Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет10/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
12
Біздің әрқайсысымыз үшін, ұлтымызға қарамастан, бұл күн өткенімізге парасат-пайыммен 
қарауымызға, кем кеткен жерімізді ақыл-таразысына салып зерделеуге, жамандықтан жиренуге 
үйретеді. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның 
жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпау, оларды әрқашан есте сақтау. 
Бүгінде біз тарихымыздың ақтаңдақ беттерін саралап, ұлттық тарихи жадымызды 
түлетудеміз. Тәуелсіз Ел тарихының сан қатпарлы беттері қайта ашылып, мемлекет тарихы 
жаңа мазмұнда, тың көзқарас тұрғысынан жазылып келеді. 
Кез келген мемлекет үшін басты құндылықтар – бірлік, ынтымақ, татулық және тұтастық. 
ХХ ғасыр басында осы құндылықтарды ту еткен Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құрудағы 
арманы қазіргі таңда қайта түлеп, жаңғыру жолына түсті. 
Ел Президентінің дана саясатымен Қазақстан 2017 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы 
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Сондай-ақ, бірнеше күндерден кейін Астанада 
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ашылмақ. Бұл еліміздің халықаралық аренадағы беделін 
тағы бір арттыра түсетін елеулі оқиға болмақ. Мұның барлығы – кешегі жазықсыз жапа шеккен 
арыстарымыздың бүгінгі ұрпағының жетістігі. 
Өздеріңіз білесіздер, биыл Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының құрылғанына 100 
жыл толып отыр. «Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінде Алаш мұрасының 100 жылдығына 
арналған ауқымды шаралар өткізілді. Олардың арнайы қонағы ретінде Алаш мұраларын 
зерттеуші ғалымдар қатысты. 
«Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық 
конференция өткізілді. Конференцияда Алаш мұраларын зерттеу мен зерделеуге байланысты 
Түркиядан, Ресейден, Өзбекстаннан келген және отандық ғалымдар өз ойларын ортаға салды. 
Алаштың ардагер ұлы, түркі әлемінің көсемі Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылды. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұстафа Шоқайтану» 
ғылыми-зерттеу орталығы ашылып, М.Шоқай есіміне дәрісхана берілді. Осының барлығы 
өткен тарихымызға тағзым ете отырып, келер ұрпақты ұлт тарихын қастерлеуге, отаншылдық 
сезімге тәрбиелеуге бақытталған ізгілікті жұмыстар деп ойлаймын.
Біз алдағы уақытта да ұлы арыстарымыздан үлгі алар ұлтымыздың нар азаматтары қатарын 
көбейту мақсатында олардың есімін ұлықтау шараларын тоқтатпақ емеспіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет