Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж


С: Олар рамазаннан кейін қазаларын тұта ма? Ж



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
279544 1387344107

С: Олар рамазаннан кейін қазаларын тұта ма?
Ж: Иә, ораза тұтпаған күндерінің қазасын өтеуі 
міндетті.
С: Ораза тұтпай, қазасын да өтемей, оның 
орнына фидия беруге бола ма?
Ж: Тек әбден қартайған кісілерге, ораза ұстаса 
денсаулығына зияны тиетін жазылмас дерті бар 
науқастарға ораза тұтпай, орнына фидия берулеріне 
болады.
С: Сапарда не ауруы болуы себепті оразаны 


34
35
уақы-тында тұта алмай, рамазан айынан кейін де 
уақыты бола тұра тұтпаған адамға ажал төнсе не 
істеуі керек?
Ж: Алладан кешірім тілеп, тәубе жасауы керек. 
Артында қалған ұрпақтарына тұтпаған оразасы 
үшін әр күніне бір міскінді жарты сағ бидай (1,625 
кг) немесе бір сағ (3,25 кг) құрма немесе арпамен 
тамақтандыруды өсиет етеді.
С: Рамазан айы кезінде балиғатқа толған бала 
немесе мұсылман болған адам не істеуі қажет?
Ж: Олар оразаның қалған күндерін тұтады.
С: Мұсылман болған күнінің немесе балиғатқа 
толған күнінің қазасын тұтуы керек пе?
Ж: Ол күннің қазасын тұту шарт емес.
С: Рамазан айында есінен танған адамның үкімі 
қандай?
Ж: Рамазан айында ораза тұтуға ниет етіп, күндіз 
есі ауса бұл күннің қазасын өтеу парыз емес. Есінен 
тануы көпке созылса айыққан соң кейінгі күндердің 
қазаларын өтейді.
С: Рамазан айында жынды адамның ақылы кірсе 
не істейді?
Ж: Қалғанын тұтып, өткен күндерінің қазасын 
өтейді.
С: Рамазан айында күндізгі мезгілде оразаға 
ниет-тенбеген жолаушы оқыс үйіне оралса немесе 
етеккірі бар әйелдің етеккірі тоқтаса не істейді?
Ж: Бұл рамазан айының құрметі үшін сол күннің 
қалған бөлігін тұтады.
Оразаға ниет ету
С: Ораза тұту үшін ниет керек екен. Ол ниет 
қалай болуы тиіс?
Ж: Пәлен күні Алла үшін ораза тұтамын деп 
жүрегімен шешім қабылдауды ниет деп атайды. 
Оразаның өзі бірнеше түрге бөлінеді:
1. Парыз ораза, яғни рамазан айының оразасы.
2. Уақыты белгіленген тұтуға серт берілген 
ораза.
3. Уақыты белгіленбей жалпы серт етілген 
ораза.
4. Рамазан айының қазасы.
5. Бұзылған нәпіл оразаның уәжіп болған 
қазасы.
6. Кәффарат (өтем) оразасы.
7. Нәпіл ораза.
Рамазан айы және уақыты белгіленген нәзір 
оразасы мен ерікті оразаларға түннен бастап ниет 
етуге болады. Бірақ шарт емес. Түске дейін ниет етсе 
де болады. Ал рамазан оразасының қазасы, уақыты 
белгіленбей, жалпы серттелінген ораза, кәффарат, 
бұзылған нәпіл оразаның қазасы сияқты ораза 
түрлеріне түннен ниет етілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет