«Қазақстан республикасы қарулы күштерінің Әскери жалпы әскерлік жарғылары» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен мамандық: 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық»


Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар



бет3/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#171064
1   2   3   4   5   6   7

2. Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.

Бөлім (бөлімшенің) командирі жеке-дара бастық болып табылады және мемлекеттің алдында өзіне сеніп тапсырылған әскери бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігі үшін жеке жауаптылықта болады.. Ол: әскери бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік тапсырмаларды табысты орындауына; жеке құрамның даярлығы, тәрбиесі, әскери тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери қызметтің қауыпсіздігі үшін; ішкі тәртіп үшін; қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық техниканың жай-күйі мен басы бүтін сақталуы үшін; техникалық, материалдық, медициналық, қаржылық, әлеуметтік-құқықтық және тұрмыстық қамтамасыз етілуі үшін жауап береді.

Командир өзіне сеніп тапсырылған бөлімнің (бөлімшенің) шын мәніндегі жай-күйін жан-жақты білуі және оның жауынгерлік және жұылдырушылық әзірлігін арттыруға барлық шараларды қолдануы және барлық қажеттермен қаматамасыз етуі тиіс.

Командир қорғаныс саласында мемлекет саясатын нық және дәйекті түрде жүзеге асыруға:

- өзіне сеніп тапсырылған бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін қолдануға;

- жеке кәсіби даярлығы мен әскери бөлімді (бөлімшені) басқару әдістерін жетілдіруге;

- далалық машықтануды арттыруға, бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің әр түрлі дәрежесіне келтіру жөнінде іс-қимыл дәрістері мен жаттығуларын жүргізуге; жеке құрамның өзінің міндеттерін білуіне және орындауынақол жеткізуге; жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлікті ұстау мен жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және олардың орындалуына қол жеткізуге; жоспарларға уақытылы қажетті өзгерістер мен нақтылаулар енгізуге;

- өзіне сеніп тапсырылған әскери бөлімнің (бөлімшенің) ақиқат жай-күйін жан-жақты білуге оның тізімдік жәнеіс жүзіндегі құрамы туралы, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық заттардың бар-жоқтығы мен жай-күйі туралы өзінде ұдайы дәл мәліметтердің болуына, олармен толық қамтамасыз етілуге қол жеткізуге;

- әскери және мемлекеттік құпияны сақталуы қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолдануға; кадрлармен жұмысты байыпты жүргізуге; ғылыми, өнертабыстық пен рационализаторлық және шарттық – талаптық және талап – арыз жұмысына басшылық жасауға міндетті.

Командир (бастық) бағыныстылардың жауынгерлік даярлығына тікелей басшылық жасауға:

- жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі тапсырмаларды жоспарлауға және оларды уақытылы қоя білуге;

- бағынысты командирлердің кәсіптік білімдерін, әдістемелік шеберлігін және педагогикалық мәдениетін ұдайы жетілдіруге;

- жеке құрамның жауынгерлік оқумен толық қамтылуына қол жеткізе отырып оқу-жаттығулар мен дәрістерді өзі жүргізуге;

- сыныптық мамандарды даярлауды ұйымдастыруға және бақылау жасауға;

- Жауынгерлік даярлық кезінде бақылауды жүзеге асыруға және бағыныстыларға қажетті көмек көрсетуге, жауынгерлік оқуға жарыспалықты, бағыныстылардың оқуы мен тәрбиесінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайтын барлық жаңа, озық атаулыны енгізуге, ұрыс ахуалына барынша жуықтаған оқыту жағдайларын жасау шараларын жүргізуге міндетті.

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметші бір-біріне қатысты бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.

Бастықтың бағыныштыға бұйрықтар беру құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныштының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әректі үшін бастық жауапкершілкте болады. Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

3. Аға және кіші шенділер.

Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез-құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.

Бір-біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.


  1. Бұйрық (өкім) оларды беру, орындау және бақылау тәртібі.

Бұйрық – қызмет бабында қандай да бір іс-әрекетті орындау немесе тоқтату туралы командирлердің (бастықтың) талап етуі.

Бұйрық әскери қызметшілердің біріне немесе тобына жазбаша, ауызша немесе техникалық құралдар арқылы берілуі мүмкін. Жазабаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің жеке-дара басшылығы құқығында берліетін әскери басқарудың негізгі өкімгерлік қызметтік құжаты (құқықтық акті) болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жазбаша бұйрықтар беру құқығын әскери бөлімнің командирінен бастап одан жоғары командирлер (бастықтар) пайдаланады.

Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді.

Өкім – бағыныстыларға командирдің (бастықтың) тапсырмаларды жеткізу нысаны. Өкім жазбаша түрде немесе ауызша беріледі. Жазбаша өкім қызметтік құжат болып табылады. Штаб бастғы әскери бөлім командирінің атынан немесе гарнизонның әскери коменданты гарнизон бастығының атынан олардың нұсқауларын жазбаша өкім нысанында жеткізеді.

Командир (бастық) бұрық (өкім) берер алдында ахуалды жан-жақты бағалауға және оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Кейінен командир (бастық) оның орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Ол берілген бұйрық (өкім) мен оның салдары үшін, бұйрықтың (өкімнің) заңдарға сәйкестігі үшін, сондай-ақ билікті теріс пайдаланғаны және билікті немесе қызметтік өкілеттігін берліген бұрықта (өкімде) асыра қолданғаны үшін оны орындау жөнінде шаралар қабылданбағыны үшін жауапты болады. Бұйрық (өкім) қысқа әрі анық берілуге тиіс, екіұдай жол бермеуге және бағыныстының күдігін тудырмауға тиіс.

Бұйрықтар баныстылық ретімен беріледі. Ерекше қажет болағн ретте бастық бағыныстыға оның тікелей бастығын жаннай бұйрық бере алады. Мұндай жағдайда ол бұл туралы бағыныстының тікелей бастығына хабарлауға тиіс немесе бағынстыға тікелей бастығына өзінің мәлімдеуін бұйырады.

Бастықтың бағыныштыға бұйрықтар беру құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бастықтың бұйрығы бұлжытпай орындалуы тиіс. Бұйрықтың орындалуы бастықтың бақылауында болуы тиіс. Бағынышты бұйрықты бұлжытпай орындауы міндетті.



  1. Әскери қызметшілердің бастамшылығы.

Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

Армия генералдары, адмиралдараға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар – кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

подполковник шеніндегі аға офицерлер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар – старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

кіші офицерлер – старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін.

  1. Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы.

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениет, қарапайымдылық және ұстамдылық үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қорғауға және басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез-құлқына қарап тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар-абройы туралы пікір түйілетін есте ұстауға тиіс.

Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне «Сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке қатысу кезінде әскери атақ әскерлердің тегі немесе қызмет көрсетілмей аталады.

Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныстылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда оларды әскери атағы мен тегі бойынша немесе атағы бойынша ғана, соңғы жағдайда атақтың соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып атайды.

Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», Қатардағы сарбаз мырза, Сержант Егізбаев (Егізбаева)», Сержант мырза», «Мичман Иванов (Иванова)» және т.б.

Әскери-оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық (старшиналық) құрамының курсттарын (тыңдаушыларын), прапоршиктерін (мичмандарын), сондай-ақ оқу-әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде, фамилясын қосып «Курсант» деп немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады: лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде аға шендісі қолын бірінші болып береді.Егер аға шенді қолғапсыз болса, кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысуымен қоса басын жеңіл иеді.

Бағыныстылар мен кіші шенділер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге тіл қатқан кезде, оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды.



Мысалы :»Лейтенант мырза», «Генерал-майор мырза»,

Ұлан құрамалары мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне тіл қатқан кезде әскери атақтың алдына «ұлан» деген сөз қосылады.



Мысалы: «Ұланның 1-дәрежелі старшинасы мырза», «Ұлан полковнигі мырза».

Әскери қызметшілер саптан тыс бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады. Күнделікті өмірде офицерлерге «офицердің сөзі» деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі және бір-бірімен қоштасқан кезде «қош болыңыз» деген сөздің орнына «құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлеріне тіл қатқан кезде әскери қызметшілер оларды лауазымының соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып, лазазымы немесе тегі бойынша атайды.

Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекі және жүрдім-бардым сөйлеу әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті ұғымына сыйыспайды.

Әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге, қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Әскери бауырластықты бағалуға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсының ар-намысы мен абройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қимылдардан тежеуге міндетті.



  1. Әскери сәлемдесу.

Әскери сәлемдесу әскери қызметшілердің жолдастық ынтымағының көрнісі, өзара сыйластығының айғағы және жалпы мәдениетінің көрнісі болып табылады.

Барлық әскери қызметшілер кездескен кезде (басын оза бере) бір-бірімен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық жарғысында белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып, сәлемдесуге міндетті.

Бірінші болып бағыныстылар мен әскери атағы бойынша кіші шенді сәлем береді, ал олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлем береді.

Әскери қызметшілер мұның үстіне:

- Отанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастарда қаза тапқан жауынгерлердің қабірлеріне;

- әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, сондай-ақ әскери кемеге келгенде және одан кеткен кезде Әскери-теңіз жалауына;

- әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа тағзым етуге міндетті.

Әскери бөлімдер мен бөлімшелер сапта тұрған кезінде пәрмен бойынша:

- Қазақстан Республикасының Президентіне және Қорғаныс министріне:

- Қазақстан Республикасының маршалдарына, армия генералдарына, генерал-полковниктерге, адмиралдар мен барлық тікелей бастықтарға, сондай-ақ әскери бөлімге (бөлімшеге) инспекциялау (тіркеу) жүргізуге басшылық ету үшін тағайындалған адамдарға;

- Отанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастарда қаза тапқан жауынгерлердің қабірлеріне;

- әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, ал әскери кемеде-Әскери теңіз жалауына ол көтерілген және түсірілген кезде;

- әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа;

- бір-біріне кездескен кезде тағзым етіп, сәлем береді.


Негізгі әдебиеттер: 1, 5, 8, 9,12, 17.

Қосымша әдебиеттер: 2, 5, 6, 7.
Дәріс тақырыбы №3. Лауазымды адамдардың, сарбаздар мен матростардың міндеттері.

  1. Әскери бөлімнің сарбаздары мен матростарының міндеттері.

  2. Бөлімше командирлері.

  3. Взвод командирі орынбасарының міндеттері.

  4. Взвод командирінің міндеттері.




  1. Әскери бөлімнің сарбаздары мен матростарының міндеттері.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

- әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

- өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

- командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға міндетті.


  1. Бөлімше командирлері.

Әскери бөлімнің командирі Қарулы Күштердіғ негізгі тактикалық және әкімшілік-шаруашылық бірлігінің командирі бола отырып, бейбіт және соғыс уақытында: әскери бөлімнің жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігі үшін: әскери бөлімнің жауынгерлік тапсырмаларын табысты орындауы үшін; жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, тәрбиесі, әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери қызметтің қауіпсіздігі үшін; ішкі тәртіп пен әскерлердің қызметтерін ұйымдастыру үшін; әскери бөлімнің Жауынгерлік туының, қару-жарағының, әскери тенхикасы мен басқа да материалдық заттарының жай-күйі мен сақталуы үшін; әскери бөлімнің техникалық, материалдық, медициналық, қаржылықәлеуметтік-құқықтық, тұрмыстық қамтамасыз етілуі үшін жауап береді.

Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар: бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауылдың бастығы, парк бойынша кезекші, кезекші бөлімше, сондай-ақ тәуліктік наряд пен жұмыстарға наряд бөлінетін бөлімшелер. Қажет болған жағдайда, бөлім командирінің тәуліктік нарядтың құрамын өзгертуге құқы бар.



3. Взвод командирі орынбасарының міндеттері.

Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстың ұйымдастырылуы мен жай-күйі, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту жөнінде жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігі және бөлімдегі әскери тәртіп үшін; бөлімде жауынгерлік әзірліктің, тұрақты жауынгерлік даярлықты ұстау міндеттерін шешудегі, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмалардыорындаудағы тәрбие жұмысының пәрменділігі үшін жауап береді.

Взводтағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген взвод әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу взвод командиріне баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

4. Взвод командирінің міндеттері.

Взводтың (топтың, мұнарының) командирі бағыныстыларды жеке өзі оқытады және тәрбиелейді.

Ол:

- взводтың (топтың, мұнараның) жеке құрамымен дәрістер өткізеді және бөлімше командирлерінің (команда старшиналарының) сарбаздарды (матростарды) дұрыс оқытуын, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде взводты (топтты, мұнараны) шебер басқаруын қадағалайды;



- әрбір әскери қызметшінің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, ұлтын, әскери қызметке дейін айналысқан кәсібін, жауынгерлік даярлаудағы табыстары мен кемшіліктерін, олардың іскерлік және моралдық-психологиялық қасиеттерін білуге;

- олармен құқықтық және әскери тәрбие бойынша ұдайы жеке жұмыс жүргізуге;

- Взвод (топ, мұнара) жеке құрамның атаулы тізімін жүргізуге;

- Бағыныстылардың тұрмысы хақында қамқорлық жасауға және олардың мұқтаждықтарына көңіл бөлуге;

- аптасына кемінде бір рет взводтағы (топтағы, мұнарадағы) таңертеңгі ұйқыдан тұрғызу мен кешкі тексеруге қатысуға;

- Взводтың (топтың, мұнараның) жеке құрамының әскери тәртіпті сақтауын талап етуге және оның сыртқы түрін, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін орындауын, киім-кешектердің, жарақтарының, аяқ киімнің дұрыс шақтап тігілуін және жеке бастың гигиенасын дұрыс сақтауын қатаң қадағалауға міндетті.

Взводтағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етеді. Әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге және әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарды жүзеге асыруына бақылау жасауға міндетті.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 11, 18, 19.

Қосымша әдебиеттер: 2, 3, 5, 6.
Дәріс тақырыбы №4. Ішкі тәртіп және әскердің қызметі. Әскери қызметшілердің орналастырылуы.


  1. Ішкі тәртіп.

  2. Әскерлердің қызметі.

  3. Әскери бөлімдердің әскери қалашықтарда орналастырылуы.

  4. Қоршаған ортаны қорғау.

  1. Ішкі тәртіп.

Ішкі тәртіп - әскери қызметшілердің әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери жарғыларда айқындалған орналасу, күнделікті қызмет пен тұрмыс ережелерін қатаң сақтауы.

Ішкі тәртіпке:

- барлық әскери қызметшілердің заңдармен және әскери жарғылармен айқындалған міндеттерін терең білумен, түсінумен, саналы және дәл орындалуымен;

- әскерлердің қызметін жіті ұйымдастырумен және тәуліктік нарядтың қызметті үлгілі атқаруымен;

- күн тәртібінің және қызметтік уақыт регламентінің дәл орындалуыцмен;

- нысаналаы тәрбие жұмысымен, командирлердің (бастықтардың) жоғары талапшылдығын бағыныстылар туралы ұдайы қамқорлығымен және олардың денсаулығынсақтаумен үйлестірумен;

- жауынгерлік даярлықты жіті ұйымдастырумен;

- қару-жарақты, әскери-техниканы және басқа да материалдық құралдарды пайдаланудың (қолданудың) ережелерін орындаумен;орналасқан жерлерде әскери қызметшілерге олардың күнделікті қызметі, өмірі мен тұрмысы үшін әскери жарғылардың талаптарына жауап беретін жағдайлар жасаумен;

- өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтаумен, сондай-ақ әскери бөлімніңқызмет ауданында қоршаған ортаны қорғау жөнінде шаралар қабылдаумен қол жеткізеді.

Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершлігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, жауынгерлік кезекшілік кезінде, мас күйінде жасалсажәне теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.


  1. Әскерлердің қызметі.

Әскерлердің қызметі – Қарулы Күштердің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде жоғары жауынгерлік даярлықты, жарғылық әскери тәртіпті және әскерлердің өмірін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың бейбіт, сондай-ақ соғыс уақытында қызметтің атқарылуын ұйымдастыруды реттейтін заңдармен, әскери жарғылармен, бұйрықтармен, нұсқаулықтармен және тәлімдемелермен белгіленген ережелерді сақтауды қамтамасызетуге бағытталған шаралардың кешені.

Бұл кешен:

- әскери бөлімдерде, бөлімшелерде, парктерде, оқу орталықтары мен лагерьлерде күнделікті тәртіпті, ату қаруы мен оқ-дәрілерді сақтау мен берудің дұрыстығын айқындайтын ішкі қызметті;

- әскери бөлімнің (бөлімшенің) ішкі тәртібін ұстау, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери техника мен оқ-дәрілерді, үй-жайларды, мүліктерді және басқа да материалдық құралдарды күзетуге бөлімшелердегі істердің жай-күйін бақылауға және әскери тәртіп пен құқық бұзушылықтардың, күн тәртібін бұзулардың алдын алу мен болдырмау жөнінде уақытылы шаралар қабылдауға, ішкі қызмет бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған тәуліктік нарядтың қызметін;

- гарнизоннның жеке құрамының арасында жоғары әскери тәртіпті сақтауы, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды және әскерлердің қатысуымен гарнизондық шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған гарнизондық қызметті қамтиды.

Әрбір әскери қызметтің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын – қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.

Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі – көз жеткізуболып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.



  1. Әскери бөлімдердің әскери қалашықтарда орналастырылуы.

Әскери бөлімдер мен әскери қалашықтарда арнайы инженерлік ғимараттар, сондай-ақ инженерлік бөгеттер (ОБК, «сүріндерме», бағаналар орлар) оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торлары бар мұнаралардан тұрады. Онда көптеген күзетілетін обьектілері бар. Кіре берісте түнде және күндіз жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады.

Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдарының келісімімен, заңдарға сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан обьектілер айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады.



  1. Қоршаған ортаны қорғау.

Әрбір әскери қызметші өзінің күнделікті қызметінің барысында табиғатты сақтауға және оның байлығын қорғауға міндетті. Бұл үшін ол әскери бөлімдегі (бөлімшедегі) ластаушы негізгі көздерді білуі және су ресурстарының, ауаның, жердің ластануын болдырмау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарда көзделген шараларды қатаң орындауы тиіс.

Өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесінде қоршаған ортаны ластауға жол берген әскери қызметшілер заңдарға сәйкес жауаптылықта болады.

Қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін әскери бөлімде тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия тағайындалады және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары әзірленеді, ол бүкіл жеке құрамға жеткізіледі.

Әскери бөлімнің командирі қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді. Ол


- жеке құрамның әскери бөлімнің орналасқан аудандағы қоршаған ортаны қорғау ережелерін зерделеуін және оны орындауын ұйымдастурыға;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

- қоршаған ортаны қорғау жөнідегі шаралардың тікелей орындалуына бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары басшылық жасайды.

Әскери бөлімнің командирі мен полигонның бастығы полигонда оқу-жаттығулар және басқа да жауынгерлік даярлықдаярлық шараларын дайындау мен жүргізу кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі қажетті шаралардың жүзеге асырылуына жауап береді.


Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 9, 12, 15, 18.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 6.

Дәріс тақырыбы №5. Уақыттың бөлінуі және күнделікті тәртіп.

  1. Әскери бөлімшеде уақытты бөлу жөніндегі жалпы ережелер.

  2. Ұйқыдан тұру, таңертеңгі қарау және кешкі тексеру.

  3. Оқу дәрістері.

  4. Таңертеңгі, түскі және кешкі тамақ.

  5. Әскери бөлімнің орналасқан жерінен сейілге шығу.

  6. Әскери қызметшілерге келу тәртібі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет