Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы



бет1/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
заңнамалық акт




Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағы 19-61) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

    1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2. осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    3. осы бұйрықты оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігің интернет-ресурсында орналастыруды;

    4. мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне мәліметтерді жіберуді.

  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

  4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

  5. Осы бұйрық оны алғашқы жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет