Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



бет2/14
Дата24.02.2016
өлшемі0.89 Mb.
#13675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қаржы мониторингінің ұлттық жүйесін құрудағы алғашқы қадам салыстырмалы түрде жақында 2010 жылғы 10 наурыздан бастап өз күшіне енген Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңды (АЖ/ТҚҚ) қабылдау болып табылады. Қазіргі уақытта заңнама Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарға (АЖ/ТҚҚ және ОМУ) «Неғұрлым сәйкестік» және «Сәйкестік» бағаға дейін (ФАТФ-ның 40 ұсынымы) сәйкес келуі үшін жетілдіруді қажет етеді.

Осыған байланысты, ақшаны жылыстатудың криминалдануы және терроризмді қаржыландыру бөлігінде, қаржы мониторингі субъектілерінің орындауы үшін міндетті АЖ/ТҚҚ және ОМУ жөнінде шаралар белгілейтін мәселелер бойынша, құзырлы және бақылаушы органдарға қажетті міндеттерді беру мәселелері бойынша бөлігінде заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің тізбесін кеңейту, ішкі бақылау қағидалары мен өзінің клиенттерін, бағдарланған тәсіл тәуекеліне негізделген қаржы мониторингі субъектілерін тиісті тексеру шараларын жетілдіру талап етіледі.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) барлығы бірдей қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді ұсынбайды. Осыған байланысты, ҚМ-1 нысанын толтыру кезінде ҚМС-ның проблемаларын анықтау мақсатында Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен және Күдіктілік критерийлерінің белгілерін қайта қарау жөніндегі республикалық нотариальдық палатамен бірлесіп жұмыс тобы құрылды.


Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі ҚМК) Қазақстанның ФАТФ ұсынымдарына сәйкестік рейтингін 2018 жылы 15 ұсынымға дейін «Неғұрлым сәйкестік» және «Сәйкестік» бағаға дейін жоғарылатуды жоспарлап отыр.

Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін, Қаржы мониторингі комитетінің қызметі мынадай негізгі үш бағыт бойынша:

1) АЖ/ТҚҚ саласында заңнаманы жетілдіру;

2) Институционалдық ортаны дамыту және ҚМК-нің әлеуетін арттыру;

3) ҚМК-нің, мемлекеттік арнайы және құқық қорғау органдарының,

қаржы мониторингі субъектілері және қоғамдық ұйымдардың мамандарын оқытуға бағытталады.

АЖ/ТҚҚ жүйесін жақсарту бойынша ұсынылатын іс-қимылдар жоспарының институционалдық шараларының бірі қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды жандандыру болып табылады. АЖ/ТҚҚ саласында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлескен келісімдерге қол қою, бірлескен семинарлар жүргізу жоспарланып отыр.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

 Сыртқы факторлар

Қазақстан ашық экономикалы, халықаралық қаржы-экономикалық қатынастарға интеграцияланған ел болғандықтан, операцияларды сапалы талдау:


1) Басқа мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелерімен өзара іс қимылсыз;


2) ҚМК-нің «Эгмонт» тобы, Қаржыны жылыстатумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі тобының (ФАТФ) және Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) жұмыс топтары мен Пленарлық отырыстарында қатысуынсыз;

3) екіжақты ынтымақтастықты дамыту – қаржы барлау бөлімшелерімен меморандумдарға қол қоюсыз мүмкін емес.

Ішкі факторлар

1) АЖ/ТҚҚ жүйесін дамыту мен Қазақстан Республикасының АЖ/ТҚҚ мен ОМУ-дың Халықаралық стандарттарына сәйкестік рейтингін арттыру мемлекеттік арнайы және құқық қорғау органдарының үйлестірілген жұмыстарына, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілері ұсынатын мәліметтер мен ақпараттарды жинау және өңдеу процестерін ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету деңгейіне тәуелді болады;

2) Ақпаратты ұсыну нысандарын жетілдіру, күдіктіліктің жаңа критерийлерін заңнамалық бекіту, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және деректер алмасу ҚМК-нің Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін дамытуды талап етеді.
7. «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

1. Дамудың негізгі параметрлері

«е-Қаржымині» ұқсас жүйелерді құру бойынша кешенді тәсілдің әлемдік тәжірибесін ескере отырып іске асырылуы тиіс. Кешенді тәсіл дайын шешімдер мен қосымшалардың орталықтандырылған сәулетінің өнеркәсіптік модульдері базасында «е-Қаржымині» ИААЖ құрауышын іске асыруды білдіреді.

«е-Қаржымині» ИААЖ-ны құрудың негізгі мақсаты –интеграцияланған, қауіпсіз және сенімді ақпараттық кеңістікте орталықтандырылған сақтау, ақпаратты өңдеу және ҚР ҚМ бүкіл бизнес – процестерін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік функцияларды орындау мен мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарды қоса, ҚР ҚМ үрдістері автоматтандыруды (интеграциялауды) жүргізу үшін тексеру объектісі болып табылады.

Негізгі проблемаларды талдау

Министрлік Жобаны іске асыруы барысында мынадай проблемаларға тап болды:

1) жергілікті орындарда кадрлардың жиі ауысуы – қайтадан қабылданған қызметкерлерді оқытуға қосымша ресурстар қажеттігін туындататын проблема және жүйеге күнделікті деректерді, мәліметтерді және т.б. енгізу жеделдігіне әсер етеді;

2) оның айтарлықтай ауқымдылығы кезінде Жобаны іске асырудың қысқа мерзімдері;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Министрлік құзыреті әдіснамасының жиі өзгеруі, оған байланысты Министрліктің сол немесе өзге міндеттерін автоматтандыру бойынша жаңа талаптардың қажеттігі пайда болады, ол сондай-ақ ресурстардың (уақыт, еңбек және т.б.) қосымша шығындарын талап етеді;

4) мемлекеттік органдармен өзара ақпараттық іс-қимыл қағидаларына ұзақ келісілуі, бұл интеграциялық өзара іс-қимылды құқықтық қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді қатерге әкеп соғады.

3. Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) Мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен «е-Қаржымині» ИААЖ-ны біріктіруге мүмкіндік бермейтін техникалық және заңнамалық шектеулер.

Ішкі факторлар

2) Жобалау-техникалық құжаттарды ұзақ келісу рәсімдерінің туындау мүмкіндігі


8. Көлеңкелі экономика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет