, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру, кеңестік аппаратты жат, дұшпан элементтерден
тазарту сынды мәселелер де қойылды. Архив деректері көрсеткендей, конференциялар қызу
түрде өтіп, барлық жиындарда өкілдер кедейлер мен батырақтардың осал жерлерін дәл тауып,
«заман сендердікі, сендердің күндерің туды, байлардың мал-мүлкін ортақтандыруға бар
күштеріңді салыңдар» деген сияқты сөздерді олардың санасына әбден сіңіруге тырысқан.
Кейбір жағдайдаларда ауыл кедейлері өз ынтасымен өздерінің байларын ашкерелей отырып,
оларды декреттің шеңберінде жазаға тартуға шақырды. Кедейлер мен батырақтар конфискацияға
ұшыраған тұлғалардың және бөтен элементтердің өткендерін бұлтартпайтын «дәлелдермен»
жеткізіп отырды. Мысалы, Новобогат ауданының Новобогат ауылында Жармағанбетов Ерғали
есімді байды кәмпескелеу туралы жиналыста, оған қатысушылардың
бәрі бір ауыздан оны
кәмпескелеуді жақтап дауыс берген. Кедей Жақып Жантазиев өз сөзінде Жармағанбетовтің
«зиянды элемент» екенін, 1916 жылы қазақтарды тіл жұмыстарына жинақтаған кезде, старшина
Жармағанбетов оны тізімге енгізгенін, бірақ кейін бір бұқа мен 6 сом пара бергеннен кейін
тізімнен алып тастағанын айтып, ағынан жарылған. Орта шаруа Аюпов Сұлтан кәмпескелеуге
іліккен Омаров Майран туралы сөйлегенде, оның ауыл старшинасы болған кезінде болыс
Жоламановпен тығыз байланыста болғанын, бір қойын сойып жеген батырақ Қалиды 6 жыл
бойы тегін жұмыс істеткенін бетіне басқан.
Есбол ауданы № 12 ауылдың азаматы Қарабаев Қаржаубай Беріш руының ірі өкілі, бұрынғы
алашордашыл Әлжанов Ибраштың зиянды әрекеттерін жариялады.
Декретке сай дін өкілдерін де қудалау жүрді. Мысалы, Есбол ауданы № 13
ауылдың
молдасы Дүйісов ауылдық Кеңес пен Қосшы одағы шешіміне сай зиянды элемент ретінде
қуғынға ұшырады.
Айта кету керек, аудандарда өткен кедейлердің жиналыстарында көпшілік жағдайда
байларды кәмпескелеу туралы мәселеден өзге сол кезде қазақ қоғамында орын алған жер дауы,
шабындық дауы, жесір дауы сияқты мәселелер де көтерілген.
Науқан барысында бұл жұмысқа орта шаруалар да тартылған болатын. Үгіт-насихат
жұмыстарында барлық өкілдер орташаларға Кеңес үкіметінің тиіспейтінін,
қайта оларға
кедейлер мен батырақтар сияқты шаруашылықтарын нығайтуға көмектесетінін айтты. Бірақ
уақыт көрсеткендей бас-аяғы 3-4 жылдан кейін орташалар да барлық малдарын ортаға салып,
бір күнде кедей болып шыға келді.
Дегенмен қалың жұртшылық әлі де болса мұндай қатаң шараларға баруға дайын емес еді.
Сондықтан осы науқанға наразылық фактілері де болды.
Мысалы, Теңіз ауданы Госрыбтрест №30 жалпы жиналысында трестің есепшісі болып
істейтін Аполихин бай-феодалдардың мал-мүлкін конфескациялау барып тұрған тонаушылық
деп бағалағаны үшін тиісті орындардың көз қырына ілініп, жазасын алды.
Новобогат