50
күйеуінің алдында сәнденіп шашын, тырнағын боятуына
т.б. жолдар арқылы сәнденуіне болады. Ал
ораза кезінде
шашын бояту, тырнақтарын жөндеу сияқты амалдар оразаға
кедергі емес. Тек бояну барысында әртүрлі себеппен
мұрыннан, тамақтан ішке бір
нәрсенің кетіп қалмауына
мұқият болуы керек.
Сұрақ:__Истихаза_кезінде_әйел_ораза_ұстай_ма_Жауап'>Сұрақ:
Истихаза кезінде әйел ораза ұстай ма?
Жауап:
Истихаза – етеккір және нифасқа жатпайтын
қан түрі. Мұндай кезде әйел кісіге рамазан оразасын ұстау
міндет.
Сұрақ:
Ораза ұстау үшін әйел күйеуінен рұқсат сұрауы
керек пе?
Жауап:
Рамазан оразасын ұстау үшін рұқсат сұрауы қажет
емес. Өйткені, Рамазан оразасы –
Алланың әмірі, парыз.
Алайда күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
былай дейді:
«Күйеуі жанында бола тұрып, рұқсатынсыз
ораза ұстаған әйелдің оразасы дұрыс емес»
(Бұхари)
. Мұндай
жағдайда әйелінің нәпіл оразасын бұздыруға күйеуі
құқылы. Кейін күйеуі рұқсат еткенде немесе күйеуі жоқ
кезде бұзған оразасының қазасын өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: