3
УДК 28
ББК 86.38
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
сараптау комиссиясы мақұлдаған
Ержан қажы Малғажыұлы
Мүбәрак рамазан -
Алматы: «Ғибрат» баспа үйі, 2013 - 80-бет
ISBN
Рамазан айында мұсылманшылықтың бес парызының бірі
ораза құлшылығы орындалады. Осы кітапта оразаның қыр-сыры,
оған қатысты мәселелер жайлы қанықты мағлұматтар берілген.
Кітап қалың жұртшылыққа арналған.
© Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2013
ميِحَّرلا ِنَْمحَّرلا ِللها ِم ْمسِب
ىَلَعَو ينِلَسْمرُمْملا ِفَرْمشَأ يَلَع ُملاَّسلاَو ُةلا َّصلاَو َينِمَلاَعْملا ِّبَر ِهَّلِل ُدْممَْملا
ينِعَْمجَأ ِهِبا َح ْمصَأَو ِهِلآ
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен
бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән.
Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен
сахабаларына болсын.
Алғысөз
Құдайға шүкір,
қасиетті рамазан айына да
аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі
үлкен нығмет. Жаратқан Ие баршамызға осы айдағы
жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет
берсін, жәрдем етсін.
Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрак
аймен
қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл
көрмеген қонағын күткендей құшақ жая қарсы алады
екен. Өйткені бұл ай әрбір жанға иләһи мейірімнің
бір сынығын сыйлайтын сауабы мол маусым.
Алланың Елшісі (с.а.с.)
ұлық айды ерекше
бағалап, үмбетіне үлгі қалдырған. Имам Ахмет
жеткізген риуаятта Пайғамбар (с.а.с.)
ражаб айы
кірген уақытта:
«Уа, Алла! Бізге ражаб пен шағбанның
берекесін бер! Рамазанға аман-сау жеткізе көр!» – деп
тілек тілеген екен.
Ендеше сол үмбеттің жалғасы болып табылатын
кейінгі ұрпақ біз де
Ұлы Рахманнан ұлық рамазан
айының берекесін тілейміз. Мейірім маусымының
исі мұсылманға игілікті
болуын тілеп Жаратқанға
жалбарына дұға етеміз.