Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



бет4/13
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5. Халықаралық ынтымақтастық

1. Негізгі даму өлшемдері

Халықаралық қатынастардың және әлемдік сауда-қаржылық жүйесі шектерінің жана архитектурасын калыптастыру кезінде жаhандық шешімдер қабылдау үстінде Қазақстан Республикасын дамыту үшін Қазақстанның жетекші халықаралық және саяси құрылымдарда басқарушы органдарды, оның ішіңде осы ұйымдардың жарғылық капиталында Қазақстан Республикасы үлесінің ұлғаюы расталатын халықаралық қаржылық ұйымдарды да (бұдан әрі – ХҚҰ) білдіру қажет. «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық
Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия
Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арқылы Қазақстан Республикасының атынан ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ
осы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүшелігіне жататын тиісті келісімдердің шарттарына сәйкес сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге уәкілетті.

Осы құқық Қазақстанның олардың қаржы ресурстарына қол жетімділігін және тура пропорционалды қатысу үлесіне дауыс беруге қатысу құқығын айқындайды.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттардың қайтару негізі бар, яғни Қазақстан Республикасы белгілі бір халықаралық қаржы ұйымынан мүшелігін тоқтатқан кезінде төленген мүшелік жарналар республикалық бюджетке қайтарылатын болады.

Соңғы үш жылдар үшін шығындардың динамикасы келесі мәліметтермен ұсынылады: 2011 жылы – 1 208,4 млн. теңге, 2012 жылы – 2 439,2 млн. теңге, 2013 жылы – 2 313,1 млн. теңге.

Халықаралық қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының үлесін сақтау үшін төлемдер 100% орындалды.


  1. Негізгі проблемаларды талдау.

Акцияларға қол қоя отырып, Қазақстан ХҚҰ акционері мәртебесіне ие болады және олардың жарғылық капиталдарына мүшелік жарналарды төлеуді тұрақты жүзеге асыру міндеттемелерін өзіне алады.

  1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

  1. Әлемдік экономикадағы дағдарыстық көріністер;

  2. Валюталар бағамының өзгеруі.

Ішкі факторлар

  1. Қаржыландыру жоспарын халықаралық міндеттемелерді орындаудың өзгертілген кестесіне уақтылы сәйкес келтірмеу.


6. Мемлекеттік сатып алу

1. Негізгі даму өлшемдері

Мемлекеттiк сатып алуды орталықтандыру және «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру мақсатында «электрондық сатып алу» ақпараттық жүйесі - мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу порталы) құрылды.

Жалпы алғанда ақпараттық технологияларды қолдана отырып мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту тиімді бәсекелес ортаның пайда болуына, сатып алу рәсімдерін жүргізген кезде сыбайлас жемқорлық көріністерін одан әрі төмендетуге, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету қажеттіліктеріне байланысты.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алудың барлық бәсекелестік (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату) тәсілдері мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық форматта келесі модульдер арқылы ғана жүзеге асырылады:

- 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «баға ұсыныстарын сұрату»;

- 2010 жылдың 1 шілдеден бастап «электрондық конкурс»;

- 2012 жылдың 1 шілдеден бастап «Электрондық аукцион».

Мемлекеттік сатып алудың автоматтандырылған процессі мөлдірлікті қамтамасыз етеді, оның сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің арасында қатысу үшін тең мүмкіншілігін беру нәтижесінде бәсекелестік ортаны ұлғайтып, мемлекеттік сатып алу келісім шарттың орындаушы ретінде жеңушіні таңдау – процесстің ашықтығын қамтамасыз етеді, өз кезегінде, сыбайластық жемқорлыққа жолсыздығын алдын ала минимизациялайды.

2011 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының ратификацияланған Заңының Бірыңғай экономикалық Кеңестігінің шеңберінде Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу Келісім (бұдан әрі - Келісім) бойынша Қазақстанмен алынған халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттық режим енгізілді.

Ұлттық режим Кедендік Ұйымға кіретін қатысушы елдердің отандық өнім берушілері тең шарт негізінде мемлекеттік сатып алуға қатыса алатынын болжамдайды.

Бұдан басқа, 2013 жылдың 11 қазанда Ел басымен берілген тапсырмасын орындау шеңберінде біріңғай мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушы 2014 жылдан бастап республикалық, ал 2015 жылдан бастап бюджеттік инвестициялық бағдарламалары немесе Үкіметтің шешімдері мен әкімдердің шешімі негізінде анықталған тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызметтер бойынша – жергіліктікті дәрежеде құрылады.

Шегінде заңнаманы жетілдіре отырып мемлекеттік сатып алу орта шеңберінде РК жаңа заңы «Мемлекеттік сатып алу» туралы заң әзірленді, оның негізгі бағыттары болып табылатын келесі:

- мемлекеттік сатып алу жасалу рәсімінің артықшылығын жоюы;

- мемлекеттік сатып алу жасалу рәсімінің ықшамдау;

- мемлекеттік сатып алу рәсімінің тексерістің қағидасының соң міндеттеменің орындауының келісімдерге туралы;

- назарлық білдіру және шағым жасаудың рәсімінің шағым жасауының тиімді қадағалауының тетігінің қағидасы.

2. Негізгі проблемаларды талдау.

Мемлекеттік сатып алуды автоматтандыру бюджет қаражатын үнемдеудің және мемлекеттік сатып алу процесін негiзсiз кiдiрту себептерiн жоюдың неғұрлым тиiмдi құралдарының бiрi болып табылады.


Кезең

Пайдаланушылардың саны

өнім берушілердің саны

жалпы өнім берушілердің саны

веб-порталда өткізілген сатып алу саны


веб-порталда өткізілген сатып алу саны (млрд. теңге)

2010

83 874

67 628

8 240 500

1 355 327

1 380,1

2011

115 733

99 053

8 508 391

2 418 564

2 661,6

2012

130 070

110 274

27 716 116

1 941 002

1 602,5

2013

183 075

152 328

4 885 049

1 909 049

1 423,7

Сонымен бірге пайдаланушыларда веб-порталмен жұмыс істеу дағдыларының болмауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын, мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған электрондық форматта сатып алуды жүргізу нұсқауларын білмеу мемлекеттік сатып алу саласында Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзушылықтарына, порталда қалыптасатын есепті деректердің бұрмалануына, сондай-ақ пайдаланушылардың портал жұмысына наразылық келтіруіне әкеп соғады, бұл жалпы сатып алудың тиісінше өткізілуіне және дәйекті нәтижелердің қалыптасуына әсерін тигізеді.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар.

1) Бiрыңғай экономикалық кеңестік шеңберінде Қазақстан Республикасы, Белоруссия Республикасы және Ресей Федерациясы арасында жасалған, Қазақстан Республикасы, Белоруссия Республикасы және Ресей Федерациясы арасында 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Мемлекеттiк (муниципалдық) сатып алу туралы келiсiм Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедегі Заңымен ратификацияландыІшкі факторлар.

Ішкі факторлар

1) пайдаланушыларда веб-порталмен жұмыс істеу дағдыларының болмауы;

2) пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын, мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған электрондық форматта сатып алуды жүргізу жөніндегі нұсқауларды білмеуі.



7. Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпараттандыру

1. Негізгі даму өлшемдері

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында (2014 жылдың 6 тамызында, Астана қ.) мемлекет басшысымен әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіру үшін мемлекеттік басқару тиімді жүйесін құру қажет екенің атап өтті. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың басшылары өз аппараттарын оңтайландыруы қажеттігін, функциялардың қайталануын болдырмауы тиістігін тапсырмалары берілген.

Сонымен бірге, «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру механизмінің бірі «бұлыңғыр есептеу», АКТ-аутсорсингі және тапсырыстарды шоғырландыруды пайдалануға көшуге негізделген ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.

Көрсетілген бағдарлама шеңберінде үлгілік ақпараттық жүйелер «бұлыңғыр сервистер» түрінде ақпараттандырудың жаңа моделінің аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға енгізілетін, үлгілік ақпараттық жүйелердің тізбесін анықталуы қажет екені белгіленді.

Өркендеген елдерде соңғы он жыл ішінде аутсорсинг әдісі тек қана бизнесте белсене қолданылған жоқ, сондай-ақ мемлекеттік басқару секторында ойдағыдай еңгізілді. Бұл жағдайда аутсорсинг атқарушы билік органның қосымша міндеттері жайында тәуелсіз немесе еншілес мекемелерді табыстауды түсініледі.

Әдеттегідей, аутсорсингке келесі процесстер тобы табысталады:


  1. Жоғары дәрежелі мамандықтарды және сараптама бар болуын талап ететін, бірақ өзекті емес процесстер. Мысалы – жылдық бухгалтерлік және салық есептемесін әзірлеу және тапсыру, АКТ-ды алып жүру бас бухгалтер міндеті;

  2. Кертартпалыққа негізделген процесстер, көп сандар ішінен қайталанатың мақсаттардан туратын процесстер. Бұл дәрежедегі процесстердің мысалы еңбек ақы есептеуі, дебиторлық берешекті және төлем алу шоттарын жүргізу жатады.

Мемлекеттік секторда аутсорсингті қолдану әлемдік іс-тәжірибені Accenture компаниясы өткізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттік секторында аутсорсингті барынша көп өрістенді. 90-шы жылдардың басында Ұлыбританияда мемлекеттік мекемелерде ақпараттық қолданумен байланысты процесстердің көп жартысын басқа мекемелерге қызмет көрсету үшін жіберуге рұқсат берілген бағдарлама жүзеге асырылды. Мысалы, бухгалтерия және төлем есебін өткізу процессін автоматтандыру үшін кешенді төлем жүйесін жүзеге асыру барысында, 2006 жылы Siemens Business Services компаниясы Ұлыбритания Үкіметінің Еңбек және Зейнетақы департаментімен 85 млн. евроға 2010 жылға дейін мерзімге шарт қол қойылған. Сингапурда Vital біріңғай операторына бүкіл мемлекеттік органдардың персоналды басқару және бухгалтерия функцияларын берілді.

Шығындардың оңтайландыруы және сапаны стандарттау аутсорсинг технологиялары нарықтық үйлестіктің негізгі артықшылығын пайдалануды рұқсат береді. Шарт шеңберінде жасалатын аутсорсинг қызметің ұйымдастыруы негізгі болып саналады, және аутсорсер қызметтің көлемін арттыру және ең жақсы сапалы қызмет көрсету үшін қызығушылық танытады, бұл екі жаққа да қасымша артықшылық жасайды. Сондай-ақ мемлекетте аутсорсинг қолданғанда артықшылық алуға қызығушылық танытады: негізгі қызметті жүргізу үшін нәтижеге бағдарлау ресурстарды босатып алады және жұмыс тиімділігін арттыруға назар аударады.

Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде деректерді өңдеу орталықтарының базасында серверлерді виртуалдау және «бұлыңғыр есептеу» моделдерінің технологиялары кеңінен қолданылады. Осы технологияларды енгізудің нәтижелері бюджеттік қаражатты шоғырландыру және үнемдеу, мемлекеттік органдардың бизнес үдерістерінің тиімділігі болып табылады.

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес Министрлік АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару ақпараттандырудың жаңа моделін құру және енгізу арқылы АКТ-сервистеріне тапсырыс беру және тұтынуға АКТ-өнімдерін сатып алудан жоспарланған кезең-кезеңімен ауысуын келесі жолдармен жүзеге асыруы тиіс:

1) АКТ-аутсорсингіне берілетін тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізбесі анықтау;

2)Министрліктің мемлекеттік мекемелердің АКТ-тапсырысын шоғырландыру механизмі қалыптастыру;

3) Мемлекеттік органдардың бірыңғай «бұлыңғыр платформасын» (бұдан әрі - G-Cloud) және Қаржы министрлігінің «бұлыңғыр платформасын» (бұдан әрі - MF- Cloud) қолдануға негізделген Министрліктің мемлекеттік мекемелердың ақпараттандырудың аутсорсингтік моделін іске асыру;

4) Қаржы министрлігі, сондай-ақ оның ведомстволық бағыныстағы комитеттердің ақпараттық жүйелерін MF-Cloud-қа көшіру;

5) Қаржы министрліктің мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық жүйелер мен серверлік құрал-жабдықтардың ревизиясын жүргізу және оларды жоюдың және/немесе G-Cloud-қа ауыстырылу тәртібін және мүмкіндігін анықтау;

6) Қосалқы функцияларды олармен өзіне тән емес қысқартатын мемлекеттік органдармен жалға алу жалпы сервистерін MF-Cloud жинақтау жүргізу.

Қазіргі күнге Министрлікте серверлерді виртуалдау және «бұлыңғыр есептеу» моделдерінің технологияларын енгізу жұмыстары басталды.

2011 жылдан бастап «е-Қаржымині» ИААЖ құру»» жобасы шеңберінде, мемлекеттік органдардың серверлік орталығы collocation (серверлік құрал-жабдықтар үшін бағана-орынды жалға алу) қызметтері пайдалана бастады. 2008 жылдан бастап «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЫАЖ құру» жобасы шеңберінде Астана қ. «Қазақтелеком» АҚ-ның серверлік орталығы collocation қызметтері пайдалана бастады. Ақкөл қ. «Қазақтелеком» АҚ-ның сақтық серверлік орталығы базасында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйенің сақтық орталығы құрылды.



  1. Негізгі проблемаларды талдау

Министрлік Жобаны іске асыруы барысында мынадай проблемаларға тап болды:

1) жергілікті орындарда кадрлардың жиі ауысуы – қайтадан қабылданған қызметкерлерді оқытуға қосымша ресурстар қажеттігін туындататың проблема және жүйеге күнделікті деректері, мәліметтерді және т.б. енгізу жеделдігіне әсер етеді;

2) оның айтарлықтай ауқымдылығы кезінде Жобаны іске асырудың қысқа мерзімдері;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Министрлік құзыреті әдіснамасының жиі өзгеруі, оған байланысты Министрліктің сол немесе өзге міндеттерін автоматтандыру бойынша жаңа талаптардың қажеттігі пайда болады, ол сондай-ақ ресурстардың (уақыт, еңбек және т.б.) қосымша шығындарын талап етеді;

4) мемлекеттік органдармен өзара ақпараттық іс-қимыл қағидаларына ұзақ келісілуі, бұл интеграциялық өзара іс-қимылды құқықтық қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді қатерге әкеп соғады.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

1) «е-Қаржымині» ИААЖ мемлекеттік органдар және басқа ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіруге мүмкіндік бермейтін техникалық және заңнамалық шектеулер.

Ішкі факторлар:

2) Жобалау-техникалық құжаттарды ұзақ келісу рәсімдерінің туындау мүмкіндігі.


8. Көлеңкелі экономика

1. Дамудың негізгі параметрлері

Статистика комитеті ұсынған мәліметке сәйкес ЖІӨ көлемінде көлеңкелі экономика үлесі 2005 жылы 20,1 %-дан 2012 жылдың қорытындысы бойынша 19,2 %-ға дейін түсті.

Бюджеттік құжаттардың жоспарлау процессі жетілмегендік, ал бөлек оқиғаларда олардың тиімсіз қолдануы, көлеңкелі экономиканың пайда болу негізгі институционалдық себебі болып табылады.

Мемлекеттік қызметші тарапынан, сондай-ақ бизнес өкілінен заңнаманың жетілмегендігі және нормативтік құқықтық актілердің орындалуын нашар бақылауы әкімшілік барьерлері және құқыққа қайшы әрекеттер негіздері пайда болу жағдайына әкеп соғады.

Қосылған құн салығы және Кеден одағы шекарасынан өтетін тауарлардың кеден әкімшілендіру әкімшілік жүйесінің тиімсіз жұмыс істеуі нақты табысты жасыруға және салық төлеуден жалтаруға әкеледі.

Министрліктің жоспарланған міндеттерінің негізгі мақсаттары:


  • Экономика саласындағы көлеңкелі айналымының деңгейін азайту;

  • бюджетке түсімдердің көлемін арттыру;

  • қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін арттыру;

  • мемлекеттік қаржы саласындағы бұзушылықтарды азайту;

  • снижение ввоза контрафактной продукции и контрабанды.

Экономиканың көлеңкелі секторының көлемдерін қысқарту мақсатында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметпен Жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасы бекітілген және Іс-шаралар жоспары (Үкіметтің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 975 қаулысы) бекітілді.

Жоспарды орындау үшін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтияр хаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленді.

Заң жобасы мынадай негізгі қағидаттарға негізделген:


  • мемлекет пен жеке тұлғаның әлеуметтік серіктестігінің нысандары ретінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялауды енгізу;

  • салық шегерімдерін кеңейту арқылы әлеуметтік қолдау;

  • халық үшін мейлінше қолайлы табыстар мен мүлікті декларациялау рәсімін құру;

  • салық салудың жекелеген режимдерін реформалау арқылы жеке тұлғалардың салық салуына біркелкі тәсіл;

  • жеке тұлғалардың табыстары сәйкестігін тиімді бақылау жүйесін құру.

Бұдан басқа көлеңкелі экономиканың қорытындылар күйінің талдау мақсаты шарттың жаралғанының үшін көлеңкелі экономиканың және себептің жою деңгейінің қысқарту үшін, экономиканың субъекттерін көлеңкеге кету 2012 жылдың желтоқсан айында қабылдау қарсы әрекет кешенді жоспар көлеңкелі экономика Қазақстан Республика на 2013 -2015 жылдары итеру болу.

Жоспардың шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру , оның ішінде Интернет желісіндегі көлеңкелі операцияларды реттеу, қасасқаны және жалған банкроттықты анықтау және оның жолын кесу жөніндегі алдын алу шаралары тетігінің тиімділігінің арттыру, қымбат бағалы металдардың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің зеңсіз айналамын азайту жөніндегі шаралар қарастырылуда.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшаға зеңсіз айналдыруын бақылауды және ол үшін жауапкершілігі күшейтуге, барлық сауда нүктелеріне (оның ішінде нарықтарға , базарларға) POS – терминалдарды кезең-кезеңімен енгізуге, қолма – қол ақшасыз есеп айырысу терминалдары арқылы, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде қызметтер алу кезінде төлемді қолма-қол ақшасыз нысанда міндетті қабылдау мүмкіндігін беруге және оны одан әрі дамытуға бағытталған іс-шаралары іске асыру көзделуде.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс - қимылдың тиімді шараларының бірі барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті негізде электрондық шот - фактураларды енгізу болып табылады, ол бизнестің шығындарын азайтады және жасанды шот - фактуралар жаздырып алу, айырбастау немесе қолдан жасау фактілерін жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Бағалау бойынша, ұсынылып отырған іс – шараларды іске асыру шамамен 1,1 млрд. Теңгені көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берілді.

2007-2013 жылдар ішінде жалған кәсіпорындар ретінде танылған салық төлеушілердің саны 1 352 құрады, ҚҚС бойынша шығынның көлемі 193 млрд.теңгені құрады.

Бір жыл ішінде орта есеппен 6 мыңға жуық салық төлеушілер ҚҚС бойынша декларациялар ұсынбайды не нөлдік декларациялар ұсынады, бүл ретте олар шот – фактуралар жаздырып алады. Нәтижесінде бюджеттің ҚҚС бойынша бір жылдың ішіндегі шығыны 128 млрд.теңгені құрады.

Кедендік басқару мақсаттарының нарықты жақсартуының қамсыздандыруының, алым және кедендік органның ақпараттық жүйесінің шоғырлануы көзделген, басын ашу және бұлтартпау «біркүндік» фирмаларының қызметін бірлесуі.

2013 жылда 645 (2012 жыл-537, 2011 жыл-510) қылмыстық іс, олардың ішінде 436 (2012-333, 2011-261) қылмыстық іс – экономикалық контрабанда бабы бойынша, 29 (2012 -43, 2011 -48) қылмыстық іс – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша, 57 (2012-65, 2011-73) қылмыстық іс – тыйым салынған заттардың контрабандасы бойынша қозғалды.

Қозғалған қылмыстық істер бойынша тауарлар мен валюта сомасы 10,8 млрд. (2012-10,8 млрд., 2011г-7,8млрд.) теңгені құрады.

Қозғалған қылмыстық істер бойынша залалдың белгіленген сомасы 5,6 млрд. (2012г-2,5млрд., 2011-6млрд.) теңгені құрады.

2013 жылда 12 364 (2012-12612, 2011-10128) әкімшілік іс қозғалды, 684 млн.теңге (2012-698млн.теңге, 2011-341млн.теңге) сомаға айыппұлдар салынды, 427 млн. теңге (2012-286млн.теңге, 2011г-299млн.теңге) сомаға тауарлар мен көлік құралдары тәркіленді. Заңсыз айналымнан 244, 8 кг (2012-422,7 кг., 2011-276кг.) есірткі құралдары алынды.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс мемлекеттік аппаратты іргелі қайта құру еліктіргендігін ескере отырып 2014 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде экономикалық тексеруді өткізетін Қызмет құрылды. Осы Қызметтің негізгі бағыты «көлеңкелі» экономика саласындағы құқық бұзушылық бойынша ескертуге, анықтауға, бұлтартпауға, қылмысты ашуға және тергеуге бағытталады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкінен айтарлықтай төмен салық ставкалары болған кезде, салықтарды төлеуден жалтару ауқымдары едәуір болып қалуда. Ресми статистиканың 2008 жылға деректер талдауы Қазақстан Республикасында тұрып жатқан жеке тұлғалар табыстарының шамамен 50 %-ына салықтар салынбайды. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің, бағалы қағаздар нарығының, жылжымайтын мүлік нарығының дамуы жеке табыс салығы түрінде бюджетке түсетін түсімдердің барабар өсімін бермеді.

2008 жылы Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы (Ұлттық қорды ескере отырып мемлекеттік бюджет табыстарынан шамамен 43 %) бюджет табыстарының негізгі көзі болып қалуда, ал жеке табыс салығының түсімдері аз үлесті (Ұлттық қорды ескере отырып мемлекеттік бюджет табыстарынан 6 %) құрайды.

Дамыған елдерде бюджеттер негізінен жеке тұлғалардан алынатын салықтар есебінен қалыптастырылады. Атап айтқанда, шоғырландырылған бюджеттегі жеке табыс салығының түсімдері АҚШ-та - 60 %-ды,Ұлы Британияда, Швейцарияда, Швецияда - 40 %-дан, ЭЫДҰ елдерінде орташа - 30 %-ды, ал жалпы базадан алынатын әлеуметтік сақтандыруға жарналармен бірге табыс салығы сияқты - 55 %-ды құрайды.

Нарықтық экономиканы дамыту төлем көзінен салықты ұстап қалу жүргізілмейтін және заңнама бойынша жеке тұлғалармен дербес декларациялауға жататын жеке тұлғалар табыстары көлемінің ұлғаюын білдіреді, бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан осындай табыстардың толық көрініс табуын тиімді бақылауды ұйымдастыруды талап етеді.

Сонымен бірге, жеке тұлғалардың салық салу мақсаттары үшін табыстарын көрсетуін жан-жақты қамтитын бақылауды қамтамасыз ету және салықтар төлеуден жалтаратын тұлғаларды анықтау қиын, өйткені қазіргі уақытта табыстар туралы декларация мен мүлік туралы мәліметтерді республика халқының аздаған бөлігі ғана (Қазақстан Республикасы азаматтарының 3,8 %-ы ) ұсынады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру міндеттерін шешу үшін, көлеңкелі экономика мөлшерлерін төмендету мақсатында халықтың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау маңызды шарт болып табылады.

Мүлікті жария ету жаңа акция сұрағын өткізу қазіргі таңда маңызды болып саналады.

Өткен жылға қарағанда, осы жылдың басында экономикалық өрлеу қарқыны 2,9% бәсеңдете басталды. Сонымен бірге, теңге құнсыздану аясында инфляция 3,3% көтерілді, өткен жылда 2013 жылы 1,9% болды.

Соңғы 3 жылда негізгі себеп инвестициялық қаражаттың жылыстауы айтарлықтай болып табылды. Мемлекетке инвестициялардың ағылып келуі, инвестициялық жылыстауды жою, сәтсіз беталыс қысқартуына келтіреді.

Экономикалық айналыстан шығарған қамбалар экономикалық күйдің және мемлекеттің даму суретін тек елдің экономикалық дамуына қатынаспау, бірақ мынадай дамудың тиянақты болжам және салу шынайы жоспар бере қоймас.

Жариялау жүзеге асуы шұғылданушының ақы-пұлының қосымша тарауын сыртқы және ішкі бастаулардан қамсыздандырады, бұл экономиканың кредиттеуінің көтермелеуін, кемуді көлеңкелі айналыста, түсімнің аумақтауын бюджетте көрсетеді.

Қазіргі уақытта Министрлікпен «Капиталға рақымшылық жасау» заң жобасы әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілді.

ҚҚС саласында алаяқтық схемаларға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды әзірлеу шеңберінде ҚР Қаржы министрлігімен арнайы ҚҚС-шоты енгізу бойынша Әзірбайжан тәжірибесі зерделенді.

Арнайы ҚҚС-шотын енгізудің басымдықтары: бюджетке түсетін ҚҚС түсімдерінің ұлғаюы, жалған кәсіпорындарды құру орындылығының болмауы, ҚҚС төлеуден жалтару бойынша схемаларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау, ҚҚС сомасын есепке алу айқындығын қамтамасыз ету, ҚҚС бойынша есепке қоюды бақылау қажеттілігінің болмауы, сондай-ақ ҚҚС бойынша есептен мәжбүрлеп шығару қажеттілігінің болмауы, тарату тексерулерін жүргізу мерзімін қысқарту, бюджеттен ҚҚС-ты қайтару рәсімін жеңілдету болып табылады.

Арнайы ҚҚС-шотын енгізудің кемшіліктері: екі салық есебі әдістерінің (кассалық әдіс – сатып алу кезінде және есептеу әдісі – өткізу кезінде) араласуынан есептің қиындауы, ҚҚС төлеушілермен бюджетке қосымшадан емес толық құннан төлеудің жекелеген жағдайларында (бартер, айырбас және т.б. жолдарды есептеу нысандарын қолдану кезінде) салық кезеңі ішінде салық төлеушілердің айналым құралдарын оқшауландырады.

Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша жұмыс шеңберінде кеден органдары тауарлардың контрабандасы мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше көңіл бөледі. Заң талаптарын бұзуға кез келген талпыныстардың жолы кесіледі. 2013 жылғы 11 айда 620 қылмыстық іс, олардың ішінде: 422 қылмыстық іс – экономикалық контрабанда бабы бойынша, 29 қылмыстық іс – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша, 53 қылмыстық іс – тыйым салынған заттардың контрабандасы бойынша қозғалды.

Қозғалған қылмыстық істер бойынша тауарлар мен валюта сомасы 10 млрд. 716 млн. теңгені құрады. Қозғалған қылмыстық істер бойынша залалдың белгіленген сомасы 5 млрд. 562 млн. теңгені құрады.

2013 жылғы 11 айда 11 787 әкімшілік іс қозғалды, 628 млн. теңге сомаға айыппұлдар салынды, 392 млн. теңге сомаға тауарлар мен көлік құралдары тәркіленді. Заңсыз айналымнан 244,8 кг есірткі құралдары алынды.



3. Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) Инфрақұрылымның жетіспеушілігі;

2) салықтар мөлшерлемелерінің жоғары деңгейі мен ұқсас тауарлардың кедендік баждарының әртүрлі мөлшерлемелері;

3) экономиканың импортқа тәуелділігі.

4) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тапсырыс берушімен беймезгілсіз мәліметті толтыру (жоспарланған сатып алу мәліметі);

5) тапсырыс берушімен беймезгілсіз және толымсыз керек құжаттарды ұсыну.

Ішкі факторлар

1) Жеке тұлғаның мүлкі туралы ақпаратты иеленушілер – мемлекеттік органдар дерекқорының өзекті еместігі;

2) кеден органдарының әлеуметтік-экономикалық қорғалмағандығы.

3) мемлекеттік сатып алу электрондық жүйенің жұмысы жаңылу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет