Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу


Қорытынды білім деңгейін бағалау үшін тесттер



бет17/40
Дата10.02.2023
өлшемі207.77 Kb.
#469377
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
метод-СРС-инф.бол.-МПД-каз

Қорытынды білім деңгейін бағалау үшін тесттер :
1. Тұмауда... дәрілік препараттары қолданылады.

  1. интерферон, ремантадин

  2. но-шпа, платифиллин

  3. пенициллин, бисептол

  4. дәрумендер, гормондар

  5. емдәм№9

2.Тұмау- жіті инфекция, ... зақымдалуымен сипатталады.

  1. жоғарғы тыныс жолдарының

  2. жүйке жүйесіснің

  3. АІТ

  4. жүректің

  5. тыныс жолдарының

3.Тұмаудың инкубациялық кезеңі:

  1. әдетте 1-2 күн

  2. 2-3 сағат

  3. 7-8 күн

  4. 8 күннен жоғары

  5. 10 күн

4. Тұмауда жиі ... зақымдалады.

  1. көмей

  2. бронх

  3. альвеолалар

  4. кеңірдек

  5. аңқа

5. Тұмау диагностикасында ... әдісі қолданылады.

  1. вирусологиялық

  2. бактериологиялық

  3. серологиялық

  4. иммунологиялық

  5. иммунологиялық, серологиялық

6. Тұмаудың клиникасында басым синдром:

  1. токсикалық

  2. артралгиялық

  3. катаральді

  4. астено-вегетативті

  5. диспепсиялық

7. Респираторлы синцитиальды инфекцияның балардағы клиникалық көрінісінде ... болмайды.

  1. гепатит

  2. бронхиолит

  3. ателектаздардың қалыптасуы

  4. пневмония

  5. бронхит

8. Респираторлы синцитиальды инфекцияға тән емес:

  1. біртекті басталуы

  2. әлсіздік, шамасыздық

  3. жіті басталуымен

  4. қызба

  5. дененің ауырсынуы

9. Парагрипп көбіне ...айларында кездеседі.

  1. көктем -қыс

  2. күз-қыс

  3. күз-жаз

  4. жаз

  5. көктем

10. Тұмаудың жиі асқынуы болып ...

  1. пневмония

  2. полиневриттер

  3. трахеобронхиты

  4. синуситы

  5. менингиттер мен энцефалиттер

Есептер:
1. Сережа , 5 жаста аурудың 2 – ші күні балалар жұқпалы ауруханасына түсті. Жедел ауырды, балада дене қызуының 39С – қа дейін жоғарлау,тәбетінің төмендеуі, мазасыздану, ұйқысының бұзылуы байқалды. Келесі күні сирек, құрғақ жөтел, тыныс алудың қиындауы, қайталамалы құсу, қысқа уақытты тырысулар болды. Отбасында әжесі ЖРВИ – мен ауырып жатыр. Түскен кезде: дене қызуы 39,8С, пульсі-146 рет 1 мин., ТЖ-55 рет 1 мин. Жалпы жағдайы ауыр, тежелген. Тері қабаттары бозғылт, аздап көгерген, көкірек аймағында 5 нүктелі геморрагиялық бөртпенің элементтері бар. Склералары инъецияланған, мұрынмен тыныс алу қиындаған, ауызы жартылай ашық, анқаның кілегей қабаты қызарған, аздап көгерген, аздап қан құйылулар анықталады. Жұмсақ таңдайда майда түйіршіктену бар. Тілі ылғалды, «географиялық», лимфобездер ұлғаймаған. Өкпесінде – қорапты, қатаң дыбыс. Жүрек тондары тұйықталған, жиіленген. Іші жұмсақ, ауырмайды. Нәжіс пен зәр шығарлуы өзгермеген Менингеалды белгілер теріс, мидың ошақты зақымдану белгілері жоқ. ЖҚА: Эр. 4,5х10 /л, Нв- 144 г/л, ТК-0,9, Л-4х10 /л, ЭТЖ-3мм/сағ.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз?
2. Диагнозды дәлелдейтін әдістер?
3. Ем тағайындаңыз.
2. 4 жасар бала, түнде үрмелі жөтел, тыныс алудың қиындауынан оянды. Бастың ауруына шағымданады. Дене қызуы 39,8С, мұрынның кілегей қабаттары құрғақ, таза. Анқасы аздап қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасының түйіршіктелуі байқалады. Тыныс алуы шулы. Тыныс алу минутына 35 рет, эпигастрий және бұғанаүсті оймалардың аздаған тартылуы байқалады. Өкпесінде құрғақ аздаған сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, жиіленген. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен талағы ұлғаймаған

  1. Диагноз, салыстырмалы диагноз.

  2. Тексеру жоспары

  3. Шұғыл ем тағайындаңыз.

3. 1жас 1 айлық бала, жедел ауырды, дене қызуы 38,5С – қа дейін көтерілді, тәбеті төмендеді, жөтел пайда болды. Мазасызданды. Терісінде бөртпе жоқ. Анқасы қызарған. Келесі күні дене қызуы 37С – қа дейін төмендеді, жалпы жағдайы жақсарды. Аурудың 3 – ші күні дене қызуы қайтадан 39,2С – қа дейін көтеріліп, 1 реттік құсу болды. Бала мазасыз, ұйқысы бұзылған. Мұрыннан серозды бөлінулер байқалды. Анқасы қызарған. Трагустарға басқанда ауырсынулар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет