Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының



бет4/6
Дата08.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#123019
1   2   3   4   5   6

2. Взвод саптары

156. Взводтың өрістетілген сабы - машиналар сызығы (42-сурет), машиналар арасындағы аралық - үш метр.

Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Машиналар сызығына - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі. Взвод командирі команда бере отырып, өз машинасын взвод сабының маңдайшеп жағына алдыңғы жағымен қаратып қояды, қалған машиналар белгіленген аралықты сақтай отырып, взвод командирінің машинасынан солға қарай бір сызық бойына нөмір ретімен сапқа қойылады.

157. Взводтың жорықтық сабы - лек (43-сурет), орнында және тоқтап тұрғанда сапқа тұрғызу кезінде машиналар арасындағы арақашықтық 10 метрден жақын емес, қозғалыста арақашықтық қозғалыс жылдамдығына және шарттарына байланысты болады және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін; взвод командирінің машинасы лектің бас жағында жүреді.

Взводты лекке сапқа тұрғызу, сондай-ақ оны машиналар сызығынан лекке қайта сапқа тұрғызу «Лекпен - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Взводты машиналар сызығынан лекке қайта сапқа тұрғызу кезінде взвод командирінің машинасы соңынан взводтың қалған машиналары белгіленген арақашықтықта нөмір ретімен қозғалады (44-сурет).

Взводты лектен өрістетілген сапқа - машиналар сызығына қайта сапқа тұрғызу (45-сурет) осы Жарғының 156-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.



3. Рота саптары

158. Рота өрістетілген сапта машиналар сызығына (46-сурет) немесе взводтық лектер сызығына (47-сурет) сапқа тұрғызылуы мүмкін. Взводтар арасындағы аралық - бес метр.

Ротаны өрістетілген сапқа - машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу «Машиналар сызығына (взводтық лектер сызығына) - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Рота командирі команда бере отырып, өз машинасын рота сабының маңдайшеп жағына алдыңғы жағымен қояды немесе бірінші взводтың сапқа тұру орнын көрсетеді. Взводтар нөмір ретімен белгіленген аралықтар мен арақашықтықтарда рота командирінің машинасынан солға қарай машиналар сызығына (лектерге) сапқа тұрады.



159. Ротаның жорықтық сабы - лек (48-сурет).

Ротаны лекке сапқа тұрғызу, сондай-ақ оны өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Лекпен - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Ротаны өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің машинасы немесе бірінші взводтың алдыңғы машинасы қозғалысты тура бастайды және содан кейін көрсетілген бағытқа шығады; рота командирінің машинасы немесе бірінші взводтың алдыңғы машинасы соңынан нөмір ретімен немесе рота командирі көрсеткен тәртіппен лектегі қалған взводтар белгіленген арақашықтықта қозғалады.

160. Ротаны лектен өрістетілген сапқа - машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 158-тармағында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте лектердегі взводтар рота легінен шығады және взводтар командирлерінің «Машиналар сызығына - ЖҮР» немесе «Лекпен - ЖҮР» командасы бойынша 46, 47-суреттерде көрсетілгендей машиналар сызығына немесе взводтық лектер сызығына тиісінше сапқа тұрғызылады.



4. Батальонның машиналардағы саптары

161. Батальон өрістетілген сапта взводтық лектер немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.

Қажет болған кезде батальон машиналар сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.

Батальонды өрістетілген сапқа тұрғызу батальон командирінің «Взводтық (роталық) лектер сызығына (машиналар сызығына) - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Батальон взводтық лектер сызығына 49-суретте көрсетілгендей; роталар - взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызылады.

Батальон роталық лектер сызығына 50-суретте көрсетілгендей; роталар лектерге сапқа тұрғызылады.

Батальон машиналар сызығына 51-суретте көрсетілгендей; роталар - машиналар сызығына сапқа тұрғызылады. Роталар арасындағы аралық - бес метр.

Батальонды сапқа тұрғызған кезде батальон командирінің машинасы мен басқару бөлімшесі батальонның оң жақ қапталына, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері - тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерінде батальонның сол жақ қапталына сапқа тұрады.



162. Батальонның жорықтық сабы - лек (52-сурет).

Батальонды лекке сапқа тұрғызу кезінде лектердегі роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері батальон командирі көрсеткен тәртіппен сапқа тұрғызылады; орнында және тоқтағанда сапқа тұрғызу кезінде роталар арасындағы арақашықтық - 10 метрден жақын емес, қозғалыста арақашықтық қозғалыс жылдамдығы мен шарттарына байланысты және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін.

Батальонды жорықтық сапқа тұрғызу «Лекпен - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

163. Батальонды өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Лекпен - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша батальон командирінің машинасы тура қозғала бастайды, одан кейін қажетті бағытқа қарай шығады; батальон командирі машинасының соңынан 52-суретте көрсетілгендей немесе батальон командирі көрсеткен тәртіппен батальон бөлімшелері белгіленген арақашықтықта қозғалады.

164. Батальонды лектен өрістетілген сапқа қайта тұрғызу «Взводтық (роталық) лектер сызығына - ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімшелер 49, 50-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.



5. Бригада (полк) саптары

165. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен және қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Батальондардан солға қарай артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері және қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады. Батальондар арасындағы аралық - 10 м, бригаданың (полктің) басқа бөлімшелері арасында - бес метр немесе сапқа тұрғызу шарттарына байланысты бригада (полк) командирі айқындайды.

166. Бригаданың (полктің) жорықтық сабы - лек. Бригада (полк) жорықтық лекке осы Жарғының 139-тармағында көрсетілген тәртіппен сапқа тұрғызылады.

Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу бригада (полк) командирінің командасы бойынша жүргізіледі, бұл ретте қозғалыс бағыты мен тәртібі, қозғалысқа әзірлік уақыты мен батальондар арасындағы арақашықтық көрсетіледі.

Жорықтық сапта қозғалыс «Лекпен - ЖҮР» командасы бойынша басталады.

Батальондар командирлері батальондардың қозғалуы үшін осы Жарғының 162, 163-тармақтарында көрсетілгендей біртіндеп команда береді.

6. Әскери сәлемдесуді орындау

167. Машинада орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін «ТІК ОТЫР» командасы бойынша ашық тұрған жеке құрам белдерін бүкпей, басын тік ұстап, өзінің алдына қарап отыруы керек; қарусыз - жартылай бүгілген қолдарын тізелерінен біршама жоғары еркін қою керек; қарумен - оны тізелері арасында және екі қолымен ұстау керек.

«Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері бастық жаққа басын бұрады және бір уақытта қолдарын бас киімге апарады, қалған әскери қызметшілер бастық жаққа басын бұрмайды (41-сурет).

Егер әскери қызметшілер машинада машина қозғалысы бағытына қарап орналастырылса, онда «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша олар бір уақытта бастық жаққа басын бұрады.

Машина бастықтың жанынан өтіп кеткенде «Еркін» командасы бойынша барлық әскери қызметшілер басын тік қаратады және еркін отырады, бөлімшелердің командирлері мен машиналар жетекшілері, одан басқа қолдарын бас киімінен түсіреді.

168. Машиналардағы жеке әскери қызметшілер әскери сәлемдесуді бастық жаққа басын бұра отырып, белін бүкпей отырған күйі орындайды.

Егер әскери қызметшілер қарусыз болса, басын бұрумен бір уақытта олар қолын бас киіміне апарады, ал егер қарумен болса - оны осы Жарғының 167-тармағында көрсетілгендей ұстайды.

Механик-жүргізушілер және жүргізушілер машинаны жүргізу кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.



6-тарау. Бөлімшелер жеке құрамының ұрыста жаяу тәртіппен іс-қимыл жасау кезіндегі қозғалыс әдістері мен тәсілдері

1. «Ұрысқа», «тұр» тәсілдері

169. «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолға алу, оң аяғымен алға қарай және біршама оңға толық адым жасау керек, онымен бір уақытта денені алға еңкейту керек, сол тізеге отыру және сол қолын өзінің алдына, саусақтарын оңға қарай жерге қою керек (53-сурет), одан кейін сол аяқтың жамбасына және сол қолдың білегіне сүйене отырып, сол бүйірге жату керек және жылдам ішке аунап түсу керек; аяқтардың ұштарын біршама сыртқа қаратып жан-жаққа созу және оқ атуға дайындалу керек (53-сурет).



Қол оқшашарымен тәсілдерді орындау үшін «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолымен алу, сол қолмен тіреуіштерін жазу керек. Осымен бір уақытта оң (сол) аяқпен алға қарай толық адым жасау керек және алға еңкейе отырып, атыс бағытына оқшашарды тіреуіштеріне қою керек; жазылмастан жерге екі қолымен тіреліп, аяқтарын артқа жіберу, ішпен жату керек, аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып созу және оқ ату үшін дайындалу керек (54-сурет).



Топтық қарумен тәсілдерді орындау кезінде «ҰРЫСҚА» командасы бойынша оны жауынгерлік күйге келтіру керек, ал одан кейін ату үшін күйді қабылдау керек (55-сурет).



170. «ТҰР» командасы бойынша қаруды оң қолына ұстай отырып, екі қолды кеуде деңгейіне тарту керек, бір уақытта аяқты бірге қосу керек (56-сурет), одан кейін қолдарын жедел соза отырып, кеудесін жерден көтеру және оң (сол) аяқты алға шығару керек (56-сурет), жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қою және қарумен саптық қалыпты қабылдау керек (5-суретті қараңыз).

Оқшашармен «ТҰР» командасы бойынша аяқтарын алға қарай созғаннан кейін оқшашарды алу керек, жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қоя отырып, оқшашарды аяқ жанына қою керек (56-сурет).

2. Жүгіріп және еңбектеп өту

171. Жүгіріп өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, жыра бағытына жүгіріп өт - АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі.

Алдын ала берілетін команда бойынша демалу үшін таса орындарға тоқтауға қарай қозғалу жолын белгілеп алу, ал орындалатын команда бойынша осы Жарғының 170-тармағында көрсетілгендей жылдам тұрып, сол (оң) аяғын жерге қоймастан, оң (сол) аяқты түзеумен (серпумен) бір уақытта оны алға қарай шығару және мүмкіндігінше жүгіріп өту керек.

Демалу үшін тоқтаулар арасындағы жүгіріп өту ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың оқ атуына байланысты және орташа алғанда 20-40 адым болуы тиіс.

Демалу үшін тоқтаған жерде осы Жарғының 169-тармағында көрсетілгендей жүгіріп келіп жату керек, біршама шетке қарай еңбектеп өту керек (бекіністі ауыстырудың өзге де әдісі қолданылуы мүмкін), ал командада көрсетілген орынға жеткеннен кейін, одан басқа оқ атуды жүргізуге дайындалу керек.

Жүгіріп өту кезіндегі қарудың күйі - жүгіріп өтушінің қалауы бойынша болады.

172. Еңбектеп өту жер бауырлап, жартылай төрт тағандап және бүйірімен өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, бруствер артына еңбектеп өт - АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі. Алдын ала берілетін команда бойынша қозғалу жолын және демалу үшін тасаланған тоқтау орындарын белгілеп алу керек, ал орындалатын команда бойынша көрсетілген әдістердің бірімен еңбектеп өту керек.

173. Жер бауырлап еңбектеп өту үшін (57-сурет) жерге жабыса жату керек, оң қолмен қаруды жоғарғы антабкасынан қарубаудан алу және оны оң қолдың білегіне қою керек.



Оң (сол) аяқты тарту және бір уақытта сол (оң) қолды мүмкіндігінше созу керек; бүгілген аяқпен серпіле отырып, денемен алға қарай жылжу керек, екінші аяқты тарту, екінші қолды созу керек және қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек. Еңбектеп өту кезінде басты жоғары көтермеу керек.

174. Жартылай төрт тағандап еңбектеп өту үшін (58-сурет) тізерлеу және білекке немесе қолдардың басына тірелу керек. Бүгілген оң (сол) аяқты кеуде астына тарту керек, онымен бір уақытта сол (оң) қолды алға қарай созу керек. Денені оң (сол) аяқ толық созылғанша алға қарай жылжыту керек, онымен бір уақытта екінші бүгілген аяқты өзіне қарай тарта және екінші қолды соза отырып, қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек.

Қаруды: білекке тірелген кезде - жер бауырлап еңбектеп өту кезіндегі сияқты; қолдардың басына тірелген кезде - оң қолмен ұстау керек.



175. Бүйірмен еңбектеп өту үшін (59-сурет) сол бүйірге жату керек; тізесі бүгілген сол аяқты алға қарай соза отырып, сол қолдың білегіне тірелу, оң аяқты мүмкіндігінше өзіне қарай тартып өкшесімен жерге тірелу керек; оң аяқты жаза отырып, сол аяқтың күйін өзгертпей денені алға қарай жылжыту керек, одан кейін қозғалысты осындай тәртіппен жалғастыру керек.

Қаруды сол аяқтың жамбасына қойып, оны оң қолмен ұстау керек.



3. Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы

176. Рота легіне жерүсті қарсыласының кенеттен шабуыл жасауына тойтарыс беру үшін «Қарсылас маңдайшептен (тылдан, солдан, оңнан) - «ҰРЫСҚА» командасы беріледі.

Осы команда бойынша:

маңдайшептен шабуыл жасалған кезде бағыттаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында, одан кейінгі взвод оңға қарай, ал тұйықтаушы взвод - бағыттаушыдан солға қарай өрістетіледі;

тылдан шабуыл жасалған кезде рота артқа бұрылады; тұйықтаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында; лектің ортасында болатын взвод - одан оңға қарай, ал бағыттаушы взвод солға қарай өрістетіледі; солдан немесе оңнан шабуыл жасалған кезде рота тиісті жаққа қарай бұрылады; лектің ортасында болатын взвод жауынгерлік тәртіппен орнында өрістетіледі; қапталдағы взводтар: біреуі - оңға қарай, ал екіншісі - осы взводтан солға қарай өзінің сыртқы қапталдары жағына қарай өрістетіледі.

177. Роталар легіне қарсылас әуеден шабуыл жасаған кезде «Ә-УЕ» командасы беріледі. Осы команда бойынша рота жағдайға байланысты қозғалысты жалғастырады немесе тоқтайды. Егер қозғалыс тоқтатылмаса, онда лекте жылдамдық пен машиналар арасындағы арақашықтық ұлғайтылады. Тоқтаған кезде жеке құрам өз командирлерінің командалары бойынша жылдам машиналардан секіріп түседі, жақын жердегі тасаланған орындарға взвод бойынша бекінеді, оқ атуға дайындалады және команда бойынша төмен ұшатын нысаналар бойынша оқ атуды жүргізеді.

178. Қарсылас ядролық, химиялық және биологиялық қару қолданған кезде радиациялық қауіп немесе химиялық дабыл белгілері беріледі.

Осы белгі берулер бойынша жеке құрам қорғаныс шараларын қабылдайды.



7-тарау. Ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) саптық байқауы

Жалпы ережелер

179. Саптық байқау жеке саптық машық және бөлімшелердің саптық үйлесімділік дәрежесін айқындау мақсатында өткізіледі. Саптық байқауда, сондай-ақ әскери қызметшілердің сыртқы пішіні, жабдықтардың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың бар болуы мен жай-күйі тексеріледі. Саптық байқауда инспекциялау кезінде, одан басқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысында мазмұндалған тәртіппен әскери қызметшілерге сұрақтар қойылады. Әскери қызметшілерге сұрақтар қою да сонымен қатар тексеру жүргізу кезінде жүргізілуі мүмкін (8-қосымша).

Саптық байқауды тікелей бастықтар немесе инспекциялауға (тексеруге) басшылық жасау үшін тағайындалған адамдар жүргізеді.

Саптық байқауды жүргізетін адамдарға байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және жауынгерлік даярлық бағдарламасын орындауға байланысты саптық байқауды өткізу тәртібін белгілеуге рұқсат етіледі.

Әрбір саптық байқау бөлімшенің, бригаданың (полктің) салтанатты шерумен өтуімен, ал Жауынгерлік Ту әкетілгеннен кейін - бөлімшелердің саптық әнді орындауымен аяқталады.

Байқау қарсаңында байқауды өткізетін бастық бөлімшенің, бригаданың (полктің) командиріне байқаудың уақытын, орнын, сапқа тұрғызу және өткізу тәртібін, киім нысанын, байқауға қандай қару-жарақ, әскери және басқа да техниканы шығару қажеттігін хабарлайды.

180. Ротаның, батальон мен бригаданың (полктің) саптық байқауы жаяу тәртіппен немесе машиналарда өткізіледі.

Жаяу тәртіппен байқауға бригада (полк) бөлімшесінің барлық жеке құрамы жеке қарумен шығарылады, ал машиналардағы байқауға, одан басқа барлық қару-жарақ, әскери және басқа да техника шығарылады.



2. Жаяу тәртіппен саптық байқау

Ротаның байқауы

181. Саптық байқау үшін рота өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады: рота командирі рота ортасының алдыңғы жағында сегіз адымда, рота сержанты - басқару тобының оң жақ қапталында, белгі беруші-барабаншы - рота сержантынан оңға қарай екі адымда, рота командирінің орынбасарлары - белгі беруші-барабаншыдан оңға қарай екі адымда, рота старшинасы ротаның сол жақ қапталына тұрады.

182. Байқау өткізетін бастық 40-50 адым жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, байқау өткізетін бастыққа саптық адыммен келеді, оған екі-үш адым қалғанда оның алдына тоқтайды және баяндайды.

Мысалы: «Подполковник мырза. Бірінші рота саптық байқау үшін сапқа тұрғызылды. Рота командирі капитан Дүйсекеев».

Рота командирі баяндап болғаннан кейін оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяғымен жанына қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адымда және қолын бас киімінен түсірмей саптың сыртқы жағынан жүреді.

Белгі беруші-барабаншы рота командирінің «Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасы бойынша «Жорықтық маршты» соға бастайды (9-қосымша); рота командирі байқау өткізетін бастықтың алдына келіп тоқтағанда белгі беруші-барабаншы барабанды соғуды тоқтатады, ал рота командирі баяндап болғаннан кейін оны жалғастырады.

183. Байқау өткізетін бастық оң қапталдан солға қарай рота сабының маңдайшебін шолып өткеннен кейін саптың ортасына шығады, ротаның жеке құрамымен сәлемдеседі, «ЕРКІН ТҰР» командасын беруге рұқсат етеді және рота командиріне байқауды жалғастыру туралы қажетті нұсқаулар береді.

Бастық рота сабы ортасының алдына келгеннен кейін белгі беруші-барабаншы соғуды тоқтатады.

Рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді, қолын бас киімінен түсіреді, байқауды өткізетін бастыққа саптық жазбаны тапсырады, ал одан нұсқаулар алғаннан кейін оларды орындауға кіріседі.

184. Ротаның байқауы жеке құрамның бар болуын, әскери қызметшілердің сыртқы пішінін, жабдықтар мен қару-жарақтың жай-күйін тексеруден басталады; одан кейін бөлімшелер, взводтар мен рота жеке саптық машықтарының және саптық үйлесімділік дәрежесі, рота құрамында саптық әндерді орындау шеберлігі тексеріледі.

185. Рота байқау өткізетін бастықтың алдынан взвод бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта; взводтар - «қарубауға» күйіндегі немесе байқау өткізетін бастықтың командасы бойынша басқа күйдегі қаруы бар үш (төрт) лек бойынша салтанатты шерумен жүріп өтеді. «Кеудеге» күйіндегі автоматтар сол қолмен сағағынан және ұңғы бастырмасынан ұсталады.

186. Салтанатты шерумен жүріп өту алдында байқауға қатысатын рота командирінің тікелей бастықтары бір-екі адым артқы жақта және байқау өткізетін бастықтан оңға қарай тұрады.

Рота командирі ротаның оң жақ қапталында лекте бір-бірден роталар өту сызығын белгілеу үшін тағайындалған сызықтықты білдіретіндері бар бола отырып, ротаны взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызып, сапқа қарама-қарсы бағыттаушы взводтың (басқару тобының) алдында сегіз адымда тұрады және: «Рота, ТІК ТҰР. Салтанатты шеруге, взвод бойынша, бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықта, бірінші взвод (басқару тобы) тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА («Автоматтарды - кеуде-ГЕ»)». «Назар оң-ҒА, адым - БАС» деп команда береді, одан кейін сол жақ қолына қарай оң аяғының ұшымен жылдам артқа бұрылады және ротамен бір уақытта сол аяғымен қозғалысты бастайды.

«Салтанатты шеруге» командасы бойынша мыналар саптан шығады және: рота командирінің орынбасарлары - рота командирінен кейін екі адымда, взводтар командирлері - өз взводтарының алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншы - рота командирі орынбасарларынан кейін екі адымда, рота сержанты - басқару тобының алдында екі адымда тұрады; сызық бойына тұратындар рота өтетін сызыққа жүгіріп немесе жиіленген саптық адыммен шығады, бір-бірінен 10-15 м (15-20 адым) арақашықтықта тоқтайды, өз бетімен солға қарай бұрылады, ал «Адым - БАС» командасы бойынша бір уақытта автоматтарды «кеудеге» күйіне, ал карабиндерді - «қарауылға» күйіне алады.

Орындалатын команда бойынша барлық рота қозғалуды бастайды, сонымен қатар бірінші взвод (басқару тобы) саптық адыммен тура қозғалады, ал кейінгі әрбір взвод бірінші взвод (басқару тобы) тұрған жерге жеткен кезде солға бұрылады, орнында адым жасайды және түзеледі. Алда келе жатқан взвод командамен көрсетілген арақашықтыққа жеткен кезде кейіннен келе жатқан взвод командирі «ТУРА» деп команда береді. Осы команда бойынша взвод саптық адыммен қозғалысты бастайды.

Взводтардағы оң жақ қапталдағылар сызықтықты білдіретіндер белгілеген сызық бойымен олардан кейін бір адымда жүреді.

187. Рота командирлері, оның орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты бір сызықтық арақашықтыққа бастыққа дейін жетпей қолын бас киіміне апарады және онымен бір уақытта басын байқау өткізетін бастық жаққа бұрады.

Бастық жанынан төрт адым өткеннен кейін рота командирі жанына қарай шығады, өзінің тікелей бастықтарынан оңға қарай тұрады (осы Жарғының 186-тармағы) және барлық рота өтіп болғанға дейін сол жерде тұрады.

Взвод командирі қолын бас киіміне апарғанда оң қапталдағылардан басқа, осы взводтың барлық әскери қызметшілері бір уақытта бастық жаққа басын бұрады. Байқау өткізетін бастықтың жанынан бір сызықтық арақашықтыққа взвод өтіп кеткеннен кейін взводтың командирі қолын бас киімінен түсіреді, ал қалған әскери қызметшілер басын тік қаратады.

188. Рота байқау өткізетін бастықтың жанынан өткен кезде сызықтықты білдіретіндер жетекшінің белгісі бойынша қаруды «қарубауға» күйіне алады, оңға бұрылады, бір лекпен жүгіріп ротаны қуып жетеді және ротаның сол жақ қапталына сапқа тұрады.

189. Әнмен жүріп өту үшін рота командирі ротаны қайта сапқа тұрғызып, бағыттаушы взводтың алдында сегіз адымда тұрады және: «Рота, ТІК ТҰР. Әндетіп өту үшін, взвод бойынша, арақашықтық елу метр, бірінші взвод тура, қалғандары оң-ҒА». «Қарубау-ҒА». «Адым - БАС» командасын береді, одан кейін оң аяғының ұшымен сол қол жаққа қарай жылдам артқа бұрылады және сол аяғымен қозғалысты ротамен бір уақытта бастайды.

«Әндетіп өту үшін» командасы бойынша мыналар саптан шығады және: рота командирінің орынбасарлары - рота командирінен екі адымда, взводтардың командирлері - өз взводтары алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншы - рота командирінің орынбасарларынан кейін екі адымда, рота сержанты - басқару тобының алдында екі адымда тұрады.

Орындалатын команда бойынша барлық рота қозғалысты бастайды, бірінші взвод (басқару тобы) әнмен жорықтық адыммен тура қозғалады және келесі әрбір взвод бірінші взвод (басқару тобы) тұрған жерге жеткен кезде солға қарай бұрылады, орнында адымдайды және түзеледі. Алда келе жатқан взвод командамен көрсетілген арақашықтыққа жеткен кезде кейіннен келе жатқан взвод командирі «Взвод, әндетіп - ТУРА» деп команда береді. Осы команда бойынша взвод әнмен жорықтық адыммен қозғалысты бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет