Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет206/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
303
әдебиеттану ғылымының тарихын толық қалпына келтіру талабынан туындауымен қатар, даму 
белестерінің идеологиялық кедергілермен астасып жатқан күрделі мәселелерін айқындай түсу 
қажеттігін көрсетеді. Қазақ әдебиеттануының туу, қалыптасу, даму кезеңдеріне тән басты 
ерекшелікті айтқанымызда, оның бастапқы отаршылдық (империялық), кейінгі тоталитарлық 
жүйе жағдайында жүзеге асқанын ерекше атауымыз қажет. Сондықтан да күрделі қоғамдық-саяси 
мәселелермен сабақтасып жатқан әдебиеттанудың идеологиялық қысымға толы кезеңдердегі 
іркілісті ғана емес, басты жетістіктері де жан-жақты саралануы керек. Ол, біріншіден, түрлі 
саяси зобалаң толқындарын өткерген ұлт руханияты өз болмыс-бітімін қандай деңгейде сақтап 
қалды, екіншіден, тоталитарлық жүйе жағдайында қазақ зиялылары ғылыми-зерттеушілік 
еркіндіктің тұсаулануына қарамастан, ұлт мүддесін көздеген дүниетанымын шығармашылық 
тұлғасына қарай сіңіріп, жүзеге асырды деген күрделі мәселені объективті зерделеуге мүмкіндік 
береді.
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан, толық 
бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрылыс түрі. Тоталитарлық жүйе қандай да болмасын 
халықтың ұлттық руханиятын қысымға алу, тарихи сахнасынан жою, зиялы қауымын қуғын-
сүргінге түсіру сияқты қатал саясат ұстанады. Бұл жерде тоталитарлық жүйеге берілген мына 
анықтамадан халқымыздың басынан өткен зұлмат пен қасірет тарихын да терең тани түсеміз. 
Кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты – ұлттық рухы биік тұлғаларды қалыптастыру 
проблемасы екендігі де шындық. Ұлттық рухы биік жан –тұлғалық деңгейге жетіп игілік пен 
ізгіліктің шапағатын өз айналасына тигізіп қана қоймайды, ұлтын өрге сүйрейді, келер ұрпақтың 
есті болып жетілуіне өзіндік үлесін қосады. Ұлттық рухы биік тұлғаны қалыптастыру үшін 
өткен тарих даналығына зер саламыз. Өкінішке орай, кеңестік тоталитарлық жүйе дәуірлеп 
тұрған өз уақытында, КСРО құрамындағы ұлттардың өзіндік санасын өзінің «идеологиясына» 
сай қалыптастыруға барлық күшін жұмсады. Соның салдарынан бірнеше ұрпақ этникалық 
өзіндік сана жадынан айрылып, «кеңес өкіметінің балалары» санасымен тәрбиеленді. Оның 
салдары әлі күнге дейін күнделікті өмірден көрініс беріп те жататындығы мәлім.
Жалпы «Сталинизм» деген не? Соған тоқталып өтсек. Біз жүріп өткен жолда өте қатаң 
саясатымен, қуғын-сүргінімен қанқақсатқан, қазақ халқының зиялы қауымын баудай түсірген өте 
ауыр тарихи кезең. Сталиндік дәуірді тоталитарлық саясатпен, яғни жалғыз ғана идеологияның 
үстемдік алуымен байланыстырады. Коммунистік партия идеологиясының негізінде солақай 
саясатты жүргізген, пікір алуандығына жол бермеген, жол бермек түгілі, өздерінің қолайына 
жақпайтын сөз иелерін, идеяларды аяусыз басып-жаншыған жүйенің көлеңкелі тұстары өте көп 
болды. Жалғыз қазақ ұлтына ғана емес, күллі адамзат қауымына сыңаржақ идеологияның соңы 
неге апарып соғарын көрсетіп берген жүйе болды [1,110].
1946-1953 жылдар аралығында қабылданған партиялық-қаулы қарарлар сталинизмнің 
руханият әлеміне жасалған қиянатының шырқау шыңы болды. Одақ көлеміндегі қаулыларды 
атамағанда бір ғана Қазақстанда осы тұста жеті зілді қаулы қабылданды. Сол арқылы қазақ 
халқының әдеби және классикалық мұрасы кезекті саяси науқан қысымына алынып, көрнекті 
қаламгерлер, әдебиетші ғалымдар қуғын-сүргінге түсті. Біріншіден, қазақ халқының сан 
ғасырлық тарихының көркем шежіресі болып табылатын ұлттық сөз өнерінің асыл үлгілері 
халыққа зиянды шығармалар деп қаралды, екіншіден, ұлт зиялылары саяси тұрғыдан айыпталып, 
қуғын-сүргінге алынды, абақтыға қамалды [2].
Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Е.Бекмаханов, Қ.Мұхаметханов, Б.Сүлейменов жиырма бес 
жыл бас бостандығынан айрылып сотталса, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, 
Ә.Қоңыратбаев, Т.Нұртазин сынды ғалымдар қуғын-сүргінге түсті.
Соның барысында әдебиеттанудың , әдебиеттің даму барысы өзінің басты бағыт-
бағдарын ұмытты. Оған қоғамда орын алған үрей, қорқыту мен билеп-төстеу сияқты солақай 
саясат өзінің кереғар әсерін тигізді. Әміршіл-әкімшіл жүйеге бағынған идеологиялық науқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет