«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
13
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
«ТАРИХИ ЖАДЫ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ»
Д.Қ. Мыңбай
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі
Құрметті Гүлшара Наушақызы, Қырымбек Елеуұлы!
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Ассамблеяның ұйымдастыруымен өткізілетін «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты
форум бүгінгі күні дәстүрге айналып отыр.
Бүгінгі конференцияның «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» деп
аталғандығында да үлкен мән бар екендігі айқын.
Елбасы, өзінің тарихи мақаласында «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының
тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты –
сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса,
ол адасуға бастайды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың
көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» дейді.
Тарих – өткеніміз үшін мақтану, масаттану үшін емес, өткенімізді бүгінгі тірлігімізге тірек
ету үшін қажет.
Тарих – өмір оқулығы болса, тарихи жады – сол оқулықтың мазмұны. Өткенімізді сын
сараптамасынан өткізіп, таразылап, құндысын қазынаға айналдыру – бұл жаңғырудың тамыры,
Ассамблея атқарып жатқан жұмыстың негізгі мақсаты.
Қазақ елінің сан ғасырлық тарихында қабырғаң қайыспай еске алу мүмкін емес ақтаңдақ
тұстары жетіп артылады.
Соның ішінде – ХХ ғасырдағы мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына
суарылған саяси қуғын-сүргін. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген
кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ.
Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз
құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, болашақ үшін оларды мәңгі есте сақтау.
Кешегі Кеңес мемлекетінің құрамына кірген республикалар арасында, Қазақстан – осындай
қайғылы қасіретке ресми түрде күн белгілеп, 20 жылдан бері ел болып тағзым ететін жалғыз
мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы күнді
Жарлығымен бекітіп, «Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру – үлкен
парасаттылық пен жауапкершіліктің белгісі. Өткеннің өкінішін айтқанда,
елдің еңсесін езе
түсетіндей етіп емес, тарихтан тағылым алып, кемшіліктерден безе түсетіндей етіп айту керек»
деген қағидаға бағыттады.
Қазақстанда, Елбасының бастамасымен ел тарихында қасірет таңбасын қалдырған өткен
ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандары ресми түрде ақталып, есімдері ел ортасына қайта
оралды. Саяси репрессияның салдары объективті түрде зерттеліп, тарихи бағасы берілуде.
Ғалымдар осы мәселемен жан-жақты айналысып, жеткілікті көлемде мұрағат құжаттары
жинақталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық кеңес
мүшелерінің бастамасымен 2010 жылы өткен Тарихшылардың І
халықаралық конгресінен
бастап, АЛЖИР, КАРЛАГ тарихтарына байланысты монографиялар, ғылыми жинақтар,
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
14
оқулықтар мен кітаптар, деректі фильмдер шығарылып, Тұңғыш Президент мұрағатымен бірлесе
отырып 10-томдық құжаттар жинағын шығару жұмысы жүргізілуде. Осы аталған жұмыстардың
тұсаукесерлері, көрсетілімдері Ресей, Жапония, Венгрия, Германия, Қырғызстан, басқа да шет
мемлекеттерінде өткізілді. «Жерұйық», «Вера», «АЛЖИР», «Архипелаг Карлаг» фильмдері
түсіріліп, осы тарихи шындықты бейнелеген «Дольше жизни» атты Ресейдің режиссері Дарья
Виолинаның фильмі бірнеше халықаралық номинациялардың иегері болды.
Жалпы, Қазақстан сияқты көп этносты мемлекетте тарихи ақиқатты жолға қою –
жалпыұлттық келісімге қол жеткізуге және азаматтық топтасуға берік негіз болып отыр.
Тарихтың ыстығы мен суығынан бірге өткен халықтың жаны да бір, ділі де бір.
Бүгін Қазақстан – ел бірлігінің арқасында ынтымағы жарасқан байтақ мемлекетке айналды.
Бір мүдденің үстінде, бір ғана тілекпен әлемдік өркениеттің алдыңғы көшіне ұмтылудамыз.
Мұның барлығы – өткен
тарихтан сабақ ала отырып, жаңа істерімізді, мақсатты межелей
білуіміздің арқасы деп білемін.
Тәуелсіздік жылдарында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих
өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген қағидасына сүйене,
ел шежіресінің ақтаңдақ беттері ашылып, мемлекет тарихы жаңа мазмұнда, жаңа көзқараста
жазыла бастады.
Әрине, ХХ ғасырдың бұл тағдырлар қасіретіне айналған кезеңі бір күндік еске алумен
жазылып кетпейді.
Қазақ жерін, халқының болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен бабаларының, аталарының
мәңгілік мекеніне айналған жері ретінде қастерлей білуі – жалпыға бірдей міндет.
Репрессияға тек қазақ халқы қана ұшыраған жоқ.
Қанды жылдарда қазақ жеріне тұтас халықтар жер аударылды. ХХ ғасырдың бірінші
жартысында Қазақстанға миллиондаған адам күшпен көшіріліп әкелінді.
Үздіксіз жалғасқан саяси науқандар мен қанды қасаптардан
есін жия алмай жатқанына
қарамастан, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты.
Қазақ жеріне қоныс аударған сол ұлыстардың барлығы бүгін біздің бауырларымызға,
отандастарымызға айналды.
Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы
деген ұлы елге айналды.
«Орнында бар – оңалар» дегендей, халқымыз есін жиды, еңсесін тіктеді, егемендігін алды,
тәуелсіз мемлекетке айналды.
Бейбітшіліктің бесігі атанып, әлемге танылды. Төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп-
өркендеу жолына түсті.
Біздің халқымыз
әрдайым өткенге салауат айтып, тарихтан сабақ ала білген. Бұл біздің
өткенді ұмытпау арқылы баянды болашаққа жол салуымыздың көрінісі.
Сол бір қасіретті күндерді еске алу күні – біріншіден, қатыгез заманның құрбандарына
тағзым күні.
Екіншіден – кейінгі ұрпақтың алдыңғы буын қандай қатал тағдырды бастан кешкенін біліп
жүруіне қажетті тағылым күні.
Халқымыз «алақаны бар тіршіліктің шапалағы да бар» екенін ұмытпай,
қандай биік
белестерге жетсе де тәубесін есіне алып, бүгінгі бейбіт өмірдің, тыныштық пен тұрақтылықтың
бағасын білуді келер ұрпаққа аманат етіп тапсыру керек.
Біздің жалпыға ортақ тарихымызға объективті және шынайы көзқарас қалыптастыратын
және жіберілген қателіктерді қайталамау үшін сабақ болатын тоталитарлық террор, халықтардың
ауқымды күштеп жер аударулары, саяси қамаулар және репрессиялар тарихын зерттеу бойынша
ауқымды ғылыми еңбектер жүргізу қажет.
Аштық зардаптарын көргеніне қарамастан қазақ халқының толеранттығы, кең пейілдігі,
даналығы және қонақжайлығының арқасында жүз мыңдаған адам тірі қалып, тұтастай халықтар
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
15
аман қалды. Рухани жаңғырудың аясында бұл ұлттық ділдің феноменін зерттеп, адамзат
қоғамына «бірге өмір сүру» формуласы ретінде тарату керек.
Елбасының мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни
одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» – деген терең ой бар.
Біз
тарихи санамызды сақтай отырып, ынтымақтастық пен сенімділіктің ұлттық
құндылықтарын қалыптастыру арқылы, өзіміздің ортақ мақсатымызға – Қазақстанның тұрақты
дамуына және гүлденуіне қол жеткізуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: