55
ҚАДІР ТҮНІ
Сұрақ:
Қадір түні дегеніміз не?
Жауап:
«Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді.
Демек, қадір түні – Алланың тағдырды үкім ететін түні.
Құранда:
«Ол кеште барлық хикметті істер айырылады», –
деген
(«Духан» сүресі, 4-аят)
. Қатада: «Бұл түнде келесі жылғы
істердің тағдыры жазылады», – дейді. «Қадір» сөзінің тағы
бір мағынасы «абырой, бедел».
Мұндай жоғары дәрежеге
лайық болуының себебі, бұл түннің қадір-қасиеті мың айдан
да қайырлы.
«Қадір түні мың айдан да артық», – деп «Қадір»
сүресінде баяндалады. Рамазан келгенде, Алла Елшісі (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Расында, сендерге
бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда
кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр
қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам
ғана айырылып қалады!» – деп жеткізген.
Достарыңызбен бөлісу: