Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет1/29
Дата25.02.2023
өлшемі1.09 Mb.
#470041
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
аза стан республикасы ауыл шаруашылы ы министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті»
Агробиология факультеті
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы


ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП


Орындаған:
Тексерген:

Алматы 2021ж.








Мазмұны




Кіріспе

І

Өндірістік тәжірибені өту орны

1.1

Шымкент қаласына қысқаша физика-географиялық сипаттама

1.2

Ауа райына агрометеорологиялық сипаттама жене оның зиянкестер мен аурулардың дамуына әсері

1.3

Топырақ сипаттамасы

1.4

Шымкент қаласының аудан тізімі

1.5

Шаруашылықтың техникамен қамтамасыз етілуі

ІІ

Егістіктердің және алқаптардың фитосанитарлық жағдайы

2.1

Өндірістік практика өту орнындағы бақылау нысандарының тізімі

ІII

Мониторингтік бақылаулар нәтижесі

III

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, жинаудан кейінгі өңдеу, орналастыру және сақтау

IV

Еңбекпен қоршаған ортаны қорғау

4.1

Қоршаған ортаны қорғау

4.2

Өндірістегі еңбек қорғау жүйесі

4.3

«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламент

IV

Өндірістік тәжіибенің нәтижелік сапасын үйренгендері мен тәжірибелік білімдеріне сүйене отырып, өзіндік бағалауы. Жеке тапсырманың орындалуы



Қорытынды мен ұсыныстар




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Шымкент қалалық филиалына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бекітуі бойынша 01-ші қыркүйек күні өндірістік тәжірибе жұмысы басталып 02-і қазан күні аяқталды.
Өндірістік тәжірибені өту барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері түрлерінің коллекциялық жадығаттарын дайындап, арамшөптерді және зақымдалған өсімдіктерді жинап, гербарий жасадық.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша өндірісте әр түрлі міндеттерді атқара жүріп жұмысты ұйымдастыру және жұмыс орнында (өндірістік жағдайда) өз бетімен шешім қабылдауды үйрену, кәсіби шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Өндірісте мамандық бойынша маңызды мәселелермен, технологиялық операциялармен, нысандармен танысу және мониторингтік жұмыстар мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру.
Тәжірибеде зерттелетін негізгі нысандар - зиякестер, олардың жыртқыштары мен паразиттері, ауру қоздырғыштар мен олардың антагонистері, сортаң өсімдіктер, өсірілетін дақылдар, пестицид-жадығаттары.
Технологиялық операциялар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру тәсілдері, оның ішінде егістік көлемдерінің құрылымына сәйкес алдын алу және жоюға арналған қорғау шаралары.
Тәжірибелер міндеттеріне кіреді:
-теориялық оқу үрдісі кезінде алған білімдерімізді жүйелеу, толықтыру және кеңейту;
-кәсіби шеберлікті және еңбек етудің тиімді әдістерін игеру;
-таңдаған мамандықтың мотивацияларын меңгеру;
-кәсіптік міндеттер мен күрделі мәселелерді шешудегі озық технологиялар мен әдістерді игеру;
-кәсіпорындағы, мекемелердегі және т.б орындардағы маркетингтік-менеджерлік қызметтермен танысу;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет