Қазақстан Республика-әлеуметтік мемлекет



бет4/4
Дата02.03.2022
өлшемі90.19 Kb.
#455891
1   2   3   4
ҚР Жұмыс Бека все

Конституция құрылымы


  • I бөлім. Жалпы ережелер

  • II бөлім. Адам және азамат

  • III бөлім. Президент

  • IV бөлім. Парламент

  • V бөлім. Үкімет

  • VI бөлім. Конституциялық кеңес

  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

РЕФОРМА
Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі. Экономикалық Реформа — қоғамның экономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және экономикалық Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді. Көш бастаушының үш түрі болады, олар:

  1. негіздеуші көсем (харизматик),

  2. қорғаушы көш бастаушы

  3. заң шығарушы реформатор.



Әлеуметтік реформалар мен оны жаңарту шаралары. 1991 жылдың соңынан тәуелсіз даму жолына түскен Қазақстан әлеуметтік қатынастар саласында ірі көлемдегі өзгерістерге бет бұрды. Әлеуметтік өзгерістер мен реформалар жүргізу арқылы халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастарды ендіру болжанды. Алайда, еліміз бұрынғы жүйенің қателіктері мен кейбір құндылықтары жаңа орын алған өзгерістерге, реформалау үдерістеріне тежеу қойды. Сондықтан нарыққа көшудің алғашқы кезеңінде (1991-1993 жж) қазақстандықтардың басым көпшілігінде өмір сүру деңгейінің кенеттен төмендеуі байқалды, мұның өзі елімізде әлеуметтік шиеленістің ұлғаюына әкелді.

Аталған тұста Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат келесі бағыттар бойынша жүргізілді: халықтың аз қамтылған санатын қорғау; халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған мемлекеттік экономикалық саясат жүргізу; жұмыссыз мәртебесін иеленген азаматтарды қорғау. Халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қорғау табысты келесі бағыттар бойынша ең төмен тұтыну бюджеті деңгейіне дейін ұлғайту: кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау; жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтік қорғау; зейнетақымен қамтамасыз ету; аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету; бағаларды тұрақтандыру; табыстар мен жинақ ақшаны индексациялау; жұмыс істеушінің ең төмен жалақысын ең төмен тұтынушылық бюджет деңгейіне дейін көтеру болды.

Нарыққа көшу және экономикалық және әлеуметтік салаларды күшейе түскен дағдарыс жағдайында зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер, көп балалы және толық емес отбасылар, жұмыссыздар сияқты халықтың неғұрлым әлжуаз топтары аса ауыр жағдайда қалып қойды. Бұл жағдай бірқатар фактілермен анықталады. Мысалы, халықтың осы санатына төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері осы кезеңде мемлекеттік бюджеттен алынатын ақшалай-өтемақы төлемдерімен анықталды. Ал 1990 жылдардың басында табыстың ең төмен деңгейі Қазақ ССР-інің «Ең төмен тұтынушылық бюджет туралы» және «Ең төмен жалақы және еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы» Заңдармен (1991ж.) анықталды, осыған сәйкес ең төмен жалақы ең төмен тұтынушылық бюджетке, яғни отбасының әрбір мүшесі үшін заттар мен азық-түліктің ең төмен қажетті мөлшерінің «ғылыми әзірленген нормасына» негізделуі тиіс. Алайда, осы нормалар қағаз жүзінде ғана қалып қойып, Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі үшін бағаның тоқтаусыз өсуі мен жалақының артуы арасындағы айырмашылық қана шындыққа айналды, мұның өзі республикадағы кедей халық саны арттырып, жағымсыз үрдісті негіздеп берді. Соның нәтижесінде 1991-1998 жылдар аралығында кедейлер санатына жататын адамдар контингенті ұлғайып, 1996 жылы 34,6 %-ды, 1997 жылы - 43,0 %-ды, ал 1998 жылы 43,4 %-ды құрады.

1992 жылы басталған құрылымдық өзгерістер нәтижесінде кәсіпорындарға бөлінетін бюджеттік аударым қысқара түсті, соған сәйкес кәсіпорындардың басшылары өз жұмыскерлерін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберуге немесе толық емес жұмыс күніне көшіруге мәжбүр болды. Сөйтіп қазақстанның еңбек нарығында ашық жұмыссыздық деңгейі төмен болып қалатын, бірақ сонымен қатар жасырын жұмыссыздықпен қамтылғандар пайызы арта түскен жағдай қалыптасты. Жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заңға сәйкес (1991 ж.), жасырын жұмыссыздар жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылып, олар жұмыссыздар болып табылмады. Сонымен қатар өндірістің толық немесе ішінара тоқтау салдарынан жұмыстан айырылған олар көбіне ақысы төленбейтін демалыста болуға, мүлдем жұмыссыз қалып қоюға мәжбүр болды. Мемлекеттік несиелеу және жекешеленген кәсіпорындар санының арта түсуіне орай, республикада ресми тіркелген жұмыссыздар саны ұлғая түсті (1992 ж. - 33,6 мың адам, 1993 ж. - 40,5 мың адам, 1994 ж. - 70,0 мың адам, 1995 ж. - 139,5 мың адам).

Республика аумағындағы жұмыссыздықтың бұлайша ұлғаюы халықтың табиғи өсімінің төмендеуі мен жұмыс күшінің ұсыныс көлемінің азаюына ықпал етті. Бұл процесс тіпті 1993-1995 жылдары республикадағы көші-қон үдерістерінің күшеюіне әкеліп соқты. Республика аумағынан шығып кеткен адамдардың жартысынан астамы жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы білімі бар азаматтар болды. Жұмысшылар, гуманитарлық бейіндегі мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер неғұрлым маңызды топ құрады. Бұл негізінен адамдардың жұмыссыз ретінде тіркелуіне кедергі жасайтын психологиялық фактормен, сондай-ақ ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің төмен қарқынымен жүргізілуімен түсіндірілді. Жұмыссыздардың ерекше жоғары пайызы әйелдер арсында орын алды және ол тұрақты өсу үрдісін иеленіп отырды (1994 жылы 45,4 мың адам,1995 жылы 83,8 мың адам). Қоғамдағы жаңа пайда бола бастаған шағын жеке бизнестің әлеуетті нашар дамығандықтан, жұмыспен қамту орталықтарында қайта даярлауға ұмтылу табысты бола қойған жоқ, ал жекеменшік несиелеу мен өндіріс немесе кеңсе етіп жабдық мен алаңдарды жалға алу нарығының мүлдем жоқ болуы әйелдердің шағын бизнесте өрлеуіне кедергі жасады. Бұл үрдіс тек 2001 жылдан бастап қана қалыпқа түсіп, әйелдер арасындағы жұмыссыздық біртіндеп азая түсті.

1991 жылдан бастап енгізілген Жұмыспен қамту қорының қаражатымен қаржыландырылатын жұмыссыздық жәрдемақысы республиканың түрлі аймағында түрліше мөлшерге ие болды. Нәтижеде жәрдемақы мөлшері реттеуші рөл атқара бастады, өйткені жұмыссыздықты тіркеу дәрежесі тікелей соған байналысты болды. Осыған байналысты халықты бұл жәрдемақымен қамту үшін арнайы түсіндіру жұмысы қажет болды, халықтың көпшілігі жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бар екендігінен мүлдем хабарсыз болды. Ауылдық жерлердегі қазақ отбасыларының өмір сүру салты ерекшеліктерін, жұмыссыздар санын анықтаудың әдістемесі мен оны қолдану ісі толық жетілдірілмеді, соған орай ұзақ уақыт бойы жұмыссыз қалған қызметкерлер жұмыссыздық бойынша ресми көрсеткіштерден орын алмай, кәсіпорын тізімінде қалып қойды.

Сонымен бірге республикада орын алған инфляция қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктер деңгейінің төмен болуы халықтың шынайы табысының құлдырауының бірден-бір себебі болды. Жұмысшылар мен қызметшілердің ең төмен жалақы мөлшері өте төмен деңгейде қалып қойды, ал жалақы төлеу бойынша қарыз ұлғая түсті. 1990 жылдардың басында Қазақстан халқының басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеу жағдайы 1993-1995 жж. халықтың жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштерінің азаюымен расталады, мәселен, 1993 жылы - 3751 АҚШ долларын құраса, 1994 жылы -2909 долларды, 1995 жылы -2757 долларды құрады. Тек бұл процес 2004 жылдан бастап қана, нақты айтқанда ЖІӨ өндірісінің көлемі 1990 жылғы деңгейден 3,5 есеге артық болды.

Қазақстан бойынша орташа есеппен еңбекақы төлеу халықты негізгі өмір игіліктерімен қамтамасыз ету бойынша шығындарын өтеуге мүмкіндік бермеді. Жылдам қарқын алып келе жатқан әлеуметтік теңсіздік қоғамда үстемдік алған әділеттілік ұғымымен қайшылыққа түсті. Елімізде білім деңгейі, әлеуметтік-кәсіби мәртебе сияқты факторлардың еңбекақы төлеу шамасына әсері маңызды түрде төмендей түсті. Мәселен, тәуелсіздіңтің алғашқы жылдары зиялы қауым (көпшілік дәрігерлер, оқытушылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамы, ҒЗИ жұмыскерлері және т.б.) «жаңа кедейлер» қабатын түзе бастады. Білім деңгейі жоғары халықтың басым бөлігіның табысы төмен топта қалып қойды.

Қазақстанның экономикалық дамуына белгілі бір шамада әсер еткен 1997-1998 жылдардағы Азиядағы және Ресейдегі қаржы дағдарысы болды, бұдан кейін республикада макроэкономикалық тұрақтану үрдістері байқала бастады. ХХІ ғасырдан бастап мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдығы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, еңбек нарығындағы жағдайда жақсарту және еңбек қатынастарын жетілдіру болып табылады. Халықтың өмір сүру сапасының жекелеген параметрлерінің жақсару бағытында өзгере түсуі (соңғы жылдары байқалып келеді) экономикалық өсімнің оң әсерін көрсетіп берді.

Кедейшілікті еңсеру. Әлеуметтік саладағы маңызды мәселелердің бірі – кез-келген қоғамға тән блып келетін кедейшілік. Кедейшілік кеңес қоғамында да болды, бірақ ресми түрде мойындалып, жария етілген жоқ. Осы құбылысты белгілеу үшін «аз қамтылған» деген термині пайдаланылды. ХХ ғасырдың 90 жылдарының алғашқы жартысында барлық ТМД елдерінде кедейшіліктіңең жоғарғы мөлшерге жетіп, халықтың әл-аухаты төмендеді. Өндірістік қатынастардың түбегейлі жойылуы мен әлеуметтік жүйенің құлдырауы, Қазақстан экономикасын нарыққа бейімдеп құру шаралары алғашқы кезеңде халықтың жаппай кедейленуіне алып келді. Кедейшілік ол тек қана тамақтаны, киім, тұрмыс, үй, денсаулық сақтау мен білім алу сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті табыс пен мүмкіндік қана емес, сонымен қатар сау және ұзақ өмір сүруге, білім алудың жеткілікті дәрежесіне қоғамдық өмір сүру мүмкіндіктеріне және мәдени-әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жететін табыс көзінің болмауы болып саналады. Осы міндеттер тобы шешілмегендіктен, 1998 жылы республикадағы кедейшілік өзінің ұшар шыңына жетіп, халықтың 2/5-іне жуығы ең төмен күнкөріс шамасынан төмен деңгейде өмір сүрді. Кедейшіліктің ең жоғары пайызы шалғайда орналасқан ауылдық жерлер мен шағын қалаларда байқалады. Ауылдың жерлерде кедей халықтың үлесі, мысалы, 2001 жылы 38,5%-ды құраса, ал ең жоғары пайызы Маңғыстау облысында байқалса (45,9%), 2004 жылы күнкөрістің төменгі деңгейі 5427 теңгені құрап (ең төменгі деңгейі Оңтүстік Қазақстан облысында 4691 теңге, ең жоғарғы деңгейі Маңғыстау облысында – 7174 теңге) құраған .

Қазақстан үшін халық табысының маңызды полярлануы маңызды мәселелердің бірі болып қалып келеді. Бұл мәселе аумақтық тұрғыдан да, сондай-ақ азаматтық әлеуметтік мәртебесі тұрғысынан да (элита, бизнесмендер, бюджеттік ұйымдардың, әсіресе, ғылым, білім беру саласындағы бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.) маңызды болып келеді. Сонымен қатар отбасы мүшелерінің санына қарай орташа жан басына шаққандағы табыстар да елеулі айырмашылыққа ие. Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалаулары бойынша, Қазақстанда Джинн коэффиценті 1987-1995 жылдары 30 есеге дейін өсті. Халықтың басым бөлігінің қайыршылығы көзге ұрып тұрғаны соншалықты, үкімет 2000 жылды басында осы мәселенің бар екенін ресми түрде мойындады. Түрлі бағалаулар бойынша, 90 жылдардың соңында Қазақстанның 15 миллиондық халқының 50%-дан 60%-ға дейінгісі ең төмен күнкөріс шегінде өмір сүрді. Мұнда ең төмен күнкөріс мөлшері ресми деректер бойынша 2000 ж. $28, яғни күніне $1-ға жетпеді. 2004 жылы осы көрсеткіш $40 маңайында ғана болды.

Дүниежүзілік банктің 2000/2001 жылдардағы әлемдік даму туралы “Кедейшілікпен күрес” баяндамасында күніне $1-дан кем табысқа өмір сүретін халықты (олар планетамыздағы 6 млрд. халық ішінен 1,2 млрд. адамды құрайды) «шектен шыққан кедейшілік» деп атайды. Осы баяндамада келтірілген деректерге сәйкес, «нарықтық экономикаға өту кезеңінде тұрған Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде кедейшілікте өмір сүріп жатқан адамдар саны жиырма есеге өскендігі» аталынып өтілген. ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақының көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасау көрсеткендей, Қазақстан доллар есебімен орташа айлық жалақы мөлшері бойынша жетекші орындардың бірін иеленген. 2004 ж. республикада орташа номиналды жалақы $208, Ресейде – $237, Беларусьта – $161,8 құрады.

2001 жылы жұмыссыздардың 94.9%-ы 16 жастан 54 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті азаматтардың маңызды бөлігін құраған. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру экономикалық өсімді және әлемдік нарықтағы отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешімін де қарастырады, өйткені ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштердің тұтас жинағымен, оның ішінде әлеуметтік көрсеткіштермен де өлшенеді. Сол себепті де Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауларында әлеуметтік мемлекет құру қажеттілігі басым аталынып отырды.

ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығының ортасында әлеуметтік сала жедел дамып, ел экономикасының қарқынды дамуын көрсетті. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасынан және Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейі мен экспорттық мүмкіндіктерге қол жеткізу тұжырымдамасынан шынайы орын алды.

Еліміз үшін мазмұны жағынан маңызды құжат болып табылатын және Адамзаттың әлеуметтік шығармашылығына қосылған маңызды үлес ретінде бағаланатын тұрақты даму тұжырымдамасында Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы жағынан барынша дамыған елдерден артта қалып келеді деп көрсетіледі. Сонымен қатар қазіргі әлемде өмір сүру сапасы мынадай негізгі құрамдас бөлімдермен анықталады: өмір сүру ұзақтығы, әл-ауқат, білім және қоршаған ортаның ахуалы.

2006 жылғы ресми деректер бойынша Халықаралық қоғам, табиғат және адам университетінің өмір сүру сапасы индексінде (Дубна, Ресей) Қазақстан 1,17 коэффицентімен 78 орынды иеленсе, ал рейтинг лидері Норвегия 3,83, Ресей - 1,57, Қытай – 0,34 коэффицентіне ие болып отыр.

Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейі мен экспорттық мүмкіндіктерге қол жеткізу тұжырымдамасында әл-ауқат, денсаулық және қоршаған ортаның ахуалының бәсекеге қабілетті стандарттарына қол жеткізу арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін даму үлгісі жасалып, жүзеге асырылды. Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жаһандық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне дейін жақсарта түсу әлеуметтік орта тұрақтылығының, халық денсаулығы мен қауіпсіздігінің жоғары дәрежесін қажет етеді. Әлеуметтік ортаның тұрақтылығы – бұл еліміздің ұзақ мерзімді жоғары бәсекеге қабілеттілік кепілі. Қазақстан гүлденген қоғамға қарай бет бұра отырып, күшейе түскен қарама-қайшылықтар қоғамына айналуына жол бермеу керек. Сондықтан ел экономикасының қажеттілігін салауатты еңбек ресурстарымен қамтамасыз етумен қатар, Қазақстанда әлеуметтік қамту және әлеуметтік қорғау жүйесі есебінен әлеуметтік ортаның тұрақты әрі қауіпсіз дамуы орын алуы тиіс. Бұл үшін мемлекет кедейшілік деңгейін өлшеу жүйесін жаңарту, аналық пен балалық шақты әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету әдістерін жетілдіру бойынша шаралар қарастырып отыр. Сонымен қатар адам капиталының кешенді дамуына қол жеткізу үшін, жоғары сапалы жағдайларға және халықтың рухани, мәдени және ақпараттық қажеттіліктерін өтеу қызметіне қол жеткізуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарының, заңды мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қажет. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту үшін, пәрменді шаралар қабылдау ерекше маңызға ие.

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы келесі қадам 2012 жылдың 10 шілдесінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандағы әлеуметттік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы негізінде жасалды, мұнда негізінен қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді тез арада шешу және Қазақстандағы әлеуметтік жаңарудың барлық саласында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға, кедейлер санын қысқарту және әлеуметтік әлсіздіктерге жол бермеуге бағыттау ерекше атап өтіледі

Қазақстан Республикасы өзінің реформасын қол қойылғанан кейін білім даму жүйесі өте жоғары деңгейді дамып жатыр.


Қазақстанда өткізілетін әлеуметтік-экономикалық реформалар нәтижесінде, жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда, соңғы жылдары алға қойылған келесі міндеттерді атап өтуге болады:
1. жоғарғы білім жүйесін демократияландыру және басқарудың бір орталықтан жүргізілмеуі;.
2. жоғарғы оқу орындарының құрылымы мен жүйесін әртараптандыру;
3. жаңа заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны құру;
4. жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын қалыптастыру.
Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер келесі жағдайлар орындалса: үкіметтің білім беру саясатында орнатқан барлық бағдарламалары білім беру жүйесінің аясында жинақталған әлем тәжірибесінің мүмкіндігіне негізделіп жасалуы қажет. Ұлттық білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісін кешуде. Сондықтан, көптеген мемлекеттер үшін, әсіресе, Орталық Азия үшін, өзінің білім беру жүйесін өзгертуде дұрыс бағыт таңдау мәселесі тұр. Жаңа заманның негізгі үрдістері білім беру саясатына да ықпалын тигізе бастады. Білім беру жүйесі әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының біріне айналуда, себебі, жаңа әлемде мемлекеттің экономикалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, мамандардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында ұзақмерзімді стратегия арқылы білім реформасын жүзеге асыруға болады. Сол мақсатта ҚР білім беру жүйесі белгілі даму сатыларынан өтіп келеді. Оған ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдаулары негіз болуда. Атап айтқанда, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында білім беру мәселесі төртінші ұзақмерзімді басымдықта көрсетілді. Басымдық атауында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» деп көрсетілгенімен, құжаттың аталған бөлігінде азаматтардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау мәселесіне мән берілген.Атап айтқанда, тәуелсіздік жарияланған алғашқы жылдардағы өршіп тұрған нашақорлық пен наркобизнес, темекі мен алкогольді тұтыну мәселені ерекше көңіл аударылған. Білім беру мәселесі кейінгі бағдарламаларда тарқатылып айтылды.
Соңғы жылдардағы құжаттарға көңіл аударатын болсақ, 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының «Жаңа әлеуметтік саясат» тармағында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы – 29 пайызға дейін артатыны айтылды. Сонымен қоса 2017 жылдан «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатыны жарияланды.
Бұл Жолдауда негізінен дағдарысқа қарсы күрес, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясаты, жаңа инвестициялық саясатқа ден қойылған.
2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында үш тілдік оқыту, мұғалімдердің деңгейі, кәсіптік білім беру туралы қозғалады. «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту» бөлімі келесі жылғы жолдаудың алғышартындай көрінеді.
Яғни, әр жылдағы білім беру мәселесінің жолдаудағы өзектілігі әртүрлі деңгейде. Сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен бетбұрыстарға байланысты болып отырады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Жалпы Қазақстан Республика Зайрлы, демократялық, тәуелсіз мемлекет.
Қазақстан Республикасы қәзіргі таңда қарғынды даму жүйесімен дамыған елдердің бірі. Президент қабылжаған реформалар мен Қонституция қәзіргі кезенде Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік құқықтық мемлекет ретінде таныттуда. Туған елдей жер болмас- Туған жердей ел болмас демекші қортындылай келе әрбір адам қазақ елінде туылғанына мақтанышпен қарау керек деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет