әскери басқару органдары басшылық құрамының және басқа мемлекеттік органдар өкілдерінің жеке құрам мен олардың отбасы мүшелерінің алдында сөз сөйлеуін ұйымдастыру;
құқық қорғау органдарымен, әкімдіктедің дін істері жөніндегі басқармаларымен және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін рухани қолдау, Отан қорғаушыларға құрмет көрсету атмосферасын жасау жөніндегі басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда
іс-шаралар, әскери қызметті үгіттеу және ҚР ҚК беделін арттыру жөніндегі
іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу;
армия ортасына діни идеялардың ену әрекеттерінің фактілері бойынша әскери қызметшілердің өтінімдерін іске асыру жөнінде жедел шараларды қабылдау және қабылданған шешімдер туралы жеке құрамды ақпараттандыру;
әскери басқару органдарының оранласқан орындарында ақпараттық жағдайды талдау;
жеке құрамды келеңсіз ақпараттық ықпалдан қорғау жөнінде батыл шараларды қабылдау.
Идеологиялық жұмысты жоспарлау:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде – үш жылға (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі кешенді жоспардағы бөлім);
Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында, Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасында, ҚК бас басқармаларында, әскер тектері, Қарулы Күштер өңірлік қолбасшылықтары әскерлері қолбасшыларының бсқармаларында, 14776 әскери бөлімінде – оқу жылына (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі кешенді жоспардағы бөлім);
қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, әскери оқу орындарында, оқу орталықтарында, бригадалар мен оларға теңестірілгендерде – оқу жартыжылдығына (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жоспардағы бөлім);
жекелеген батальондар мен оларға теңестірілгендерде – айға (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жоспардағы бөлім);
жеке роталар мен оларға теңестірілгендерде – айға (тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жоспардағы бөлім) жүзеге асырылады.